Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 22:21, реферат

Краткое описание

Аудит мәні мен маңызы
Аудиттің пайда болуы
Қазақстанда аудиттің қалыптасуы

Вложенные файлы: 1 файл

Аудит лекциялар.docx

— 192.40 Кб (Скачать файл)

Ақпарат арнайы жасалған әдістеме бойынша сандық және сапалық деңгейлерде бағалануы мұмкін. Мұндай бағалау ақпаратты және сапалық технологиясын сақтауды ұйымдастыру кезінде аса маңызды.

 

9-Тақырып. Сатып алу кезеңінің аудиті

1. Сатып алу шоттары мен аудиторлық  тексеру бағытының қатынасы

2. Сатып алу  аудитінің ақпарат көздері

 

1. Сатып алу шоттары мен аудиторлық  тексеру бағытының қатынасы

Сатып алу циклы шоттарының өзара байланысы және аудиторлық тексеру бағыттары

Сатып алу циклы процессін материалдық  емес активтер, негізгі құралдар, тауар-материалдық босалқы қорлар және басқа активтер сатып алынатын, қарыз міндеттемелері құралатын және солар бойынша төлемдер жүргізілетін шаруашылық операциялар жатады.

Алдыңғы тарауда атап өтілгендей, тексеру жүргізу кезіңде қосарлы жазбаны есепке алу принціпіне негізделетін мақсатты тест жүргізу әдісін пайдалануға болады. Сондықтан сатып алу циклы аудиті кезінде тексерудің бастапқы нүктесі ретінде активтер сатып алынуын бейнелейтін шоттар дебетіне жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысуды сипаттайтын шоттар кредитін алуға болады.

Тексерудің келтірілген әдістемесіне айналымнан тыс активтердің сатып алу циклына түсуін бейнелейтін шоттар енгізілген. Бірақ, егер айналымнан тыс активтерді сатып алу және пайдалану бойынша операциялар жеткілікті түрде тұрақты және үлкен айналыммен жүргізілсе, оларды жеке жүргізген тиімді болады. Сондықтан осы тарауда активтерді сатып алу тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алуы мысалы бойьшша қарастырылады.

Сатып алу циклы аудитінің негізгі  бағыттары есеп айырысу жағдайы туралы есепке алу мәліметтерінің нақтылығы мен зандылығын тексеру, есеп айырысу-қаржы пәндерінің орындалуы және оның кәсіпорынның төлем қабілетіне әсері, борыш нақтылығын анықтау болып табылады.

Сатып алу циклндағы сәйкестікке  тексеру жүргізу

Аудитті жүргізу кезінде тест жүргізудің екі типі — сәйкестікті немесе орындалуды тексеру және мән бойынша тексеру қолданылады. Бақылаудың бірінші типі ішкі бақылау жүйесінің сапасына тест жүргізуге бағытталған. Әңгіме нақты мәліметтердің қабылданған экономикалық нормативтерге сәйкестігін, құжаттарды ресімдендірудің қабылданған тәртібінің орындалуын бақылау туралы болып отыр.

Сатып алу циклы аудитін жүргізу  кезінде орын алған қателер немесе тәртіп бұзушылықты және олардың  қаржылық есеп беру нақтылығына әсер ету дәрежесін анықтау үшін кәсіпорында  қолданылатын тауарлы-материалдық босалқыларды сатып алу операцияларын есепке алу әдістемесінің Қазақстан Республикасында әрекет ететін нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкестігі анықталады.

Қаржылық тексерудің алға қойылған мақсаттарына қол жеткізу және олардың тиімді дайындалғанына және әрекет ететініне көз жеткізу үшін аудитор кәсіпорын бақылау реттемелерін зерттейді. Бұл оған шаруашылықоперациялардың толық, дәл көрінуін, шаруашылық операциялардың жүргізілуінің мақұлданғанын, кәсіпорындағы активтер болуын, сонымен қатар қазіргі бағалауды жүргізуге және оларды пайдалану құқығы болуын анықтауға бағытталған тексерулер масштабын елеулі қысқартуға мүмкіндік береді. Сондықтан аудиторға ішкі бақылау реттемесін ұтымды зерттеу үшін тауарлар мен қызмет көрсетуді сатып алу процессін келесідей кезеңдерге бөлуге болады:

• шикізат, материалдар, тауарлар мен қызмет көрсетуге деген қажеттілікті анықтау;

  • тауарлар мен қызмет көрсетуді алу, тексеру және қабылдау;
  • бухгалтерлік есепте шаруашылық операцияларды тіркеу.

Шикізат, материалдар, тауарлар мен қызмет көрсетуге  деген қажеттілікті анықтау. Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарламалар мәліметтеріне сай, сонымен қатар қойма мен өндірістегі тауар-материалдық босалқы қорларының нақты жағдайынан шыға отырьш, кәсіпорын басшылығы оларды сатып алуға шарт құрайды.

Шарт өнімнің барлық түрлерін жеткізу  жөніндегі жақтар құқықтары мен міндеттерін анықтайтын негізгі құжат болып табылады.

Егер жақтар тауарларды шарт әрекеті  мерзімі ішінде жекелеген партиялармен жеткізуді көздесе және онда жекелеген  партияларды жеткізу мерзімі (жеткізу кезеңі) көрсетілмесе, онда тауарлар бірқалыпты партиялармен ай сайын әкеліп отырады. Шартта жеткізу кезеңін анықтаумен қатар тауарларды жеткізу графигі орнатылуы мүмкін (онкүндік, тәуліктік, сағаттық және т.б.).

Шартта сатып алушының жеткізушіге  тауарларды алушыларға тиеу туралы (тиеу рұқсатқағазы) нұсқау беру құқығы көрсетілген жағдайда, тауарларды тиеуді (беруді) жеткізуші тиеу рұқсатқағазында көрсетілген сатьш алушыға береді. Тиеу рұқсаткағазының мазмұны және жеткізушінің оны сатып алушыларға бағыттау мерзімі шартта көрсетіледі.

Тамақ өнімдерін сатып алу шартын құру кезінде "Тамақ өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі туралы" заң ережелері орындалуына басты назар аударылуы қажет. 17 "Қазақстан Республикасы аумағына енгізілетін тамақ өнімдері, материаддары мен бұйымдардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптар" бабында мынадай талаптар қойылады:

  1. Қазақстан Республикасы аумағына енгізілетін тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдарының сапасы мен қауіпсіздігі нормативтік құжаттар талаптарына сай келуі керек.
  2. Қазақстан Республикасы аумағына Қазақстан Республикасы заңында орнатылған тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өтпеген және олардың сапасы мен қауіпсіздігінің нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжаттары жоқ тамақ өнімдері, материалдар мен бұйымдарды енгізуге тыйым салынады.

Жабдықтау (сатып алу) бөлімі жеткізу  шарттарының орындалуына түрақты бақылау жүргізеді. Егер шарт жағдайларында тауарлы-материалдық босалқыларды тапсырыс берілуіне қарай жеткізу көзделсе, онда жабдықтау бөлімі кәсіпорынның түрлі бөлімшелері берген тапсырыстар негізінде осы тапсырыстарды жеткізушілерге уақтылы береді. Бұл кезде тапсырыстар жеткізу шарттары орындалуын бақылаушы өкілетті адамдар мақұлдауы қажет.

Тауарлы-материадцық босалқылар жіберілетін  қойма қызметкерлері мен цех басшылары тауарларды сапасы, саны және ассортиментіне сәйкес қабылдауды іске асырады.

Тауарлар мен қызмет көрсетуді  алу, тексеру және қабылдау.

Түсуші тауарларды тексеру басшылық көзқарасы бойынша бақылаудың маңызды реттемесі болып табылады. Сондықтан алынатын тауар бүтіндігін қамтамасыз ету үшін кәсіпорын басшылығы әдетте міндеттерді бөледі. Мысалы, жабдықтау (сатып алу) бөлімінің қызметкерлері жеткізу келісімшартының орындалуын ғана бақыласа, қойма қызметкерлері тауарды құрылған шарт немесе тапсырысқа сай алып, содан кейін өндіріске жібереді. Егер жеткізуші жіберген тауар қоймаға түспей алынса, онда бастапқы құжаттарда осы факт туралы белгі қойылады.

Бүтін ыдыспен түскен тауарды қабылдау, әдетте, алушы қоймасында таза салмағы әр орындағы тауар бірлігінің саны, сапасы мен топтама бойынша қабылдау мерзімі сақтала отырып қабылданады.

Саны, сапасы мен топтамасы бойынша  тауарларды қабылдауды алушы кәсіпорын басшысы немесе басшы орынбасары өкілетті еткен үш білікті адамнан тұратын комиссия қабылдайды. Комиссия мүшелері осы материалды жауапты адам қарамағында болмауы және материаддық құндылықтармен (есепке алумен, сақтаумен, қабылдаумен және оларды жіберумен) байланысты болмауы керек.

Тауарларды қабылдауды іске асыру  үшін жақтар шартта комиссияның басқа құрамын көздеуі мүмкін.

Тауарларды қабылдайтын комиссия құрамына жіберуші (дайындаушы) оны тапсыру үшін өкілеттілік берген адамдар қатыса алады: жолсерік, келген бойдан жүкті тапсыру үшін бірге жіберілген адам және т.б.

Қабылдау  комиссиясының мүшелері тауарларды қабылдау ережелерін қатал ұстану үшін жауапты болады.

Кәсіпорын басшылығы саны, сапасы және топтамасы бойынша тауарларды қабылдау жүктелген адамдарды бақылауды жүйелі іске асыруы және тауарды қабылдау ережесі бұзылғаны жөнінде хабарлап отыруы керек.

Саны, сапасы және топтамасы бойынша  тауарларды қабылдау стандарттарға, техникалық жағдайларға сай, жақтар үшін міндетті ережелер не шарттар бойынша, сонымен қатар жеткізіліп отырған тауарлар санын, сапасын және топтамасын куәландыратын көліктік және қоса жүргізілетін құжаттар (шот-фактура, ерекшелігі, тізім, қорап (орама) құлақшасы, техникалық паспорт, сертификат және т.б.) бойынша жүргізіледі. Көрсетілген қоса жүргізілетін кұжаттардың немесе олардың кейбіреуінің болмауы тауарды қабылдауды тоқтатпайды. Бұл кезде қандай құжаттар жоқ екені көрсетілетін, түскен тауарлардың нақты саны, сапасы, топтамасы туралы акт жасалады.

Егер тауарларды қабылдау кезінде жетіспеушілік немесе жабдықтаушының қоса жүргізілетін құжаттарында көрсетілгеннен қандай да бір ауытқу анықталса, онда тауарларды қабылдау нәтижелері актімен ресімделеді және наразылық білдіріледі.

Тауарлар саны жетіспеушілігіне, сонымен  қатар стандарттар, техникалық шарттар, сызулар, рецептуралар, үлгілерге (эталондарға) сапасы, топтамасы, қорабы, орамы және маркіленуі бойынша сәйкес келмейтін тауарларды жеткізуден туындайтын наразылықты алушы жеткізушіге қабылданған мерзімде "Кәсіпорындардың, ұйымдар мен мекемелердің наразылығын ұсыну және қарастыру және шаруашылық шарттар бойынша келіспеушілікті реттеу тәртібі туралы" ережеге сай ұсынады. Наразылықты карастыру мерзімін бұзылған немесе ол жауапсыз қалған жағдайда талаптық өтініш негізінде іс арбитраждық сотқа беріледі.

Тауар жетпеуімен байланысты таластарды шешу кезінде арбитраждық сотта  ұсынылган дәлелдер бағаланып, жетіспеушілік  себебі мен пайда болу орны анықталып, жақтардан барлық қажетті құжаттарды, оның ішінде өнім мен тауарларды сан мен сапа бойынша қабылдау тәртібі туралы нұсқауда жіберуші (жеткізуші) және алушы міндетті түрде көрсететін қызметтік тексеру материалдарын ұсынуды талап етеді.

Топтамасы толық емес өнімді жеткізу жауапкершілігі топтама  бойынша жеткізілген өнім стандарттарын және басқа нормативтік-техникалық құжаттамаға сай келетін, бірақ шартта көрсетілген талаптарға сәйкес келмегенде басталады.

Тауарлар мен қызмет көрсетуді  сатып алу бойынша ішкі қызметкерлерінің жоғарыда көрсетілген әрекеті оперативты мәліметтер мен орындаушьшар есеп беруі арқылы бақылануы керек.

Бухгалтерлік есепте шаруашылық операциаларды  тіркеу.

Активтер мен міндеттемелерді  шарттарға, тапсырыстарға, сонымен қатар тауарды алуға қатысы жоқ адамдар тіркейді.

Материалдар қозғалысы бойынша  бухгалтерияға түскен бастапқы құжаттар тексеру мен таксалаудан кейін  материалдардың номенклатуралық топтары мен қоймалар қиылысында кіріс пен шығыс бойынша жеке қойылады. Ай аяқталған бойда картотеканы әр қойма бойынша жеке сомалық көріністе топтық айналым тізімдемелер құру үшін пайдаланады. Осы тізімдемелер мәліметтерін қалдық тізімдемелерінің құндық мәліметтерімен және синтетикалық есеп тіркелімдегі жазбалар қорытындыларымен салыстырады.

 

2. Сатып алу аудитінің ақпарат  көздері

Ішкі бақылау жүйесіне тест жүргізу

Аудитордың пікірінше бақылау  тәуекелдігі елеусіз болған кезде  (бақылау кездерінің қандай да бір сипаттамаларына байланысты), ол қаржылық есеп беру ақпараты дәлдігіне деген сенімсіздікті төмендете алады. Бақылау тәуекелдігі елеусіз деген өз пікірін дәлелдеу үшін, аудитор бақылау кездерінің тиімділік дәрежесін тексеру керек. Осындай тексеру кезінде қолданылатын реттемелерді әдетте бақылау кездерінің тестілері деп атайды.

Бақылау кездерінің көптеген тестілері  шаруашылық операцияларды дәлелдейтін бастапқы құжаттарды тексеруді мегзейді. Сонымен бірге жинақталған аудиторлық дәлелдердің едәуір бөлігі - бұл шаруашылық операцияларға қатысты құжаттар.

 

Ішкі бақылау кұралдарының тиімділігін сипаттайтьш тестілік сұрақтар

 

Реттік №

Тест сұрақтарының мазмұны

Иә

Жоқ

Ескерту

1

Барлық өнімдер мен тапсырыстар  бекітіліп, хронологиялық тәртіппен  тіркеле ме?

     

2

Төленуі керек шоттар құжаттары мен файлдарды тек өкілетті адамдар ғана пайдалана алады.

     

3

Шот фактуралар өтінімдері және тапсырыстармен, сонымен қатар материалды жауапты адамдар есеп берулерімен салыстырыла ма?

     

4

Барлық ақша төлемдерінің құжаттық дәлелдемесі бар және тіркелімдерге дұрыс енгізілген.

     

5

Төленетін шоттардың бәріне рұқсат беріледі.

     

6

Жабдықтау бөлімі жеткізу шарттары орындалуын оперативты бақылауды қамтамасыз ететін жүктер түсуін есепке алу журналын жүргізе ме?

     

7

Жүктер ашылған және орын немесе масса жетпеуі, қорап зақымданған және материалдар бүзылғаны анықталған кезде, сонымен қатар қоймаға келіп түскен жүктер саны мен сапасы жеткізушілер шоттары мәліметтеріне сәйкес келмеген кезде бастапқы құжаттар дұрыс толтырыла ма?

     

8

Тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер саны мен сапасы бойынша уақыты өтіп кеткен шағымдар жоқ па?

     

9

Қабылдау     актілері,     кіріс     ордерлері, қоймалық есепке алу карточкаларының мәліметтері   шот-фактуралар,   тауар-көліктік жүк-құжаттар және жеткізушілердің бірге жіберілген құжаттары көрсеткіштерімен салыстырыла ма?

     

10

Жеткізушілермен өзара есеп айырысуды салыстыру актілері жүргізіледі:

• қажет болған жағдайда;

• әр тоқсан аяғында;

• жыл аяғында.

     

11

Жеткізушілердің      салыстыру     актілері қамтиды:

• 50%-ға;

• 75%-ға;

 - 100%-ға.

     

12

Жергілікті       жеткізушілерден       тауар-материалдық   босалқы   қорларды   алуға арналған   сенімхаттарды   беру  журналы дұрыс жүргізіле ме?

     

13

Жабдықтаушылардан          ТМБ          алу құқығына кім ие?

     

14

Уақыты өтіп кеткен сенімхаттар бойынша ТМБ есептен шығару орын алған ба?

     

15

Кассадан   алынған  қолма-қол  ақшамен немесе есептегі сомадан  төленген ақшамен рыноктық бағамен жеке адамдардан материалдарды сатып алу кезіндегі актілердің   дұрыс   толтыруы   және   операциялардың нақтылығы анықтала ма?

     

16

Қабылдау      актілерін      құру      тәртібі орындала ма, алынған жүктерді шығару толықтығы,      фактураланбаған     жеткізулер   бойынша   баға   мен   құнды   қою дұрыстығы тексеріле ме?

     

17

Мердігерлермен және жабдықтаушылармен есел айырысуды есепке алу схемасы жасалған ба?

     

Информация о работе Аудиттің пайда болуы және қалыптасуы