Картамен жұмыс істеу әдістері.doc

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2015 в 22:39, дипломная работа

Краткое описание

Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері: картография ғылымының географиялық ғылымдар жүйесіндегі ролін анықтау, Қазақстан картографиясының дамуының алғышарттарын айқындап беру.
География ғылымындағы, оның ішінде еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік географиясындағы картография ғылымы.
Курс жұмысының зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, статистикалық мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау беру, алынған нәтижелерді сұрыптау, математикалық тұрғыда өңдеу.

Содержание

КІРІСПЕ………………………………………………………...……….…....3
І бөлім. Картографияға жалпы сипаттама ...............................................5
1.1. «Картография» ұғымы....................................................…………....…5
1.2. Жаңа картографиялық әдістемелер және оның Қазақстанда қолданылуы.....................................................................................................11
ІІ бөлім. Картамен жұмыс істеу әдістері.....................................................15
2.1. Виртуалды картографиялау..................................................................15
2.2. Картографиялық бейнелеудің электронды тәсілдері........................21
2.3. Картографиялық проекциялардың трансформациясы...................23
ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................27

Вложенные файлы: 1 файл

Картамен жұмыс істеу әдістері.doc

— 160.00 Кб (Скачать файл)

Жоспар

 
КІРІСПЕ………………………………………………………...……….…....3 
 
І бөлім. Картографияға жалпы сипаттама ...............................................5

1.1. «Картография» ұғымы....................................................…………....…5 
1.2. Жаңа картографиялық әдістемелер және оның Қазақстанда қолданылуы.....................................................................................................11 

ІІ бөлім. Картамен жұмыс істеу әдістері.....................................................15

2.1. Виртуалды картографиялау..................................................................15

2.2. Картографиялық бейнелеудің электронды  тәсілдері........................21

2.3. Картографиялық проекциялардың  трансформациясы...................23

 

ҚОРЫТЫНДЫ................................................................................................25

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ............................................27

 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: қазіргі картография – ежелгі немесе осыдан 30 жыл бұрынғы қолданылу мақсатын түбегейлі өзгертті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекияда және Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Алғашқы адамдар өздерінің жүріп өткен жолында мол азық қорлары бар аумақтарды байқаса, келесі жолы осы орынды адаспай табу мақсатында ағаштардың қабықтарына әр түрлі таңбалармен шартты белгілер тастап отырған. Алғашқы қолданысы жол бағдарлаудан басталған карта тарихы орта ғасырларда, әсіресе Ұлы географиялық ашулар кезеңінде жиһангез-саяхатшылар үшін жаңа жерлер мен байлықтарды итеруде таптырмас құрал болды. Қазір картография ғылымы жаңа заманауи технологиялар мен бағдарламалардың пайда болуымен өзінің зерттеулеріне ғарыштан түсірілген әуесуреттерді, сондай-ақ сандық карталар жасуға мүмкіндік ашқан әртүрлі компьютерлік бағдарламаларды қолдануда. Осы жұмыста картография ұғымы мен оның қалыптасу тарихына, картография ғылымының бүгінгі міндеті мен іске асыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ, тақырыпқа сай, өз еліміздегі картография ілімінің тарихы мен қалыптасу жолы сипатталып, оның даму мүмкіндіктері мен осы саладағы кейбір мәселелерді шешу жолдары көрсетіледі. Курстық жұмысты жазу барысында әр түрлі әдебиеттер мен әлемдік ғаламтор желісінің мәліметтері пайдаланылды.

Жер туралы ғылымдарда, әсіресе географияда кеністіктік мәліметтермен жұмыс істейтін, ақпараттың "тапшылығы" ақпараттың "көптігіне" өтетін жағдай қалыптасты. Қазіргі зерттеушілердің жиналған мәліметтер мен құжаттарға қол жеткізуі қиынға түсуде, оған көптеген ведомстволық, қаржылық, арақашықтық, жеке тұлғалық және т.б. себептер әсер етуде.

Сондықтан үлттык ақпараттық торларды тиімді және ұтымды найдалану үшін ғалами ақпараттық жүйе қажет. Ол жүйеде географиялық мәліметтерді жинап, оларды бағдарламалық-тсхни-калық кешенде сақтап, өңдеп және қайта-қайта қолдаігу, тұжырым жасау және өңделген ақпараітарды шығару үшін қолданады.

Қазіргі кезде осындай жүйе ретінде ғылымды, техниканы және ондірісті қамтитын геоинформатика ғылымы танылды. 1>үл гы-лымда геоақпараттық жүйелер (ГАЖ) құрылады және тараі ылады.

Тақырыптың жаңалығы. Геоинформатика - классикалық география және картография дәстүрлері мен әдістерін, теориясын, қолданбалы математика, информатика және компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сабақтастыратын ғылым.

Курс жұмысының мақсаты мен міндеттері: картография ғылымының географиялық ғылымдар жүйесіндегі ролін анықтау, Қазақстан картографиясының дамуының алғышарттарын айқындап беру.

География ғылымындағы, оның ішінде еліміздің экономикалық, саяси, әлеуметтік географиясындағы картография ғылымы.

Курс жұмысының зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерге, статистикалық мәліметтер мен ғылыми мақалаларға талдау беру,  алынған нәтижелерді сұрыптау, математикалық тұрғыда өңдеу.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. Картографияға жалпы сипаттама

1.1. «Картография» ұғымы 

Картаны пайдалану – картографиялық өнімдерді (карта, глобус, атлас, т.б.) тәжірибелік, ғылыми, мәдени-ағартушылық, оқу салаларында, оның ерекшеліктері мен бағыттарын үйрететін картографиялық өнімдермен жұмыс істеу әдістері жасалатын, алынған нәтижелердің сенімділігі мен ықпал ету деңгейіне баға берілетін картографияның бір бөлімі. 
Ерте заманнан қазіргі күнге дейін карталар жергілікті жердің бағдары мен теңіз және құрлық үсті маршрут-сызбаларын анықтауда қолданылып келсе, бүгінгі күнде карталар ғарыш пен әуе бассейніндегі навиғациялық қызметті атқаруда. Карталарды Жер мен қоғам туралы білімді беруде, инжәнерлік құрылысты жобалау құжаттарында, өнеркәсіп, ауылшаруашылық нысандары мен қалалар және басқа да елді-мекендерді орналастыруды жоспарлауда кеңінен қолданылады. Картография – табиғат пен қоғамның құбылыстарын географиялық карта мен басқа да картографиялық өнімдерді кескіндеу және оларды құрастыру, пайдалану әдістерін зерттейтін ғылым. Әрбір географиялық картаның өзіндік атқаратын қызметі болады. Оны білім мен өндірістің белгілі бір салаларындағы мамандар, туристік-танымдық жорық жетекшілері, оқушылар білім мен маңызды ақпарат көзі ретінде қолданады. Картаны құрастырушылар кескіндейтін аумақты терең зерттеп, оқып үйренген сайын сол аумақта орналасқан нысандар мен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындап, ашып көрсетеді. Картография құрылымы жағынан күрделі пәндер жүйесін құрайды, оның маңызды құрамды бөліктеріне – картатану, картографиялық ақпараттану, математикалық картография мен картометрия, сондай-ақ картаны жобалау мен құрастыру, безендіру, жасау және пайдалану әдістемесі кіреді. Карталардың көмегімен ғылыми-зерттеу жұмыстарын, қоршаған ортаны қорғау мен қалпына келтіру іс-шараларын, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды жобалайды. Карта әскери өмірде де қолданылады, әрі ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде де маңызға ие. Картографиялау үдерісінің өзінде де карталар жаңа өнім жасаудың негізі мен бастауы болып табылады. Картографияның міндеті ретінде осыған дейін тек картаны құрастыру қарастырылып келсе, ХХ ғасырдың ортасынан бастап, оны пайдалану маңыздылыққа ие болып отыр. Мемлекеттік стандарттар мен энциклопедиялық басылымдарда, оқулықтар мен сөздіктерде «Картография –карта жасау мен пайдаланудың өндірісі мен ғылыми саласы»,-деген ұғыммен түсіндіріледі. Ғылым мен тәжірибеде картографиялық зерттеу әдістері алуан түрлі. Ол көптеген теориялық ізденістердің ажырамас бөлігі. Тіпті карталар Жер мен қоғам туралы ілімдердің тірек негізіне айналып үлтерді. Картографиялық әдістер физикалық география, геология, геофизика, әлеуметтану, экономика және тарих ғылымдарында кеңінен қолданыс табуда. 
Карталарды таным құралы ретінде пайдалану жаңа экология, медициналық география, салыстырмалы ғаламтану (планетология) тәрізді ғылым салалаларының дамуына мүмкіндік берді. Картографиялық әдістер халық шаруашылығының нысандарын жобалау-жоспарлау жұмыстарына қатысты маңызды шешім шығаруда, аумақтық-өндірістік кешенді дамытуда, табиғатты қорғауда қызмет етуде. [1. 29-б] Картографиялық зерттеу әдістерін қолданушы маман картограф картаны еркін «оқуға», құрастыру ұстанымдары мен бейнелеу және әзірлеу технологияларының тәсілдерін білуге міндетті. Сонымен қатар, ол модель түрінде карта бетіндегі бар дүниені ұсына білуі әрі осы туралы ақпарат бере білуі тиіс. Ең маңыздысы, картограф өнімін тұтынушының картаны пайдалана отырып, картографиялық бейнені өңдеуде қолданған амалдардан адаспай, жақсы бағдар алуы, оның мүмкіншіліктері мен шектерін айыра білуі, картадан алынған мәліметтердің сенімділігіне қатысты түсінігінің болуы тиіс. Картатану – географиялық карта мен оның түрлері, қасиеті мен әлементтері, даму тарихы пайдалану әдістемелерін зерттейді. Математикалық картография – жер беті мен ғылымдағы аспан денелерін жазықтықта кескіндеудің математикалық әдістерін зерттейді. Картографиялық ақпараттану – картаны жүйелеу және оларды талдау, бағалау, сақтау тарату мәселелерін қарастырады. Картометрия – картадағы әр түрлі географиялық нысандардың сандық сипатының мазмұнын айқындайтын картографияның құрамдас бөлігі. Картаны безендіру – картаны көркем және графиктік безендірудің әдістері мен құралдарын жасап, оны басып шығаруға әзірлеуді оқып үйретеді. Топография – географиялық және геометриялық әдістерді пайдалана отырып, жергілікті жерді оқып үйрену негізінде ірі масштабты карталарды құру жолдарын зерттейді. 
Картографияның басқа ғылымдармен байланысы өте кең. Мәселен, қоғамдық ғылымдар ішінде, тарих, экономикалық география; жаратылыстану ғылымдарының ішінде, физикалық география, ландшафтану, геология, климатология, топырақтану, өсімдіктану, жануартану салаларымен байланысты. Астрономиялық, геодезиялық өлшеу жұмыстарының нәтижесінде картография жердің пішіні мен мөлшері, ауданы, белгілі бір нүктенің географиялық орны туралы ақпарат алу мүмкіндігіне ие болды. 
Картографияның міндеті – халықты шаруашылық пен мәдени қажеттілігін өтейтін заман талабына сай, сапасы жоғары географиялық карталар мен атластар, глобустар және басқа да картографиялық өнімдермен қамтамасыз ету. Географиялық карталар еліміздің аумағын қамтып,табиғатын қайта түлетіп, шаруашылықты дамытуға қажетті ақпараттар сақтаған қуатты құрал болып табылады. Картография және топография негіздері курсын оқытудың мақсаты картографияның ғылыми негізі болып саналатын картатану, математикалық картография, картометрия және топографияның теориялық негіздерімен таныстыру арқылы студенттердің географиялық картаны біліп, түсініп оқи білу дағдыларын қалыптастыру.

Алғашқы қауымдық құрылыс қоғамында-ақ, картографиялық суреттер жазу пайда болғанға дейінгі ұзақ уақытта кеңістікті бағдарлау және нысандар мен заттардың қоршаған ортада орналасуын түсіну үшін қызмет етті. Ежелгі Египетте, антикалық Грекия мен Рим тәрізді басқа да өркениет ошақтарында карталар бойынша арақашықтықтар мен аудан табудың қарапайым тәсілдері қолданыла бастады. Картада бейнеленген нысандардың пішіндері мен бағдарлауы бағаланды, өлшемдері табылды. Орта ғасырларда, әсіресе, Ұлы географиялық ашылулар дәуірінде, карталар теңізде жүзушілердің, жер кезген жиһангездердің, байлық іздеген көпестердің қажетті дүниесіне айналды. Теңіз жолдарының ашылып, теңіз арқылы байланыстардың дамуы сол кезең үшін жаңалық болып көрінетін карталарды пайдалану әдістерін өмірде қолданудың толық жүйесіне көшуге ықпал етті. Орта ғасырдың географы Терард Меркатор (1512-1594) өзі құрастырған картографиялық өнімдердің тәжірибе жүзінде қолдану қажеттілігін ескере отырып, қосымша сілтемелер мен нұсқаулықтар беріп отырды. Мәселен, 1541 жылы даярлаған глобусын арнайы «Глобусты пайдалану туралы кітап» аталатын нұсқаулықпен толықтырды. 1569 жылы жарық көрген бірінші рет цилиндрлік проекциялау қолданылған, 18 беттік картасына Меркатор «Жергілікті жерде арақашықтықты өлшеу әдістері» аталған ақпараттық бет енгізді, сонымен бірге, навиғациялық сұрақтарды шешу үшін пайдаланылатын «Бағыттар көрсеткіштерін пайдаланудың қысқаша сілтемелері» деген сызба қоса берілген. Алғашқы ғылыми зерттеулер үшін карталар пайдалану тәжірибесі XVIII-XIX ғасырларға жатады, осы кезеңдегі ғылым (атап айтқанда, геология, география, климатология) көмегімен алынған ақпарттар мен мәліметтердің жүйеленуі – алғашқы ғылыми карталардың жасалуына оң ықпалын тигізді. Өз кезегінде мәліметтердің картографиялық түрде үлкен аумақты қамтып таралуы жаңа саналуан салыстырмалы географиялық зерттеулердің жасалуына түрткі болды. Ал карталардың өзі осындай зерттеулердің құралы болып, адамдарға көбірек қызмет ете бастады. 
Көптеген табиғи және ғаламдық заңдылықтар карталар көмегімен айқындалды. Бір құбылыстың екінші бір құбылыспен байланыстары анықталды, тіпті әлі ашылмаған ойкумендер турасында болжамдар жасала бастады. Мәселен, Ф. Бюаштың 1753 жылы карта арқылы Жер шарындағы тау тізбектері мен өзендердің орналасуын зерттеген еңбегін атап өтуге болады. 1817 жылы А. Гумбольдт Жер шарындағы жылудың таралу заңдылықтарын анықтауға ұмтылып отырып, бірінші рет изотермдік карта жасап шығарды, оны талдай келе, климаттық зоналарды ашты. Карта көмегімен ол өсімдік жамылғысының зоналық ерекшеліктерін тапты, одан кейін осы салада еңбек еткен Докучаев та картаны сараптау нәтижесінде, географиялық ортаның белдемдігі (зона) бар екенін дәлелдеді. Вегенердің картаға сүйеніп, Бразилия мен Африканың атланттық жағалауларының ұқсастығын табуы, кейіннен «Құрлық дрейфі және қазіргі ғаламдық тектоника» теориясының пайда болуы мен дамуына жол ашты. 
Қазақстан картографиясы туралы сөз болғанда, орта ғасырлардағы көптеген тарихшылардың географ қызметін атқарғанын байқаймыз. Марко Полоның ізімен Шоқан Уәлихановтың «Қашқарға сапары туралы» «Ыстықкөлге саяхат» жазбалары картографиялық еңбек ретінде өте құнды, алайда Уәлихановтың қазақ картографиясына қосқан үлесі блек және ұзақ зерттеуді талап етеді. Қазақстан картографиясы өз дамуында Ресей картографиясымен өте тығыз байланыста болды. Оның себебі де түсінікті; патшалық Ресейден КСРО-ның күйреуіне дейінгі 300 жылдан астам уақыт біз орыс империясына бодан болдық. Ғылым тұрғысында осылайша, сабақтастық қалыптасты. 
ХІХ ғасырда картаны пайдалану тарихындағы басты тұлғалардың бірі – талантты географ, картограф және геодезист, Еуропалық Ресейдің гипсометриялық картасын тұңғыш құрастырушы, Орыс география қоғамының көрнекті қайраткері, Петербург пен Париждің Ғылым академияларының мүше-корреспонденті А.Тилло (1839-1899) болды. Тиллоның алғашқы ғылыми зерттеу жұмыстарында картаны құрал ретінде пайдалануы Орталық Ресейдің магниттік өрістерінің таралуын анықтауға арналды. 1887 жылы А.Тилло карта бойынша ғаламдық таулы аймақтардың таралу заңдылықтарын зерттеуге бет бұрды. Ол әлемнің басты су бөлінісі шекарасын анықтады, материктердің геометриялық орталықтарын есептеп шығарды, кейіннен 1889-1892 жылдар аралығында Жер шарының ендік белдеулерінің орташа биіктігі мен тереңдігін анықтады, «қиын параллельдерді» ашты, құрлықтың белгілі бұзылу зоналарының геологиялық тек-түріне талдау жасады. Тиллоның Еуропа шегінде және Азия аумағындағы өзендердің ұзындығы мен өзен бассейндерінің ауданын өлшеген өте ауқымды картографиялық жұмыстарын классикалық дүние санауға болар: жұмыстың орасандығын мына сан дәлелдеп береді: тек қана Ресейдің Азиялық бөлігінде 3000-ға тарта өзен ұзындықтары мен бассейндерінің аудандарын анықтаған. Ю. Шокольский картаны таными құрал ретінде жоғары бағалады. Ол «Карта – географтың ең басты қаруы»,-деп жазды. Картаның көмегімен географ өзінің зерттеу жұмыстарын даярлайды, оған өз нәтижелерін енгізеді, ал карталар өз кезегінде олардың алға қарай жылжуы үшін қызмет етеді. Карта – адамға бүкіл әлемді бірден-ақ көруге мүмкіндік беретін, Жер шарын танып-білудің жалғыз ғана таңГАЖайып қаруы. «Географияда картаны қажетсінбейтін сұрақ жоқ, сондықтан географ картаны толық білуі тиіс»,-деп жазады А. Берлянт. Шокольскийдің жолымен картометрия мен морфометриялық сұрақтармен Н.Волков., Г.Гинзбург., В.Философов., т.б., ғалымдар айналысты. Әсіресе, Волковтың карта бойынша ұзындық, аудан, көлем өлшеу мәселелері енген, карталар мен картометриялық жұмыстарының дәлдігі қарастырылған, морфометрияның жеке бөліктерінің негіздері талданған «Картометрияның ұстанымдары мен әдістері» атты монографиясы (1950) іргелі еңбек еді. С.Д.Муравейскийдің еңбегі гидрологияда картаны пайдаланудың терең әдістемелерінен тұрды. Оның өзен-көл морфометриясы бойынша зерттеулері картографиялық және математикалық зерттеу тәсілдеріне классикалық түр үлгісін береді. Кеңестік кеңістікте географияның жаңа бір бұтағы – экономикалық география пайда болды Және ол бірден-ақ әлемнің қалыптасуы мен әлемді танудың зерттеу құралы етіп картаны алды. Экономикалық географияның бастауында карталар мен картографиялық талдауларға бірінші және негізгі мән үстеген ғалым Баранский болды. Ол «карта географтарға далалық зерттеу жұмыстарында ғана емес, «ғылыми кабинеттердің тыныш жағдайында» да қажет екендігін, далалық зерттеулерден келген мәліметтер қоры арқылы да бөлмеде отырып, географиялық заңдылықтар мен олардың кеңістікте таралуын, құбылыстардың қатынасы мен мазмұнын ашуға болады»,-деп атап өтті.

1.2. Жаңа картографиялық  әдістемелер және оның Қазақстанда  қолданылуы 

ГАЖ дегеніміз – табиғи және әлеуметтік-экономикалық геожүйелерді, олардың құрылымын, байланысын, динамикасын, кеңістік пен уақыттағы тіршілік етуін, географиялық білімдер мен мәліметтер банкісі негізінде компьютерлік белгілеудің көмегін зерттейтін ғылым. 
ГАЖ-дың мағынасы болып географиялық ортадағы кеңістік-уақыттағы ақпараттар ағыны табылады. ГАЖ-дың зерттеу әдісі ретінде кеңістік-уақыттағы ақпараттық үлгілеуді айтады. Қазіргі уақытта ғылымдар жүйесінде ГАЖ өзіне лайықты орнын алуда. Оны географиялық зерттеулерді ақпараттандырудың мақсаты мен міндеттерінен көруге болады. 
ГАЖ-дың маңызды міндеттерінің бірі – нұсқаларының географиялық ақпараттардың синтезі мен талдауының көптеген орындалуына көмектесетін алгоритмдер мен бағдарламалық құралдарды құрудағы, географиялық зерттеулердің автоматтандырылуы. ГАЖ-жүйе ретінде географияны, информатиканы, ақпараттар жүйелер теориясын біріктіре отырып, картография және басқа ғылымдардың тоғысқан жерінде пайда болды. Ол таным әдісі ретінде жүйелік тұрғы негізінде электронды есептеу техникаларының ең жаңа жетістіктерін қолданып құрылған жүйе. 
Сондықтан қазіргі уақытта ГАЖ табиғи және әлеуметтік-экономикалық үрдістер мен құбылыстарды үлгілейтін, олардың байланыстарын, қарым-қатынастарын, болашақта дамуын болжайтын және шешім қабылдап, басқаруға арналған негізгі ғылым болып отыр. ГАЖ мәліметтерді өңдеу мен картографияда өте күшті графикалық құрал болып табылады. ГАЖ мынадай маңызды мәселелерді шешеді:

1. Жоғары сапалы картографиялық  өнімдерді құру;

2. Мәліметтер базасында ақпараттарды  графикалық нысандармен байланыстыру;

3. Мәліметтердің карталық, графиктік, диаграммалық сызба түрінде берілуі; 
4. Кеңістіктегі мәліметтерге талдау жасау, орналасқан жерін үлгілеу;

5. Басқару мен шұғыл шешімдерге  қолғабыс беру;

6. Мәліметтердің түрлі ақпараттық  жүйелермен қарым-қатынас және  т.б.  
ГАЖ – аймақта таралған ақпаратты жинап, өңдеп, сақтап, талдауға арналған. Адам-бағдарлама-машиналық кешен. ГАЖ – белгілі бір аумақта пайда болған жағдайда жедел ықпал ету және сол жағдайдың картографиялық және тақырыптық ақпаратын алу. ГАЖ – аймақтың кеңістік контурынан әртүрлі тақырыптық ақпаратты бірінің үстіне бірін салу – overlay операциясы. 
ГАЖ – аналитикалық және картометриялық зерттеу мен талдау. Негізінде кез-келген картаның жоспар жолы ГАЖ арқылы жасалады. 
ГАЖ – кез-келген үрдістер мен құрылымдардың өзгеруін зерттеу және олардың жағдайын уақытында үлгілеу. ГАЖ кеңістіктік ақпаратты көрнекі ету және динамикалық режимді көрсету. ГАЖ – аумақтар мен қорларды басқару, жылдамдық, сапа, дәлдік. ГАЖ – ғылым, технология және бизнетің бір жерде тоғысуы. ГАЖ – кеңістік талдауда картография мен картометриядағы революция. Қорыта келгенде, ГАЖ – кеңістіктік идеологияға негізделген жаңа қөзқарас, жаңа ойлау. Қазіргі уақытта ГАЖ-дың қолдану аясы кеңеюде, Дәстүрлі қолдануын қарастырсақ: жер ресурстары мен жер кадастрын басқаруда арнайы ГАЖ құрылады. Бұл тек географиялық бағытқа ұсынылған. Тақырыптық картографиялауда ГАЖ картаға аса көңіл бөледі. ГАЖ-да картаны құрастыру дәстүрлі тәсілмен немесе автоматтандырылған картографиялаумен салыстырғанда қарапайым әрі ыңғайлы. Ол мәліметтер базасын құрудан басталады, шыққан мәліметтер, яғни олардың көзі ретінде қарапайым күнделікті қағаз карталарын сандық түрлендіру арқылы қолданылады. Осындай мәліметтер базасын әркелкі аумақтағы, әртүрлі масштабтағы белгілі бір шартты белгілері бар карта құрастыруға мүмкіндік береді. Әр уақытта мәліметтер базасы жаңа деректермен толықтырылып, ондағы басқа деректерді түзетіп,сол мезетте экранға көрсетеді. Кеңістіктік деректер – нысан немесе құбылыстың пішіні немесе орналасу жағдайын анықтайды. Пішініне байланысты оларды: растрлық және векторлық деп бөледі. Растрлық деректерде – сандық, ғарыштық, әуе және жай суреттер, кез-келген оптикалық сканерленген құжаттар, қағаз карталарын жатқызуға болады. Атрибуттық деректер – географиялық нысан туралы қосымша дерек береді. Кеңістіктік деректер базалық карта құрастырудың негізі болса, атрибуттық деректер бұл картаға үлкен мағына мен арнайы ерекшелігін береді. Векторлық деректер моделі-графикалық ақпарттардың нүкте, сызық, көп бұрышты түрде берілуін айтады. Ол дискретті нысандардың, мысалы, құбыр, жол, аудан шекараларына қолданғанға ыңғайлы. Ал растрлы деректер моделі ақиқат тең ұяшықтарға бөлінген пикселдер түрінде көрінеді. Олар деректерді сақтауға және талдауға ыңғайлы. Әр ұяшықтың класқа немесе категорияға қатыстылығын анықтайтын мәні болады. Кез-келген ГАЖ-дағы деректерді 5 үрдіс қамтамасыз етеді: енгізу, манипуляция, басқару, сұраныс, визуализациялау.

ESRI фирмасының бағдарламалық өнімі ArcGIS-те ГАЖ толық каталог түрінде  құрылған, яғни мәліметтерді өңдеудің  жоғарғы деңгейлі мүмкіндігі бар. ArcGIS - бұл өзара байланысты ArcMap, ArcCatalog, ArcToolbox базалық мүмкіндіктердің жиыны. Бұлар бірігіп картографиялау, мәліметтерді басқару, кеңістіктік талдау, мәліметтерді редакторлау және оларды геоөңдеуден өткізу сияқты түрлі дәрежелі қиындықтағы ГАЖ-функцияларды шешуге мүмкіндік береді. ArcGIS – ГАЖ қолданушылардың үлкен қауымына арналған толық-функционалды, масштабталған жүйесі. ArcMap – картаны құрастыру мен мәліметтерді редакторлау, сондай-ақ картографиялық талдау үшін қажет. Бұл қосымшада негізгі жұмыс картамен жасалады. Картаның бетінде географиялық мәліметтерді карта қабаттарының жинағы, легендасы, масштабтық сызығы, солтүстік бағыт және басқа әлементтерді сақтайтын терезесі, яғни компоновка болады. ArcMap-та картада 2 қосымшамен жұмыс жасалады:

1) Географиялық мәліметтер негізінде  – географиялық қабаттармен жұмыс  жасауға, әртүрлі символдарды анықтауға, анализ жасауға мүмкіндік береді. Мұнда негізгі картографиялық  жұмыстар жасалады.

2) Компоновка негізінде – карталарды  безендіру, яғни легенда құрастыру, тақырыбы, масштабы жасалады, көрсетіледі, картаның солтүстік бағыты, қағаз өлшемі беріледі. ArcCatalog – геомәліметтердің базасын құрастыру мен кеңістік мәліметтерді басқару үшін, сонымен қатар, метамәліметтерді құру, көру, басқару сияқты функцияларын атқаратын қосымшасы. Біздің ГАЖ-дың барлық мәліметтерін құрылымдауға және басқаруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді іздеуге, көруге арналған құралдар, метамәліметтерді құрастыру, көру, басқару, әртүрлі мәліметтер жиынын тез ашып көруге, географиялық мәліметтерді құрылымдауға арналған құралдар ұсынады. ArcMap-қа ұқсайды, бірақ ерекшелігі – редакция жасалмайды. ArcToolbox – мәліметтерді геоөңдеудің конвертациясы. Геомәліметтерді өңдеуге арналған көптеген құралдарды сақтайтын қосымша.

Жалпы географиялық және тақырыптық карталар – табиғат, шаруашылық, әлеуметтік орта, экожағдай туралы кеңістік ақпараттардың негізгі көзі. Жалпы картография бірнеше тақырыптық салаларға бөлінеді: геологиялық, топырақ, гидрографиялық, экономикалық, әлеуметтік, т.б. Картографияның тағы бір ерекше бағыты – экологиялық картография. Оның мақсаты – экологиялық жағдайды саралау, экожүйе мен адам денсаулығына әсер келтіретін табиғи орта факторларын қарастыру. Экологиялық картографияны кең көлемде табиғатты қорғауға бағытталған мемлекеттік, аймақтық бағдарламаларды жобалауда қолданылады.

 

 

 

 

 

ІІ бөлім. Картамен жұмыс істеудің әдістері

Информация о работе Картамен жұмыс істеу әдістері.doc