Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2014 в 18:05, лекция

Краткое описание

Бухгалтерлік есепті білу және оның көмегімен алынған мәліметтерді талдай алу тек кәсіби мамандарға ғана емес, сонымен бірге, шаруашылық басшыларына да қажет. Өйткені олар ұйымдағы бухгалтерлік есептің дұрыс ұйымдастырылуына тікелей жауапты болып келеді. Қазіргі кезде бухгалтерлік есептің негіздерін білу экономикалық білім берудің қажетті бөлігі болып саналады.
Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтың жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

Содержание

1. Силлабус
2. Глоссарий
3. Сабақтың жоспары мен мазмұны
4. Дәрістің негізгі мазмұны
5. Практикалық сабақтардың негізгі мазмұны
6. СӨЖ тапсырмалары және оларды орындау бойынша әдістемелік
нұсқаулықтар
7. Аралық бақылау кестесі
8. Әдебиет
9. Тестік тапсырмалар

Вложенные файлы: 1 файл

Бух учет жинактар.doc

— 1.19 Мб (Скачать файл)

           Бухгалтерлік есептің ақпарапттық жүйесі қаржылық /сыртқы/ және басқарушы /ішкі/ есеп болып екіге болып екіге бөлінеді.

         Бүгінгі  таңда ел экономикасының нарықтың  жолға көшуіне байланысты жаңа  кәсіпкерлік қызметтердің пайда  бола бастауына сәйкес бухгалтерлік  есептің маңызы мен рөлі арта түсуде.

         Осы бухгалтерлік  есеп тұрғысында белгілі ғалым  Б. Де Солозано былай деген: «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес», ал оның әріптесі Р. А. Фаулки: «Есеп-бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы»-деп атаған.

 

          

                1-Шолу дәрісінің тақырыбы: «Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі»

 

Сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есептің негізін құрайтын түсініктермен танысу, оның пәні мен әдістерін, есептің объектілерін ашып зерттеу.

 

Дәріс сұрақтары:

1. Ұлттық экономикада қолданылатын  есеп түрлері.

2. Бухгалтерлік есептің пәні, объектілері

3. Бухгалтерлік есептің әдісі және оның элементтері

4. Есепте қолданылатын өлшем түрлері.

5. Әлемдегі бухгалтерлік есеп  үлгілері.

6. Қазақстандағы кәсіпкерлік нысандары.

 

Ақпараттық жүйе ретіндегі бухгалтерлік есеп

 

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, статистикалық есеп, оперативтік есеп, актив, капитал мен міндеттемелер, құжаттау, түгендеу, бағалау, калькуляциялау, баланс, екі жақты жазу, шоттар, есептілік, өлшемдер.

 

Дәрістің негізігі мазмұныі:          

     Шаруашылық есеп-кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі туралы мәліметтер алуға көмектесетін құрал. Есеп - кәсіпорындарды ресурстармен, материалдармен және басқада түрлерімен қамтамасыз ету үшін, қоғам мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен жасалатын, материалдық игіліктерді бөлу саласын қамтиды. Есеп деректері шаруашылық процесстерді бақылау, оларды басқару үшін пайдаланылады. Есеп басқа экономикалық пәндермен: статистика, қаржы, талдау, бақылау, менджмент, аудит, маркетинг және т.б. тығыз байланысты. Өндіріс процесін бейнелеу үшін есептің үш түрі қолданылады:

1. Оперативтік есеп.

2. Статистикалық есеп.

3. Бухгалтерлік есеп.

Бухгалтерлік есеп туралы түсінікті келесі сызба түрінде көрсетуге болады:

   

1-Сызба.   «Бухгалтерлік есеп туралы түсініктің» мазмұны                

Бухгалтерлік есептің қандай мәселемен шұғылданатын, нені зерттейтіндігін, қай жерлерде қолданылатындығын зерделеп қарау - бұл пәннің негізгі бағыты болып саналады.   

Бухгалтерлік есептің пәнін анықтау үшін біріншіден, объектілерін анықтап алу қажет. «Объект» латын сөзінен аударғанда «пән» деген мағынаны білдіреді. Бухгалтерлік есепті меншік түріне тәуелсіз барлық кәсіпорындар жүргізеді. Кәсіпорындар қызметкерлерді,өндіріс құрылыс - жабдықтарын   пайдалану арқылы өнімдер өндіреді, жұмыстар орындайды, қызметтер көрсетеді. Әрбір кәсіпорынның өзінің қарамағында меншік құрайтын шаруашылық құрал-жабдықтар болады. Бұл құрал - жабдықтар әртүрлі құралу көздерінен құралады.     Сондықтан, бухгалтерлік есептің объектілеріне мыналар жатады:                             

  • Шаруашылық құрал-жабдықтар (активтер)
  • Олардың құралу көздері(міндеттемелер мен меншікті капитал)
  • Шаруашылық процестер мен шаруашылық операциялар

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметі барысындағы кәсіпорын қаржысының ауыспалы айналымын есепке алады. Ол дайындау, өндіріс, сату процесін қамтиды. 

Қаржының сақталуы мен қозғалысын бақылайтын және шаруашылық қаржының ауыспалы айналым процесін оның көздерін ескеретін әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы бухгалтерлік есеп есеп әдісінің негізгі элементтері болып табылады:

1.  Құжаттау және түгендеу. Бұлар  шаруашылық құралдарының көздері  мен процестерін есептеу және  бағал,бақылау.

2. Есеп объектілерінің құнын  өлшеу тәсілі ретінде бағалау  және калькуляциялау.

3. Шоттар мен екі жақты жазу  шаруашылық операцияларын тіркеу  және ағымдағы топтастыру ретінде қолданылады.

4. Баланс және есеп беру деректерін  қорытындылау тәсілі ретінде  қолданылады.

Шаруашылық қаржысы өлшенетін және жасалған операцияларды есепте бейнелейтін өлшеу бірліктерін есептік өлшемдер деп атайды. Олардың үш түрі бар.

1. Заттай өлшемдер.

2. Ақшалай өлшемдер.

3. Еңбек өлшемдері.

Бухгалтерлік есеп меншік түріне қарамастан барлық кәсіпорындарда жүргізіледі. Кәсіпорын – бұл мемлекеттің немесе жеке сектордың кез-келген коммерциялық, өнеркәсіптік немесе шаруашылық субъектісі. ҚР 27.12.94 ж. Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалар екі түрге бөлінеді:

-коммерциялық, мақсаты- табыс алу  және оны қатысушыларына (акционерлеріне) тарату;

- коммерциялық емес- табыс алу мақсаты жоқ. Оларға табысты қатысушылар арасында бөлуге тыйым салынған. Олар кәсіпкерлік қызметпен айналыса алса да, алған табысын тек қызметінің мақсатына ғана жұмсай алады.

Бухгалтерлік есептің дамуы өзінен-өзі әр түрлі есеп тәжірибелерінің пайда болуына әкеп соқтырды. Әр түрлі елдердің экономикалық және сауда қатынастарының жүйелері қаншалықты ұқсамаса, олардағы бухгалтерлік есеп үлгілері мен әдістері де соншалықты ұқсас келмейді. 1966 жылы Г.Р. Хэтфилд бухгалтерлік есептің үш үлгісін аныұтап берді. Олар: британ-американдық, континентальдық және оңтүстік-американдық.

 

 

 

 

  

Қорытынды.

 Сонымен бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық жағдайын, ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны қажет етушілерге жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Өзінің тарихи дамуында шаруашылық есеп есептің үш түрінен тұратын жүйе ретінде қалыптасты. Бухгалтерлік есеп ғылым ретінде зерттеу объектілерінен тұрады, объектілерді есепке алудың әдісі және оның элементтері бар. Әлемде бухгалтерлік есептің әр түрлі экономикалық және саяси факторлардың әсерінен көптген үлгілері қалыптасуда. 

 

Дәріске әдістемелік нұсқау:

     Бухгалтерлік есепті білу үшін, оның теориясын терең меңгеру керек. Сондықтан дәріс тақырыбын зерделегенде оның негізгі түсініктерінің мәнін түсінуге ерекше көңіл бөліңіздер. Ол үшін берілген әдебиет бойынша оқу материалын зерттеп, өзін-өзі бақылау сұрақтарына, тестілік тапсырмаларға жауап беру арқылы теориялық біліміңіздің деңгейін тексеріңіз, СӨЖ тапсырмаларын орындаңыз.    

Ұсынылатын әдебиеттер

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексi. Алматы: БИКО, 1994.
  2. Қазақстан Республикасының "Бухгалтерлiк есеп және қаржылық есеп беру туралы" Заңы - Алматы: БИКО, 2007
  3. Алибекова Б.А., Нұрхалиева Д.М. Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттарына негізделген бухгалтерлік есеп принциптері. Оқу құралы, Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, 2006.
  4. Кеулiмжаев К.К. Бухгалтерлiк есеп принциптерi. - Алматы: Экономика, 2003 ж.
  5. Назарова В.Л. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп, Алматы, 2005.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Бухгалтерлік есептің пәні болып не табылады?

2. Бухгалтерлік есеп әдісінің элементтеріне не жатады?

3. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшем түрлерін атаңыз.

4. Қаржылық қызметтің қандай сатылары бухгалтерлік есепте бейнеленеді?

5. Шаруашылық субъектісінің мүлкіне не жатады?

6. Негізгі құралдарға не жатады?

7. Материалдық емес активтерге не жатады?

8. Кәсіпорын міндеттемелері деген не?

9. Меншікті капиталға не жатады?

  1. Әлемдік тәжірибеде бухгалтерлік есептің қандай үлгілері бар?
  2. Қазақстанда кәсіпорындардың қандай ұйымдастырушылық-құқықтық ныандары бар?

Өзін-өзі бақылауға арналған тестілік тапсырмалар:

1. Шаруашылық объектісінің өндірістік-шаруашылық  қызметі қандай үрдістерден тұрады(дұрыс  жауаптарды белгіле):

а) өндірістік;

в) сату;

с) тұтыну;

д) құрылыс;

е) айырбас;

ж) жабдықтау.

2. Өндіріс процесінде:

а) дайын өнім үлестіреледі;

в) өнім өндірушіден тұтынушыға беріледі;

с) материалдық игілік құралады;

д) өнім мен қызмет өз мақсатымен қолданылады;

е) өніммен жабдықталады.

3. Ұзақ мерзімді активтерге:

а) еңбек заттары;

в) негізгі құралдар;

с) айналым құралдары;

д) ақша құралдары;

е) аяқталмаған өндіріс жатады;

4. Шаруашылық субъектісінің активтері  құнды өнімге көшіру әдісі  бойынша қандай түрлерге бөлінеді?

а) негізгі құралдар және өндіріс саласындағы құралдар;

в) өндіріс құралдары, айналым құралдары;

с) айналым және айналымнан тыс;

5.Ұйымның міндеттемелері қандай  түрлерге бөлінеді:

а) ағымдық;

в) ұзақ мерзімді;

с) уақыты өтіп кеткен;

д) айналым;

е) айналымнан тыс;

5. Бухгалтерлік есепте қолданылатын өлшем түрлері:

а. бірегей

в. заттай

с. екі жақты

д. шартты

е. бастапқы

6. Бухгалтерлік есеп үлгілерін атаңыз:

а. континенталдық

в. қарапайым

с. күрделі

д. аралас

е. субконтиненталдық

7. ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» Заңы нормативтік реттеудің қай деңгейіне жатады?

а. Бірінші деңгейіне

в. Екінші деңгейіне

с. Үшінші деңгейіне

д. Төртінші деңгейіне

е. Ешбір реттеу деңгейіне жатпайды.

«Бухгалтерлік есеп ақпарат жүйесі ретінде» тақырыбы бойынша тәжірибелік сабақ

Сабақ түрі: тәжірибелік сабақ..

Негізгі түсініктер: бухгалтерлік есеп, қағидалары, шаруашылық құрал-жабдықтары, құралу көздері, шаруашылық процесстер мен шаруашылық операциялар, бухгалтерлік есеп әдісінің элементтері.  

Тәжірибелік сабақтың мақсаты: бухгалтерлік есеп туралы түсінікті толық және терең меңгеру, оның даму тарихын зерртеу және қазіргі экономикада алатын орнын анықтау, бухгалтерлік есеп пәнін анықтау.

Тәжірибелік сабақ сұрақтары:

  1. Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде қалыптасуы мен дамуы.
  2. Бухгалтерлік есептегі өлшем түрлері.
  3. Шаруашылық есеп түрлері.
  4. Бухгалтерлік есеп объектілер мен олардың түрлері
  5. Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі.
  6. Бухгалтерлік есептің әлемдік үлгілері.
  7. Кәсіпкерлік нысандары.

 

Студент білуі тиіс:

    • дәрісте берілген сұрақтар көлеміндегі материалды;
    • бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін;
    • бухгалтерлік есеп дамуының тарихи аспектілерін;

 

Студент меңгеруі тиіс:

    • бухгалтерлік есеп ерекшеліктерін басшылыққа ала білуді;
    • есептер шығару, машықтандыру барысында теориялық материалды қолдана білуді;
    • кәсіпорын мүліктерін жіктей білу;

Практикалық сабаққа әзірленуге қажетті әдістемелік нұсқау:

Практикалық сабақта талқыланатын сұрақтардың тізімімен танысып, оларды дәрістің негізгі мазмұны мен ұсынылған әдебиеттер бойынша пысықтаңыз. Сабаққа әзірлену барысында   практикалық сабақ сұрақтарын белсенді талқылауға қажетті студенттердің білімі мен міндеттеріне қойылатын талаптарға көңіл бөліңіздер.

СОӨЖ – на тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

СОӨЖ мақсаты: тақырып бойынша алынған теориялық білімді бекітіп, бухгалтерлік есептің объектілерін анықтаудың практикалық дағдысын көрсету.

1-Тапсырма. Төменде берілгендердің қайсысы шаруашылық құралдарына және шаруашылық құралдарының құралу көздеріне дұрыс жатқызылмағандығын анықтаңыздар:

          шаруашылық құрал-жабдықтары: «Материалдар», «Отын», «Кассадағы қолма-қол ақша», «Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу», «Бөлінбеген пайда», «Резервтік капитал», «Дайын өнім», «Тауар», «Аяқталмаған құрылыс», «Негізгі құралдар»;

          шаруашылық құралдарының құралу көздері: «Жарғылық капитал», «Кассадағы қолма-қол ақша», «Ағымдық шоттағы ақша», «Қосалқы бөлшектер», «Банктің ұзақ мерзімді несиесі», «Жабдықтаушыларға қарыз», «Банктің қысқа мерзімді несиесі», «Банктегі арнайы шоттағы ақша», «Сатып алушылардың қарызы».

 

                             СӨЖ-на арналған тапсырмалар мен әдістемелік нұсқаулар

Информация о работе Бухгалтерлік есептің пәні мен әдісі