Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2015 в 14:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Ұйымның негізгі құралдары және материалдық емес активтерінің мазмұнын ашып, қарастыру.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- негізгі құралдар түсінігіне тоқталу;
- негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуын қарастыру;
- негізгі құралдардың тозуын есептеуді қарау;
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- материалдық емес активтер есебінің дұрыс ұйымдастырылуының мәнін ашу;
- материалдық емес активтер есебінің синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыруды ашу;
- материалдық емес активтер аудитінің кезектілігін, көздерін, шешімін қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ.........................................................................5
1.1. Негізгі құралдар түсінігі......................................................................................5
1.2. Негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуы...................................................7
1.3 Негізгі құралдардың тозуын есептеу...................................................................9
1.4 Негізгі құралдарды түгендеу..............................................................................12
2 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ....................................................15
2.1 Материалдық емес активтер түсінігі және оларды топтастыру......................15
2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен оларды есептен шығару..............24
2.3 Материалдық емес активтерді түгендеу және есеп беруде олардың мәнін ашу.............................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

материалдық.docx

— 78.40 Кб (Скачать файл)

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік есеп шоттары бас жоспарының 2710- шотында материалдық емес активтердің «Гудвилл» - деп аталатын түрі есептеледі. Материалдық емес активтердің бұл түріне кейде «Фирма бағасы» - деп те атайды. «Гудвилл» немемс «Фирма бағасы «материалдық емес активтер шотында есептелініп және сонымен қатар ол бір шаруашылық субъектісі екінші бір шаруашылық субъектісін толығымен, түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады. «Фирма бағасы» - болып сатылып алынған шаруашылық субъектісінің нақты нарықтық бағасымен оның барлық  активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептеледі. Егерде сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің сатылып алынған құны  олардың баланстық құнынан артық болса, онда құндар арасындағы айырмашылық «жағымды гудвилл» , ал кем болған жағдайда « жағымсыз гудвилл» деп атааллады.

Мысалы: барлық активтерінің баланстық құны 8 миллион теңге тұратын  субъекті барлық активтерімен түгелдей 10 миллион теңгеге сатылып алынды делік,. Бұл жағдадйда 2 миллион теңге жағымды гудвилл болып баланстың активінде есептелінеді.

Егер, керісінше болған жағдайда яғни барлық активтерінің баланстық құны 10 миллион теңге тұратын субъекті 8 миллион теңгеге сатылып алынса, онда 2 миллион теіге жағымсыз гудвилл болып саналады, 3520- « Келешек кезең табыстары» шотында есептелінеду.

Материалдық емес активтердің аналитикалық есебі оладың әр қайсына жеке ашылған инвентарлвқ карточкаларда жүргізіледі.

Шаруашылық субъектісінде материалдық емес активтерді кіріске алғанда 2700- «Материалдық емес активтер» - деп аталатын шоттың тиісті бөлімше шоттары дебеттелініп, төмендегі шоттар кредиттелінеді:

5410 шот Үлес қосушылар мен құрылтайшылардан жарғылық қорды толтыру мақсатында келіп кіріске алынған материалдық емес активтерге.   

1030, 1010, 1050 –шоттар    Материалдық емес активтер заңды тұлғалар мен жеке адамдардан сатылып алынғанда.

6230 -шот       Материалдық емес активтер субсидия ретінде келіп түсіп кіріске алынғанда.

6220- шот     Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғадан тегін, қайтарымсыз келіп түскенде.

 Материалдық  емес активтер есептен шығарылғанда  олардың баланстық құнында 

7410-  «Материалдық емес активтерді сату бойынша шығындар» - шоты дебеттеліп, 2700- «Материалдық емес активтер» - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттары кредиттелінеді. Ал оларға есептелінген жинақталған тозу сомасы 2740 – « Материалдық емес активтердің  тозуы » - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының дебетіне, 2700- « Материалдық емес активтер» - деп аталатын бас шоттың тиісті бөлімше шоттарының кредитіне жазылады.

 

2.3 Материалдық емес активтерді түгендеу және есеп беруде олардың мәнін ашу

 

 Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу кезінде кәсіпорынның меншік кұқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалдык емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Негізгі құжатгарда материалдық емес активтер объектілерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы кұны, пайдалану мерзімі, аійортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектінің құрылымы және басқа мөліметтері көрсетіледі.

Материалдык емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану қүқығын растайтын құжаттары да тексеріледі. Бүл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын жөне кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалдық активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай-ақ кәсіпорынның мүліктік құқын куаттайтын қүжаттар жатады.

Есеп беруде материалдык, емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субъектінің каржылық есеп беруінде материалдық емес активтерінің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтканда: амортизацияны есептеу үшін пайдаланатьш тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық қүн және есептік кезеңнің басы мен аяғына жинақталған амортизацияның сомасы; кәсіпорынның езі жасаған материалдык емес активтердің баланстық құны және т.б. керсетіледі.

Сондай-ақ қаржылық есеп беруде: материалдық емес активтердің түрі, баланстық құны, материалдық емес активтердің амортизацияланбай қалған кезеңі; иелік ету құқығы шектелген материалдык емес активтердің баланстық құны; міндеттемесі бойынша кепілдік ретінде берілген активтердің жалпы баланстық күны; материалдық емес активтер бойынша алынған міндеттемелердің сомасы да ашып көрсетіледі.

Қаржылық есеп беруде есептік кезендегі шығыс деп танылған шығындар сомасы да ашылуы тиіс: бағдарламалық жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары; компанияның жарнама шығындары; субъектіні құру кезіндегі жүмсалған шығындар; материалдық емес активтерді алумен, күшейтумен, жинақтаумен, қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен байланысты шығындар сомасы көрсетіледі.

 Субъект  одан басқа да материалдык  емес активтерді есептік бағалау  езгерістерінің нөтижесі және  сипатын, олардың материалдык салдарын  ашу  керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Негізгі құралдар - материалдық өндіріс саласында жөне өндірістік емес салада бірнеше жыл бойы кәсіпорынның өндірістік-шаруашылың ісіне қызмет ететін еңбек құралдары мен материалдық активтер.

Негiзгi құралдарға қозғалмайтын мүлiк, жер учаскелерi, үйлер мен ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлiк тасымалдау құралдары, аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, өнiм және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың iшкi жолы, тағы да басқалар жатқызылады.

Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады. Өз кезегінде, материалдық емес активтердің  құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы  мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға жөне бұндай кезде сатылатын  және  сатып  алынатын  тауардың  бағасы  да  халық  үшін  қолайлы болады.

Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені  олар  өте  сирек  кездеседі,  мысалға, тауар белгілері, басылым  атауы, кино мен музыкаға  берілген  авторлық құқықтары және бір актив үшін  төленген сомасы, осы  тәріздес  басқа  активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола  алмайды.

Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды.

Материалдық емес активтердін түсуі мен шығарылуы «Материалдық емес активтерді  қабылдау – беру актісімен» рәсімделеді. Актіде материалдық емес  активтердің  түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген  күні (кәсіпорында  жасалған  күні), объектінің  сипаттамасы, оның  бастапқы  құны, амортизация  нормасы және басқа қажетті мәліметгері  көрсетіледі.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ;

 

1. Қазақстан Республикәсының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы-Алматы, 2007ж.

2.«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 ж. 31 тамыздағы № 2444 Заңы (2015.12.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

3.  Қазақстан Республикасының  Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (2015.12.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

4.Абленов Д.О «Қаржылық аудит және талдау» Экономика, Алматы, 2010ж.

5. Андрocoв А.М. «Бухгалтeрлік учeт» М: Финанcы и cтатиcтика 2009

5. Әбдішүкіров Р.С, Мырзалиев Б.С «Бухгалтерлік есеп -1 кітап», Алматы, Нұр-пресс, 2008ж

6. Баймұханова С.Б. «Бухгалтерлік есеп», Маркет, Алматы, 2012ж

7.  Бименова А.Ә. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Астана, Фолиант, 2008ж

8. Камышакoва П.И Камышакoв А.П. «Бухгалтeрлік eceп жәнe аудит» Мocква 2009ж

9. Кеулімжаев К.К, Ыбыраева З.Н «Бухгалтерлік есеп принциптері», Экономика, Алматы, 2005ж

10. Мырзалиев Б.С, Сәтмырзаев А.А, Әбдішүкіров Р.С «Бухгалтерлік есеп теориясы және тәжірибесі» Экономика баспасы, Алматы,2012ж.

11.Назарова В.Л «Шаруашылық жүргізуші субъектідегі бухгалтерлік есеп», Экономика, Алматы, 2005ж

12.РадocтoвeцВ.К. Радocтoвeц В.В. Шмидт И.O.  «Кәcіпoрындағы бухгалтeрлік eceп» Алматы 2009ж

13.Радocтoвeц В.К. Радocтoвeц В.В.«Бухгалтeрлік eceп жәнe oның eрeкшeліктeрі» Алматы  2010ж

 

 

1 Бименова А.Ә. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Астана, Фолиант, 2008ж

2 РадocтoвeцВ.К. Радocтoвeц В.В. Шмидт И.O.  «Кәcіпoрындағы бухгалтeрлік eceп» Алматы 2009ж

3 Бименова А.Ә. «Банктегі бухгалтерлік есеп» Астана, Фолиант, 2008ж

4 Абленов Д.О «Қаржылық аудит және талдау» Экономика, Алматы, 2010ж.

5 Радocтoвeц В.К. Радocтoвeц В.В.«Бухгалтeрлік eceп жәнe oның eрeкшeліктeрі» Алматы  2010ж

6 Радocтoвeц В.К. Радocтoвeц В.В.«Бухгалтeрлік eceп жәнe oның eрeкшeліктeрі» Алматы  2010ж


Информация о работе Негізгі құралдар