Пәннің міндеттері мен мақсаты. Оның ғылым жүйесінде алатын орны

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 13 Января 2014 в 14:25, лекция

Краткое описание

«Тіршілік әрекеті қауіпсіздігінің негіздері» оқу пәні – ол дегеніміз адамға табиғи және техногенді, әлеументтік сипаттағы құбылыстардың жағымсыз әсер етуі мүмкін болатын оқиғаларға арналған, оларды алдын алу немесе болдырмау бойынша шараларды ұйымдастыру.
«Өмір қауіпсіздігі негіздері» курсының мақсаты болашақ мамандарды:
- өмір сүрүдін қауіпсіз және қатерсіз жағдайын құру үшін;

Содержание

1. Пәннің міндеттері мен мақсаты. Оның ғылым жүйесінде алатын орны.
2. Тіршілік әрекеті қауіпсіздігін қамтамассыз етудегі мемлекеттің атқаратын рөлі.
3 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар» туралы ҚР заңы.
4 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың түрлері» туралы ҚР үкіметінің қаулысы.
5 «Табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларға алып келетін авария, зілзала, апат себептерін зерттеудің ережелері» туралы ҚР үкіметінің қаулысы.

Вложенные файлы: 1 файл

1 Конспект лекций по ОБЖ каз.doc

— 267.00 Кб (Скачать файл)

 

Ұсынылған әдебиеттер

1. Русак О. Н., Малаян К. Р., Занько Н. Г. Безопасность жизнедеятельности. / Под ред. О. Н. Русака. – СПб.: Издательство «Лань», Москва: ООО «Омега-Л» 2004 ж. – 448 бет.

2. Крючек Н. А., Латчук В. Н,  Мирнов С. К. Безопасность и  защита населения в чрезвычайных ситуациях: Учебник для населения / Под общ. Ред. Г. Н. Кириллова. – Москва: баспа НЦ ЭНАС, 2003.-264 бет.

3. Гринин А.С., Новиков  В.Н. Безопасность жизнедеятельности: баспа М.:ФАИР – ПРЕСС, 2002.-288 бет.

4. Денисов В.В., Денисова  И.А., Гутенев В.В., Монтвилла О.И. Безопасность жизнедеятельности. Защита населения и территории при ЧС: Уч. пособие - М.:ИКЦ  «МарТ», Ростов н/д: баспа «МарТ», 2003.-608 бет.

 

Тақырып 11. Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздіктің ұйымдастырушылық-практикалық шаралары

Дәріс жоспары

1. Жер сілкінісінің түрлері.

2. Жер сілкінісі кезіндегі нысандар мен үйлердің қопарылуы.

3. Жер сілкінісі кезіндегі жергілікті халықтың және жұмыскерлердің іс-әрекеттері.

 

1. Кенеттен пайда болатын  және қас-қағым сәтте өтетін, күшті  қиратушы дүлей зілзала - жер сілкінісі деп аталды.

Жер сiлкiнiсi  - жер қыртысында немесе мантияның үстiңгi бөлiгiнде  кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс  нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түрiнде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуi мен  Жер бетiнiң қозғалуы.

Жер сілкінісінің барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпірлер, арналар, тоғандар мен басқа да инженерлік ғимараттар - су құбырлары, канализация, электр беру жүйесі қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкіні, сел, сырғыма қопарылыс пайда болады. Тау жыныстары жарылып, тастар құлайды, адамдарды үрей-дүрбелең билейді. Су асты және су жағалауындағы жер сілкінісі кезінде теңіз түбінің қозғалысы нәтижесінде теңіз гравитациялық толқындары - цунами пайда болып, құрлықта үлкен бүліншілік жасайды.

Тектоникалық жер сілкінісі– жер пластарының қозғалуын шақырады, литосфера плиталарының қозғалысы.

Жанартау  жер сілкінісі – жанартау каналдары бойынша магмалардың жылжулары.

Қопарма жер сілкінісі – жердің қопарылуларын шақырады.

Техногенді жер сілкінісі – құрылыс кешендері, мұнай, газ, жер асты суларының, қатты жарылыстардың әсерінен болады.

Жер сілкінісінің сипаттамасы:

Гипоорталық – жер тереңдігіндегі орын. Эпицентр – жер үстіндегі гипоцентр проекциясы. Длительность сильных толчков – при средних землетрясениях от 2 до5 секунд, при сильных 20-90 секунд. Радиус района землетрясения – при средних землетрясениях 5-15 км, при сильных 50-160 км. Скорость сейсмических волн – существуют два типа объемных волн – P и S . Волны Р распространяются со скоростью 308 км/сек., волны S – 2- 5 км/сек.

Жер сілкінісі кезіндегі  ғимарат ішіндегі кез-келген адам тірі қалу мүмкіндігін арттыру, жарақаттан сақтану үшін жер сілкінісі дүмпуі кезінде бас сауғалайтын жерді, қауіпсіз орынды алдын ала білуге тиіс, ал дүмпу аяқталғаннан кейін  ғимараттан тез шығып кету керек.

Тәжірибеде салыстырмалы қауіпсіз орын - негізгі ішкі қабырғалардың  ішіндегі бұрыштары, негізгі ішкі қабырғалардағы жерлер, коллоннадағы және каркас бағандарының асты, кіре-беріс есіктердің маңдайшаларының асты, берік үстелдер және т.б. екендігі дәлелденген.

Спитак жер сілкінісі  кезінде  (07.12.1988 ж.) ваннада болған 6 адам тірі қалған.

Жер сілкінісі  кезінде  қауіпті орындардың қатарына ішкі және сыртқы қабырғалардың әйнектелген  терезелері, шеткі бөлмелер, әсіресе  соңғы қабаттардағы, лифтілер, баспалдақтар  алаңы мен балкондар жатады.

Үйде, жұмыста көшеде және өзге жерлерде жер сілкінісі  кезінде  өзіңіздің қалайша әрекет ететініңізді алдын ала ойластыруға  тырысыңыз. Әсіресе жан-жақты, егжей-тегжейлі жоспар үйде де, жұмыста да болуға тиіс.

Ең алдымен өзіңіз тұратын немесе жұмыс істейтін ғимараттың сейсмикалық төзімділік дәрежесін  ескеру қажет.

Өз ғимаратыңыздың, ғимарат  шегінде өзіңіз тұрған жердің беріктігін және қатты жер сілкінісі кезінде сіздің құзырыңызда бар-жоғы 15-20 секунд қалатындығын назарға ала отыра сіз өзіңіз үшін ыңғайлы орынды алдын ала таңдап алуға, не болмаса ғимараттан тезірек шығып кетуге тырысуға, не оның ішіндегі салыстырмалы қауіпсіз орынға баруға әрекеттенесіз.

Алдын ала ойластырылған  жоспар сізге жылдам және қисынды әрекет етуге көмектеседі. Алайда, жағдайға байланысты оны жылдам өзгертуге дайын болыңыз.

Дүмпулерден және өзіңіз тұрған ғимарат қатты теңселгеннен кейін ол бұзыла бастауы, жабынның жекелеген  плиталары немесе тірек қабырғаларының блоктары құлауы мүмкін. Бұл жағдайда ғимаратты жер сілкінісі кезінде тастап кетуге әрекеттену ғимарат ішінде болғаннан гөрі  едәуір қауіпсіз болуы мүмкін.  Есіңізде болсын қоршаулардың (тірек қабырғалары емес), каркасты ғимараттардағы ілінбелі қабырға панелдерінің құлауы, ғимараттың толық қирайтындығын білдірмейді.

-Алғашқы дүмпу кезiнде  1-ші қабаттың тұрғындары ешбiр  дүрбелең-үрейсiз ғимараттан шығуға, ал одан жоғары тұратындар  бастарын қолымен ұстап, салыстырмалы  қауiпсiз орынға баруға тиiс; 

-дүмпу   аяқталған   бойда  арқаңызды   қабырғаға сүйей отыра баспалдақ арқылы ғимараттан тез шығып кетiңiз. Газды, суды, электрдi ажыратуға тырысыңыз, өзiңiзбен бiрге құжаттарды, ақшаны, заттарды, дәрі қобдишасы салынған жол қабын алыңыз, есiктi кiлтпен жабыңыз;

- егер көршi пәтерде  балалар мен қарт адамдар қалса, олардың көшеге шығуына көмектесiңiз. Сол жерде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетiңiз;

- ғимараттан, электр желiлерiнен  алысырақ кетiңiз. Белгiленген  жиналатын орынға барыңыз. Үзiлген  ток өткiзгiштен (электр сымынан) сақтаныңыз, оған балаларды жiбермеңiз;

- рөлде отырғанда ашық  жерге тоқтаңыз. Дүмпу аяқталғанша  машинадан шықпаңыз. Қоғамдық көлiкте   отырған  орындарыңызда қалып,  дүмпу аяқталғаннан кейiн жүргiзушiден  есiктi ашуды өтiнiп, итерiспей шығып  кетiңiз.

 

Ұсынылған әдебиеттер

1. Русак О. Н., Малаян К. Р., Занько  Н. Г. Безопасность жизнедеятельности. / Под ред. О. Н. Русака. –  СПб.: баспа «Лань», Москва: ООО «Омега-Л» 2004 г. – 448б.

2. Крючек Н. А., Латчук В. Н,  Мирнов С. К. Безопасность и  защита населения в чрезвычайных ситуациях: Учебник для населения / Под общ. Ред. Г. Н. Кириллова. – Москва: баспа НЦ ЭНАС, 2003.-264 б.

3. Безопасность жизнедеятельности.  Безопасность в чрезвычайных  ситуациях природного и техногенного характера: Учеб. пособие/В.А.Акимов, Ю.Л. Воробьев, М.И. Фадеев и др. баспа.2-е, перераб. - М.: Высш.шк.,2007.-592 с.:ил.

4. Безопасность жизнедеятельности:  Учебник для вузов/ С.В. Белов,  А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков  и др.: Под общ. ред. С.В. Белова.4-е бас.-М.: Высшая школа,2004.-606 б.

 

Тақырып 14. Өндірістік нысандардағы жарылыс, авария, өрт, табиғи апаттардан жергілікті халықты қорғау

Дәріс жоспары

1. Табиғи өрттердің  түрлері мен қауіптері.

2.  гидрологиялық сипаттағы  ТЖ.  геологиялық сипаттағы ТЖ. Метеорологиялық сипаттағы ТЖ.

3. Өрттен адамдарды қорғау әдістері мен профилактикасы.

4. Жарылыс. Екпінді  толқыннан қорғану құралдары  мен әдістері.

 

1. Өрттер – дегеніміз  бақылаудан тыс жану үрдісі, оның  салдарынан адам өміріне, жануарлар  мен материалдық заттардың зардап  шегуінде күмән жоқ. 

Орман өрттері  жану үдемелігіне байланысты әлсіз, орташа, және қатты болып бөлінеді, ал сипаттамасы бойынша жоғарғы және төменгі болып жіктеледі.

Дала  өрттері  ол ашық аймақтарда пайда болады. Олар көбінесе жаз мезгілдерінде болады.  Ол 20-30 км/сағ жылдамдықта таралады.

 

4. Жарылыс - шектеулі көлемде энергияның тым көп мөлшерінің жылдам босатылу процесі. Жарылыс нәтижесінде өте жоғары қысымды қатты ысыған газ түзіледі. Жарылыс кезінде қоршаған ортада жарылыс толқыны пайда болады, қираған жарықшақтар немесе жарылыстың шашыранды өнімдері түрлі объектілерге механикалық әсер етеді. Жарылыс химиялық (көбіне жарылғыш заттар), ішкі ядролык (ядролық жарылыс), электрмагнитті (ұшкын заряды, лазерлі ұшқын), механикалық (жер бетіне метеориттердің түсуі) және басқа энергиялар есебінен жүзеге асырылады. Әскери мақсатта химиялық және ядролық энергиялар жай және ядролық ок-дәрілерде көп қолданылады.

Для предотвращения взрывов воздушных смесей, образующихся на предприятии из-за насыщения воздуха  парами бензина, керосина, природного газа, сахарной и древесной пыли и пр., в первую очередь устраняют источники возможного воспламенения и осуществляют мероприятия, направленных на защиту предприятий от разрушения.

Екпінді толқын өз жолында кездескен барлық нысандарға әсер етеді. Мысалы, 100 кт тротилдік эквиваленті бар ядролық жарақ ауада жарылған кезде екпінді толқын жасырынатын орыннан сыртқа, жарылыс эпицентрінен 1,6 км қашықтықтағы адамдарды апатқа ұшыратып, 4,5 км радиустағы көп қабатты тас ғимараттарды толықтай қиратады. Жарылыс кезіндегі жарықтық сәулелену әр түрлі материалдарды балқытады, тұтандырады, түрін өзгертіп, көмірлендіреді. Жанды тіндер әр түрлі дәрежедегі күйіктерге ұшырайды; 1,4 км қашықтықта жасырынған адамдар жарықтық сәулеленуге ұшырайды, 3,5 км-де ауыр дәрежедегі, 3,8 км-де орташа дәрежедегі, 5 км-ге дейін жеңіл дәрежедегі күйікке ұшырайды, 7 км радиуста өрттер шығады.

 

Ұсынылған әдебиеттер

1. Русак О. Н., Малаян К. Р., Занько  Н. Г. Безопасность жизнедеятельности. / Под ред. О. Н. Русака. –  СПб.: Издательство «Лань», Москва: ООО «Омега-Л» 2004 г. – 448с.

2. Крючек Н. А., Латчук В. Н,  Мирнов С. К. Безопасность и  защита населения в чрезвычайных ситуациях: Учебник для населения / Под общ. Ред. Г. Н. Кириллова. – Москва: Изд-во НЦ ЭНАС, 2003.-264 б.

3. Безопасность жизнедеятельности. Безопасность в чрезвычайных ситуациях природного и техногенного характера: Учеб. пособие/В.А.Акимов, Ю.Л. Воробьев, М.И. Фадеев и др. Изд.2-е, перераб. - М.: Высш.шк.,2007.-592 б.:ил.

4. Безопасность жизнедеятельности:  Учебник для вузов/ С.В. Белов, А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков и др.: Под общ. ред. С.В. Белова.4-е изд.-М.: Высшая школа,2004.-606б.

 

Тақырып 13. Авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мен ұйымдастырудың негіздері

Дәріс жоспары

1. ТЖ болдырмаудың  тәртібі мен ұйымдастырушылығы.

2. Құтқару және тағы  басқа маңызды жұмыстарды жүргізу  мен ұйымдастыру.

3. Төтенше жағдай кезіндегі  өндірістік нысандарда пайда  болған жағдайларды барлау мен  бағалау.

4. Төтенше жағдайларды  алдын алу үшін құралдар мен  күштердің құрамасы.

 

1. Төтенше жағдайды алдын алудың мақсаты адам денсаулығы мен өмірін қорғау, материалдық шығындар мен қоршаған орта шығындарының мөлшерлерін азайту, сондай-ақ ТЖ шекараларын алдын алу жолдары. Катастрофа мен ірі өндірістік аварияларды, табиғи апаттарды алдын алу дегеніміз: қауіптілік туралы шаруашылық нысандар мен жергілікті халықты ескерту, барлау жүргізу, қиралған орындардың көлемдері мен дәрежесін белгілеу, зақымдалған аймақтардың көлемдерін анықтау, өрт таралуларының, су тасқындары мен су алудың мүмкін шекаралардың болуы мен таралулары, табиғи апат қауіпі бар жергілікті пункт пен нысандарды анықтау; АҚ пен ТЖ құралдары мен жұмылдыру күштерін анықтау, алғашқы көмек көрсету ұйымын құру.

2. Зақымдалған  аймақтағы құтқару және тағы  басқа шұғыл іске асатын жұмыстардың мақсаты адам өмірін құтқару мен алғашқы көмек көрсету, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Олар үш топқа бөлінеді: құтқару, арнайы (неотложные), қосымша.

Құтқару жұмыстары:

- жұмыс аймағы  мен қозғалысты барлау;

- жұмыс аймағы мен қозғалыстағы өрт сөндіру мен алдын алу жұмыстары;

- қопарылған  үйінділер астынан шұғыл түрде  зақымдалған немесе жарақаттанғандарды  босату;

- қираған  ғимараттарды ашу және астында  қалған адамдарды құтқару;

- қираған  ғимараттар астына ауа жіберу;

- жарақаттанғандарға  алғашқы көмек көрсету және  оларды емханаларға жеткізу;

- қауіпті  аймақтан халықты көшіру;

 

Арнайы  жұмыстар:

-  зақымдалған  аймақтың өтпелі жерлеріне белгілер  қою;

- газ, энергия, су құбырлары, канализация жүйелеріндегі аварияларды алдын алу;

- коммунал-энергетикалық байланыс жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары;

Қосымша жұмыстар:

- ауданды тазарту;

- техникаларды орнату;

- ескертпе белгілері және бөгеттер орнату;

- жұмыс орындарын жарықтандыру.

3. Барлау жұмыстары:

- ауада;

- жер үсті;

- темір жол;

- суда (өзендер).

АҚ барлау қойылған тапсырмаларды  орындалуына байланысты жалпы және арнайы болып бөлінеді. Барлау жұмысының негізгі құжаты болып барлаудың жоспары болып табылады.

4. ТЖ алдын алу бойынша құрамды жасақтау, қалыптастыру оның көлеміне байланысты болады, олардың бейбіт және соғыс уақытында шекараларға байланысты келесі принциптер бойынша анықталады:

- жер сілкінісі болған аймақтарға АҚ құру 1 құтқарушыға 10 адам жергілікті аймақ бойынша;

- өрт, су тасқынымен және басқа қауіптілік түрлерімен зақымданған өндірістік аймақтарда АҚ құру 1 құтқарушыға 15-20 адамнан келеді.

Бейбіт уақытта ТЖ алдын  алу АҚ құрудың жүзеге асуы арнайы қалыптасқан топтан құрылады. 1 топта қанша адам болуы керек:

- облыс –150 адам кем емес;

- қала –100 адам кем емес;

- аудан –50 адам кем емес.

 

Ұсынылған әдебиеттер

1. Русак О. Н., Малаян К. Р., Занько  Н. Г. Безопасность жизнедеятельности. / Под ред. О. Н. Русака. –  СПб.: баспа «Лань», Москва: ООО «Омега-Л» 2004 г. – 448б.

2. Крючек  Н. А., Латчук В. Н, Мирнов С. К. Безопасность и защита населения в чрезвычайных ситуациях: Учебник для населения / Под общ. Ред. Г. Н. Кириллова. – Москва: баспа НЦ ЭНАС, 2003.-264 б.

3. Безопасность жизнедеятельности.  Безопасность в чрезвычайных  ситуациях природного и техногенного характера: Учеб. пособие/В.А.Акимов, Ю.Л. Воробьев, М.И. Фадеев и др. баспа.2-е, перераб. - М.: Высш.шк.,2007.-592 б.:ил.

4. Безопасность жизнедеятельности:  Учебник для вузов/ С.В. Белов,  А.В. Ильницкая, А.Ф. Козьяков  и др.: Под общ. ред. С.В. Белова.4-е баспа.-М.: Высшая школа,2004.-606б.


Информация о работе Пәннің міндеттері мен мақсаты. Оның ғылым жүйесінде алатын орны