Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................2-4
1 тарау. Соттық дәлелдеу .....................................................................5
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.........................................11
1.2 Дәлелдеу пәні ............................................................................12-23
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері ..........................23-30
2 тарау. Дәлелдемелер ..........................................................................31
2.1 Дәлелдемелердің түсінігі ..........................................................31-38
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау.......................................39-41
2.3 Дәлелдемелердің жіктелуі .........................................................41-44
3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері....................................45
3.1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ......45-49
3.2 Куәнің көрсетпелері ...................................................................49-52
3.3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер ........................................53-55
3.4 Сарапшының қорытындысы ......................................................55-61
Қорытынды .......................................................................................62-63
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі..............64-66

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом Айгуль.doc

— 281.50 Кб (Скачать файл)

23) әрбір адам бұзылған  немесе даулы конституциялық  құқықтарын, бостандықтарын немесе  заңмен қорғалатын мүдделерін  қорғау үшін сотқа жүгіне алады. Мемлекеттік органдар, заңды тұлғалар  заңда көзделген жағдайларда  өзге адамдардың заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау туралы сотқа арыз беріп жүгінуге құқылы.

24) прокурор өзіне жүктелген  міндеттерді жүзеге асыру мақсатындасотқа  жүгінуге құқылы.

25) егер заңға қайшы  келсе, сотқа жүгіну құқығынан  бас тарту жарамсыз болады. Соттық  дәлелдеудің пәні-істі қарап, шешу үшін сот растығын анықтауға тиіс заңды фактілер. Талап немесе оған қарсылық білдіру негізінде кіруі мүмкін дәлелдеуге жатпайтын фактілер дәлелдеу пәніне жатқызылмайды. Дәлелдеу пәніне қатысты деректер құрамы әрбір  іс бойынша әртүрлі. Осы жағдайда қолдануға тиісті материардық құқық нормаларымен басшылық ете жәнетараптардың тараптарынан немесе қарсылықтарынан оны сот анықтайды.

 Әуелі дәлелдеу пәніне  талап негіздемесінің деректері  жатқызылады, яғни талап қоюшымен  талап негіздемесі ретінде көрсетілген заңды фактілер, сондай-ақ талапқа қарсы негіздемесі деректері, яғни жауапкер мен талапқа қарсы негіздемесі ретінде көрсетілген негізгі фактілер.

  • Процеске заңның нысанасына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар қатысқанда немесе қарсы талап қойылғанда іс бойынша дәлелдеу пйніне осындай талаптар негізінде деректер еңгізіледі.
  • Егер талаптар заңды маңызды жоқ фактілерге сүйенетін болса, онда сот оларды зеріттеуге тиіс емес. Ал егер тараптар іс бойынша маңызы бар фактілерді белгілемесе, онда сот оны өз бастамасы бойынша дәлелдеу пәніне жатқызу тиіс сондай-ақ дауды дұрыс шешу үшін тарапқа дәлелдемелер табыс етуге ұсыныс жасайды.
  • Дәлелдеуге жатпайтындеректер ҚР АЖІК іс бойынша дәлелдеуге жатпайтын төрт категория деректер белгілейді. Сондай ақ ол дәлелдеу пәніне жатқызылмайды. Жеке атайтын болсақ оларға:
  • -Жалпыға белгілі деректер;
  • Преюдициалды анықталған деректер;
  • Ұйғарылған болжамды деректер;
  • Даусыз деректер қатысты болады; (ҚР АІЖК -257 БАБЫНЫҢ 1-БӨЛІГІ);

әрқайсысын жеке қарастырайық.

Қандай деректерді жалпыға белгілі деп тану туралысоттың өзі шешеді. Сот жалпыға белгілі деп танылған мән жайларды дәлелдеудә талап етпейді.

  • Преюдициалды анықталған деректер дәлелдеуге жатпайды, яғни бұл іс бойыншақабылданып және заң күшіне енген сот үкімімен не шешімімен бекітілген деректер. Мұндай деректер жалпы іс қорғау мүмкін яғни істі қайта қарауда өзге тұжырыммен.

      Тәжірибеде  регрестік талаптарды қарастыруда  преюдициал                         дық деректер жиі кездеседі.

        Соттың  бұрын қаралған азаматтық іс бойынша заңды күші не деген шешімімен белгіленген мән-жайлар сот үшін міндетті және сол адамдар қатысатын басқа азаматтық істерді талқылау кезінде қайтадан дәлелденбейді ( ҚР АІЖК -нің 71 -бабының 2-бөлігі).

       Ұйғарылған (болжамды) деректерге, мысалы, көктем ( наурыз ) айларының басында қар еріп өзенде су деңгейі көтеріледі немесе қыста жол тайғақ болады деген деректерді жатқызуға болады. Мұндай болжамдар жалпы сотта іс қарау тәртібі бойынша тараппен жоққа шығарылуы мүмкін .

              Даусыз деректер – заңмен танылған деректер. Заңға сәйкес анықталды деп ұйғарылған деректер азаматтық істі талқылау кезінде дәлелденбейді.

              Дәлелдемелерсіз анықталған мән-жайларға:

  • осы заманға ғылымда, техникада, өнерде, кәсіпшілікте жалпы қабылданған зерттеу әдістерінің дұрыстығы;
  • адамның заңды білуі;
  • адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі;
  • олардың бар екендігін растайтын құжатты ұсынбаған және арнаулы даярлық немесе білім алған оқу орнын немесе басқада да мекемені көрсетпеден адамда арнаулы даярлықтың немесе білімнің болмауы есептеледі.

             Дәлелдеу тәртібі заңмен регламентенген. Дәлелдеу қызметі азаматтық процестің (тараптардың айтысуымен құқықтылығын, сотта іс қараудың жариялығы және т.б.) жалпы принциптерімен бағытталынады және процестің әр сатысында жекешелінеді.

             Дәлелдемелер жинау, зеріттеу не бағалау бойынша соттың немесе іске қатысушылардың іс-әрекеттері процесуалдық тәртіптерге сәйкес болуы тиіс. Осы тәртіптер қатарында дәлелдеу тәртібі ерекше орын алып отыр. Сот дәлелдемелерді бағалағанда, заңды және құқықтық сананы басшылыққа ала отырып, сот мәжілісінде істің барлық мән-жайларын жинақтап, толық және объективтітүрде қаруға негізделген өзінің ішкі сеніміне лайықты бағалайды. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күн ілгері белгіленген күші болмайды.

             Дәлелдемелер мынадай тұрғыдан бағаланады:

1-дәлелдемелердің қатыстылығы;

2-дәлелдемелерге жол беру;

3-дәлелдемелердің растығы;

4-дәлелдемелердің азаматтық  істі шешу үшін жеткіліктілігі.

1.Дәлелдемелердің қатыстылығы - бұл іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарды растайтын, теріске шығаратын не оларға күман келтіретін нақты деректер ретінде танылатын дәлелдемелер.

           Дәлелдемелердің қатыстылығы тәртібінің мәні – іске қатысты болатын дәлелдемелерді сот қарастыруы және зеріттеуі тиіс.

Іске қатысты дәлелдемелерді сотпен қарастыру құқығы ҚР АІЖК-нің 69-бабының 2-бөлігінде белгіленген. Дәлелдемелер мәні оның іске қатыстылығымен анықталады. Іске қатысты дәлелдемелердің жиынтығы материалдық және процессуалдық құқықтар нормаларымен анықталады.                                                    Дәлелдемелердің іске қатыстылығы судья өзінің ішкі сенімі боиынша бағалайды.

2.Дәлелдемелерге жол беру – бұл нақты азаматтық істер талқылау процесінде (куәнің айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, т.б.) дәлелдеу құралдарын қолдануда заңмен белгіленгеншектеулер. Бұл заң бойынша белгілі бір тәсілдермен (мысалы, жазбаша дәлелдемелермен) расталынған істің мән-жайын басқа дәлелдеу тәсілдерінің қандайымен болса да растауға болмайды.

           Заң бойынша белгілі (тараптар және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәлар айғақтары, жазбаша және заттай дәлелдемелер, сарапшының қорытындысы, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамалары және өзге де құжаттар) бір дәлелдемелермен расталуға тиіс емес (ҚР АІЖК-нің 68-бабының 2-бөлігі).

            Кей жағдайларда азаматтық процесте өзге де мән жайлар заңның тікелей белгілеуі бойынша түрлі дәлелдемелермен дәлелденуге тиісті емес. Мысалы, меншік құқығы куәлар айғақтарымен дәлелденбейді, себебі олар тек меншік туралы сәйкесті құжат (сатып алу-сату шарты) ұсынуы бойынша, неке қатынасын куәлар айғақтарымен дәлелдеуге болмайды, себебі ол тек некеге тұру туралы куәлікпен рұқсат етіледі.

             Нақты деректер (деректер және олар туралы мәліметтер) заң талаптарын бұза отырып:

- іске қатысушы тұлғалардың  заңмен кепілдік берілген құқықтарынан  айыру;

- оларды ығыстыру арқылы;

- істі сотта қарауға  дайындау кезінде немесе сотта  қарағанда азаматтық процестің  өзге де ережелерін бұзатын болса, онда мұндай дәлелдемелерге жол берілмеуі тиіс.

              Оны жеке қарастыратын болсақ:

1. күш қолдану, алдау, өзге  де заңсыз іс-әрекеттерді қолдану;

2. оларға түсіндірмеудің, толық немесе дұрыс түсіндірмеудің  салдарымен туындаған іске қатысушы адамдардың өз құқықтары мен міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану;

3. осы азаматтық “с  бойынша іс жүргізуді жүзеге  асыруға құқығы жоқ адамдардың  іс жүргізу іс әрекеттерін  жүргізу;

4. қарсылық білдіруге  жататын адамның іс жүргізу  іс-әрекетіне қатысу;

5. іс жүргізу іс-әрекетінің  тәртібін айтарлықтай бұзу;

6. белгісіз көзден немесе  сот отырысында анықтала алмайтын  көзден;

7. дәлелдеу барысында  қазіргі ғылыми білімге қайшы  келетін әдістерді қолдана отырып  алынған болса, олар нақты деректердің  растылығына әсер етсе немесе әсер етуі мүмкін болса, олардың сот дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол бермейді. (ҚР АІЖК-нің 69-бабының 1-бөлігі.)                 Күш қолдану, қорқыту, алдау сол секілді өзге де заңсыз іс-әрекеттерді қолдана отырып.

Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректерді дәлелдемелер ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығын және олардың шекпен павйдаланудың мүмкіндігін сот:

- өз бастамашылығы бойынша;

- іске қатысушы (тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор) тұлғалардың  өтініші бойынша белгілейді.

              Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелер заңдық күші жоқ деп танылып, сот шешімінің негізіне жатқызылмайды, іс үшін маңызы бар кез-келген мән жайды дәлелдеу кезінде пайдаланыла алмайды (ҚР АІЖК-нің 69-бабының 3-бөлімі). Осы азаматтық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асыруға құқығы жоқ адамның іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне байланысты.

             Дәлелдемелердіңжарамдылығы оларды алған кезде қолданылып жүрген заңға сәйкес белгіленеді (ҚР АІЖК-нің 4-бабының 3-бөлімі).

3.Дәлелдемелердің растығы – соттың тексеру нәтижесінде дәлелдеменішындыққа сәйкес келетіні. Дәлелдемелердің қатыстылығы және оған жол беру тәртібіне сәйкес дәлелдемелердің растығы анықталады. Дәлелдеменің растығы сотта іс жүргізу кезінде белгіленеді:

1. рас дәлелдемелер, сапалы ақпарат деректері меналынуы қажет;

2. дәлелдемелердің растығы  бірнеше дәлелдемелерді бір-бірімен  салыстыру арқылы анықталады;

3. іс бойынша барлық  дәлелдемелерді бағалау арқылы  дәлелдемелердің растығын анықтауға  болады; азаматтық процестен дәлелдемелердің растығын анықтауда іс бойынша тараптар және өкілдер белсенді қатысуы керек.

4.Дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі – егер дәлелдемелердің қатыстылығы, оған жол беру, оның растығы азаматтық процестің кез-келген сатысында бағаланатын болса, онда, дәлелдемелердің азаматтық істі шешу үшін жеткіліктілігі негізі істі шешу кезінде анықталады. Әрбір азаматтық іс бойынша дәлелдемелердің жеткіліктігі жеке сотпен бағаланады. Әр түрлі жағдайларға лайықты болатын дәлелдемелердің жеткіліктігі жөнінде бір жақты кеңес бере алмаймыз. Дәлелдемелердің жеткіліктілігі болғанда сот істі шешуге дайын деп айтуға бола ма? Мұнда дәлелдеменің жеткіліктігі – бұл санды емес сапа көрсеткіші. Әр тарап өз талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс (ҚР АІЖК-нің 65-бабы).

              Дәлелдемелердің жеткіліктігі бұл істі шешуге қажетті барлық дәлелдемелер жиынтығының сапасы.

    1. Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері

              Азаматтық іс бойынша дәлелдеу міндетті тараптарға жүктелген әр тарап өзінің талаптарының  және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Дәлелдеу құқығының теориясында дәлелдеу тараптардың міндеті емес, олардың құқық пәні болады деген пікір қалыптасқан. Осыған байланысты пікір-талас жүргізуге болады, бірақ заң дәлелдеудің міндеттілігін көрсетеді, яғни әр тарап өзінің талаптарының және қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуі тиіс.

Талапкер талаптың негізін құрайтын жағдайларды, жауапкер талапқа қарсылығын негіздейтін жағдайларды, дәлелдеуге тиіс.

Дәл осы дәлелдеу міндеті өзге тұлғалардың, қоғамдық немесе мемлекетік мүдделер мен құқықтарды қорғау мақсатында белгіленген заң тәртібінде сотқа талап қойған, прокурорға, мемлекеттік органға, жергілікті өзін-өзі басқару органына, ұйым мен азаматқа жүктеледі.

Материалдық құқықтық нормалары жекеленген жағдайда дәлелдеу міндетінің тараптар арасында бөлуді қарастырады. Бұл дәлелдемелік презумциялармен байланысты. Мысал ретінде мынадай материалдық заңның өзіне тән ережелерін келтіруге болады:

  1. зиян келтірушінің кінәсінің презумциясы жөнінде соның ішінде жоғары қауіптілік қайран көзбен зиян келтіру. Егер талапкер келесі үш фактіні дәлелдесе зиянды келтіру боиынша жауапкермен әрекетің жүзеге асырылуы, соның салдарынан зиянның болуы және оның әрекеті мен туындаған салдардың арасындағы себепті байланысты, онда азаматтық нормаларына сәйкес зиян келтірушінің кінәсі болжанады. Сондықтан талапкер жауапкердің кінәсін дәлелдеу міндетінен босатылады.
  2. Кәсіпкерлік әрекетіжүзеге асырылу кезінде міндеттемені орындамаған немесе тиісті түрде орындамаған тұлғаның кінәсінің презумциясы жөнінде. Кәсіпкерге мүліктік жауапкершілік жүктеледі, егер ол бой бермейтін күштің салдарынан яғни төтенше және алдын алуға болмайтын жағдайлардың салдарынан тиісті дәрежеде орындау мүмкін екендігін дәлелдесе (табиғат ақпарат, әскери жағдайлар және т.б.)

               Азаматтық міндет бұзылған жағдайда, ереже бойынша құқық бұзушы кінәлі болып есептеледі және жауапкершілікке тартылуы мүмкін кінәнің болмауы міндетті бұзушы тұлғамен дәлелденеді.

              Бұзушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті, яғни құқық бұзушылыққа жол бермеу үшін барлық тиісті шараларды қолданғанын білу қажет.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері