Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Сентября 2014 в 18:47, контрольная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуы мен заңды мүдделерінің қорғалуы заңның үстемдігі қамтамасыз етілетін мемлекетте ғана мүмкін. Өз кезегінде мұндай мүмкіндік мемлекеттік механизмде биліктердің бөлінуі мен өзара іс-қимылын толық көлемінде істей шығуы және сот билігіне тән ерекше рөлдің атқарылуы арқылы іске асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ. ___________________________________________________5-7
1 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СУДЬЯНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІ.
1.1 Судьяның тәуелсіздігі принципінін түсінігі және
оның маңызы _______________________________________________8-15
1.2 Судьяның тәуелсіздігі принципінін сот билігінің
басқа принциптерімен ара қатынасы ____________________________16-34
2 СОТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУШЫ ТҰЛҒАЛАР МЕН СОТТАҒЫ ӨКІЛДЕР.
2.1 Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске
қатысушы тұлғалар________________________________________35-48
2.2 Сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал ететін
көмектесуші тұлғалар_____________________________________48-59
2.3 Соттағы өкілдер__________________________________________59-62
ҚОРЫТЫНДЫ ______________________________________________63-66
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ _____________________67-68

Вложенные файлы: 1 файл

Дип.-СОТ-ЖҮЙЕСІНДЕГІ-СОТ-ТӨРЕЛЕР.doc

— 455.00 Кб (Скачать файл)

Кейбір принциптер салалық заңдарда жекелеген нормалар немесе заңдардың баптары түрінде тұжырымдалған. Бұл ретте олардың мазмұны құқық саласының түрлі ережелерінде ашылады, ал мұндай принциптің ұғымы ғылыми зерттеу процесінде және тиісті саланың көптеген құқықтық нормалары мен институггарын іс жүзіне асыру барысында айқындалады. Сот билігі принциптерінің ерекшелігі мынада: олардың бәрі Конституцияда және салалық заңдарда сот құрынысы мен іс жүргізу құқығының нақты нормалары түрінде берілген.

Принциптер мынадай екі бағыт бойынша жүйеленеді: ең алдымен конституциялық, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітіліп, баяндалған принциптер және Конституцияда тікелей көрсетілмеген, алайда оның ережелерінен туындайтын принциптер.

Сонымен бірге, сот әділдігінің конституциялық принциптерін (негіздерін) бөлу қажет болатын себебі, олар салалық заңдарда баяндалған басқа да барлық принциптердің дамуы мен жетілдірілуін анықтап береді, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы барлық құқық салаларын, оның барлық принциптерін дамытудың заң жүзіндегі негізі болып табылады.

Судьяның (соттың; істер алқалы құрамда қаралған жағдайларда) тәуелсіздігі, сот билігінің езекті және ерекше маңызды мәселелерінің қатарына жатқызылатындықтан, оған ең жоғарғы заң күшінің дәрежесі беріліп, еліміздің Ата Заңының 77-бабында баянды етілген басты бір принцип ретінде қарастырылады.

Жұмыста судьяның тәуелсіздігі туралы жазылғанда соттың тәуелсіздігі деп те қарастырылатын себебі, іс жүргізу туралы заңдарға сәйкес, (ҚІЖК, АІЖК) соттарда қаралуға тиісті істердің көпшілік басымын судья жеке дара қарайды, ал кейбір жағдайларда, мысалы әлім жазасын тағайындау мүмкіндігі қарастырылған істер бойынша алқалы құрамда (үш судья болып) қарайды, яғни сот құрамы қарайды. Сондықтанда сот тәуедсіздігі деп сот құрамына кіретін барлық судьялардың тәуелсіздігі жөнінде айтылады.

Осыған сәйкес, судья сот әділдігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады.

Демек, ол заңнан басқасының ешқайсысына мойынсынбауға, бағынбауға тиісті.

Сондықтаң, конституциялық ереже сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынща жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді деп бекітеді.

Ал, судьяның (соттың) сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен заңға бағынышты болуы, басқаша айтқанда, тек заңға ғана тәуелді болуы сот әділдігінің шынайы көрінісін айқындайды.

Құқықтық мемлекетті орнықтыруға бет алған қоғамның көздейтіні мемлекеттің құқықпен санасуын талан ету болса, соттың да тек қана заңға бағындырылуы мұндай мақсатты іске асыруға жетелейтін басқарушы норма болып саналуға тиісті.

Аталған конституциялық принцип — норманың мәні судьяның (соттың) сот әділдігін іске асыру қызметіне, әсіресе оны қорытындылап, жауапты әрі билікті шешім қабылдар кезінде ешкімнің араласпауы, қандай да болмасын ықпал етпеуі мәселелерін қамтып, оның нақты тәуелсіз болуына мүмкіндіктер туғызу мен оларды іске асыру болып табылады,

Жоғарыда айтылғандай, сот әділдігінің тәуелсіздігі оны жүзеге асырудың басты шарты болып танылады. Бұл үшін ең бастысы сот әділдігін іске асырушы — судьяны Конституция мен заңдарға ғана бағындырып, оның жеке тәуелсіздігін қамтамасыз ету қажет.

Бұл принциптің маңызын түсіндіретін тағы бір мәселе, сот билігінің дербестігін баяндайтын конституциялық ережемен байланысты. Сот билігінің маңызды нысаны сот әділдігі ешкімге есеп бермейтін, сот істерін қарап шешетін судьяның тәуелсіздігінің бастамасында іскс асырылуы қажет.

Судьяның тәуелсіздігі бұған дейін айтылғандай, конституциялық деңгейде баяндалган мәртебесімен салалық принциптердің алдыңғы қатарында турып, салалық ереже ретінде де қарастырылатыны сөзсіз.

Тәуелсіздік мәселесі судьяға (сотқа) байланысты айтылған соң, өз кезегінде судьяның түсінігін, яғни онын мәртебесін анықтамай мағыналы болмаса керек.

Конституциялық заңның 23-бабына сәйкес, Республика Конституциясында және Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен судьяға сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі өкілеттіктер беріледі, ол өз міндеттерін тұрақты негізде орындайды және сот билігін жүргізуші болып танылады. Ал, осы Конституциялық заңның судьяның тәуелсіздігіне тікелей бағышталған 25-бабына сай, судьяның тәуелсіздігі Конституциямен және заңмен қорғалады.

Демек, судья тәуелсіз, тек қана заңға бағынышты, мемлекет атынан жеке езі немесе алқа құрамында, процессуалдық тәртіпте, құқықты қолданып, қажетті жағдайларда заңда қарастырылған мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын пайдаланып, сот істерін қарап шешетін биліктің өкілі.

Сот билігін атқарушы судьяға қатысты берілген осы анықтаумен толық келісуге болады.

Қорыта келгенде, судьяның тәуелсіздігі принципіне мына келесідегі анықтауды беруге болады. Яғни, судьяның тәуелсіздігі деп Конституция мен заңдарда бекітілген, сот билігінің өкілі судьяның, биліктің басты нысаны — сот әділдігін іске асыруы үшін, Конституция мен заңдарға ғана бағынышты болуын, ешкімнен және басқа қандай да болмасын әсерлерден тәуелсіз болуын баяндайтын құқықтық нормаларды есептеген жөн.

Мұның өзі судьяның өзіне заңмен берілген өкілеттіктерін жүзеге асыруы барысында қандай да болмасын басқа биліктер мен олардың лауазымды тұлғаларына бағынбайтынын және жоғарғы сот сатыларына есеп бермейтінін білдіреді.

Істерді қарау барысында судья (немесе сот құрамы) тараптардың ешқайсысын жақтамай, тек қана заңды басшылыққа алып, бейтарап халде, өзінің ішкі нанымына иланып, қаралған дәлелдемелерді тиісті деңгейде бағалаудың нәтижесінде заңға сәйкес шешім қабылдауы қажет. Айта кетерлік жағдай, соттар Конституцияға қайшы емес нормативтік-құқықтық актілерді ғана қолдануға тиісті.

Судьяларға өте жауапты міндеттерді атқару тапсырылған, Бұлардың қатарына, азаматтар мен ұйымдардың елеулі құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты жалпыміндетті шешімдерді қабылдау кіреді. Олардың өздерінен, қабылдаған шешімдерінен адамның тағдыры, жағдайы және қоғамдағы заңдылық пен құқықтық тәртіпте тікелей байланысты болады.

Судьялар іске асыратын мақсаттар, олардың, яғни судьялар корпусының басқа мемлекеттік мекемелер мен олардың лауазымды тұлғаларынан ерекшеленетін жағдайыы көрсетуі керек.

Бұл процесс біркелкі және бір күнде шешілуі мүмкін емес. Судья туралы ұғым, оны бастығының еркін қарсылықсыз орындайтын жәй чиновник деп түсіну мәселесіне байланысты әлі архивке өткізілгені жоқ, дегенмен, мұндай инерцияның күші күннен күнге біртіндеп жойылуда.

Судьяға тән құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы оның мәртебесін сипаттайды.

Судьялардың мәртебесін сипаттағанда, оның жалпы барлық судьялар үшін, олардың қай сотта қызмет істейтіндігіне қарамастан бірыңғай болатынын атап кеткен жөн. Алайда, мұны судьялардың сот жүйесіндегі орындарының біркелкі болмауына байланысты оларды бір теңдіктегі деңгейге қоюға мүмкіндік бермейді. Демек, олардың ерекшеліктері бар. Әрбір судьяның сот жүйесіндегі орны мен соған лайық өкілеттіктерінің шенбері болады. Міне, осының өзі судьялардың бірыңғай мәртебесі болатыны туралы ережеден ауытқу мүмкіндігін туғызуы әбден ықтимал. Бірақ мұндай ауытқу біреудің еркіне байланысты емес, тек заңның талабының негізінде істелсе керек.

Судьялардың мәртебесін анықтайтын, оларға тән құқықтары мен міндегтерін бірнеше топқа жіктеуге болады:

  • сот корпусын қалыптастырумен байланысты құқықтары мен міндеттері (кандидатқа қойылатын талаптар, оларды іріктеу принциптері мен судья өкілеттігін беру тәртіптері);
  • судьялардың өздерін басқару мәселелеріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін құқықтары мен міндеттері;
  • өздерінің өкілеттіктерін тәуелсіз іске асыру мүмкіндіктерін және судья орнынан түскен жағдайда белгілі бір жеңілдіктермен қамтамасыз етуді қарастыратын құқықтары мен міндеттері.

Судьяның тәуелсіздігі және тек қана Конституция мен заңдарга ғана бағынуы принципінің құрылысын талдайтын болсақ: біріншіден, судья тәуелсіз, бірақ оның тәуелсіздігі заңмен шектеледі, демек, тәуелсіздік женінде айта келе оны шексіз деуге болмайды деген сөз.

Екіншіден, заң судьяны езінің еркіне бағындыра отырып, қызметінің басты мақсаты сот әділдігін іске асыру арысында оған жан-жақтан әсерін тигізуі мүмкін тұлғалармен (органдарды, лауазымды тұлғаларды айтамыз) мәселелерден (мән-жайлардан) тасалауы, қорғауы керек.

Принциптік түрде қарастырғанда, судья тәуелсіздігінің Ата Заң мен заңдарда көрінісін табуы, олардың нормаларымен бекуі, оның нормативтік табиғаты төмеңдегі қағидалармен сипатталуы керек:

1) заңда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;

2) судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге, оны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайтындығымен;

3) сот әділдігін іске асыру барысында судьяны тек заңға ғана бағындыра алу мүмкіндігімен;

4) ешкімнің сот төрелігін жүзеге асыру ісіне араласуға және судья мен алқа заседателіне қандай да бір болмасын ықпал ету құқығының жоқтығымен және мұндай әрекеттердің заңмен қудаланатындығымен;

  1. судьяның қаралған немесе қаралып жатқан сох істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік беруге міндетті еместігімен, кеңесу бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларды қамтамасыз етілуге тиістілігімен;
  2. соттарды қаржыландыру, судьяларды материалдық қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тұрғын үй беру сот әділдігін толық әрі тәуелсіз жүзеге асыру үшін жеткілікті мөлшерде республикалық бюджет қаражатының есебінен жүргізілетіндігімен.

Бұл қағидалардың заң нормаларында көріністерін табуын талдайтын болсақ, біріншіден, Қазақстан Республикасының Қынмыстық кодексі (бұдан әрі ҚР-ы ҚК-і деп жазылады). 339-бабында соттың қызметіне қандай да болмасын араласу үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейді. Екіншіден, сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау, сондай-ақ судьяларды сыйламағандық үшін заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады (ҚР-ның ҚК-нің 342-бабы, Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің (ӘҚБК)- 241-бабы, т.б.). Үшіншіден, әр жыл сайын Парламент республиканың бюджетін бекіткенде Жоғарғы Соттың (жалпы, сот жүйесінің) шығындау бабын белгілеп отырады. Төртіншіден, судьяға ешкімнің тиіспеуімен. Мысалы, судьяның өзінің (оның жақындарының) өміріне қастандық жасау, оның заңды қызметіне кедергі келтірумен немесе сол қызметі үшін кек алумен байланысты болса, Қылмыстық кодекетің 340-бабымен қудалануға жатады, т.б. Мұндай құқықбұзушылықтар (қылмыстар) сот әділдігіне қарсы деп бағалануы тиіс. Бесіншіден, судьяларды саясаттан алыстатумен, яғни олар партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайтыны, қандай да бір саяси партияны қолдап немесе оған қарсы сөз сөйлеуіне болмайтыны мәселелерімен. Алтыншыдан, судьялардың белгілі бір істерге байланысты есеп бермейтіндігімен. Қоғамымыз демократиялық заңдардың көмегімен  "телефон құқығы" заңсыздығының архаизмінен құтылу үшін әрекеттенуде. Судья сот әділдігін ешбір аландамай, жоғарғы лауазым иелерінің, өзінен биік деңгейдегі судьялар мен сот басшыларының "нұсқауларына" Қарамастан атқаруға міндетті. Жетіншіден, судьяның ауыстырылмайтындығымен. Судьяның өкілеттігін тоқтатуы мен қызметтен босатынуы заңда көрсетілетін ерекше тәртіп пен рәсімде ғана іске асырылады. Басқа Қызметке оның келісімінсіз ауыстыруға болмайды.

Судьяның Конституция мен заңдарға бағындырылуы, заңның тарапынан оған белгілі міндеттемелерді жүктеуімен ұштасады.

Атап айтқанда, судьялардың құқықтық жағдайы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармең белгіленеді.

Судьялар қызметке Конституцияға және Конституциялық заңға сәйкес сайланады немесе тағайындалады және тұрақты негізде өкілеттіктерге ие болады.

Судьяның өкілеттігі тек қана Конституциялық заңда көзделген негіздер мен тәртіптер бойынша тоқтатылуы немесе токтатыла тұруы мүмкін.

Судьяның сот әділдігін заңда көзделген рәсіммен ғана жүзеге асыруын қарастыруымен, т.б.

Судьяға заңның тарапынан белгілі талаптнр қойылады.

Атап айтқанда, олар Конституциялық заңның 28-бабында қарастырылған:

  1. судья Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын бұлжытпай сақтауға;
  2. сот төрелігін іске асыру жөніндегі өзінің конституциялық міндеттерін орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдебі талаптарын сақтауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға;

3) сот терәлігін іске асыру жөніндегі қызметке заңсыз араласудың кез келген әрекеттеріне қарсы тұруға;

4) судьялар кеңесінің құпиясын сақтауға міндетті. Судьяның лауазымы депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқаруымен, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруымен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруімен сыйыспайды.

Қарапайым халықтың ұғымында сот, судья түсініктері жоғарғы әділетшік, заңдылық санаттарымен сезініледі. Сондықтан, судьяға қойылатын талаптар тек заңмен ғана қарастырылып, қоймай, Қазақстан Республикасы судьяларының 1996 жылғы 19 желтоқсандағы бірінші съезінде қабылданған кодексінде де бекуін тапқан.

Мұнда, судьяның мінез-құлқының негізгі принциптері орныктырылған, оларға сәйкес:

Судья, мінез-құлықтың жоғары үлгілерін көрсету мен сот тәуелсіздігін және оған деген құрметті нығайтуға үмтылуы тиіс.

Әрбір судья құқықтық қоғамның мызғымас құрамы болып табылатын сох билігінің тәуелсіздігі мен ар-намысын сыйлауға тиіс.

Судья сот билігін құрметтеуші және оның мәртебесін сақтаушы болып табылады.

Судьялар қауымдастығының ең жоғарғы органы — съезінде қабылданған бұл кодекетің аталған ережелері оның бар мазмұнын айқындай түседі.

Информация о работе Сот төрелігін жүзеге асырушы тұлғалар мен іске қатысушы тұлғалар