Негізгі құралдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Ноября 2015 в 14:14, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Ұйымның негізгі құралдары және материалдық емес активтерінің мазмұнын ашып, қарастыру.
Белгіленген мақсаттарға қарап бірқатар міндеттерді шешу қажет болады, соның ішінде:
- негізгі құралдар түсінігіне тоқталу;
- негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуын қарастыру;
- негізгі құралдардың тозуын есептеуді қарау;
- нарықтық жағдайдағы материалдық емес активтер есебі есебінің мәні мен мақсатын танып білу;
- материалдық емес активтер есебінің дұрыс ұйымдастырылуының мәнін ашу;
- материалдық емес активтер есебінің синтетикалық және аналитикалық есебін ұйымдастыруды ашу;
- материалдық емес активтер аудитінің кезектілігін, көздерін, шешімін қарастыру.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1. НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ.........................................................................5
1.1. Негізгі құралдар түсінігі......................................................................................5
1.2. Негізгі құралдардың келіп түсуі және шығуы...................................................7
1.3 Негізгі құралдардың тозуын есептеу...................................................................9
1.4 Негізгі құралдарды түгендеу..............................................................................12
2 МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР ЕСЕБІ....................................................15
2.1 Материалдық емес активтер түсінігі және оларды топтастыру......................15
2.2 Материалдық емес активтердің кірісі мен оларды есептен шығару..............24
2.3 Материалдық емес активтерді түгендеу және есеп беруде олардың мәнін ашу.............................................................................................................................30
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................33
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................34

Вложенные файлы: 1 файл

материалдық.docx

— 78.40 Кб (Скачать файл)
  • болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің  ролі  анықталса;
  • субьектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субьектіге  болашақта  күтілетін экономикалық  олжаны  алуға  қолайлы  жағдай  туғызса.

Материалдық емес активтер – нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие  болғанымен  материалдық  активтердің  де, материалдық емес  активтердің  де  құрамында  кездесуі  мүмкін.

Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүргізушілердің) құрамында болады, атап айтсақ компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін – дискетте, фильм – лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазда болады, бірақ дискеттеде, лента да, қағаз да өз  кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің  мәнін  анықтау  үшін  негіз  бола  алмайды.4

Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін,мысалға,патент,сауда маркісі сияқтылары,ал басқалары  болса  жеке  теңестірілуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес актердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста болуы  мүмкін: бұндай  материалдық  емес  активтердің  қатарына гудвилл  жатады, ол  клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің   машықтық  деңгейіне   негізделеді.

Материалдық емес активтерге:

  • лицензиондық  келісімдер;
  • компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер;
  • патенттер;
  • авторлық құқықтар;
  • тауар  белгілері;
  • қызмет  ету  белгілері;
  • фирма атаулары;

-    тәжірибелі – конструкторлық  жұмыстар  және  т.б. жатады.

Материалдық  емес  активтерге  (МЕА)  шартты  түрде 4-топқа бөлінеді.

Өндіріспен  байланысты  материалдық  емес  активтер. Бұл топқа  «ноу-хау», ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру  шығындары, белгілі бір формуланы пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіптік үлгілері, сервитуттары және т.б. жатады. «Ноу-хау»-құжаттама өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан  және  т.б. түрінде  көрінетін білімдерін айқындау үшін халықаралық қатынастарда  қолданылатын термин.

Кең мағынасында «Ноу-хау» техникалық құжаттама түрiнде рәсімделген, бiрақ патенттелмеген, белгiлi бiр өндiрiстiң түрiн ұйымдастыруға  қажеттi  өндiрiстiк тәжірибесінің  техникальқ, коммерциялық  және  басқа да  қыр – сырларын  көрсететiн  бiлiм  жиынтығы. Лицензиялық келiсiм – шарттарда, техникалык ынтымақтастық туралы  шарттарда,  лизингте   және т.б.  қызмет  керсетудiң  сан  алуан  түрлерінде кеңiнен колданылады. Жаңалықтар  патентi, тауар белгілері, авторлық құқықтар мен патенттiк акпараттар субьектiнің меншiгi болып табылады. Кәсіпорын «ноу-хаудың» құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын  бақылай  алған  жағдайда ғана материалдық емес активтiң  анықтамасына  жауап бере алады.

«Ноу-хау» өзiнiң бағасы мен басты көрсеткiштерiмен құнды. Өзiнiң табиғаты  және  төлем  нысаны  жағынан  ол  лицензия  бағасына  ұқсас. «Ноу–хау» сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен калыптасады  және ол оның иесiне төленетiн сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрiнде  көрсетiледi. Субъект  белгiлi  бiр  ақыға сатып алатын лицензиялар мен патенттерден «ноу-хаудың» өзгешелiгi, ол әдетте, субектiнiң жарғылық капиталына құрылтайшылар қоскан материалдық үлесi  ретiнде  салынуы  мүмкін. Ноу-хаудың субъект балансына алынатын  құны  құрылтайшылар немесе қатысушылардың келiсiм – шарттарының  көмегiмен  анықталады.

Өндiрiстiк ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық  емес активтер  қатарына  белгiлi  бiр  уакыт кезеңi iшiнде табыс әкелетiн,  ақыға  сатып  алынған  өндiрiстiк ақпарат немесе субъектiнiң  онымен болашақ кезеңдегi тұтынушылары туралы; шикiзатпен, материалдармен және қызметтер жабдықтау туралы, бәсекелестері және  тағылар  туралы  мәліметтер  жатады.

Ұйымдастыру  шығындары. Бiрлескен немесе акционерлiк кәсіпорынды құру кезеңiнде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына  жатқызылады. Бұл  шығындар пайда  болған кезеңнен  бастап, материалдық емес активтер болып есептелiнедi. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапкы кезеңіндегі шығындар мен кәсіпорынның әрбiр қатысушының ұйымдастыру шығындары  кiрмеуге  тиiс. Мұндай шығындарға жарнамаларға кеткен шығын, кеңесшiлерге төленген ақы, кәсіпорынды тiркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б. шығындары  жатады.

ЭЕМ  бағдарламасымен  жабдықтау – кәсіпорын  иемденген, ұзақ уақыт бойы пайда әкелуге қабiлеттi бағдарламаларды пайдалануға қажеттi мәліметтерді  талдау  және бағдарламалық  құжаттар  жүйесiнiң  жиынтығы.

Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл  топқа  тауар  таңбалары, тауарлардың  шыққан  жерi  ж т.б. жатады.

Тауар  таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесiлi таңбалар бойынша айыра алатын белгiсiн айтады. Кәсіпкерлікті  заңды немесе жеке тұлға атына тiркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен  қорғалады. Тiркелген тауар таңбасының иесi тауар таңбасын қалай пайдаланамын десе де толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға  тиым  сала  алады. Тауар  таңбасын  немесе  тауарды   рұқсатсыз   жасау, қолдану, сатуға  ұсыныс  жасау, шаруашылық айналымына  өзгеріс  енгiзу  тағы  басқа  осы  iспеттес  әрекет  жасалса,  онда ол  тауар  иесiнің  құқтарына  қол  сұғу  болып  есептелiнедi.

Таңбалар сөз турiнде, көркем сурет түрiнде, көлемдi немесе бәрінің комбинациясы түрiнде  болуы мүмкiн: олар кез – келген түсте немесе түстер үйлесiмiнде  тiркеледi.

Айыру белгiсi жоқ, тек бiр ғана белгiден тұратын, сондай – ақ мемлекеттiк елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердiң ресми аттары, халықаралық  және  үкiметаралық  ұйымдардың  эмблемалары,  толық  немесе қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау,кепiлдiк және сапасын (пробасын) көрсететін  белгiлерi,  мөрлер,  марапаттау белгiлерi және басқа да айырым белгiлерiнен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейдегi белгiлерден  тұратын  тауар  таңбалары  рұқсат етiлмейдi. Тауарды, тұтынушы немесе  жасаушыны  жаңылыстыратын  элементтерi  бар, қоғамдық мүдделер мен адамгершілік принциптерiне кайшы келетiн тауар  таңбалары  да  тiркелмейдi.

Заңды немесе жеке тұлға тiркелген барлық тауарға немесе онын бiр бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесiнiң келiсімi бойынша бере алады. Бұл әрекет лицензиялық келiсiм бойынша белгiленген тәртiпке сай iстелінеді.

Тауардың шыққан жерінің атауы- тауарды таңбалау үшiн пайдаланылатын елдiң, елдi мекенiн, жердiң немесе баска географиялық  объектiнің  атын  қоса  және  басқа  да  ерекшелiктерi  арқылы  сипатталады.

Тауардың шыққан жерiнiң атауы географиялық объектiнiң тарихи атауы болуы мүмкiн. Ол белгiленген тәртiп бойынша тiркеледi. Тауардың шыққан  жерiнiң  атауын  пайдалану  деп оны тауарда, корабында, жарнамада, проспектiлерде, банкiлерде  және басқа  да  тауарды шаруашылық айналымына енгiзуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды  санайды.

Сондықтан  нарықтық экономика жағдайында тауар таңбасы кәсіпорынның  өте қымбат  тұратын  активi болып табылады, себебi компания оны сата алады немесе  жарғылық  капиталға  қосқан  үлесi  ретiнде  пайдалану  құқығын  бередi ол ушiн тауар таңбасының құньн бiлу керек. Есеп тәжірибесінде  кәсіпорынның  тауар таңбасын бағалаудың бiрнеше әдiсi бар: өзiндiк құн, сатып алу құны, нарықтық құны бойынша бағалау. Алайда, меншiктi тауар таңбаларын өзiндiк құны арқылы есепке алған дұрыс болса, сатып алған тауар таңбасын немесе тауар таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға үлес ретінде  салынған тауар  таңбасын  нарықтық құнмен есепке алған жөн.

Тауар  таңбасының нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек. Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының атауын қорғау және қолдануымен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық  және  ұйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы қантардың 18-i күнi Қазақстан Республикасы Жоғарғы  Кеңес  қабылдаған  «Тауарлық  таңбалар, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердiң атауы туралы» Қазақстан Республикасы  Заңымен  реттеледi.

Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты материалдық емес активтер.Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндiрiстiк ақпаратты қолдану құқықтар, копирайт (көшiру  құқығы) лицензиялар  және  басқалар  жатады.

Патенттер. Патент  оның   ұстанушысының  патент  қамтыған  нәрсенің, процесiн немесе қызмет түрiн және дәл сондай әрекеттi басқа тұлғаның жүзеге асыруына тиым салатын, бақылайтын, сататын, өндiретiн және пайдаланатын құқық болып табылады. Патенттiң күшi оны берген мемлекеттің  аумағында  ғана  жүредi. Патенттiң  қызмет  мерзiмi  (15-20 жыл) ұлттық заңдармен белгiленедi. Сонымен қатар, патент деп белгiлі кәсіппен тауар сатып алумен шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берiлгенде патенттiк алым (пошлина) ұсталынады. Патенттi алуға көптеген iрi кәсiпорындар мүдделi болып келедi. Себебi, патент  сатып  алуға  да,  патенттелiнген  жаңалықтарды  өндiрiске енгізуге де  қаржысы  болуы  керек.

Өнеркәсіптік үлгiлер. Өнеркәсіптік үлгiлердi пайдалануға айрықша құқықты растайтын патенттер қолданылып жүрген заңдарға  берiледi. Өнеркәсiптiк үлгiлерi: модельдерiмен, суреттерiмен немесе екеуiнiң қосындысымен  берiлуi  мүмкiн. Егер  үлгiнiң  қоғамдық  белгiлерi Қазақстан Реслубликасында  немесе  шетелдерде, белгiсiз  болып  келсе, онда  ол  жаңа өнеркәсіптік үлгi болып табылады. Егер өнеркәсіптік үлгi өнеркәсіптік әдіспен  бұйым  ретiнде  жасалынып, шаруашылық айналымына түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте қолданылуға болатындығы мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгi бiрнеше азаматтардың бiрлескен еңбегiнiң жемiсi болса, онда олардың бәрі өнеркәсіптік үлгiлердiң авторы болып есептелiнедi .Өнеркәсіптік үлгiлерге патент Қазақстан Республикасының   Мемлекеттiк   тiзiлiмiне   тiркелген соң берiледi.

Лицензиялық келiсiм бойынша патент иесi (лицензиар) өнеркәсіптік үлгiнi  пайдалану  құқығын  басқа  тұлғаларға да  (лицензиат)  бере  алады,  ал соңғысы лицензиярға төлемдер берiп тұруға және келiсiмде қарастырылатын  басқа да iс-әрекеттерді орындауға  мiндеттi. Өнеркәсіптік үлгiлердiң құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан  Республикасы  заңдарымен  реттеледi.

Лицензия  (еркiндiк, құқық  деген  латын  сөздерiнен  алынған) – қандай да бiр операцияларды жүзеге асыруға құзырлы мемлекеттiк органдарынын  берген  рұқсаты.

Материалдық емес активтердiң басқа да түрлерi. Материалдық  емес активтердің бұл тобына «Фирма бағасы» («гудвилл»), интеллектуалдық меншiк және тағы басқалары кiредi («гудвилл» құрамына кіретін материалдық  емес  активтер  сызбада  көрсетiлген).

Олардың ішіндегі ең айрықшасы: ерекше тиімді жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған  табиғи  ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік рейтингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылығы, жабдықтаушылармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, т.б. Гудвилл кәсіпорынның бүкіл қызметінің барысында жоғарыда келтірілген факторларға сәйкес тұрақты түрде қатысып отырғандығын, бірақ ол есеп беруде тек кәсіпорынды сатқанда  ғана  көрініс  табатындығын  көреміз.5

Дегенмен  де, гудвиллдің  сандық  мөлшерін  белгілеу, кәсіпорынның өз  табысын  бағалауымен  тікелей  байланысты  болып  келеді.

Гудвилл. Гудвиллды бухгалтерлiк есеп тұрғысынан қарағанда, ол компаничларды бiрiктiрiп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып алған бағасын және оның дербес бiрлiк болып тұрған кезiндегi баланстық қалдық құнының (мiндеттемелерiн қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетедi.

Гудвилл  материалдық  емес  активтердiң  бұл  түрi  бүтiндей  жұмыс iстеп тұрған кәсіпорындардың немесе олардың  құрылымдық бөлiмдерiнiң бiр  тобын  сатып  алгғанда  пайда  болады.

Гудвиллдiң  пайда  болу себептерi әрқилы  болып келедi. Әдетте, мұндай кәсіпорындардың (бөлiмшелердiң) баланстық құнымен емес, аукционда (конкурста), кәсіпорынның болашақтағы  табыс  әкелу  мүмкiндiгiне, оның  өнiмдi шығару нарығындағы беделiне және басқа факторларға байланысты анықталған бағасына немесе сатып алынатын нарықтық қатынастар жағдайында пайда болатын заңды құбылыс. Кәсіпорынның сатылу құны оның балансындағы  активтерінен  асып түсуі «Фирма бағасын» құрайды, яғни «фирма бағасы» – болып  сатылып  алынған  шаруашылық  субъектісінің барлық активтерінің баланстық құны арасындағы айырмасы есептеледі. Егер де сатылып алынған шаруашылық субъектісінің барлық активтерінің сатылып алынған құны олардың баланстық құнынан артық болса, онда  құндар  арасындағы  айырмашылық  «жағымды  гудвилл», ал кем  болса  «жағымсыз  гудвилл»  деп   аталады.

Олардың ішіндегі ең айрықшасы: ерекше тиімді жарнама саясаты, бұрындары белгісіз болған  табиғи  ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік рейтингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық орналасуының артықшылығы, жабдықтаушылармен тиімді және тұрақты байланысының болуы, т.б.

Материалдық  емес активтердiң барлық түрлерiн алған кезде шоттардың  төмендегiдей  корреспонденциясы  жасалады:

Кесте 6. Материалдық  емес активтердiң бойынша шоттар  корреспонденциясы 

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Сомасы

Шоттар

Дебет

Кредит

Материалдық емес активтерді алу

1

Басқа заңды тұлғалардан материалдық емес активтер алынады:

-келісілген құнына

-ҚҚС сомасына

 

 

100 000

16000

 

 

2710

1420

3310, 3390

3310, 3390

2

Кәсіпорынның жарғылық капиталына құрылтайшылардың салған материалдық емес активтері кірістеледі:

-келісілген құнына

 

 

 

80000

 

 

 

2710

 

 

 

5020

3

Тегін алынған материалдық емес активтер кірістелді:

-баланстық құнына

 

 

60 000

 

 

2710

 

 

6220

4

Кәсіпорынның барлық активінен асып түскен сатып алу құны көрсетілді

 

200 000

 

2710

 

1040

5

Активтерді дайындық жағдайын қалтына келтірумен байланысты және айналымы бойынша пайдалану шығыстары материалдық құнына қосылды

 

 

 

40000

 

 

 

2730

 

 

 

3310, 3390

                     Материалдық емес активтерді  жасауға кеткен  шығыстар

6

Материалдық емес активтерді жасауға кеткен шығындар жинақталып және оларға шолу жасалды:

- материалдық емес активтерді  жасауға қатысқан еңбеккерлердің  еңбек ақысы бойынша шығыстар

 

 

 

 

50 000

 

 

 

 

2710

 

 

 

 

3350

7

Еңбек ақыдан аударылған шығыстар, есептелген әлеуметтік салық

 

9 450

 

2710

 

3150

8

Материалдық емес активтерді жасау кезінде пайдаланған сыртқы ұйымдардың көрсеткен қызметі үшін төленген шығындар

 

35000

 

2710

 

3310

9

Материалдық емес активтерді жасауға берілген несие үшін төленетін пайыздар немесе матаптаулар (ұзақ мерзімі ұзаққа созылған жағдайда)

 

15000

 

2710

 

3380

10

Материалдық емес активтерді жасау кезінде алынған материалдар

8000

2710

1310,1350

11

Субьектінің өзі жасаған материалдық емес активтердің құны кірістелді

 

107450

 

2730

 

2710

Информация о работе Негізгі құралдар