Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2015 в 14:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Ұйымның негізгі құралдары және материалдық емес активтерінің мазмұнын ашып, қарастыру.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- негізгі құралдар түсінігіне тоқталу;
- негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуын қарастыру;
- негізгі құралдардың тозуын есептеуді қарау;
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- материалдық емес активтер есебінің дұрыс ұйымдастырылуының мәнін ашу;
- материалдық емес активтер есебінің синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыруды ашу;
- материалдық емес активтер аудитінің кезектілігін, көздерін, шешімін қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ.........................................................................5
1.1. Негізгі құралдар түсінігі......................................................................................5
1.2. Негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуы...................................................7
1.3 Негізгі құралдардың тозуын есептеу...................................................................9
1.4 Негізгі құралдарды түгендеу..............................................................................12
2 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ....................................................15
2.1 Материалдық емес активтер түсінігі және оларды топтастыру......................15
2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен оларды есептен шығару..............24
2.3 Материалдық емес активтерді түгендеу және есеп беруде олардың мәнін ашу.............................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

материалдық.docx

— 78.40 Кб (Скачать файл)

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1. НЕГІЗГІ  ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ.........................................................................5

1.1. Негізгі  құралдар түсінігі......................................................................................5

1.2. Негізгі  құралдардың келіп түсуі және  шығуы...................................................7

1.3 Негізгі  құралдардың тозуын есептеу...................................................................9

1.4 Негізгі  құралдарды түгендеу..............................................................................12

2  МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ....................................................15

2.1 Материалдық емес активтер түсінігі және оларды топтастыру......................15

2.2 Материалдық  емес активтердің кірісі мен  оларды есептен шығару..............24    

2.3 Материалдық  емес активтерді түгендеу және  есеп беруде олардың мәнін  ашу..............................................................................................................................30

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектілігі. Негізгі құралдар дегеніміз – ұзақ уақыт бойы (бір және одан артық жыл) материалдық өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

Бухгалтерлiк есептiң 16 “Негiзгi құралдар” деп аталатын халықаралық стандарттарына сәйкес негiзгi құралдар дегенiмiз – кәсiпорында өнiм өндiру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшiн, басқа кәсiпорынға жалға беру үшiн немесе әкiмшiлiк мақсаттар үшiн пайдаланылатын және бiр кезеңнен (бiр жылдан) артық мерзiм iшiнде пайдаланылады деп болжанатын материалдық активтер.

Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады. Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің  белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс  анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға жөне бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардын бағасы да халық үшін қолайлы болады.

Негiзгi құралдарға қозғалмайтын мүлiк, жер учаскелерi, үйлер мен ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлiк тасымалдау құралдары, аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, өнiм және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың iшкi жолы, тағы да басқалар жатқызылады.

Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.

Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастыпқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан  түссе (сатып  алынған  бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау  арқылы  немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе  шаруашылық  жүргізуші субъектінің өз күшімен  жасалса.

Курстық жұмыстың мақсаты: Ұйымның негізгі құралдары және материалдық емес активтерінің мазмұнын ашып, қарастыру.

Белгіленген  мақсаттарға  қарап  бірқатар міндеттерді шешу  қажет  болады,  соның  ішінде:

- негізгі құралдар түсінігіне тоқталу;

- негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуын қарастыру;

- негізгі құралдардың тозуын есептеуді қарау;

- нарықтық  жағдайдағы  материалдық емес активтер есебі есебінің  мәні мен  мақсатын  танып  білу;

- материалдық  емес активтер есебінің  дұрыс  ұйымдастырылуының  мәнін  ашу;

- материалдық  емес активтер есебінің синтетикалық  және аналитикалық  есебін  ұйымдастыруды  ашу;

- материалдық  емес активтер  аудитінің  кезектілігін,  көздерін, шешімін  қарастыру.

Курстық жұмысты орындау барысында экономика ғылымының баланстық, экономикалық–статистикалық, монографиялық және бухгалтерлік есептің өзіндік әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы қолданылды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ

 

1.1. Негізгі  құралдар түсінігі

 

Негізгі құралдар - материалдық өндіріс саласында жөне өндірістік емес салада бірнеше жыл бойы кәсіпорынның өндірістік-шаруашылың ісіне қызмет ететін еңбек құралдары мен материалдық активтер.

№6 «Негізгі құралдардың есебі» бухгалтерлік есеп  стандарттарына (БЕС-6) сәйкес олар өзінің заттай түрі мен бөлшектерін өзгертпей-ақ көптеген өндірістік циклдарға қатысады, тозуын еселтеу арқылы жаңадан жасалған өнімге өз құнын біртіндеп ауыстырады. Оларға: үйлер, ғимараттар, көліктер мен жабдықтар, зертханалық жөне реттеуші аспаптар мен құрылғылар, көлік құралдары, есептеу техникасы, өлшеу аспаптары жөяе қондырғылар, жабдықтар, саймандар мен ұзақ уақыт қолданылатын мүліктер, өнім беретін мал және т.б. жатады.

Негізгі құралдар келесі белгілер бойынша жіктеледі:

- халық  шаруашылық салалары бойынша;

- функционалдық  қажеттілігі бойынша;

- натуралдық-заттық белгісі бойынша;

- меншік  иелігіне байланысты;

- пайдалану  сипаты бойынша.

Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар бірнеше топқа бөлінеді: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, орман шаруашылығы және т.б.

Функционалдық қажеттілігі бойынша негізгі құралдар өнеркөсіптік-өндірістік, басқа салалардың өндірістік  негізгі құралдары, өндірістік емес және консервацияланған (тоқтап тұрған) болып бөлінеді.1

Натуралдық-заттық белгі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді: ғимараттар, құрылыстар, бекініс құрылғылары, машиналар мен жабдықтар, көлік құралдары, саймандар, өндірістік мүліктер, шаруашылық мүліктері; жұмыс малы мен өсім малы, көпжылдық екпе ағаштары, кітапхана қоры, мұражай құндылықтары мен басқа объектілер, басқа да негізгі құралдар.

Меншік иелігіне байланысты құралдар өзіндік және жалданған болып бөлінеді.

Пайдалану сипаты бойынша негізгі құралдар қолданып жүрген, қосалқы және бос тұрғандар болып бөлінеді.

Негізгі құралдардың ерекшелігі олардың қызмет ету ұзақтығы мен бірнеше рет пайдаланылуы болып табылады. Осыған байланысты негізгі құралдардың құны тұрақты түрде өндіріс пен айналым шығындарына енгізіледі.

Негізгі құралдардың қозғалысына байланысты операцияларды көрсетуде бағалаудың бірнеше түрі қолданылады.

1)  бастапқы  құны - бұл ғимараттарды тұрғызу (салу) немесе сатып алу бойынша нақты; жұмсалған шығынның құны, бұған төленген, өтелмеген салықтар мен алымдар, сондай-ақ активтерді мақсатқа пайдалану үшін жұмыс күйіне келтіруге байланысты жеткізу, монтаждау, қондыру, іске қосу шығындары жөне кез келген өзге шығындар енгізіледі. Олар түскен сәттен бастап баланстан шыққанша бастапқы құны бойынша көрсетіледі.2

2)  сату  құны - бұл жақсы хабарлар жөне келісім жасауға дайын төуелсіз екі жаң арасында негізгі құралдарды айырбастау мүмкіндігінің бағасы.

3)  жою  құны - қызметтің соңында орын алатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың, қалдықтардың жорамал құны, бұдан шығарып тастау жөнінде күтілетін шығындар шегеріледі.

4)  ағымдағы  құны - бұл негізгі құралдардың белгілі бір мерзімдегі іс жүзіндегі нарық бағасы бойынша құны.

5) баланстың  құны - бастапқы құннан жинақталған амортизация айырмасы.

 

 

1.2 Негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуы

 

Негізгі құралдар көсіпорынға мынадай жағдайда түседі: күрделі қаржы (жаңа ғимараттар, құрылыстар, бекініс қүрылғыларын салу); жабдықтарды сатып алу және орнату; заңды жөне жеке тұлғалардан, сондай-ақ аукциондарда немесе ұсталған негізгі құралдар объектілерін сатып алу; негізгі құралдар объектілерін тауар-материалдық құндылықтарға айырбастау (бартер); заңды және жеке тұлғалардан жаңа жөне ұсталған негізгі құралдар объектілерінің қайтарусыз түсуі; жарғылық капиталға акционерлік кәсіпорындардың жарнасы ретінде түсуі; түгендеу кезінде аныңталған есепте жоқ , (артық) объектілерді кіріске кіргізу; ұзақ мерзімді жалға беру шартымен негізгі құралдардың түсуі.

Кәсіпорынға түскен негізгі құралдар объектілерін кәсіпорын басшысының өкімімен құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Комиссия құрамына кәсіпорынның бас инженері, техникалың бөлімнің инженері, объекті пайдалануға берілетін цех немесе бөлім бастығы енеді.

Негізгі құралдардың түсуі комиссия жасайтын «Негізгі құралдарды» қабылдау-беру (жылжыту) актісімен (№НҚ1) ресімделеді.

Онда қабылданатын объектінің толық сипаттамасы беріледі, оның бастапқы құны және объектіні беру туралы құжаттардың мәліметі бойынша тозу сомасы (егер объект бұрын пайдалануда болса) көрсетіледі, сондай-ақ объектінің жағдайы туралы комиссияның қорытындысы келтіріледі. Акт негізгі қорлардың кез келген түріне жасалады.

Шаруашылық мүліктерінё, саймандарға, станоктарға жөне т.б., егер олар бір типті болса, құны бірдей және бір күнтізбелік ай ішінде қабылданса жалпы акт жасауға жол беріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-беру актісінде ескі торап-объектіні қабылдаушы жөне беруші жасап, оны пайдалануға берген күні, жасалынған күні, бастапқы құны мен тозу сомасы қоса көрсетеді. Негізгі құралдарды қабылдау-беру актілеріне осы объектінің техникалық құжаттары (станоктың, ғимараттың паспорты және т.б.) қоса тіркеледі. Комиссия мүшелері толтырып, қол қойған қабылдау-беру актісі объектінің паспорты және басқа сатып алуға қажет техникалық құжаттармен бірге кәсіпорынның бухгалтериясына беріледі, мұнда осы құжаттардың негізінде объектіге материалдық жағынан жауапты тұлға бекітіліп беріледі. Әрбір инвентарлық объектіге түгендеу (инвентарлық) карточкасы ашылады, объектіге инвентарлық нөмір беріледі, объектіні инвентарлық тізімге енгізеді (тұратын, пайдаланатын орны бойынша), негізгі құралдарды кіріске енгізу жөнінде жазу жазылады. Объектінің инвентарлық нөмірі бойынша ол барлық бастапқы құжаттар мен есепке алу тіркелімінен өтеді. Объектіні есептен (баланстан) шығарғанда, оның инвентарлық нөмірі жаңадан түскен объектіге берілмеуі тиіс.3

ХҚЕС бойынша шоттар жоспарына сәйкес негізгі құралдар қозғалысының есебі «Негізгі құралдар» 2410 бөлімше шоттарында жүргізіледі.

Бұл шоттар активті, сондыңтан дебеті бойынша негізгі құралдардың түсімдері, келіп түсуі, ал кредит бойынша шығыстары, есептен шығуы көрсетіледі. Осы шоттарда негізгі құралдар бастапқы (ағымдағы) құны бойынша бағаланады. Негізгі құралдар объектілерінің құрылыс сатып алу жөне жасау жолымен түсуі күрделі қаржы жұмсау болып табылады. Күрделі қаржылардың өзіндік құнын бағалау жөне анықтауда 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты қолданылады.

Негізгі құралдар субъект балансынан келесі жағдайлар нәтижесінде есептен шығарылады: жою, сату, айырбастау, ақысыз-қайтарусыз беру, т.б.

Жоюға жіберілген негізгі құралдардың жарамсыздығын анықтау үшін көсіпорын басшысы бұйрығымен комиссия құрылады. Олар объектіні қарап, талқылап шешім қабылдайды және жою актісін толтырады:

- Барлық  негізгі құралдарды жою кезінде  Н-NНҚ-3;

- Автокөлік  үшін Н-ШІҚ-4 жазылады. Комиссия мүшесіне  мемлекеттік автоинспекциясынан белгілі бір тұлға қатысуы керек.

Негізгі құралдарды толық және жартылай жоюға жіберуге болады. Жою актісінде жоюдан шыққан нәтиже, яғни шығыс пен кіріс арнайы бағанаға жазылады.

Негізгі құралдардың есептен шығуының нәтижесі кірістерге немесе шығыстарға жатқызылады, сонымен қатар пайда мен шығын есебінде көрсетіледі.

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Негізгі құралдарды сату бойынша шығындар болғанда

7410

2410

2.

Негізгі құралдарды сату бойынша табыстар болғанда

1210,1010,1040

6210

3.

Сатып алушыларға шот көрсетілген кезде, ал сатып алушылар төлеген кезде

1010,1020,1040,1050,1070

1210,1280


 

1-кесте. Негізгі құралдардың есептен  шығуы

 

1.3 Негізгі  құралдардың тозуын есептеу

 

Пайдалану процесінде негізгі құралдар өзінің бастапқы заттық нысанын сақтай отырып біртіндеп тозады да, өз құнын жаңадан жасалатын өнімге біртіндеп ауыстырады. Бухгалтерлік есептің №6 негізгі құралдар есебі стандартына және ХҚЕС №16 сәйкес, тозу дегеніміз - негізгі ңүралдар объектілерінің физикалық және моральдық сипаттарынан айырылу процесі. Барлық жағдайда негізгі құралдардың объектілері пайдалану мерзімі аяқталғанша бастапқы түрін сақтайды, бірақ құны нақты тозу сомасына төмендейді.

Информация о работе Негізгі құралдар