Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2015 в 14:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Ұйымның негізгі құралдары және материалдық емес активтерінің мазмұнын ашып, қарастыру.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- негізгі құралдар түсінігіне тоқталу;
- негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуын қарастыру;
- негізгі құралдардың тозуын есептеуді қарау;
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- материалдық емес активтер есебінің дұрыс ұйымдастырылуының мәнін ашу;
- материалдық емес активтер есебінің синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыруды ашу;
- материалдық емес активтер аудитінің кезектілігін, көздерін, шешімін қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ.........................................................................5
1.1. Негізгі құралдар түсінігі......................................................................................5
1.2. Негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуы...................................................7
1.3 Негізгі құралдардың тозуын есептеу...................................................................9
1.4 Негізгі құралдарды түгендеу..............................................................................12
2 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ....................................................15
2.1 Материалдық емес активтер түсінігі және оларды топтастыру......................15
2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен оларды есептен шығару..............24
2.3 Материалдық емес активтерді түгендеу және есеп беруде олардың мәнін ашу.............................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

материалдық.docx

— 78.40 Кб (Скачать файл)

Негізгі құралдардың табиғи (физикалық) тозуы үйлер мен ғимараттарды, жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалану нәтижесі және түрлі сыртқы факторлардың «сері болып табылады.

Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы олардың толық табиғи тозуының жетпей-ақ құнсыздануы, қазіргі таңдағы ғылым мен техниканық даму талаптарына сай келмеуі.

Тозудың қалыпты қызмет мерзімі бойы активтің амортизацияланатын құнының жүйелі бөлінуі түріндегі құндың шамасы амортизация деп аталады. Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударымдар әрбір есептік кезеңнің шығысы ретінде танылады.

Амортизация әр түрлі тәсілдерді қолдану арқылы есептелінеді:

1)  құнды біркелкі (түзу сызықты) шегеру;

2)  құнды  атқарылған жұмыс көлеміне (пара-пар) пропорционалды шегеру (өндірістік тәсіл);

3) жеделдетілген есептен шығару: қалдықты азайту тәсілі;

Тозуды біркелкі есептеу әдісі объектінің тозған құнын оның қызмет мерзімі кезінде өндіріс шығындарына біркелкі бөлуді қарастырады. Мысалы: Объектінің құны 100000 теңге, қызмет мерзімі - 10 жыл. Есептік жою құны - 2000 теңге, тозуға жыл сайынғы резерв 9800 теңгеге тең болады: (100000-2000)/10. Ал ай сайынғы тозу сомасы (9800/12) = 817 теңге болады.

Өндірістік әдіс. Бұл өдіс 1977 жылы 1 қаңтарда күшіне енген. Бұл әдісте әрбір бірлік өзі өндірген активтің бірдей мөлшерде амортизациясын (тозудың) болдырады деп қарастырады. Активтердің тозуы олардың қолдану жиілігіне тікелей байланысты. Мысалы, жабдық техникалың құжаттарына сәйкес 5000 өнім бірлігін шығаруға  болады. Объектінін, құны - 27000 теңге, жою құны -300 теңге. Онда бір өнім бірлігіне амортизация мөлшері: (27000-300)/5000 = 5,34 теңге болады. Егер бір айда 400 өнім бірлігі шығарылса, онда амортизация сомасы 2136 теңгені құрайды (5.34 • 400).

Негізгі құралдардың кейбір түрлері жұмыста пайдаланудың бастапқы кезінде мейлінше тиімді жұмыс атқарады. Технологияны жетілдіру жағдайларында жабдықтар моральдық жағынан тез еекіреді. Сондықтан кәсіпорындар өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді енгізуді жеделдету үшін қаржылық жағдай жасау жөне негізгі құралдарды жаңартуға қызығушылықты арттыру мақсатында амортизацйяны жеделдетіп есептеу әдісін - қалдықты азайту әдісін ңолдана алады.

Қалдықты азайту әдісі кезінде, түзу сызықты тәсілде қолданылатын амортизация мөлшері екі еселенеді жөне әрқашанда қалдық құнға қолданылады. Бұл кезде амортизация сомасы жылдан жылға азая береді, алғашқы жылдары ол едәуір жоғары болады. Амортизация сомасы қалдық құнды жою құнына дейін азайтуға қажетті шамамен шектелгең соңғы жылды қоспағанда, болжамды жою құны амортизация есептеуде есепке алынбайдім.

Мысалы: объектінің қызмет мерзімі 5 жыл, түзу сызықты тәсіл кезінде қолданатын амортизация нормасы - 20% -ға (100/5) тең болады. Онда жеделдетілген амортизация үшін 2 еселенетін коэффициентін ескере отырып бұл норма 40% болады жөне қалдық құнға тағайындалған мөлшерлеме болып табылады. Бұл жағдайда бастапқы құны 100000 теңге, ал жою құны 10000 теңге болатын объекті бойынша жыл сайынғы амортизациялың аударымдар былай анықталады:

Бастапқы құны   Амортизация сомасы   Қалдық құны

1 жыл  100000    40000=(40% • 100000)     60000

2 жыл  100000    24000=(40% • 60000)       36000

3 жыл   100000    14400=(40% • 36000)     21600

4жыл   100000    8640-(40%-21600)           12960

5жыл  100000    2960=12960-2960             10000

Амортизацияны (тозуды) есептеу актив қолдануға қолайлы болған уақытынан бастап оның есептен шығарылғанына дейін есептелінеді. Амортизация және тозу сомасын жинақтауға, яғни тозуының топтаушы есебі үшін 2420 «Негізгі құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы» шоты арналған. Бұл шот пассивті, реттеуші шот. Кесте 2.

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Аяқталмаған құрылыс құнына жатқызылатын негізгі құралдардың жиынтық тозу сомасына

2930

2420

2.

Негізгі құралдарға есептелетін тозу сомасына:

   
 

А)негізгі өндірістегі

8010

2420

 

Б)көмекші өндірістегі

8030

2420

 

В)жалпы шаруашылыққа арналған

7210

2420

 

Г)әлеуметтік салада

8040

2420

 

Д)сатуға қызмет көрсететін салада

7110

2420


 

 

 

 

 

1.4 Негізгі  құралдарды түгендеу

 

№24БЕС «Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру» және оған әдістемелік нұсқауларға сәйкес ұйымдар бухгалтерлік есеп жөне қаржылық есеп берудің берілгендерінің дұрыстығын қамтамасыз ету мақсатында әрдайым негізгі құралға түгендеу жұмыстарын жүргізіп түрады.

Арнайы құрылған комиссия жүргізетін түгендеудің міндетіне негізгі құралдардың нақты қолда бары жөне техникалық жағдайы жөнінде бухгалтерлік мәліметтермен салыстыру жатады. Түгендеу басталмас бұрын тех-никалық құжаттардың қолда бары тексеріледі. Құжаттар болмаған жағдайда олардың алынуы қамтамасыз етілуі немесе ресімделінуі қажет. Негізгі құралдардың талдау есебін жүргізу негізгі құралдарды есепке алуды түгендеу карточкасы (нысан №НҚ-6) арңылы жүргізіледі, ол әрбір инвентарлың объекті немесе объектілер тобы үшін ашылады.

Түгендеу карточкалары бір дана болып «негізгі құралдарды қабылдау-беру актісі (Н№НҚ-1)», техникалың және басқа құжаттар негізінде толтырылады.

Түгендеу карточкаларында мыналар тіркеледі: объектінің шифры, баланстың құны, амортизация нормасы, паспорт нөмірі мен сызбасы, объектінің кәсіпорын ішіндегі қозғалысы туралы, күрделі жөндеу туралы (күні, жазылған нөмірі, сомасы) мәліметтер, заттың шығарылуы туралы деректер (шығарылған күні, актінің нөмірі, шығарылған бағыты, жазылған күні мен шифрі).Түгеңдеу карточкалары көптеген көсіпорындарда бір данада толтырылып, сақтығын қамтамасыз ету үшін олар негізгі құралдарды есепке алу жөніндегі инвентарлың тізімде (нысан №НҚ-10) тіркелінеді.

Инвентарлың объектілердің пайдаланылған (орналасқан) жері бойынша (цех, бөлім) негізгі құралдардың инвентарлық тізімі олардың орналасқан, пайдаланатын орны бойынша (нысан №НҚ-13) қолданылады. Ал жалға берілген негізі құралдарға жалгер кәсіпорынның бухгалтериясында түгендеу карточкалары ашылады. Мұндай объектілерді талдау есебі тіркелімі ретінде ұзақ мерзімді жалға алынған негізгі құралдардың есеп карточкаларының көшірмесі (нысан №НҚ-12 а) қызмет атқарады, оны жалға беруші кәсіпорын бухгалтериясы жалға алынған объектілердің қабылдау-беру актісіне тіркеуі тиіс.

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Негізгі құралдарды түгендеу кезінде негізгі құралдардың артықшылықтары табыстың көбеюіне жатқызылады:

2410

6280

 

Тозу құнына

2410

2420

2.

Негізгі құралдарды жетіспеушілігі анықталады:

1280

2410

3.

Кінәлі тұлғаның мойнына жатқызылғанда:

1250

1280


 

Кесте 3. Негізгі құралдарды түгендеу есебіне бухгалтерлік жазбалар

Уақытша пайдаланылмайтын негізгі құралдарды кәсіпорын басқа кәсіпорынға жалға беру ақысының қолданып жүрген мөлшерлемелері бойынша жалға беруге құқылы. Бухгалтерлік есеп стандартының №17 «жалгерлік есебіне» сәйкес жалгерлік - жалға берушінің жалдаушыға мүлікті уақытша иелік ету және пайдалануға беруі.

Жалгерлік қатынастың ұзақтығы бойынша жалгерліктің үш түрі болады:

- ұзақ мерзімді (лизинг) - 3 жылдан астам мерзімге;

- орта  мерзімді (хайринг) - 1 жылдан 3 жылға  дейінгі мерзімге;

- қысқа мерзімді (чартер) - 1 жылдан аспайтын мерзім.

Экономикалық жағынан жалгерлік - мүлікке иелік құқығына байланысты пайда мен шығынның үлкен бөлігін жалға беру. Мұнда жалгер жалға алынатын мүлікті өз балансында көрсетеді.

Ағымдағы жалгерлік - бұл қаржыландыратын жалгерліктен басқа кез келген жалгерлік. Бұл жалгердің уақытша мұқтажын қанағаттандыру үшін бүрын алынбаған мүлікті белгілі бір мерзімге жалдау (жалға беру).

Қайтарылмайтын жалгерлік - бұл келесі жағдайлар-\да ғана толықтырылатын жалгерлік:

- күтпеген  оқиға туындағанда;

- жалға  беруші рұқсат етпегенде;

-  сол  жалға берушімен сол мүлікке не соған ұқсас мүлікке жаңа жалгерлік шарт жасасқанда;

- егер  мерзімнің басында жалгерлік үшін жалгерлікті тоқтатуға жеткілікті өтемақы болып табылатын қосымша сома төленсе.

Кесте 4. Жалға беру кезінде келесі шоттар корреспонденциясын келтіруге болады:

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Келісілген баға бойынша ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдар

2410

2930

3370

4150

2.

Ұзақ мерзімге жалға алынған негізгі құралдардың келісілген мерзімінен бұрын иесіне қайтаранылуы

-пайдаланбаған мерзімге төленбеген,

- есептелген тозу сомасына

2410

 

3370

4150

2420

2420

 

2410

2930

2410

3.

Ұзақ мерзімге жалға берілген негізгі құралдар:

-қалдық құны бойынша

-есептелген тозу сомасына

7410

2420

2410

2410

4.

Келісілген уақытқа дейін қалдық құнымен ұзақ уақытқа жіберілген негізгі құралдардың қайтарылуы

2410

3540

3320

3340

5.

Жалға берілген негізгі құралдарға есептелген тозу сомасына енгізілген түзету

7450

2420

6.

Ұзақ мерзімге жіберілген негізгі құралдар қайтарылғанда оларға есептелетін тозу сомасын есептен шығару

2420

2410


Негізгі құралдарды қайта бағалау үкімет шешімі бойынша 1 қаңтарға 2 әдіс бойынша жүргізіледі: 1)мемлекеттік статистика комитетінің белгілеген коэффициенті бойынша; 2)  нарық бағасына сәйкес келетін тікелей есептеу арқылы. Негізгі құралдар индексация өткізу сәтіндегі нарық бағасына сәйкес тікелей қайта есептеу арқылы негізгі құралдарды қайта бағалау сомаларының қозғалысы жөне бар болуы жөніндегі ақпараттарды жалпылау үшін 5320 «Қайта бағалау үшін резервтер» шоты арналған. Кесте 5.

Операциялар мазмұны

Дебет

Кредит

1.

Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдар бағасының өсуі

2410

5320

 

Қайта бағалау нәтижесінде негізгі құралдар бағасының кемуі

5320

2410

2.

Негізгі құралдарды есептен шығарғанда қайта бағалаудан болған сома бөлінбеген табысқа жатқызылады.

5320

5410

3.

Қайта бағалау кезінде негізгі құралдардың сомасына енгізілетін сомалар

5320

2420


2 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ

 

2.1 Материалдық емес активтер түсінігі және оларды топтастыру

 

Материалдық емес активтер дегеніміз - 38 «Материалдық емес активтер» ХҚЕБС жөне 28 «Материалдың емес есебі» БЕС-на сәйкес табиғи негізі жоқ, бірақ құндық бағасы бар және субъектілерге табыс әкелетін қасиеті бар ұзақ мерзімді пайдаланатын объектілер.

Материалдық емес активтер – бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатуға әкімшілік мақсатқа және басқа субьектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субьектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субьект болашақта  экономикалық олжа табады  деп  күтіледі.

Материалдық  емес  активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынтын экономикалық олжаға тікелей қатысы болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.

Келешек  экономикалық  олжа, осы  материалдық емес активтермен тікелей байлансты, егер  олар  мынадай  жағдай  алынса:

Информация о работе Негізгі құралдар