Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:31, реферат

Краткое описание

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Орыс тілді бөлім студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер жеткілікті. Солардың бірі – жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімі экономика мамандығында оқитын студенттеріне кәсіби лексиканы оқыту әдістемесі.

Вложенные файлы: 1 файл

Конференцияға Экономика тренинг сабақ.doc

— 331.00 Кб (Скачать файл)

 

ӘОЖ 37. 016 : 811.512.122`37                                              Қолжазба  құқығында

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ныязбекова Куланда Сарсенкуловна

 

 

Кәсіби лексиканы оқыту әдістемесі

(экономика мамандықтары үшін)

 

 

 

13.00.02 – Оқыту және тәрбиелеу  теориясы мен әдістемесі

(бастауыш, орта және жоғары білім  жүйесіндегі қазақ тілі)

 

 

 

 

Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін

                  алу үшін дайындалған диссертацияның

                            АВТОРЕФЕРАТЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

 

      Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мемлекеттік тіл кафедрасында орындалды.

 

 

        Ғылыми жетекшілері:              филология ғылымдарының докторы,

                                                              профессор Б.Қ.Қасым

 

                                                              педагогика ғылымдарының докторы,

                                  профессор Г.Ғ.Еркебаева

                                                    

                                                   

 

       Ресми оппоненттер:                   педагогика ғылымдарының докторы,

                                    профессор Ж.Дәулетбекова

 

                                                                педагогика ғылымдарының кандидаты,

                        доцент С.Дүйсенова

 

 

       Жетекші ұйым:                          Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық           

                                                                 университеті

 

 

 

     Диссертация 2010 жылы «21» желтоқсан күні сағат 14.00-де  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің (050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13) педагогика, филология ғылымдарының докторы (кандидаты) ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д 14.09.04 диссертациялық кеңесінің мәжілісінде қорғалады.

 

 

 

      Диссертациямен Абай  атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық  университетінің кітапханасында  танысуға болады.

 

 

      Автореферат 2010 жылы  «20» қарашада   таратылды.

 

 

      Диссертациялық кеңестің  ғалым хатшысы,

педагогика ғылымдарының докторы, профессор                               Г.Қосымова

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

     Зерттеу  тақырыбының өзектілігі. Орыс тілді бөлім студенттеріне қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша әлі де тереңірек зерттеуді қажет ететін мәселелер жеткілікті. Солардың бірі – жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлімі экономика мамандығында оқитын  студенттеріне кәсіби лексиканы оқыту әдістемесі.

      Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны жайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деген болатын: «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш- жігер жұмсауымыз керек» [1,3]. Бұл қазақ тілін қоғамдағы бірліктің күші ретінде таныту қажеттігімен қатар, оны өзге ұлт өкілдері меңгеру керектігін көрсетеді. Қазақ тілін мамандыққа қатысты оқыту мәселесіне байланысты экономика мамандығы бойынша кәсіби лексиканы дамыту мәселесі арнайы қарастырылмады. Осы мәселе түбегейлі зерттеуді қажет ететіндігі – тақырыбымыздың өзектілігін көрсетеді. Қазіргі қоғам талабына сай мемлекет басқару саласында, қаржы, экономика, менеджмент, есеп және аудит, сақтандыру ісі, сауда, жарнама, биржа, кеден тәртіптемесі, салық, банк, т.б. экономика салаларында қазақ тілі кеңінен сұранысқа ие болуда. Бұл бүгінгі студент – ертеңгі маманның алдында жаңа міндет – кәсіби лексиканы меңгеруді қажет етері айдан анық аксиома екені белгілі. Осындай талаптарды іске асыру  барысында жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту ісінде жаңа міндеттер туындайды. Бұл мәселені кәсіби қазақ тілінде дұрыс сөйлей білетін, жоғары білімді экономика саласындағы мамандарды даярлау және олардың сөздік қорын кәсіби лексикамен дамытумен байланыстыруға болады. Өйткені, қазіргі кезде экономика саласындағы қызметкер қазақ тілінде сауатты сөйлеп қана қоймай, Қазақстан Республикасының Заңдарын (кеден ісі және салық, банк ісі, т.б. туралы), жарлықтарын, үкімдерін қазақ тілінде дұрыс түсіне білуі қажет. Осындай дағдыларды қалыптастыруда студенттердің сөздік қорын, кәсіби лексикасын дамыту ісі жақсы нәтиже берері сөзсіз. Бұл қазақ тілін мамандыққа сай оқытуды жақсартуды қажет етеді. Осы мәселе түбегейлі зерттеуді қажет ететіндігі – тақырыптың өзектілігін көрсетеді.

      Зерттеу нысаны. Орыс бөлімінің экономика мамандығында оқитын студенттерінің кәсіби лексикасын дамыту, студенттерге кәсіби лексиканы оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер.

      Зерттеу пәні. Жоғары оқу орындарының экономика мамандықтарында оқитын студенттерге кәсіби лексиканы оқыту әдістемесі.

      Зерттеудің мақсаты. Жоғары оқу орындары студенттерінің экономика мамандығы бойынша кәсіби лексикасын дамытудың әдістемесін жасау. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер алға қойылды:

      - кәсіби лексиканы дамыту әдістемесінің зерттелуіне шолу жасау;

       - жоғары оқу орындарында студенттердің экономика мамандығы бойынша

 кәсіби   лексикасын   дамытудың   лингвистикалық   және    психологиялық-      

педагогикалық негіздерін айқындау;

      -  жоғары оқу орындарында студенттердің экономика мамандығы бойынша кәсіби лексикасын дамытуға негіз болатын сөздік-минимумды көрсету;

      -  жоғары оқу орындарында студенттердің экономика мамандығы бойынша кәсіби лексикасын дамытудың әдіс-тәсілдерін белгілеу;

     - студенттердің сөздік қорын экономика мамандығы бойынша дамыту әдістемесінің ұтымдылығын дәлелдеу үшін эксперимент жүргізу және оның нәтижелерін айқындау.

     Зерттеу болжамы. Студенттердің кәсіби лексикасын дамыту, біріншіден, студенттердің кәсіби тілде сөйлеу сауаттылығын дамытады, екіншіден, болашақ экономистерге ойын дұрыс жеткізуге көмектеседі.

      Жетекші идея. Жоғары оқу орындарында студенттердің сөздік қорын экономика мамандығына байланысты дамыту болашақ экономистерді кәсіби қазақ тілінде сауатты сөйлей білуге үйретеді. Студент-экономистердің ой-өрісін кеңейтіп, олардың сөздік қорларын экономика терминдерімен байытады.

      Зерттеудің әдістанымдық негізі. Ғылыми еңбекте негізгі мәселені зерттеуде лингвистика, психология, педагогика және қазақ тілін оқыту әдістемесіне байланысты ғылыми-әдістемелік еңбектер мен оқу құралдары негіз болды.

     Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысында баяндау, сипаттау, салыстыру, жинақтау, жүйелеу, талдау, қорыту, тәжірибеден өткізу, бақылау әдістері қолданылды.

      Зерттеудің негізгі кезеңдері. Зерттеу үш кезеңге бөлініп жүргізілді.

 Бірінші кезеңде (2003-2005) зерттеу тақырыбына байланысты лингвистикалық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік ғылыми еңбектерге шолу жасалып, орыс тілді бөлім студенттерінің сөздік қорын экономика мамандығы бойынша дамытуға байланысты студенттер  арасында орысша-қазақша экономика терминдерінің түсіндірме сөздіктерін қолдануға қатысты сауалнамалар жүргізіліп, алынған нәтижелер бойынша жасалатын жұмыстың бағыты айқындалды. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйрету әдістемесі бойынша жарық көрген еңбектер талданып, тиімді жақтары айқындалды.

  Екінші кезеңде (2006-2007) орыс бөлімі экономикалық мамандықтарында оқитын студенттердің орысша-қазақша экономика терминдерінің түсіндірме сөздіктері арқылы кәсіби лексикасын дамытуға байланысты жұмыстар тобы, олардың жүргізілу тәртібі айқындалды; студенттер арасында іскерлік ойындар, тренинг-сабақтар өткізілді. Студенттердің мамандығы бойынша кәсіби лексикасын сөздік жұмыстары арқылы дамытуға арналған тапсырмалар әзірленді.

  Үшінші кезеңде (2008-2009) орыс бөлімі экономикалық мамандықтарында оқитын студенттердің кәсіби лексикасын дамытуға байланысты тәжірибе материалдары жинақталып, зерттеуде ұсынылған әдістемелік жұмыс түрлері мен тапсырмалар, жаттығулар жүйесінің тиімділігі дәлелденді. Студенттер арасында өткізілген тәжірибе нәтижелері айқындалып, қорытындыланды.

      Зерттеудің ғылыми жаңалығы:                                         

     - орыс тілді бөлімдерде кәсіби қазақ тілін оқытудың   әдістемесі ұсынылды;

     - орыс бөлімі экономикалық мамандықтарында оқитын студенттердің кәсіби лексикасын дамытуға байланысты қолданылатын тиімді әдіс- тәсілдері жүйеленіп, ұсынылды;

       - орыс бөлімінің экономика мамандығы бойынша кәсіби лексиканы меңгертуде кәсіби-іскерлік ойындар арқылы жүргізілетін тренинг-сабақтардың жүйелі әдістемесі ұсынылды;

      - екі тілдік экономикалық сөздіктер арқылы студенттердің кәсіби лексикасын дамытуға арналған тапсырмалар жүйесі анықталды;

      - екі тілдік экономикалық сөздік арқылы студенттердің кәсіби лексикасын дамытуға арналған тапсырмалар жүйесінің тиімділігі эксперимент арқылы дәлелденді.

       Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлім студенттеріне кәсіби қазақ тілін оқыту әдістемесін толықтырады. Зерттеу барысында көрсетілген әдіс-тәсілдер орыс тілді бөлім студенттерінің сөздік қорын мамандыққа байланысты дамыту әдістемесін кеңейтеді. Жұмыс барысында жасалынған тұжырымдар осы мәселенің одан әрі зерттелуіне негіз бола алады.

      Зерттеудің тәжірибедегі маңыздылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін жоғары оқу орындарының орыс тілді бөлім студенттеріне қазақ тілін оқытуда, арнайы курстарда пайдалануға болады. Сонымен қатар, қол жеткізген нәтижелер болашақта қазақ тілін оқыту әдістемесі саласы бойынша оқулық, оқу құралдарын жазуда, сөздіктер құрастыруда қажетті мәлімет болып табылады.

      Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

     - жоғары оқу орындарының қаржы-экономика факультеті орыс бөлімінде оқитын студенттерге мемлекеттік тілді меңгерту сапасын арттырудың  бір жолы - олардың сөздік қорын экономикалық терминдер арқылы жетілдіріп, сөйлесім әрекетінде орынды қолдануға төселдіру. Өйткені экономикалық мамандықтарында оқитын студенттер үшін экономикалық терминдер - кәсіби лексика ретінде тілдік қатынастағы аса маңызды қатысымдық тұлға болып саналады;

      -  студенттердің сөздік қорының  кәсіби лексикамен толығуы  олардың ойлау қабілеті мен сөйлеу мәдениетін жетілдірудің тетігі болып саналады. Екі тілдік  сөздіктерді жүйелі пайдалану студенттерді ойлауға, тілдік талғамын қалыптастыруға ықпал ете отырып, олардың кәсіби тілмен сөйлеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді;

      - экономикалық терминдерді үйретуде жүргізілетін кешенді жұмыстарды студенттің сөздік қорын дамытудың бір арнасы ретінде белгілеу үшін оның түрлері мен құрамын айқындау, лексикалық минимумын анықтау, сөйлесім әрекетін жетілдіруге алғышарт жасау мүмкіндіктерін тиянақтау қажет. Бұл мәселе қою, болжамдарды ұсынып, мәселені шешу жолдарын қарастыру, қабылданған болжамдарды дәлелдеу үшін деректерді іздеу, нәтижелерді қорыту, жаңа материалды студенттердің алған біліміне қосу және оларды бекіту, тіл дамыту секілді құрамдас бөліктерден тұратын оқыту моделін басшылыққа алу арқылы шешімін табады;

    - экономикалық терминдерді үйретуде студенттерге оның мағынасын түсіндіру үшін түрлі әдістерді қолдану тиімді;

     - студенттердің экономика мамандығы бойынша кәсіби лексикасын  интербелсенді әдістер арқылы  дамыту қажет.

     Зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялануы. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Мемлекеттік тіл кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде және диссертациялық кеңес жанындағы әдістемелік семинарда талқыланды.

      Диссертацияның негізгі тұжырымдары мен нәтижелері 7 халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда, 6 мақала республикалық басылымдарда жарық көрді. Зерттеу жұмысының мазмұны бойынша барлығы 13 ғылыми-әдістемелік мақала жарияланды.

      Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. 

Негізгі бөлім

      Бірінші бөлім «Экономика мамандығында оқитын студенттердің  кәсіби лексикасын дамытудың ғылыми негіздері» деп аталады. Бірінші бөлімнің бірінші тармақшасында «Экономика мамандығындағы орыс бөлімі студенттерінің кәсіби лексикасын дамыту мәселесінің зерттелу тарихына шолу» студенттерге кәсіби лексиканы оқытуға байланысты оқу құралдары мен зерттеу жұмыстары талданған. Әдістеме ғылымында жалпы сөздік қорды дамыту мәселесі Т.Шонанов, Ш.Сарыбаев, С.Жиенбаев, Ғ.Бегалиев т.б. ғалымдар еңбегінен бастау алған. Кейініректе Ж.Адамбаева, Ы.Мамановтар өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында сөздік қорды байыту мәселесі жөніндегі өзіндік ой-пікірлерін айта келіп, тиімді әдіс-тәсілдерін ұсынды.

      Бүгінгі күні бұл істі әрі қарай жалғастырушы Н.Оралбай, Ф.Оразбаева, Б.Қасым, К.Жақсылықова, Қ.Қадашева, Р.Шаханова, т.б. ғалымдар еңбектерінде орын тапқан.

     Жоғары оқу орындарында барлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілді үзіліссіз оқыту мәселесі соңғы жылдары ғана көтеріліп, қолға алынды. Соның нәтижесінде орыс тілді бөлім студенттеріне түрлі мамандыққа арналған «Қазақ тілі» оқулықтары Ф.Оразбаева, Б.Қасым, К.Жақсылықова, З.Күзекова, Г.Қарақұсова, Ш.Құрманбайұлы, С.Жусанбаева, К.Сариева, Г.Ауқашева, Г.Алдамбергенова, М.Мамаева, А.Сыбанбаева, т.б. ғалымдардың құрастыруымен жарық көрді. Әдістеме ілімінде қазірде қазақ тілін студенттердің болашақ мамандықтарына сай оқытуда  «сөздік қорды байыту»  мәселесінің алатын орны ерекше. Өйткені, оның мемлекеттік тілді терең меңгерген білікті мамандарды даярлауда әлеуметтік міндеттерді шешудегі атқаратын қызметі ерекше. Осы тұрғыдан алсақ практикалық маңыздылығы белгілі. Орыс тілді бөлім студенттеріне мемлекеттік тілді олардың болашақ мамандықтарына сай оқыту мәселесі Р.Шаханова, Б.Ахметбекова, Г.Алдамбергенова, М.Жороқпаева, А.Мұратбекова, Г.Тұрсынова, Р.Әбдісүлейменова, С.Нұрғали, Ш.Абдиева, Қ.Мұқанова, Д.Құсайыновалардың ғылыми еңбектерінде кеңінен қарастырылған.   

Информация о работе Педагогика ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның