Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2015 в 14:14, курсовая работа
Курстық жұмыстың мақсаты: Ұйымның негізгі құралдары және материалдық емес активтерінің мазмұнын ашып, қарастыру.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- негізгі құралдар түсінігіне тоқталу;
- негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуын қарастыру;
- негізгі құралдардың тозуын есептеуді қарау;
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- материалдық емес активтер есебінің дұрыс ұйымдастырылуының мәнін ашу;
- материалдық емес активтер есебінің синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыруды ашу;
- материалдық емес активтер аудитінің кезектілігін, көздерін, шешімін қарастыру.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ.........................................................................5
1.1. Негізгі құралдар түсінігі......................................................................................5
1.2. Негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуы...................................................7
1.3 Негізгі құралдардың тозуын есептеу...................................................................9
1.4 Негізгі құралдарды түгендеу..............................................................................12
2 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ....................................................15
2.1 Материалдық емес активтер түсінігі және оларды топтастыру......................15
2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен оларды есептен шығару..............24
2.3 Материалдық емес активтерді түгендеу және есеп беруде олардың мәнін ашу.............................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34
Дегенмен де, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу, кәсіпорынның өз табысын бағалауымен тікелей байланысты болып келеді.
Материалдық емес активтер шаруашылық субьектілерінің балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады.
Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:
- құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субьектісі жарғылық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
- заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін, сый ретінде алынған материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.
-басқа шаруашылық субьектілерден, заңды тұлғалардан сондай – ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол обьектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Кесте 7. Материалдық емес активтердің мінездемесі
Материалдық емес активтер |
||
1.Кәсіпорындардан бөлінбейтін |
2. Жеке тұлғалардан бөлінбейтін активтер |
3. Кәсіпорыннан да,жеке тұлғадан да бөліп қарайтын материалдық емес активтер |
1.1 Оқыған персоналдар |
||
1.2 Клиенттер |
2.1 Менеджерлердің (иелерінің)жеке тұлға
ретінде іскерлік әлемдегі |
3.1 Фирмендік маркілері |
1.3 Аймақ деңгейінің имиджі |
3.2 Фирмендік маркілері | |
1.4 Аймақтың орналасу артықшылығы |
2.2 Менеджерлердің жеке ұждандық және іскерлік қасиеті |
3.3 Лицензия мен патенттер |
1.5Жарнама саласындағы |
2.3 ұйымдағы жеке тұлғаның өз персоналдарымен қарым- қатынасы |
3.4 Жаңа технологияның ноу-хауы |
1.6Бастапқы қиыншылықтарды |
2.4 Басқалары |
3.5 Жерді және суды пайдалануға берілетін құқығы |
ГУДВИЛЛ |
Демек, кәсіпорын өзінің баланстық құнынан артық бағаға сатылуы, оның біршама үстемдігі бар болғандығынан.
Қазақстан Республикасында материалдық емес активтерді есептен шығару мерзім он жыл, бірақ субьектінің қызмет ету мерзімінен асып кетпеуі керек.
2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен оларды есептен шығару
Материалдық емес активтер келесі жағдайлардың нәтижесінде түседі:
Құрылтайшылардың құрылып жатырған ұйымның жарғылық қорындағы
өзінің салымына қосуы;
Заңды және жеке тұлғалардан сатып алу. Сатып алу төлеміне
қайтарылмайтын салықтар мен алымдарды, объектілерді пайдалануға дайындау бойынша басқа да шығындарды қоса алғандағы сатып алуға жұмсалған нақты шығындар енгізіледі;
Мемлекеттен, заңды және жеке тұлғалардан тегін (қайтарусыз) алу
немесе мемлекеттік субсидия есебінен нолдік немесе номиналды құны бойынша алу;
Ұқсас немесе ұқсас емес активке айырбасталатын активтің сату құны
немесе баланстық құны бойынша айырбастау;
Ұйымның өзі жасауы.
Материалдық емес активтердің түсуін «Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісімен» рәсімдейді. Актіде материалдық емес активтер түрінің дұрыс атауын, қысқаша сипаттамасын, алушы немесе жіберуші жақтың атауын, объектіні алу (жасау) күнін, бастапқы құнын, пайдалы қолдану мерзімін, тозу ормасы мен сомасын, беру негізін және т.б. көрсетіледі.
Материалдық емес активтерді қабылдау кезінде әрбір қабылданатын объектіге акт бір дана жасалады. Бірнеше бір типті материалдық емес активтердің түсуі кезінде ортақ бір акт толтыруға болады.
Есепке алынатын материалдық емес активтердің объектісі сатып алушыда оның ұдайы өндірілуіне мүмкіндік беретін объективті нысанда көрініс табу қажет. Бұл жерде аталған объектіге құқық оның көрініс тауып отырған материалдық емес активіне құқықпен байланысты емес. Егер тауарлық белгіге құқық сатып алынып отырса, онда бұл құқықты кірістеу үшін негіз болып куәлік табылады, ал егер құқық иесі тауарлық белгіге құқықты басқа тұлғаға беретін болса негіз болып лицензиялық келісім табылады. Олар құқық иесінің тауарлық белгіге құқығын немесе басқа ұйымға пайдалануға беру фактін растайды. Куәлік пен лицензиялық келісім заңмен бекітілген тәртіпке сәйкес рәсімделіп, Қазпатентте тіркелуі тиіс.
Осы секілді құжаттар арқылы басқа да сатып алынған материалдық емес активтердің түрлері расталуы тиіс. Бұл құжаттарда объектілердің сипаттамасы және оларды пайдалану тәртібі, осы объектіге қатысты ұйымның басқа да мүліктік құқықтары көрсетіледі. Құжаттар (куәлік, лицензиялық келісім, патент, лицензия, т.б.) «Материалдық емес активтерді қабылдау – тапсыру актісіне» тіркеледі.
Актіге материалдық емес активтер объектілерін қабылдаған лауазымды тұлғалар мен материалдық жауапты тұлғалар қол қояды және акт тіркелген құжаттарымен бірге бухгалтерияға жіберіледі. Толтыру дұрыстығы тексерілгеннен кейін актіге бас бухгалтер қол қояды және ұйым басшысымен немесе өкілеттігі бар тұлғамен бекітіледі.
Материалдық емес активтер есепте сатып алу, дайындау шығындарының сомасымен және жоспарланған мақсатта пайдалануға жарамды жағдайға келтіру шығындарының сомасымен көрініс табады.
Егер де материалдық емес активтерден кәсіпорынға ешқандай экономикалық олжа болмаса, онда оны бухгалтерлiк баланстан шығарады. Материалдық емес активтердi есептен шығарған кезде, одан алынған табыстар немесе зияндар қаржылық – шаруашылық қызметiнiң нәтижесі туралы есеп беруде көрiнiс табады. Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу. Материалдық емес активтерді түгелдеу кезінде кәсіпорынның меншік құқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектілерінің егжей-тегжейлi сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны пайдалану мерзiмi, амортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектiнің құрылымы және басқа мәліметтері көрсетiледi.
Материалдық емес активтердi мүлiктiк түгендеу барысында объектiнiң нақты барын жене кәсiпорынның оның пайдалану құқығын растайтын құжаттары да тексерiледi. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердiң объектiсi немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсiпорынның мүлiктiк құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалдық емес активтердi сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртiбiн белгiлейтiн, сондай-ақ кәсіпорынның мүлiктiк құқын қуаттайтын құжаттар жатады.
Есеп беруде материалдық емес активтердiң мәнiн ашу. Шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң қаржылық есеп беруiнде материалдық емес активтерiнiң есебi үшiн қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсiлi; пайдалы қызмет ету мерзiмi немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептiк кезеңнiң басы мен аяғына жинақталған амортизацияның сомасы; кәсіпорынның өзi жасаған материалдық емес активтердiң баланстық құны және т.б көрсетiледi.
Субъект одан басқа да материалдық емес активтердi есептiк бағалау өзгерiстерiнiң нәтижесi және сипатын, олардың материалдық салдарын ашу керек. 6
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар, бұған мысал ретінде соңғы уақытта акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субьектілерінде басқада ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген ұғымды келтіруге болады.
Материалдық емес активтердiң барлық түрлерiн алған кезде шоттардың төмендегiдей корреспонденциясы жасалады:
Кесте 8.Материалдық емес активтердi сату бойынша шоттар корреспонденциясы
№ |
Шаруашылық операциялардың мазмұны |
Сомасы, тенге |
Дебет |
Кредит |
1 |
Моральдық тұрғысынан ескеруіне байланысты материалдық емес активтер жасалған актінің негізінде есептен шығарылады. -объектіні пайдалану -объектінің баланстық құнына |
60 000 40 000 (6 400) 6 400 |
2740 6210 3130 7210 |
2700 2700 1420 1420 |
2 |
Материалдық емес активтерді сату; Материалдық емес активтер бойынша жасалған келісім шарт негізінде жасалған бағасына: -объектіні пайдалану -объектінің баланстық құнына -объектінің келісім бойынша сатылған құнына -ҚҚС сомасына(12%) |
2 000 8 000
10 000 1 600 |
2740 6210
1210 1210 |
2700 2700
6200 3130 |
3 |
Басқа шаруашылық жүргізуші субъектінің капиталына салынған материалдық емес активтер: -объектінің пайдалану -объектінің баланстық құнына -жарғылық капиталына салым |
20 000 80 000
90 000 |
2740 6210 1100, 2000 |
2700 2700
6200 |
4 |
Тегін берілген материалдық емес активтер: -объектіні пайдалану -ҚҚС сомасына 10 400 тг.(65 000*12%) |
15 000 65 000 10 400 |
2740, 6210 1100, 2000 |
2700 2700 3130 |
5 |
Есептік кезең соңында есептен шығарылған материалдық емес активтердің табысына немесе шығысына таратылады: -табыстардың сомасына 100 000 тг.(10 000+90 000) -шығыстардың сомасына 209 800 тг.(40000+6400+8000+8000+ |
100 000
102 800 |
6200
5410 |
5410 7210, 6210 |
«Ноу-Хау» - деп шаруашылық қызметі, пайдалануы барысында субьектіге табыс беретін жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми және басқадай жаңалығын айтуға болады.
«Ноу - Хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгінімен одан өзгеше болып келеді. Шаруашылық субьектілері патентті сатып алады, сондықтанда ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп уақыттарда «Ноу-Хау» - ды шаруашылық субьектісінің үлес қосушылары мен құрылтайшылары өздерінің субьектідегі жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде береді. «Ноу - Хау» -дың бағасы, яғни бастапқы құны оны шаруашылық субьектісіне кіріске алатын, демек, балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді.
2730-шотта
материалдық емес активтердің
«Лицензиялық келімсімдер» - деп
аталатын түрі есептеледі. «Лицензиялық
келісімдер» - дегеніміз белгілі
бір субьектінің немесе заңды
тұлғанынң бір тауарды өндіру
немесе сату құқын екінші бір
субъектіге немесе заіды
2730 -шотта
материалдық емес активтердің
«Программа мен жабдықтау» - деп
аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық
субъектісін «Программамен
Шаруашылық субъектілерінде материалдық емес активтердің «Патент» деп аталатын түрі 2730- шотта есептеледі. «Патент» - дегеніміз жеке адамның немесе топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан, ойлап тапқан жаңалығын мемлекеттік тұрғыдан мойындап және ол жаңалықты ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру туралы құжат болып табылады. Сонымен қатар «Патент» - деп кәсіпкерліктің кейбір түрімен айналысу үшін берілген құқықты куәләндыратын құжатты айтады. Кәсіпкер патентті алар уақытында патенттік баж төлеу керек.
«Ұйымдастыру шығындары» - деп аталатын материалдық емес активтердің трі бас шоттар кестесінің 2730- шотында есептеледі. «Ұйымдастыру шығындарына» - шаруашылық субъектісін жанадан ашу, құру кезінде жұмсалаған шығындар, яғни субъектіні тіркеуден өткізуге және оны тіркеуден өткізу үшін заң орындарына төлеңген төлемдер, банктерден есеп айырысу немесе валюталық, басқадай шоттар ашу үшін жұмсалған шығындар, жарнамалар үшін төленген төлемдер және басқада жұмсалған шығыңдар жатады.