Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Аудит мәні мен маңызы
Аудиттің пайда болуы
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы

Вложенные файлы: 1 файл

Аудит лекциялар.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

Заңнамаларға сәйкес жалақыдан  мыналар ұсталынады: жеке табыс салығы, зейнетақы қорларына аударымдар, бұрын берілген аванс бойынша  берешекті, сондай-ақ арифметикалық  қате нәтижесінде артық төленген соманы өткізуге; есеп беретін сома бойынша берешекті өтеуге; пәтерақы, баланың мектепке дейінгі балаларға  мекемеде тәрбиеленгені үшін, еңбеккерлердің мекемеге келтірген материалдық  зиянның орнын толтыруға; ақшалай  начеттар (заңсыз жұмсаған қаржыны  біреудің мойнына жазу); кредитке сатып  алынған тауарға; орындалатын құжаттар бойынша, өнім ақауы үшін. Жалақыдан  басқа ұсталымдар еңбеккерлердің келісімімен  ғана ұсталады.

Жеке табыс салығы ҚР-ның  «Салықтар және бюджаттке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексімен белгіленген тәртіп пен молшерде ұсталынады 5 процент.

Зейнетақы жарнасын ұстауы және төлеу қызметкердің ай сайынғы  табысының 10 % мөлшерінде жүргізіледі.

Қарызға алынған тауарлар үшін ұсталымдар азаматтарға ұзақ пайдалану  үшін кредитке тауарлар сату ережелерінде қарастырылған тапсырма-міндеттеме негізінде жасалады.

Қызметкерлер келтірілген  материалдық зиянның орнын толтыру  үшін ұсталым мекеме бойынша бұйрық негізінде не болмаса сот шешімі бойынша атқарылады.

Тексеру қорытындысында мыналарды  анықтау қажет:

шығыстарды еңбекақы төлеу  қорына жатқызудың дұрыстығы;

жеке төлемдерді өнімнің  өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы;

бухгалтерлік өткізбе  желілері еңбекті өтеу қоры бойынша  жасаудың дұрыстығы;

синтетикалық және аналитикалық есепті жиынтық мәліметтерді және еңбекақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы.

 


Информация о работе Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы