Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Ноября 2013 в 20:34, курсовая работа

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің бірі болып саналады және банктік бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom,

Вложенные файлы: 1 файл

Несие+тәуекелділігін+басқару+жүйесіндегі+қарыз+алушының+несие+қабілеттілігін+талдау.doc

— 211.00 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 
  

 

 

Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі 

қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі. Несиелік операциялар – қазіргі нарықтық экономика жағдайында неғұрлым табысты және соғұрлым тәуекелділігі жоғары банктік бизнестің  бірі болып саналады және банктік  бизнес болып қана қоймай, мемлекеттің ақша-несие саясатын реттеудегі қолданылатын қаржы құралдарының бірі болып табылады. Несие портфелінің жедел өсімі несие тәуекелділігінің де артуына әкеліп отыр. Несие ұсыну барысындағы жіберген олқылықтар банктік жүйенің дамуына айтарлықтай кедергі болып, тіпті әлемдік тәжірибенің өзі дұрыс ұйымдастырылған тәуекел-менеджменті бар Leman Brothers Barings, Enron, WorldCom, Tyco сияқты ірі банктер мен басқа да корпорациялардың құлдырауына әкелді. Банктер несие тәуекелділігінен сақтанудың сан алуан түрлерін қарастырып, тәжірибеде қолдануда, соның ішінде коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін төмендету мен алдын алудың бірден-бір жолы - қарыз алушы тұлғаның төлем және несие қабілеттілігін дұрыс анықтау. Несие қабілеттілік кешегінің ескірген немесе бүгінгі күннің жаңадан шығарылған проблемасы емес, ол несие-қарыз операцияларының пайда болуымен туындады және несиелік қатынастар орындалған орынның барлығында қолданылып, үнемі жаңартумен, толықтыруды талап ететін іс деп санаймыз.

Банктер несиелік операцияларды  жүзеге асыра отырып, мемлекеттің  нарықтық жүйесіндегі қызметін жүргізетін шаруашылық субъектілерді қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Коммерциялық банктердің несие қабілеттілігін анықтау кезінде айтарлықтай мән бермеген олқылықтары, ертеңгі күні, банктің қаржылық жағдайына, абыройы мен беделіне, серіктестері мен клиенттерінің мүдделеріне кері әсер етуі және нұқсан келтіруі мүмкін.

Бүгінгі күні Қазақстанның коммерциялық банктерінен алынатын таза кірістің шамамен 2/3 бөлігін несиелік операциялардан болатын кірістер құрайды. Несиелік операциялардың жүргізілуімен байланысты несие тәуекелділігі пайда болады. Тәуекелділік банктің қалыптасуының ажырамас бөлігі. Несие тәуекелділігі банк тәуекелділігінің бір түрі ретінде банктің үнемі назарда тұратын объектісі болып табылады. Несие тәуекелділігін банктік басқару менеджменттің дәстүрлі және классикалық қызметі. Несие тәуекелділігі көптеген эндогендік және экзогендік себептердің үлкен кешенін құрайды. Коммерциялық банктер дамыған бәсекелес несие нарығы бар ортада қызмет етуі және табысты өмір сүруі үшін, несие қабілеттілікті анықтау, бағалау, болжау және қолдану бойынша көп жылдық тарих пен ізденістерге сүйенуі тиіс. Отандық және шетелдік тәжірибеде, оның ішінде несиелік ұйымдардың банкротқа ұшырауының бірден бір себебі несиелік операциялардан туындайтын тәуекелдердің дер кезінде алдын алмау. Несиелік операциялар бойынша несиелік ұйымдардың ғасырға жуық тарихы болғанымен несиелік институттардағы қазіргі жағдай  несие қабілеттілікті анықтау әдістерінің кемшіліктері бар және жеткіліксіз дамығандығын анықтады. Қазақстандағы кейбір екінші деңгейдегі банктерге несиелік операцияларға қатысты әр түрлі ықпал ету шараларын қолданудың өзі банктердің несиелік операцияларының дұрыс жолға қойылмағандығының көрінісі. Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілік арқылы банктің несиелік операцияларының сапасын жоғарылату мен коммерциялық банктің табыстылығын арттыру - өзекті мәселе. Ол бүгінгі күннің халықаралық талаптарға жауап беретін мықты әрі сенімді банктерінің қалыптасуына ықпал етеді. Әр елдегі қарыз алушының несие қабілеттілігін кешенді талдау жүйесінің қалыптасуының ерекшелігі, әр елдің ақша-несие саясаты сияқты саясатымен біруақытта қалыптасып, өзгеріп, толықтырылып, дамуда.

Тақырыптың  ғылыми зерттелу дәрежесі. Қарыз алушының несие қабілеттілігін несие тәуекелділігін басқару жүйесінде талдау әр түрлі мамандармен зерттеліп заман талабына сай өзгертіліп, толықтырылды. Қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау және несиелік тәуекел мәселелеріне отандық, сондай - ақ шетелдік экономист-ғалымдардың да көптеген еңбектері арналды. Олардың қатарында ең елеулілері Э. Гиллдің, Э.Дж. Доланның, В.Н. Едронованың, В.И. Колесниковтің, Л.П. Кроливецкаяның, К.Д. Кэмпбелдің, Р. Дж Кэмпбелдің, Р. Коггердің, О.И. Лаврушиннің, П.С. Роуздің,  Э. Ридтің, В.Т. Севруктың, Р. Смиттің, Ф.Дж. Синкидің және т.б. еңбектерін жатқызуға болады. Қазақстанда несие қабілеттілігін талдау туралы сұрақтарының ілімін С.А. Аханов, Ә.Ә. Әбішев, Ұ.М. Искаков, С.А. Святов, Ғ.С. Сейітқасымов, Е.Х. Сигаев, А.В. Мельников, С.Б. Мақыш, Н.Н. Хамитов, А.Д. Шелекбай және басқадай ғалымдар дамытты.

Отандық және шетелдік ғалымдардың  көптеген еңбектері «несие тәуекелділігі», «несие портфелі» және «несие қабілеттілік» түсініктеріне анықтамалар беріп, отандық экономиканың дамуына байланысты осы көрсеткіштердің есептелуі мен қолданылуы ұсынылады. Алайда бұл еңбектердің қатарында дағдарыс жағдайында немесе әлемдік дағдарыстың алдын алуда коммерциялық банктердің жүргізетін несиелік саясаты мен қарыз - несие операцияларын басқару және несие қабілеттілікті анықтау арқылы тәуекелді төмендету жолдары мардымсыз ұсынылған. Көптеген еңбектерде теория жақсы мазмұндалғанымен оқырманға тәжірибелік көзқарас пен есептеу жолдарының жетіспей жататындығы, банк клиенті бола алатын әр жеке немесе заңды тұлғалардың несиелеу операциясына қатысу кезінде қандай алғышарттарды біліп, қандай қадамдардан сақтануы қажеттілігі жөнінде экономикалық сауаттылығының нашарлығы бәрімізге белгілі. Осы аталған факторларды банктік несиелеуде ескермеу мүмкін емес, себебі несие тәуекелділігі тек банк немесе несиелеуші ұйым тарапынан болмайды.

Несие қабілеттілікті анықтауда  әр түрлі қарыз бойынша барлық клиент үшін (сала ерекшелігіне) бір ғана әдісті қолдану үлкен қателік, осы аталғандарға байланысты қарыз алушының несие қабілеттілігін талдаудың теориялық-әдістемелік және ұйымдастырушылық-әдістемелік тәртібін одан әрі өңдеп және жетілдіруге байланысты іздену, зерттеу қажеттілігі туындады. Жасалған зерттеулер мен ізденістерге қарамастан қарыз алушының несие қабілеттілігі несие операцияларының күрделілігі мен сантүрлілігіне байланысты несие қабілеттілікті талдаудың тиімділігін арттыруға байланысты жаңа әдістер мен тәуекелдердің алдын алу мен төмендету жөніндегі нақты ұсыныстар әзірлеуді қажет етеді.

Зерттеудің  мақсаты коммерциялық банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтаумен байланысты қызметтердің теориялық-әдістемелік, тәжірибелік жақтарын зерттеу және несие тәуекелділігін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Осы мақсатқа жету үшін жұмыста  келесі міндеттер қарастырылып шешілді:

  • қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау мен талдаудың теориялық әдістерін жетілдіру;
  • банктердегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдауды әдістемелік қамтамасыз ету мен оны ұйымдастыру процесін жетілдіру мақсатында қолданылып жүрген әдістемелік базаны зерттеу;
  • дамыған мемлекеттердегі коммерциялық банктердің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың жағдайын қарастыру және танымал әдістемелік нұсқаулар негізінде несие тәуекелділігін талдауға байланысты ұсыныс әзірлеу;
  • Қазақстанның банктік секторындағы несие тәуекелділігін төмендету әдісі ретінде несие портфелінің статистикалық, аналитикалық және коэффициенттік талдау жолдарын қарастыру;
  • Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктеріндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдаудың неғұрлым ұтымды жолын ұсыну;
  • несие тәуекелділік жүйесін басқаруда қолданылатын модельдерді талдау, оның ішінде «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» моделін қолданып, екінші деңгейдегі банктерге жүргізілген талдау жасау тиімділігін арттыру жолдарын анықтау.

Зерттеу пәні болып несиелік операциялар үрдісіндегі екінші деңгейлі банктер мен қарыз алушылар  арасындағы экономикалық қатынастар жиынтығы табылады.

Зерттеу объектісі – екінші деңгейлі банктерден қарыз алушылардың несие тәуекелділігін басқару.

Зерттеудің  теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеу барысында әлемдік экономикалық ғылым классиктерінің еңбектері, отандық және шетелдік ғалымдардың, экономистердің монографиялары мен баспасөз мақалалары, қатынастарды реттейтін заңнамалық және нормативтік-құқықтық, статистикалық құжаттар қолданылды.

Жұмысты жазу барысында несие нарығы қызметін реттейтін ҚР Заңдары мен басқа да нормативтік-құқықтық актілер, ҚР Президентінің Жарлықтары, Жолдаулары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ресей және отандық оқу әдебиеттері, ҚР Ұлттық банктің, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау Агенттігінің, әр түрлі деңгейлердегі конференциялардың материалдары, журналдар, сондай-ақ республикалық статистикалық талдау негізінде алынған талдамалық зерттеу материалдары  пайдаланылды.

Диссертациялық  жұмыстың ғылыми жаңалығы қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау бойынша ғылыми негізделген тұжырымдар дайындау болып табылады.

Негізгі ғылыми жаңалықтардан  тұратын зерттеу жұмысының маңызды  нәтижелері болып келесілер жатады:

  • теориялық-әдістемелік зерттеудің негізінде «несие тәуекелділігі», «несие қабілеттілік» және «несие портфелі» түсінігінің авторлық тұжырым жасалған;
  • несие жіктемесіне қатысты несие  тәуекелділігі жіктеліп, несие қабілеттілігін бағалауда қолданылатын белгілер жинақталып  жүйелендірілген;
  • тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы енгізілген және «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамы» бойынша сауалнамаға қатысты тиімді қағидалар енгізілген;
  • зерттеу негізінде несие тәуекелділігін басқару қызметінің қазіргі жағдайдағы күрделі мәселелері мен кедергі келтіретін факторлары анықталған;
  • банктің несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтауды кешенді қарастыру жолдары ұсынылған

Қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдар:

  • «несие тәуекелділігі», «несие қабілеттілік» және «несие портфелі» түсінігінің теориялық негіздеріне авторлық тұжырымдама;
  • несие  тәуекелділігі жіктемесі және несие қабілеттілігін бағалауда алға тартылатын белгілер;
  • тартылған қаражаттың құнын анықтау формуласы және «Несие нарығының жағдайы және өлшемдерінің болжамын» оңтайландырудың тиімді қағидалары;
  • несие тәуекелділігін басқарудың толықтырылған және жетілдірілген жүйесі;
  • қарыз алушының несие қабілеттілігін анықтау бойынша шаралар кешені.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік  маңыздылығы. Диссертацияда келтірілген негізгі ұсыныстар мен қорытындылар қазақстандық банктер қызметіндегі несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі несие қабілеттілікті талдау бойынша міндеттерді шешуге бағытталған. Диссертациялық жұмыста анықталған қорытындылар мен ұсыныстарды іске асыру, банктегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау арқылы несие тәуекелділігінің алдын алудың сапасы мен тиімділігін арттыруға септігін тигізеді, сондай-ақ жалпы банктік жүйенің тұрақтылығын нығайтып, банктік қызметтердің сапасын арттырып және банктерге деген сенімділікті қолдауға негіз бола алады, сондай-ақ қаржы және несие мамандарын дайындайтын жоғары оқу орындарында пайдалануға болады.

Зерттеу нәтижелерінің  қолданылуы. Диссертациялық жұмыстың негізгі тәжірибелік нәтижелері оқу үдерісіндегі типтік және жұмыс  бағдарламаларын жасауда, сондай-ақ «Банк ісі», «Қаржы нарығы және делдалдары», «Валюталық операциялар» және «Банктік менеджмент» пәндерінен лекция және практикалық сабақтар өткізгенде қолданылды. Диссертациялық жұмыс бойынша негізгі нәтижелері: «Банктегі бухгалтерлік есеп және есеп беру» оқу құралы, авторлас (2000 ж.) және келесі басылымдарда: ҚазЭУ хабаршысы (2008, 2009 жж.); Тұран хабаршысы (2010 ж.) журналдарында жарияланды, сондай-ақ, халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «ТМД елдеріндегі банк жылы: халықаралық тәжірибе және Қазақстандық практика». (Банк ісі академиясы, 2007 ж. мамыр); «Қазақстанның қаржы нарығы: оның болашағы мен келелі мәселелері». (Банк ісі академиясы, 2008 ж. сәуір.); Халықаралық ғылыми форум «ІІІ Рысқұлов оқулары». «Бизнес, ғылым, білім: ынтымақтастық қырлары». (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2008 ж. мамыр); «Қазақстанның экономикалық өсуінің даму стратегиясы: тәжірибелер, мәселелері және болашағы». (Орталық-Азия Университеті, 2008 ж. желтоқсан); Халықаралық ғылыми форум «V Рысқұлов оқулары». (Т.Рысқұлов атындағы ҚазЭУ, 2010 ж. мамыр) баяндалып, жарық көрді.

Зерттеудің негізгі нәтижелері мен қорытындылары келесі орындарда  сыналды және қолданысқа енгізілді:

  • Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ-ң оқу үрдісіне;
  • «Алатау» Қазақстан университеті білім беру мекемесінің оқу үрдісіне;
  • «Қазақстан халық банкі» АҚ-ң несие операцияларын жүзеге асыруда.

Зерттеу нәтижелерінің  жариялынымдары. Зерттеу жұмысының негізгі ғылыми қағидалары және нәтижелері жалпы көлемі 9,77 баспа табақты құрайтын 9 ғылыми зерттеу жұмысында, оның ішінде 3 мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы Бақылау Комитетімен ұсынылған басылымдарда жарияланды.

Диссертация құрылымы және көлемі. Диссертациялық жұмыс белгілеулер мен қысқартулардан, кіріспеден, 3 тараудан, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Диссертацияның жалпы көлемі147 бет, оның ішінде 36 кесте, 18 сурет.

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

 

1  Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау және талдаудың теориялық негіздері

Бірінші бөлімде несиелеумен  байланысты тәуекелдерді басқарудағы  елеулі кемшіліктердің банк жүйесінің  дағдарысына әсері ашылды. Бірқатар банктерде тәуекел-менеджмент жүйесі мүлдем құрылмаған болса, басқаларында – осы функцияның тәуелсіздігі қамтамасыз етілмеген, үшіншілерінде – жоғары басшылық тәуекел-менеджерлердің туындаған проблемалар жөніндегі ескертулеріне құлақ аспайды. Банк жүйесінің даму кезеңінде басшылық тәуекелдерді басқарудың тиімді жүйесін құру үшін айтарлықтай күш-жігер салуға тиіс. Ал ол үшін жоғары басшылықтың саяси еркі қажет. Біздің ойымызша, «Несие тәуекелділігі - сыртқы және ішкі орта факторлары әсерінен қарыз алушы тұлғаның банк алдындағы өз міндеттемелерін орындаудан жартылай немесе толықтай айырылуы». Шынайы экономикаға жіберілген қарыздарды икемді басқарудың бірден-бір жолы – тәуекелдерді дұрыс басқара білу.

Қарыз  алушыларды несиелеу кезінде туындайтын төлемсіздікті, жалпы тәуекелділікті төмендету үшін  бірнеше факторларды ескерген жөн:

  • экономикадағы өзгерістерге сезімтал қандай да бір салаға банктің несиелік қызметінің араласу деңгейін;
  • қиындықты айтарлықтай сезінетін клиенттерге тиесілі болатын несиелер мен басқа да банктік мәмілелердің үлес салмағын;
  • жаңа, дәстүрлі емес, аз зерттелген салаларға банктің араласу деңгейін;
  • несиелер ұсыну, банктің бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру бойынша саясатқа жиі өзгертулер мен толықтырулардың жасалуын;
  • жаңа және жақында тартылған клиенттердің үлес салмағын;
  • аз уақыттың ішінде тәжірибеге жаңа қызметтердің неғұрлым мол түрін енгізуін;
  • тез құнсызданатын немесе нашар өтімді кепілзаттарының қабылдануын.

Информация о работе Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау