Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:05, лекция

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.
Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

1. Силлабус
2. Глоссарий
3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
4. Дәрістің негізгі мазмұны
5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар
7. Аралық бақылау кестесі
8. Әдебиет
9. Тестік тапсырмалар

Вложенные файлы: 1 файл

Бух учет жинактар.doc

— 1.19 Мб (Скачать файл)

Есептеу процесінде ыңғайлы және дұрыс болуы үшін құжаттар келесі ерекшеліктер бойынша жіктеледі: Мақсаты бойынша, олардың түрлері: Үкімдік, атқарылушылық, бухгалтерлік толтыру және құрамдастырылған болып бөлінеді. Құрастырылған орнына байланысты ішкі және сыртқы құжаттар болып бөлінеді. Көрсету тәсілі және операцияның мазмұнының көлемі бойынша жіктеледі.

Құжат айналымын басқару жүйесі кәсіпорында келесі кезеңдерді қамтиды:

  • бухгалтерлік қызмет туралы ережені дайындау
  • бухгалтерияның және кәсіпорындағы есепке қатысы бар басқа қызметкерлердің лауазымдық қызмет нұсқаулығын дайындау
  • кәсіпорындағы құжат айналымының кестесін құру
  • есепті ақпаратты өңдеу технологиясын құру
  • істің номенклатурасын құру және құжатты ағымдағы сақтау тәртібі

Құжат айналымының кестесі кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітіледі. Бухгалтерлік алғашқы құжаттарының папкаларға тігіліп нөмірленуі сақтаудың тәртібіне және қажет болған құжатты іздестіру кезінде жылдам орындауды қамтамасыз етуге арналған.

Құжаттаумен алғашқы есепке алу мүліктің нақты қозғалысы мен оның көздерінің есепте толық көрсетілуін қамтамасыз ете алмайды. Бухгалтерлік есеп пен есеп берудің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдарда мүліктерге және қаржылық міндеттемелерге түгендеу жүргізіліп отырады. Түгендеу жүргізудің негізгі мақсаттары мыналар:

  • нақты қолда бар мүліктерді анықтау;
  • нақты қолда бар мүлікті бухгалтерлік есеп мәліметтерімен салыстыру;
  • есепте міндеттемелердің көрсетілуін анықтау.

Түгендеуге кәсіпорынның қай жерде тұрғандығына қарамастан барлық мүлкі мен қаржылық міндеттемелері жатады.

Түгендеу барысында құжатталмаған фактілер анықталуы мүмкін. Мысалы: тауарлардың табиғи кемуі, тауарлардың шығынға ұшырау және ұрлану нәтижесінде кемуі, өлшеу мен операцияларды рәсімдеу кезінде жіберілген қателіктер және т.б.

Мүліктер мен міндеттемелерге дұрыс және уақтылы түгендеу жүргізуге кәсіпорынның басшысы жауапты болады.

Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңға сойкес мына жағдайларда кәсіпорынның мүліктері мен міндеттемелеріне түгендеу жүргізу міндетті болып табылады:

  • ұйымның мүлкін жалға бергенде, сатып алғанда, сатқанда;
  • жылдық бухгалтерлік қорытынды есеп жасау алдында;
  • тауарлы-материалды қорларға жауапты тұлғалар ауысқанда;
  • мүлікті ұрлау, зиян келтіру фактлері анықталғанда;

• ұйым қайта құрылған немесе таратылған кезде бөлу балансын құру алдында жүргізіледі;

• нормативті актілерімен қарастырылған өзге де жағдайларда.

Түгендеу жүргізілу ерекшеліктеріне қарай әр түрлі болып келеді. Мысалы, белгіленуі мен сипатына байланысты түгендеу жоспарлы және ағымдағы болып бөлінеді және т.с.с.

Нақты қалдық және бухгалтерлік есеп мәліметтері арасындағы түгендеу нәтижесінде анықталған ауытқулар келесідей көрініс табады.

Тауарлық – материалдық құндылықтар артық шыққан жағдайда, оның пайда болу себептерін және кінәлі адамдарды анықтайды. Қалдықтар кірістеледі және шаруашылық субъектінің кірісіне енгізіледі.

                              Д 1310, 2410, 2710-2740   К 6280

Тауарлық – материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі 1280 «Басқа да қысқы мерзімді дебиторлық борыш» шотында «Жетіспеушілік пен жоғалтулар» аралық шотында есепке алынады.

ТМҚ-ның жетіспеушілігі табиғи кему нормасының шегінде өндіріс шығындарына жатқызылады.

  Алайда, жетіспеушілік фактісі анықталғанша ТМҚ - ды табиғи кему нормасының шегінде есептен шығаруға тыйым салынады. Егер кәсіпорында бекітілген табиғи кему нормасы болмаса, онда тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі нормадан тыс жетіспеушілік болып саналады. Табиғи кему нормасынан асқан жетіспеушілік сомасы кінәлі адамға жүктеледі.

Есеп тіркелімдеріне бухгалтерлік жазуларды тіркеу барысында қателіктер жіберілуі мүмкін. Оларды түзету үшін бухгалтерлік есепте келесі тәсілдер қолданылады:

1. Корректуралық тәсіл қателіктер шаруашылық операцияларын құжаттарға бухгалтерлік өткізбе құру арқылы тіркеу барысында, есеп тіркелімдерінде қорытынды шығарылмай тұрып анықталғанда қолданылады. Қате жазу бір сызықпен сызылып, үстінен дұрыс сомасы немесе шоты жазылады. Мысалы,  кассаға есеп айырысу шотынан 5721 теңге келіп түсті. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік өткізбе құрады:

Дт 1010 Кт 1040  5271. Бухгалтерлік өткізбе сомасынан қате жіберілген. Қате келесі тәртіппен түзетіледі:                                         

                                                         5721

                 Д 1010           К1040      5271


2. Сторнолық жазу. Бұл тәсіл шоттар корреспонденциясында немесе сомасында қате жіберілгенде қолданылады. Есеп автоматтандырылған жағдайда операцияның сомасынан қате жіберілсе, бұл жазуды кері сан жазу деп атайды.

Мысалы, ұйымның кассасынан қызметкер Б.С. Султановқа операциялық шығыстарға 17520 теңге берілді.  Оған келесі бухгалтерлік өткізбе құрылған:

             Дт  7210        Кт1010       17520,

Ал негізінен бұл соманы Б.С. Султановтың есебіне жазу керек еді. Мұндай жағдайда сторнолық жазу жазылады:


     Дт 7210    Кт 1010                , ,          осыдан кейін дұрыс корреспонденция беріледі: 

 

     Дт 1250       Кт 1010  17520    

Дәл осылай сторнолық жазу қате берілген жазудың күшін жояды.

Егер операцияның сомасы ұлғайтылып қате берілсе, онда кері сан жазу тәсілі қолданылады. Мысалы, жоғарыда берілген операция бойынша кәсіпорын шығынына 17250 теңге апарылған делік. Онда кері сан жазу арқылы артық соманы алып тастаймыз.

                  Дт 7210      Кт 1010    17520

                  Дт 7210      Кт 1010      -270

Бұл тәсілді есеп тіркелімдерінің қорытындысы шығарылып қойылғаннан кейін де қолдануға болады.

3. Қосымша жазу тәсілі шаруашылық операциясын бейнелеу кезінде сомасы азайтылып қате берілгенде қолданылады.

Мысалы, кәсіпорын қызметкеріне 28547 теңге еңбек ақы есептелінді. Бухгалтер бұл операцияға келесі бухгалтерлік жазу құрады:

                   Дт 7210         Кт 3350   27547

Жетпей тұрған сомаға дәл осындай қосымша бухгалтерлік жазу құрылады:

                  Дт 7210         Кт 3350     1000.

 

Қорытынды.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдісінің негізгі элементтеріне жататын құжаттау мен түгендеу бір-бірін өзара толықтырушы әдістер болып табылады. Құжаттау арқылы ұйымда жүргізілген шаруашылық фактілері алғашқы құжатта көрініс тауып жатса, түгендеу жүргізу арқылы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің сенімділігі мен шынайылығын қамтамасыз етеді. Алғашқы құжаттар мен есеп тіркелімдеріне тіркелетін бухгалтерлік жазулар, нысаны мен жүйесіне қарай, қолмен немесе машина арқылы толтырылады. Олардың құжаттарға ұқыпты түрде, дәл және түзетусіз енгізілуі талап етіледі. Ал анықталған қателер арнайы тәсілдерді қолдана отырып түзетеді. Олардың ішінде кеңінен таралған үш тәсіл бар: корректуралық, сторнолық және қосымша жазу тәсілі.

Әдістемелік нұсқау:

    1. Тақырып бойынша алған білім базасының негізінде логикалық сызба құрастырыңыз (игерілген материалды маңызына қарай ретке келтіріп, құрамдастырыңыз).
    2. Материалды бекітуге арналған сұрақтарға жауап беріңіз.
    3. Тестіні орындаңыз.
    4. Ситуациялық есепті шығарыңыз.
    5. СОӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

     Ұсынылатын әдебиеттер

    1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007
    2. Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуоазия ұлттық университеті, 2006
    3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
    4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.
    5. Сейдахметова Ф.С. Современный бухгалтерский учет. Алматы: ТОО «Lem», 2005

 

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Бухгалтерлік құжатқа түсініктеме беріңіз.
  2. Барлық құжаттарға тән жалпы деректемелерді атаңыз.
  3. Құжаттардың жіктелу белгілерін атаңыз.
  4. Ақтаушы құжаттардың өкімдік құжаттардан айырмашылығы неде?
  5. Есеп тіркелімдері деп нені айтады?
  6. Есеп тіркелімдерінің түрлерін атаңыз?
  7. Қателерді түзетудің корректуралық әдісіне сипаттама беріңіз?
  8. Қандай жағдайларды сторнолық жазу әдісі қолданылады?
  9. Бухгалтерлік есепті жүргізудің мемориалды-ордерлік нысанының мәні неде?
  10. Бухгалтерлік есепті жүргізудің журналдық-ордерлік нысанына сипаттама беріңіз?
  11. Түгендеу дегеніміз ен?
  12. Түгендеу түрлеріне сипаттама беріңіз?
  13. Жоспардан тыс түгендеу қандай жағдайлара жүргізіледі?
  14. Тауарлық-материалдық қорлардың жетіспеушілігі есепте қалай бейнеленеді?
  15. Есеп саясатына түсініктеме беріңіз.
  16. Қандай жағдайларда есеп саясатына өзгеріс енгізуге болады?

 

Тақырыпты бекітуге арналған тестілік тапсырма:

  1. Түгендеу нәтижесі бойынша  анықталған материалдардың артықшылығын:

А. Өндіріске есептен шығару қажет

Б. Кінәлі тұлғаның жауапкершілігіне тарту керек.

С. Кіріске алу қажет.

Д. Ұйымның таза табысы есебінен есептен шығару.

Е. Кірісті ұлғайту қажет.

2. Түгендеу нәтижесі бойынша  анықталған материалдардың жетіспеушілігін  табиғи кему нормасының шегінде:

А. Өндіріске есептен шығару қажет

Б. Кінәлі тұлғаның жауапкершілігіне тарту керек.

С. Кіріске алу қажет.

Д. Ұйымның таза табысы есебінен есептен шығару.

Е. Ұйымның шығынына жатқызу керек.

3. Кассадағы ақшаның жетіспеушілігі:

а. Пайыздар бойынша шығынға жатқызылады.

Б. Ұйымның кірісіне жатқызылады.

С. Материалды-жауапты тұлғаның жауапкершілігіне.

Д. өнімнің өзіндік құнына.

Ұйымның өткізу бойынша шығындарына жатқызылады.

  1. Құжаттардың жалпы деректемелеріне не жатады?

А. Материалдың атауы.

Б. Құжаттың атауы.

С. өлшем бірлігі.

Д. Сомасы.

Е. Бағасы.

  1. Қате жазуларды түзету әдістері:

А. Хронологиялық

Б. Жүйелік.

С. Сторнолық.

 Д. Формулалық.

Е. Қарапайым.

  1. Есепті жүргізу нысанына:

А. Есептілік нысаны.

Б. Мемориалдық-ордерлік.

С. Баланс.

Д. Бас кітап.

Е. Қарапайым жазу.

  1. Туындау орнына қарай қателердің  қандай түрлері болады?

    А. Локальды.

    Б. Транзиттік.

    С. Жазудағы қате.

    Д. Қысқа уақытты

    Е. Біруақытты.

     

«Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ. 

Негізгі түсініктер: құжат, алғашқы құжат, құжаттама, құжат айналымы, есеп тіркелімдері, деректеме, бухгалтерлік есеп нысандары, түгендеу, корректуралық тәсіл, қызыл сторно, қосымша жазу тәсілі.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: құжаттаудың бухгалтерлік есептегі алатын орны мен маңызын, түгендеудің түрлері мен жүргізілу мақсатын, есеп тіркелімдері туралы түсінік алып, есеп тіркелімдерінде кездесетін қателерді түзету әдісін меңгеру.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

      1. Бухгалтерлік құжаттар туралы түсінік және олардың түрлері
      2. Түгендеу және оның түрлері
      3. Қателерді түзету әдістері
      4. Есеп тіркелімдері
      5. Есеп нысандары
      6. Есеп саясатының кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастырудағы маңызы

Студент білуі тиіс:

    • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
    • құжаттар жіктемесін зерттеп білу;
    • түгендеу мен оның түрлерін,
    • түгендеу нәтижелерін рәсімдеу тәртібін;
    • бухгалтерлік есеп нысандарының сипаттамасын.

 

Студент меңгеруі тиіс:

    • есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
    • кәсіпорындар мен ұйымдарда жүргізілетін әр түрлі шаруашылық оперцияларының экономикалық мазмұнын түсіне отырып, оларға бухгалтерлік өткізбе құруды;
    • құжаттардың түрлерін анықтай білу;
    • қателерді түзету тәсілдерін қолдануға арналған есептерді шығара білу.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі