Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:05, лекция

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.
Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

1. Силлабус
2. Глоссарий
3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
4. Дәрістің негізгі мазмұны
5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар
7. Аралық бақылау кестесі
8. Әдебиет
9. Тестік тапсырмалар

Вложенные файлы: 1 файл

Бух учет жинактар.doc

— 1.19 Мб (Скачать файл)

 

Әдістемелік нұсқау:

1. Маңыздылық деңгейіне қарай  құрылымдық жоспар әзірлеу.

2. Тақырыптың соңында келтірілген сұрақтарға жауап беру

3. СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.

 

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы -27.02.2007
  2. Қаржылық есептіліктің №16 «Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар» халықаралық стандарты, Қаржы министрлігі, 2006
  3. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  4. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

 

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

  1. Негізгі құралдар түсінігі.
  2. Негізгі құралдар қандай түрлерге бөлінеді?
  3. Негізгі құралдарды бағалау түрлері?
  4. Негізгі құралдар қандай операциялар нәтижесінде түсуі мүмкін?
  5. Қандай операциялар нәтижесінде негізгі құралдар кәсіпорыннан шығуы мүмкін?
  6. Негізгі құралдардың тозуы деп нені айтады?
  7. Тозудың экономикалық мазмұны қандай?
  8. Негізгі құралдардың тозу түрлерін атаңыз?
  9. Негізгі құралдардың есебі қандай шоттарда жүргізіледі?
  10. Негізгі құралдардың тозуының есебі қандай шоттарда жүргізіледі?
  11. Негізгі құралдар құнын бірқалыпты (түзусызықты) есептен шығару әдісінің мәні?
  12. Амортизация есептеудің кемімелі қалдық әдісінің мәні?
  13. Өндірістік тәсіл бойынша амортзация қаалй есептеледі?
  14. Негізгі құралдар бойынша жал түрлері?
  15. Операциялық жал деген не?
  16. Қаржылық жал деген не?
  17. Лизинг деп нені айтады?
  18. Қандай активтер материалдық емес активтер деп аталады?
  19. Материалдық емес активтерге амортизация қалай есептеледі?
  20. Материалдық емес активтердің есебі Жұмыс шоттар тізбегінің қай бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі?

 

«Ұзақ мерзімді активтер есебі» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: негізгі құрал, өзіндік құн, тозу, амортизация, бірқалыпты түзу сызықты әдіс, кемімелі қалдық, пайдалы қызмет мерзімі, өндірістік тәсіл, қаржылық жал, операциялық жал, лизинг, материалдық емес актив, гудвилл, патент, тауарлық белгі, лицензия, ноу-хау.

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: негізігі құралдар мен материалдық активтер есебі және оның түрлері туралы теориялық және әдістемелік аспектілерді түсініп, олардың өзіндік құнын және басқа да құн түрлерін анықтау, сонымен бірге, амортизацияны есептеу әдістері бойынша, шоттар корреспонденцияларын құру бойынша есептер шығара білу.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

  1. Ұзақ мерзімді активтер категориялары.
  2. Негізгі құралдар туралы түсінік, олардың бағалануы.
  3. Негізгі құралдар амортизациясы және оның есебі
  4. Амортизацияны есептеу әдістері.
  5. Материалдық емес активтер туралы түсінік және оның түрлері.
  6. Іскерлік бедел туралы түсінік.

 

Студент білуі тиіс:

    • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
    • Негізгі құралдардың бастапқы құнын анықтауды;
    • Әр түрлі жағдайларда амортизация есептеу әдістерін қолдана білуді;

 

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
  2. Негізгі құралдар есебін.
  3. Материалдық емес активтер есебін.

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер

 

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, негізгі құралдар және оны есепке алу, бағалау тәртібін біліп, өзіндік жұмыс барысында практикалық дағды қалыптастыру

 

           Студенттердің оқытушымен бірге  орындайтын өзіндік жұмысына  арналған есептер (СОӨЖ):

№1 Есеп

     Кәсіпорын 230 000 000 теңгеге ұшақ сатып алады. Келісім-шарт бойынша ұшаққа меншік құқығы жабдықтаушы зауытында сатып алушыға беру кезінде    өтеді.Сатушы 5 200 000 теңге баж салығын төлейді. Сондықтан бұл соманы шот-фактура сомасына қосады да, алынуға тиісті шот сомасы  235 200 000 теңгені құрады. Ұшақты сатып алушы орналасқан жерге дейін жеткізу шығыны 10 000 000 теңге болды.Тасымалдау кезінде ұшақтың корпусы зақымдалған және оны жөндеуге  80 000 теңге жұмсалды. Ұшақты сатып алған күннен екі аптадан кейін ғана пайдалана бастады. Ұшақ тұрағын (ангарды) күтіп ұстауға ай сайын 20 000 теңге кетеді. Сатып алушы төленуге тиісті шот сомасын ұшақты сатып алған күні төледі. 

 

   Ұшақтың корпусының, оның  двигателі мен салон жабдығының  пайдалы қызмет мерзімдері әр  түрлі. Сатушының сатып алушыға  жіберген шотында ұшақтың жалпы  құны ғана көрсетілген. Алайда, сатып алушы құрған қаржылық есептілік ҚЕХС талаптарына сай келуі үшін, двигателдің, ұшақтың корпусының және салонының бастапқы құнын анықтау қажет.

    Негізгі құралдар есебін жүргізген бухгалтер қалпына келтіру құны бойынша бағалауды кәрзеңкелік әдіспен жүргізу туралы шешім қабылдады.  Ол дәл осындай двигательдер мен салон жабдықтарын сататын жабдықтаушылардан олардың бағасы туралы мәліметтер алады. Алынған мәліметтер бойынша орта баға:

- двигательдер                         140 000 000

- салон жабдығы                     50 000 000

Ұшақты негізгі құрал объектісі ретінде танумен байланысты бухгалтерлік өткізбелерді құрастырыңыз.

 

№2 Есеп

       Кәсіпорын жаңа қызметі үшін жер учаскесін сатып алмақшы. Жердің сатып алу құны – 170 000 теңге, көрсеткен қызметі үшін брокерге – 6 000, адвокатқа 2 000 теңге төлейді. Жойылу құны 4 000 теңгені құрайтын ескі ғимаратты бұзуға 10 000 теңге және жерді тегістеуге 1 000 теңге жұмсады. «Негізгі құралдар/Жер» шотының дебетіне тіркелетін соманы есептеңіз.

     

№3 Есеп

     Активтің бастапқы құны - 100 000 теңге. Бастапқы пайдалы қызмет мерзімі -10 жыл. Тозуды есептеудің бірқалыпты есептен шығару әдісі қолданылып келген және ешқанда жойылу құны болжанбаған. Активті екі жыл пайдаланғаннан кейін бухгалтер оның пайдалы қызмет мерзімін қайта қарастырып, 6 жылға теңеді. Активтің қалған пайдалы қызмет мерзіміне тозу шығындарын қай та есептеңіз.

 

№4 Есеп

 «Сәуле» пиццериясы пиццаны  тасымалдап жеткізу үшін автокөлік  сатып алды. Автокөліктің құны 14 000$. Көлік 5 жыл пайдаланылады. Пайдалану мерзімінен кейінгі қалдық құны шамамен 2 000 $ құрайды. Компания көлік 5 жылдың ішінде 80 000 км жол жүреді деп есептеді.

    1. 5 жылға бірқалыпты түзу сызықты әдіспен амортиацияны есептеңіз.
  1. Автокөлік бірінші жылы 10 000 км, екінші жылы 15 000 км, үшінші жылы  18 000 км, төртінші жылы  20 000 км және бесінші жылы 17 000 км жол жүрген. Амортизацияны өндірістік тәсілмен есептеңіз. 
  1. Амортизацияны кемімелі қалдық әдісімен есептеңіз.

 

СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

    СӨЖ-ның мақсаты: тақырып бойынша алған білімді толықтыру, талдап зерделеу және ұзақ мерзімді активтер есебі туралы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекіту.

Ұсынылған және өз беттеріңізше таңдап алған ғылыми әдебиет тізіміне сүйене отырып келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

1.  Негізгі құралдарды жөндеу есебін және

2. Жал есебін толықтырыңыз.

      3. Тақырып бойынша негізгі терминдерді анықтау (глоссарий дайындау)

      4. Төмендегі берілген  есептерді шығарыңыз.

 

1-Есеп.

2001 жылдың 1-қаңтарында компания 2000000 теңгеге жабдық сатып алды. Болжамды пайдалы қызмет мерзімі-10жыл, өнімділігі – 20000000 бірлікті құрайды, жойылу құны- 50000 тг.

1. Бірқалыпты түзу сызықты әдісті  қолданғанда 2001 жылдың амортизациялық  шығыстары қандай болар еді?

2-Есеп.

А компаниясы Б компаниясын 15000$-ға сатып алады. Сатып алу күні Б компаниясының бастапқы құны-20000$ және әділ нарықтық құны-22000$ болатын активтері болды.Сонымен бірге, Б компаниясының 7500$-ға міндеттемелері болған. Шоттың дебеті бойынша гудвилл қандай сомада көрсетіледі?

 

 

 

 

 

 

10-тақырып: «Міндеттемелер есебі»

 

Сабақтың мақсаты: міндеттемелер түсінігін ашу және міндеттемелердің түрлері бойынша есебін меңгеру.

 

Дәріс сұрақтары:

1. Міндеттемелер туралы түсінік, олардың бағалануы және жіктелуі.

2. Жабдықтаушы және мердігермен есеп айырысу есебі.

3. Салықтар есебі.

4. Дивидендтер бойынша есеп айырысулар.

5. Алдағы кезең табыстары.

6. Өзге де несиелік қарыздар.

Негізгі түсініктер: төленуге тиісті шоттар, ұзақ мерзімді міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер, кредиторлық борыш, төлем вексельдері, төленуге тиісті дивидендтер, банк несиесі, алдағы кезең табыстары.

Дәрістің мазмұны:

Міндеттемелер дегеніміз – ұйымның өткен оқиғалардан туындаған, реттелуі болашақта экономикалық тиімділігі бар ресурстардың шығуына әкеп соқтыратын қарызы. Яғни бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің) басқа бір тұлғаның, яғни қарызгердің (кредитордың) пайдасына белгілі бір іс-әрекет жасау міндеттемесі: мәселен мүлікті беруі, жұмыс атқаруы, ақша төлеуі және басқалар, не болмаса белгілі бір іс-әрекеттен бас тарта тұруы.

Міндеттемелер кәсіпорында жасалынған әр түрлі келісімдердің нәтижесінде туындайды және алынған тауарлы-материалдық құндылықтар немесе пайдаланылған қызметтер үшін келешекте жасалынатын төлемдердің заңды негізі болып табылады.

Міндеттемелер төмендегі үш белгісі бойынша анықталады:

  • кәсіпорында міндеттемені туындатушы оқиға орын алуға тиісті;
  • міндеттеме тек активті немесе қызметтерді басқа кәсіпорынға аудару жолымен реттеледі;
  • міндеттеме даусыз (анық) болуға тиісті.

Міндеттемелер -телу мерзіміне байланысты екі түрге бөлінеді:

  1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер
  2. Ағымдағы міндеттемелер

Қысқа мерзімді міндеттемелер есепті кезең (бір жыл) ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылады деп күтілетін ағымдағы міндеттемелер болып табылады. Оларға мыналар жатады:

  1. Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;
  2. Ұзақ мерзімді несиелердің ағымдағы бөлігі;
  3. Кредиторлық борыштар:
  • төленуге тиісті шоттар мен вексельдер;
  • сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстар;
  • салық міндеттемелері;
  • төленуге тиісті дивидендтер;
  • негізгі шаруашылық серіктестігі мен оның еншілес серіктестіктері арасындағы борыштар;
  • акционерлік қоғамның лауазымды тұлғаларына борыштары;
  • өзге де кредиторлық борыштар;
  1. Төленуге тиісті есептелінген шығыстар;
  1. Алдағы кезең табыстары;
  2. Күтпеген жағдайлар бойынша есептелінген төлемдер.

Ұзақ мерзімді міндеттемелер – есеп беру мерзімінен кейінгі жыл ішінде немесе белгілі бір операциялық цикл ішінде қайтарылуы (өтелуі) жоспарланбайтын кәсіпорынның міндеттемелері.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге: ұзақ мерзімді банк несиесі, банктен тыс мекемелердің несиелері (кепілдік беру), басқадай несиелер (облигацияларды сатып өткізу жолымен қаржыларды тарту және т.б.), еншілес серіктестіктердің ұзақ мерзімді қарыздары, ұзақ мерзімді жалдық міндеттемелер, кейінге қалдырылған табыс салығы жатады.

Төленуге тиісті шоттар тауарды жөнелтушіге, қызмет көрсетушіге кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелері болып табылады. Олардың сомасы, әдетте, аналитикалық есеп регистрлерінде тіркелген төленуге тиісті шоттармен дәлелденеді.

Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу есебі 3310 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық борыш» және 4110 «Жабдықтаушылар мен мердігерлерге ұзақ мерзімді кредиторлық борыш» шоты қарастырылған.

Кейбір жағдайларда кредиторлық борышты қамтамасыз ету мақсатында кредиторға вексель берілуі мүмкін. Қысқа мерзімді төленуге тиісті вексельдер деп заңнамалық нысанда бекітілген бір тараптың (эмитент, вексель берушінің) екінші тарапқа (вексельді ұстаушыға) берген шартсыз жазбаша борыштық ақшалай міндеттемесі. Төленуге тиісті вексель пайыздық және пайыздық емес болуы мүмкін. Пайыздық вексельде пайыздық ставка көрсетіледі. Бұл ставка бекітілген пайыздық ставка деп аталады. Пайызсыз  вексельдерде нақты пайыз көрсетілмейді, оның орнына жанама түрде шынайы пайыздық ставка немесе пайыздық кіріс деп аталатын пайыз нормасы көрсетіледі.

Информация о работе Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі