Ауданның геологиялық құрылысы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Сентября 2014 в 12:29, дипломная работа

Краткое описание

ХХІ ғасыр мұнай ғасыры деп аталатыны белгілі. Мұнай мен газ – энергияның негізгі көзі және химия өнеркәсібінің негізгі шикізаты болып табылады. Дүние жүзінің экономикасында мұнай-газ саласы негізгі рөл атқарады. Осы шикізаттан түскен табыстардың арқасында еліміздің экономикасы жақсаруда.
Ұңғымаларды геофизикалық зерттеу (ҰҒЗ) жұмыстары қолданбалы геофизиканың саласы болып табылады, мұнда заманауи физикалық әдістер ұңғымадан алынған қималарды геологиялық зерттеу, пайдалы қазбалардың қорларының көздерін табу және бағалау, кенорындарын өңдеу барысы және ұңғымалардың техникалық жағдайы туралы ақпараттарды алу үшін пайдаланылады.

Содержание

Кіріспе 5
1 АУДАННЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 7
1.1 Жалпы мәлімет 7
1.2 Қиманың литологиялық - стратиграфиялық сипаттамасы 9
1.3 Тектоника 14
1.4 Мұнайгаздылығы 16
1.4.1 Мұнай және газ қоры 22
1.4.2 Қабаттан мұнай қорын алуды талдау 23
2 АУДАНДАҒЫ ТАУЖЫНЫСТАРЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ
ҚАСИЕТТЕРІ 25
2.1 Сазды минералдардың жалпы құрамының кеуектілікке және
өткізгіштікке әсері 26
2.1.1 Кеуектілік параметрінің тәуелділігі 26
2.1.2 Суқанықтылыққа тәуелді параметр 27
2.2 Қалдық су сипаттамасы 28
2.3 Капиллярлы қысым қисықтары 29
3 КОЛЛЕКТОР ТҮРІ ЖӘНЕ КОЛЛЕКТОРЛАРДЫҢ ӨТКІЗГІШТІК СЫЙЫМДЫЛЫҚ КЕУЕКТІЛІГІНІҢ ШЕКТІК МӘНДЕРІ 30
3.1 Керн бойынша жыныс коллекторлардың сыйымдылық қасиеттері 31
4 ҰГЗ КЕШЕНІ, ӨЛШЕУ ТЕХНИКАСЫ ЖӘНЕ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛЫНЫҢ САПАСЫ 34
4.1 ҰГЗ жұмыстарының әдістері мен шаралары 36
4.1.1 Әдеттегі зондтармен тау жыныстарының көрінетін салыстырмалы кедергісін зерттеу(КС) 36
4.1.2 Өзіндік поляризацияның потенциал әдісі (ПС) 38 4.1.3 Кавернометрия (ДС) 40
4.1.4 Гамма- каротаж (ГК) 40
4.1.5 Нейтронды гамма каротаж (НГК) 41
4.1.6 Индукциялық каротаж (ИК) 43
4.1.7 Бүйірлік каротаж (БК) 45
4.1.8 Акустикалық каротаж (АК) 47
4.2 Зерттеу кешені 48
4.2.1 Расходометрия 48
4.2.2 Термометрия 50
4.2.3 Резистивиметрия 51
4.2.4 Влагометрия 52
4.2.5 Радиометрия 52
4.2.6 Барометрия 53
4.2.7 Акустикалық дауыс өлшегіш 54
4.3 Ұңғымада жүргізілген ҰГЗ көлемі 55
4.4 ҰГЗ жүргізудің техникасы мен технологиясы 56
4.5 Зерттеу мәліметтерінің сапасы 57
5 ҰҢҒЫМАДАҒЫ ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ МАТЕРИАЛДАРЫН ИНТЕРПРЕТАЦИЯЛАУ 58
5.1 Геофизикалық параметрлерді анықтау 58
5.2 Коллекторларды бөліп шығару және олардың нәтижелі қалыңдығын бақылау 58
5.3 Өнімді объектілердің коллекторлық қасиеттері 60
5.4 Қанығу сипаттамасын анықтау 61
5.5 Саздылық, кеуектілік коэффициентін анықтау әдістемесі 62
5.5.1 Саздылықты анықтау 62
5.5.2 Кеуектілік коэффициентін анықтау 65
5.5.3 Мұнайгазқанықтылық коэффициентін анықтау 67
6 АЛЫНҒАН ГЕОФИЗИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕРДІ ЗЕРТТЕУ
НӘТИЖЕЛЕРІ 69
6.1 Құмкөл кенорнының геологиялық үлгі түзілімі 69
6.2 Торды таңдау және құрылымдық сұлбасын салу 69
6.3 Қорытынды нәтижелері 70
7 ЖҰМЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯСЫ 71
7.1 Құмкөл мұнай-газ кенорнын эксплуатациялау барысындағы геофизикалық әдістер кешенін ұйымдастырылуы кезіндегі еңбек жағдайын талдау 71
7.1.1 Демалыс және еңбек жағдайы 71
7.1.2 Арнайы киім мен қорғаныс жағдайы 71
7.1.3 Техника қауіпсіздігі 72
7.1.4 Өртке қарсы іс-шаралар 75
7.2 Қоршаған ортаны қорғау 76
Қорытынды 77
Диплом жұмысының графикалық бөлімдері 78
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 79

Вложенные файлы: 5 файлов

геологическая карта.cdr

— 1.58 Мб (Скачать файл)

каротажные диаграммы.cdr

— 4.68 Мб (Скачать файл)

структурная геология.cdr

— 1.61 Мб (Скачать файл)

диплом.doc

— 1.82 Мб (Скачать файл)

Өнімді беткей сулары хлоркальцийлі типке жатады, бор шөгінділеріндегі жалпы минерализациясы 49,7г/л, юра шөгінділерінде 66,4-84,0 г/л.

Ұңғымаларды бұрғылау диаметрі 149,3; 190,5; 215,9 болатын қашаумен бұрғыланды. Бағананың игерімді ұңғымаға өтуі 5 тәуліктен асқан жоқ. Забой тереңдігі 1300-1450м болғанда  Құмкөл кенорнының өнімді қабат қимасының аралығы 280м ге дейін жетті. ҰГЗ өнімді беткейлерді ашқаннан кейін бірден жүргізілді, бағаналар балшыққа толып қалғанда, ұңғымаларды бұрғылау кезінде  пайдаланатын жуу сұйықтықтары бар.

Айтып өткендей, геофизикалық зерттеулер барысында барлау ұңғымалары жоғары минералданған сұйықтарымен тазаланып отырылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 ЖҰМЫСТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ  ЖӘНЕ САЛМАҒЫ

 

 

7.1 Құмкөл мұнай-газ кенорнын  эксплуатациялау барысындағы геофизикалық әдістер кешенін ұйымдастырылуы кезіндегі еңбек жағдайын талдау

 

7.1.1 Демалыс және еңбек  жағдайы

Еңбек құқығының заңдастырылған акт жүйесінде әлеуметтік – экономикалық, техникалық, санитарлы-гигиеналық қамтамасыз ету мен денсаулығын сақтау және өндіріс процесінде адамның жұмысқа жарамдылығы қарастырылған.        Қызметкерлердің және жұмысшылардың еңбек жағдайында қауіпсіздігін қамтамасыз етіледі, өндірістегі кездейсоқ жағдайлардың тудырмауына жағдай жасалып, сонымен қатар кәсіптік аурулардың алдын алу немесе тез арада болдырмау. Бірақта әлі де өндірісте жарақаттану мен кәсіби ауруларды толықтау болдырмау мүмкін емес. Кездейсоқ жағдайлар орындаушының өндірістік мамандығының төмендігінің нәтижесінде, жұмыста қауіпті әдісті пайдаланғанда болады. Осы барлық ерекшеліктерді арнайы дайындалған техникалық қауіпсіздік ережесін өртсөндіргіш талаптарымен тығыз байланыстыра отырып және барлық  жұмысшылардың өндірістік-геофизикалық қызметін жақсы еңгеруді талап етеді.    Рациональды еңбек ережесі – бұл еңбек тәртібінің іс-әрекеті, демалыс және еңбек кезінде еңбек өндірісі мен адамның жұмыс қабілеттілігі жоғарғы қамтамасыз етіледі және толықтай демалысқа жағдай жасалуы қажет. Жұмысша (инженер-техникалық персонал, операторлар) мен компания арасындағы ұжымдық еңбек келісім – шарты бойынша еңбекұжымында вахталық әдісі қолданылады. Бұл әдіс жұмысшылардың жолда уақытты үнемді пайдалануына мүмкіндік береді. Бригадаларды ауыстыру 12-күн сайын. Негізгі жұмыстағы еңбек тәртібі 16 сағат демалыстан кейін, 8 сағат. Жалпы жұмыс уақытының жалғасы ҚР «Еңбек туралы заңы» заңдылығындағы бекітілген қалыпты сағат санынан (аптасына 40 сағат) артық болмауы керек. Шамадан тыс жұмыс мөлшері күнтізбелік күннен әрбір жұмысшы үшін 2 сағаттан аспауы қажет.

7.1.2.Арнайы киім мен қорғаныс жағдайы

Жекеленген қорғаныс құралдары (СИЗ) – жұмысшылардың өзіндік заттары. Олар өндірістегі қауіпті және зиянды факторлардың адам ағзасына немесе жекеленген ішкі ағзаларына әсерін болдырмау үшін қолданылады. ЖҚЖ (СИЗ) – келесі жағдайларды қарастырады: қоршаған ортамен адам ағзасы үшін жақсы жағдайды қалыптастыру және еңбек іс-әрекетіне оптимальды жағдайды қамтамасыз етіледі; өндірістегі қауіпті және зиянды факторлар болмауы қажет.  Құбырда жұмыс кезінде әрбір жұмысшы ЖҚЖ (СИЗ) келесі жағдайлардан тұрады: құбырдағы жұмыс кезінде арнайы көзілдірікпен, ол көзге шаң түсуден, қатты ұсақ заттардан, сұйықтық шашырауынан, тым жарықтың түсуінен және т.б. қорғайды.  Электрлік тоқтан, былғанудан, судан, жыныстардан, құлаған заттардан, басты әртүрлі соққыдан қорғайтын арнайы каскалар болады. Адам денесін қорғайтын арнайы комбинизондар. Аяқты механикалық және температуралық әрекеттен, электрлік тоқтан, вибрациядан және т.б. қорғайтын арнайы аяқ-киім. Қолдарын қорғау үшін арнайы қолғаптар пайдаланылады.

7.1.3  Техника қауіпсіздігі

Геофизикалық алаңдардың құбырларын (УГИС) зерттеу жұмыстарына (оператор, моторист) жұмысшы ретінде 18 жастан асқан адамдар тартылады.  УГИС адамдары жұмысқа кіріскенде медициналық әдйі сараптамадан өтуі керек және одан кейінгі уақытта жылына бір рет қаралады.    УГИС адамдары жұмысқа кіріскенде кәсіби-техникалық  дайындықтан өтеді, ол мамандандыру мінездемесінің көлемі мен тәртібін білуі керек және электр қауіпсіздігі туралы жекекуәлік алуы керек. УГИС адамдары мамандыққа оқығанда техника қауіпсіздігі нұсқауынан өтеді, одан кейін әрбір квартал сайын қайталамаса нұсқаудан өтуі керек. Барлық жағдайда нұсқау журналында осы жағдайлар жазылады.  УГИС адамдарын жеке жұмысқа жібергенде бір ай уақыт аралығында  тәжірибелі инженердің қол астында стажировкадан өтуі керек және техника қауіпсіздігінен емтихан тапсырады. Уақыт өте келе оператордың білімін тексереді. Онда жылына бір рет техника қауіпсіздігінен бақылау жүргізіледі. Жаңа технологиялық  процесстерді еңгізгенде, еңбек әдісін, жаңа техника түрін, машинаны, механизмдерді меңгергенде және жаңа ереже мен техника қауіпсіздігінің инструкциясын еңгізгенде УГИС адамдары оқып және қосымша нұсқау алады   .         Еңбекті қорғау тәртібі мен нұсқауларын УГИС адамдары кезектен тыс уақытта білім тексеруде мыныдай жағдайға байланысты өткізеді:   -өндіріс процесстеріне өзгерту еңгізілсе, оқудан кейін еңбек қорғауға жаңа ереже еңгізілсе, құрал мен механизмдердің жаңа түрі еңгізілсе;   -мемлекеттік бақылау органдарының, мекеме басшыларының тарапынан болатын бастама. Жұмыс кезінде УГИС аламдардың негізгі қауіпті және зиянды өндіріс  факторлары мынадай болады:     -электро жарақат алу мүмкіндігі – электр тогынан болады;    -механикалық жарақат – қозғалып және айналып тұратын механизмдерден болады;          -ортаны қорғаған жағдайсыз факторлар барлық жұмыс іздеушілерге ортақ болады, геофизикалық жұмыстар кезінде: жағдайсыз метеорологиялық факторлар, тұрғын жерлердегі қауіпті обьектілер:     Жұмыс істеушілердің қорғау құралдары, геофизикалық  қондырғылар мен апараттар өз кезегінде дұрыс пайдаланылуы керек. Жұмыс кезінде барлық УГИС адамдары арнаулы киімдерді пайдаланады. Киім адам денесіне бос, қозғалысқа кедергі келтірмейтін және одан кейін кейбір бөлектері салпылдап, желбіреп тұрмауы керек. Жұмысқа шықпас бұрын қондырғы мен инстурменттердің жұмысқа жарамдылығын тексеру керек. Егерде өз күшімен жарамсыздықты жоя алмаған күнде,онда жұмыыс басшыларына хабар береді. Материалдар,техникалық іс-қағаздары,аппаратуралар мен өлшеуіш құралдар өзінің арнаулы орындары қойылады  .  Каротаж жұмыстарында еңбек қорғау мен техникалық қауіпсіздікті сақтамаған инженер-техникалық жұмысшысларға және лауазымды адамдар, ҚР заңдарына сәйкес, тәртіптік басшылық немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Еңбек қорғау мен техникалық қауіпсіздікті сақтамаған жұмысшылар жауапкершілікке тартылады(тәртіптік, басшылық, материалды және қылмыстық).       Техникалық қауіпсіздік пен нұсқаулардың ережелерін орындалмаған(немесе сапасыз орындаса) және басқадай іс-қағаздардағы еңбек қорғау туралы (бұйрық,тапсырма және т.б.) жазбаша түрдегі ережені әдейі орындалмаған жұмысшы жауапкершілікке тартылады.   Жұмысқа шығар алдында УГИС адамдары:      -смендегі инженер-геофизикпен тапсырма алуы керек және журналға қол қойылады. Бұрынғы звенодан сменаны қабылдап, каротаж станциядағы-өртсөндіргіш, мед.аптека, жеке қорғау құралдарын барлығын тексеру керек, жетіспеген жағдайда жұмыс басшыларын хабардар ету керек;    -арнаулы киімдерді кию керек;        -құбырға барар кезде УГИС адамдары мыналарды тексеру керек;  -қондырғы мен көтергіш, лабораториядағы приборлардың орналасуы мен байланысы, қол инструменттің ұстағышы дұрыс болуы керек,өзінің ұясында болуы, ал жұмысшы бөлігі соғылмаған және қолға кірмеуі керек, керекті диэлектрлі қорғаныс құралдарының барлығы, оның жұмысқа жарамдылығы, ол кесілмеген және басқадай механикалық ақаулықтар. Мед.аптечкамен қамтмасыз етілу осындай жарамсыз жағдайлар жұмысқа барғанға дейін жойылуы керек, Егерде қолдан, өз күшімен жарамсыз жағдайларды жоя алмаса, онда жұмыс басшыларына хабарлау керек. Ұзынөлшемді құбыр құралдарын екі кісі болып тасу керек, ол үшін арнаулы ұстағыш құралдарды пайдалану қолайлы. Ролик блок-балансты тиегенде, түсіргенде оларды шетінен ұстау керек. Жұмыс уақытында:  Каротаж станциясын құбырға орнатқанда кезекті қосымша жағдайлар болуы шарт, оның бір жағына ауып кетпеуі үшін астына ағаш қою керек. Геофизикалық жұмыстарға қатысы жоқ  инструменттер мен материалдар құбыр сағасынан алынуы керек. Каратаж станциясы мен құбыр сағасының арасында артық заттар болмауы керек. Кабельдің жылжуына кедергі болмауы шарт, ол қазатын жердің табаны жуылған ертіндімен тазартылуы тиіс. Құбырдағы станция дұрыс орнатылуы керек, іштен жанатын двигетельден шығатын газдар жүргізушінің кабинасына, көтергіш бөлімшесіне, каратаж  станциясының лабороториясына енбеуі керек. Каротаж станциясында керогаз, пояльная лампа, жарамсыз бензин мен жылытқыш пайдалануға болмайды. Жұмысқа бара жатқан жолда рұқсат етілмейді:             -машина кузовына кіріп және шығуға, егер каратаж станциясы тоқтап тұрмаса.             -машина салонындағы адам санына байланысты орындықтармен қамтамасыз етілуі қажет. Салонда сигнал кнопкасы болуы керек, салон есігі құлыпқа салынбауы керек, іштен ашылуы керек.     Геофизикалық  жұмыс басталмай тұрып каротаж станциясын жерге тұйықтау керек, ол бұрғылау қондырғысының контуры бойынша болт қосылғышпен, струбцина және винтті қысқышпен орындалады. УГИС операторы жерге тұйықтау кедергісінің  өлшемін жүргізу керек, каротаж станциясының бұрғылау дейіңгі контурының жерге тұйықталынуын кедергі өлшеуішпен жүргізуі керек, ол 4 ом-нан аспауы керек, ал барлық бұрғылау контурын қосқанда сандық жерге тұйықтау кедергісі 10 ом-нан аспауы керек. Геофизикалық аспаптарды жарық немесе күш системасына қосқанда, құбырда тұрақты штепсель розеткасы және жерге тұйықтау байланысы болуы шарт. Геофизикалық құралдарды қосқанда, розетка жақсы орында орналасуы керек. УГИС операторы сымдарды қосқанда жарамсыз изоляция қолданбауы керек. Қосылған сымдардың үші вилкамен немесе колодкамен қамтамасыз етілуі керек. Қондырғы кабель арқылы электр жүйесіне қосылғанда, 2 м биіктікте ілінуі керек немесе жерден 0,5 м биіктікте, астына подставка қойылуы шарт және жүретін жолдан жолайрықтан алыс орналасуы шарт. Құбырдағы геофизикалық қондырғыны монтаждау ісі біткен соң, каротаж қондырғыларын бұрғылау желісіне қосу керек. Электр схемаларды бөлшектеу мен жинау, сымдарды жөндеу (ашық  сымдарды изоляция жасау), желілердің жарамдылығын тексеру, ток көзінен ажыратылған соң жүргізу керек. Құбыр приборларына қысым беру оларды  құбырға түсірген соң берілуі керек. Керек жағдайда,  егерде  құбыр приборларына қысым беру керек болса (градуировкалау, эталондау) онда жер бетіндегі адамдарды алыстау қауіпсіз жерге орналастыру қажет. Құбыр приборларын түсіріп және көтерген уақыттарда рұқсат етілмейтін жағдайлар:      -жүріп келе жатқан кабельге жақын бұрмау, оған үңілуге, астынан өтуге және оны аттап өту керек;         -қолмен жүріп келе жатқан кабельге тиісуге болмайды, майтайлықтан тазарту, белгілерді түзеу керек;         -орны ауысып кеткен блок-балансты немесе тартылған блокты түзеу;  -«Расхаживание» уақытында құбыр сағасымен көтергіш арасында тұруға болмайды, сонымен қатар құбыр сағасына жақындамау керек.                                                                              «Расхаживание» кезінде кабелге түсетін салмақ, оның 50% үзілу күшінен артпауы қажет. Көтергіш тежегіші істен шыққанда құбыр снарядын кабельден қолмен ұстап тоқтатуға болмайды. Кабельды қатты тартқанда көтергіш пен құбыр сағасы арасында тұрмау керек. Кабельды көтеру кезіндегі уақытша тоқтау және өлшемдерді өлшеп болған соң кабель линиясындағы кернеу ажыратылуы тиіс. Лаборатория мен көтергішті тоқ кезінен ажыратылған соң барып жерге тұйықтау қоршауын алып тастауға болады.           Авария жағдайлар туындағында (құбыр снаряды ұстап қалғанда) оператор мынадай жұмыстар істеу керек:        -барлық жұмыстарды тоқтату керек;       -каротаж станциясынан энергия көздерінен ажырату;    -инженер-геофизикті шақырту, содан кейін авариялық жағдайларды жою сол кісінің басшылығынды жүргізу.

7.1.4 Өртке қарсы іс-шаралар

Өрт қауіпсіздігі негізгі ережелеріне сәйкес әрбір цехта, лабораторияда, партияда, шеберханада, қоймада, онда жұмыс істейтін адамдарға өрт қауіпсіздігі іс-шаралары нұсқауы өткізіледі, ол жергілікті өрт бақылау органдарымен немесе ведомстволық өрт күзетімен келісілген болады. Мекеме басшысымен  бекітіледі, өндірістік оқу кезінде талданып және көрнекті орынға іліп қойылады. Әрбір өндіріс орнында өрт тақтасы, келтірілген құм жәшігінде болуы шарт, өрттің су вентилі болуы шарт. Өрт қауіпсіздігін болдырмау үшін мынадай іс-шаралар жүргізіледі:    -ай сайын каротаж бөлімшелерімен арнаулы нұсқаулар жүргізіледі;  -өрт қауіпсіздігін анықтау және белгіленген жауапсыздықты болдырмау үшін тексеру жүргізіледі;        -мекемелерге көлікпен де, жаяу да, суларға, өртке қарсы қажетті жабдықтар және құрал жабдықтарға жол әрдайым ашық болады, түнде жарықпен қамтамасыз етіліп, қыс мерзімінде қар уақытында тазаланып отырады. Жанармай сақталатын жер өндірістік объектілерден 50 метр қашықтықта орналасады. Сондай-ақ ескерту кестелері ілінеді (от қауіпті).   -көлікті от қауіпсіздігінен қамтамасыз ету үшін әр көлік өрт сөндіру құралымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жанармай қоймасының аймағы құрғақ шөппен тағы басқа материалдардан тазаланып, биіктігі 2 метр өртке төзімді қоршаумен қоршалуы тиіс.          -кәсіпорындағы (базадағы, контордағы, экспедициядағы) кәсіптік-геофизикалық зерттеулердің барлық участоктерінде және кезеңдерінде ұңғымаға көшу уақытында және ондағы жұмыстар кезінде өрттің пайда болу мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлары сақтау қажет. Сонымен қатар өрт пайда болған жағдайда, оны жою бойынша шаралар қабылдау керек. Мұнайлы өнеркәсіп кәсіпорындары үшін өрт сөндіру қауіпсіздігінің типтік ережелерінде баяндалған. Бұл ережеге сәйкес әрбір өндірістік бөлімшелерде (партияларда) оларға бекітілген участоктың өрт қауіпсіздігі үшін жауапты тұлға тағайындалады.           -кәсіпорын мен партияның барлық жұмысшылары өрт қауіпсіздігі ережесін, өзінің жұмыс орны үшін және жалпы кәсіпорын үшін орнатылған нұсқауларды, жұмыс жүргізілетін участоктегі және оған жақын жердегі телефонның орналасу орнын және жергілікті өрт сөндіру күзетшілерін шақыру тәсілдерін, өрт немесе апат болған жағдайда өзінің міндеттерін білуі керек. Негізгі көңілді өрттің пайда болуын ескерту бойынша шараларға болу керек. Бұл үшін келесі талаптарды қатаң сақтау керек: кәсіпорын территориясын, бөлмелерді, цехтарды, қызметтік территориясын, бөлмелерді, теспелеуші көтергіштерді және зертханаларды таза және ұқыпты ұстау; оларды қоқсықпен, ескі-құсқымен, жанғыш сұйықтықпен және майлармен ластамау; сүртуге пайдаланылған материалдарды тығыз жабылатын қақпағы бар, темір жәшіктерде сақтау, теспелеуші көтергіштерде және зарядты шеберханаларда алғашқы өрт сөндіру құралдарының (өрт сөндіргіш, балта, балға, шелек және т.б.) болуы және оларды басқа мақсаттар үшін пайдаланбау; экспедиция, база, барлау территориясында темекіні бұл үшін арнайы бөлінген орында ғана тарту; ашық оттарды бұрғылаудан 15 метр, көтергіш пен зертханадан 10 метр ара қашықтықта пайданалу, суйық жанғыш материалдарды тығыз  собылатын бөшкелерді, банкаларда тасымалдау; оларды тасындылар, шлангалар көмегімен құю. Пайда болған жалынды сөндіру кезінде өрт сөндіргішті, құмды, топырақты, киізді пайданалу керек. Сұйық жаңғыш материалдарды сөндіру кезінде суді пайдаланудың керегі жоқ.

 

7.2 Қоршаған ортаны қорғау

 

Барлық объектілерде жұмыс барысында комплексті түрде іс-шаралары жүргізілуі керек. Оның мақсаты қоршаған орталықты тұрақты түрде жаңарту: оны ластанудан сақтау, қоршаған ортаға теріс жағдайларды азайту, жергілікті заң жоба. Жұмыстар жүргізген кезде барлық объектілер қоршаған ортаны ластанудан сақтап, олардың зиянды әсерін неғұрлым төмендетіп жергілікті заң орындарының талаптарын сақтап отыруға міндетті. Барлық жұмысшылар келесі талаптарды сақтауға міндетті:        -қалдықтардың барлығын әрқайсысын өз контейнерларына  орналастыру;            -қауіпті зиянды заттар төгілген жағдайда абсормен қолдану керек;  -қолданғаннан кейін, абсормен өндірістік қалдықтары сияқты утилизирленеді;            -қоршаған ортаны қорғау стандартына сәйкес барлық сұйық қауіпті заттар жер астында арнайы ыдыстарда сақталады. Олардың қорғау қабаттары болуы тиіс. Барлық көліктер атмосфераға лақтыратын токсикалық заттарға тексеруден өтіп, құжат алады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

Дипломдық жұмысым бойынша Құмкөл  кенорнында  геологиялық тапсырма мақсатымен жүргізілген іздеу-барлау жұмыстары кенорын масштабын,  геологиялық және геотехнологиялық  жағдайларын анықтау арқылы кенорынның аймақтануын, сонымен қатар кезекті барлану мүмкіндігін айқындап берді.  

Геологиялық бөлімінде кен орнының геологиялық жағдайлары, геолого – геофизикалық зерттеу тарихы, стратиграфия, тектоника, мұнайлылығы толығымен сипатталған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ГРАФИКАЛЫҚ БӨЛІМДЕРІ

 

 

1.Ауданның шолу картасы масштаб 1:300 000

2. I-I сызығы бойынша геолого-литологиялық қима

масштаб көлденінен 1:25000 тігінен 1:5000

3. Тектоникалық сұлба  масштаб 1:300 000

4. Кұмкөл кенорнында ҰГЗ  жүргізу әдістері

5. КглМНГФ тәуелділіктері, ГК ның табиғи радиоактивтілігінен КглНИПИ (∆Iy)

6. Керн және ҰГЗ бойынша бағаланған көлемді саздылықты орналастыру

7. Бор және юра шөгінділері үшін арналған кеуектілік пен ҰГЗ кеуектілігін қатар қою

8.Құмкөл ауданының геологиялық  картасы масштаб 1:200 000

9. Құмкөл кенорнының құрылымдық  картасы масштаб 1:25 000

10. Құмкөл кенорнында жүргізілген  ҰГЗ жұмыстарының нәтижелілігі  масштаб 1:500

 

 

 

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

  1. Айдарбаев А.С  «Теория и практика разработки нефтяного месторождения Кумколь» Алматы: Ғылым, 1999
  2. «Проект разработки местрождения Кумколь»
  3. «Технологияческий регламент ГУ – 3 на месторождений Кумколь»
  4. Тархов А.Г. Геофизикалық әдістерді кешендеу. М., 1982
  5. Барлаудың геофизикалық әдістері. М., 1982
  6. Березкин В.М. Барлаудың геофизикалық әдістерін мұнай мен газ кенорындарын тікелей іздеу үшін қолдану. М., 1978
  7. Барлау геофизикасының әдістерін кешендеу (геофизик анықтамасы) М.,1984.
  8. Геолого-барлау жұмыстарының жобалары мен сметатарын құрастырудың нұсқаулары. М., 1986.
  9. Геофизиктің анықтамалары
  10. Гравибарлау, магнитобарлау, электробарлау, сейсмобарлау және ядролық геофизика бойынша оқулықтар
  11. Т.А.Ақышев.Дипломдықжобалау,Алматы,1994 

 

 

 


Информация о работе Ауданның геологиялық құрылысы