Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:05, лекция
Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.
Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.
1. Силлабус
2. Глоссарий
3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
4. Дәрістің негізгі мазмұны
5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар
7. Аралық бақылау кестесі
8. Әдебиет
9. Тестік тапсырмалар
Негізгі құралға қозғалмайтын мүлік, жер.үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетік, машина мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылары, есептеу машиналары, көлік құралдары, аспаптар, шаруашылық құрал-саймандар, және т.б. жатады.
Негізгі құралдар объектісі төмендегі шартқа сай келсе актив ретінде танылуы (есепке алуға) тиісті:
А) Егер кәсіпорынның активпен байланысты болашақ экономикалық пайда алатынын аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; Ә) Егер кәсіпорын үшін оларды сатып алуға кеткен нақты шығындарды сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құрал есебін ойдағыдай жүргізу үшін жүйелеп топтастыру қажет. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысына қарай өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік негізгі құрал деп өндірісте қызмет ететін, пайдалы құралды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар, өткізгіштік тетік, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар, және т.б. жатады.
Өндірістік емес негізгі құрал қатарына шаруашылық өндірістің басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құрал жатқызылады. Оларға: тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылықтарда, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар және т.б. жатады. Негізгі құралдар өнеркәсіптік ауыл шаруашылығы, орман, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалдық-техникалық жабдықтау және сату, өткізу әосіпорындары, қоғамдық тамақтандыру, басқа ұйымдар,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және т.б. салалар бойынша топтастырылады.
Негізгі құрал
пайдалану мақсаты және
1. Жер (кәсіпорында пайдаланатын барлық жер).
2. Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар.
3. Машина мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер.
4. Көлік құралдары
5. Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құрал кімнің
меншігінде, иелігінде екендігіне
қарай мсншікті яғни
Халықаралық бухгалтерлік
есеп стандартына сәйкес
1. Өзіндік (бастапқы) құны
2. Жойылу құны
3. Амортизациялық (тозу) құны
4. Әділетті (сатып өткізу) құны
5. Баланстық құн
6. Өтелмелі құны
Өзіндік құн (бастапқы)- бұл
төленген ақша қаражаттарының
немесе баламаларының сомасы, не
болмаса активті сатып алу
немесе құрылысын салу кезінде
берілген басқадай төлемдердің
әділетті құны. Актив ретінде танылуға жататын
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісі алдымен өзіндік ќұн бойынша
өлшенуге тиіс.
Өзіндік құнның компоненттері:
жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
объектісінің өзіндік ќұны оның сатып
алу бағасын, оның ішінде импорттық баждарды
және сатып алуға салынатын өтелмейтін
салықтарды, сондай-ақ нысаналы пайдалану
үшін активті жұмыс күйіне келтіру жөнінде
соған жатқызылатын барлық тікелей шығындарды
қамтиды; сауда және басқа жеңілдіктердің
барлығы сатып алу бағасын анықтаған кезде
шегеріледі.
Кәсіпорынға
есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік
бастапқы құны тек мына жағдайларда ғана
өзгереді:
1) негізгі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететін қосымша күрделі қаржы жұмсағанда (кеңейткендс, жаңартқанда т.б.) немссе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
2) негізгі құралдарды қайта
Негізгі құралдар кэсіпорынға мынадай тәсілдермен, жолдармен алынуы мүмкін:
1) Нақты ақшаға сатылып алынады.
2) Несиеге алынады.
3) Кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде (акцияларына айырбастау жолымен алынады).
4) Басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретіндс тегін алынады.
5) Салу, құру, жасау арқылы алынады.
6) Басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ – 1 нысанындағы «Негізгі құралдарды қабылдау, тапсыру актісін» толтыру арқылы алынады. Қабылданган объектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың инвентарлық объектісі бойынша есебі мүліктік инвентарлық карточкаларда жүргізіледі.
НҚ-дың кәсіпорыннан
шығуының есебі. Негізгі құралдар
кәсіпорыннан келесі
- басқа жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда;
- моралдық және физикалық тозу нәтижесінде;
-объектілерді жарғылық
- табиғи апат, авария және басқа
да төтенше жағдайлар нәтижесін
- басқа субъектілерге
- бұрын жалға сатып алу
- негізгі құралдардың жоғалуы немесе зақымдануы анықталса;
НҚ кәсіпорыннан қандай себептермен есептен шықса да, есептен шыққан күнге дейін олар бойынша амортизация, тозу есептелінеді. Содан кейін бастапқы құны мсн тозу сомасы есептсн шығарылады. Негізгі құралдардың есебі жұмыс шоттар тізбегінің екінші бөліміндегі 2400 «Негізгі құралдар» бөлімшесінің активті 2410 «Негізгі құралдар» шотында жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралардың айдың басындағы және соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар көрсетілсе, кредитінде кәсіпорыннан шыққан негізгі құралдар құны көрсетіледі.
Тозу дегеніміз-негізгі құралдардың табиғи және сапалық қасестін жоғалтуы. Негізгі құралдардың тозуын сапалық (моралдық) және табиғи деп екіге бөлінеді.
Негізгі
құралдар шаруашылық
Бухгалтерлік есеп
стандартына сәйкес
№16 ХҚЕС сәйкес, амортизация есептеудің 3 әдісі бар:
1) Негізгі кұралдардың құнын бір қалыпты (түзу сызықты) есептен шыгару әдісі.
2) Кемімелі қалдық әдісі.
3) Амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түре есептеу әдісі (өндірістік тәсіл).
Жөндеу жұмыстарының көлеміне байланысты қарапайым және күрдслі жөндеуге бөлінеді. Қарапайым әдетте негізгі құралдарды күнделікті пайдалануға байланысты болатын қарапайым жұмыстарды айтады. Күрделі үйлердің, құрылыстардың және күрделі машиналардың тозығы жеткен бөлшектері мен детальдарының барлығын ауыстыруға байланысты болатын ірі жөндеу түрін айтады.
Жөндеу жұмыстары мердігерлік және шаруашылық әдіспен орындалуы мүмкін.
Жөндсу жұмыстары шаруашылық әдіспен жүргізілгенде барлық жұмыстарды шаруашылық өз күшімен орындайды. Мердігерлік әдісті пайдаланғанда жөндеу жұмыстарын арнайы құрылыс мекемелері орындайды.
Жөндеу жұмыстарының бухгалтерлік есебін жүргізу олардың қандай әдіспен орындалатындығына байланысты.
Жал-бұл жалға берушінің келісілген мерзімге жал төлемін немесе бірқатар төлемдерді төлеу шартымен активті пайдалану құқығын жалдаушыға беру келісім-шарты.
Жал есебі №17 «Жал» ХҚЕС-мен реттеледі. Жал келесі түрлерге бөлінеді:
Стандарт бойынша
барлық тәуекелділік пен
Осы жоғарыда
аталған белгілердің бірі
Жалдың сыныпталуы ХҚЕС-на сәйкес, мәміле нысанына емес, операцияның мазмұнына байланысты болып келеді. Сондықтан да, егер жалдың мәні жалды қаржылық жал ретінде сыныптауға келетін болса, онда жалданған актив бойынша меншік құқығы жалдаушыға өтпесе де, қаржылық есептілікте ол қаржылық жал ретінде бейнеленеді. Жалдың түрі жалдау мерзімінің басында анықталады.
Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес актив (МЕА) болып табылады.
МЕА деп табиғи болмысы жоқ өндіріске
немесе тауарларды
сатып өткізу операцияларына, өкімшілік
мақсаттарға үзақ уақыт (1
жылдан артық) пайдаланылатын
және басқа субъектіге жалға беруге
арналғандығын айқындауға болатын, үйым
бақылау жүргізе алатын,
сондай-ақ пайдаланған үйым келешекте
табыс күтетін ақшалай емес
активтерді айтады.
Бухгалтерлік есептің 38-ші МЕА-дің есебі стандартына сәйкес МЕА осы анықтамаға және томендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде танылады, яғни есепке алынады:
1. Егер ұйымның келешекте тікелей осы объектіге байланысты экономикалық пайда табуының ықтималдылығы жоғары болса.
2. Егер актив құны дұрыс анықталса.
МЕА-дің түрлері:
• Үйымдастыру шығындары-субъектінің қүрылуына байланысты
(мемлекеттік тіркеуден откенге
дейінгі) шығындар. Үйымдастыру
шығындарынарркеуден оту үшін қажетті
қүжаттарды дайындауға
шығындар, қүжатарды
дайындау жөне тіркеуден
откізу кезіндегі
кеңесші қызметінщ шығындары, мемлекеттік тіркеуден өту үшін шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 38 стандартына сәйкес МЕА-ді бағалау түрлері белгіленген және негізгі құралдарды бағалау түрлеріне ұқсас болып келеді.
Маериалдық емес активтер есебі Типтік Шоттар тізбегінің 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімшесінде:
2710 – Гудвилл
2720-Гудвиллдың құнсыздануы
2730-Басқа да материалдық
2740-Басқа да материалдық
Қорытынды:
Негізгі құралдар кәсіпорында өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын болса және бір кезеңнен (І жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанса, ұзақ мерзімді активтер ретінде танылып есепке алынады. Негізгі құралдар есебін №16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» ҚЕХС-ты реттейді. Стандарт бойынша амортизация есептеудің үш тәсілі ұсынылған: құнды бірқалыпты (түзусызықты) есептен шығару әдісі, кемімелі қалдық әдісі және амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне пропорционал түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл). Материалдық емес активтерге өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін, басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсатта пайдаланылатын табиғи болмысы жоқ бірегейлендірілген монетарлық емес активтер жатады.