Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................2-4
1 тарау. Соттық дәлелдеу .....................................................................5
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.........................................11
1.2 Дәлелдеу пәні ............................................................................12-23
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері ..........................23-30
2 тарау. Дәлелдемелер ..........................................................................31
2.1 Дәлелдемелердің түсінігі ..........................................................31-38
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау.......................................39-41
2.3 Дәлелдемелердің жіктелуі .........................................................41-44
3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері....................................45
3.1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ......45-49
3.2 Куәнің көрсетпелері ...................................................................49-52
3.3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер ........................................53-55
3.4 Сарапшының қорытындысы ......................................................55-61
Қорытынды .......................................................................................62-63
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі..............64-66

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом Айгуль.doc

— 281.50 Кб (Скачать файл)

2.3. Дәлелдемелердің жіктелуі.

Соттық дәлелдемелер – азаматтық іс бойынша тараптардың талаптар мен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда от негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Нақты деректер-тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелермен, куәлардың айғақтарымен, жазбаша және заттай дәлелдемелерімен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге құжаттарымен анықталатын деректер.

Соттық дәлелдемелерді үш негіздер бойынша жіктеуге болады:

  1. істің мән-жайлары бойынша дәлелдемелердіңбайланыс сипаты;
  2. қалыптастыру негізі бойынша;
  3. дәлелдемелерді қалыптастыру процесі:

Енді әр қайсысы жеке қарастырайық.

  1. істің мән-жайлары бойынша дәлелдемелердіңбайланыс сипаты бойынша:

2. тікелей;

         3. жанама болады;

Тікелей дәлелдеме – сәйкестігі деректерді растайтын мән-жайлар анықтаумен тікелей байланысты дәлелдеме

Жанама дәлелдеме – жеке алынған, бірнеше болжам тұжырымдарға, ізденістегі деректер бойынша бірнеше болжамдарға негіз болатын дәлелдеме жетпейді.

Тікелей және жанама дәлелдемелердің растығын сот анықтау қажет.

1. қалыптастыру негізі бойынша:

- жеке;

-заттай дәлелдемелерге бөлініп қарастырады.

Жеке дәлелдемелер – тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері, куәнің айғақтары, сарапшының қорытындысы, яғни еке тұлғаның өзімен берілетін, айтылатын немесе ұсынылатын деректер.                                  

Заттай дәлелдемелер – жазбаша және заттай дәлелдемелер жиынтығы, яғни бұл іс бойынша маңызы бар әртүрлі құжаттар мен заттар.

С.В.Курылев дәлелдемелердің тағы бір түрін белгілеп отыр аралас дәлелдеме, яғни бұған сарапшының қорытындысын жатқызады.

  1. дәлелдемелерді қалыптастыру процесі бойынша:

- бастапқы;

- туынды өндірістік дәлелдемелер  болып бөлінеді.

Бастапқы дәлелдемелер өз көзімен көрген куәнің айғақтарындағы мәліметтер, шарттың түпнұсқасы, жарамсыз сапасыз тауар және т.б.

Туынды өндірістік дәлелдемелер – басқа дәлелдеменің мазмұнын қайта өндірістік дәлелдемелер. Бұл “Екінші қолдан” деп аталатын дәлеелдемелер. Мысалы, болған оқиғаны өз көзімен көрген адамның айтқан сөзінен естіп айтатынкуәнің айғақтары, шарттың көшірмесі, жарамсыз сапасыз тауардың бейнесуреті және т.б.

Бастапқы дәлелдемелер туынды өндірістік дәлелдемелерге қарағанда шындыққа жақын болады.

Мысалы, автокөлік адамды басып қағып кеткенді өз көзімен көрген куәнің айғақтары – тікелей, жеке және бастапқы дәлелдемелер болып табылады.

Мысалы, үйге меншік құқығын тану туралы іс бойынша қарызға ақша беру туралы қолхат-жанама, заттай жазбаша және туынды өндірістік дәлелдемелер болып табылады.

Аналогия бойынша жауапкерге белгілі дәлелдемелер ұсынуы қажет егер тараптар істі шешуге қажетті дәлелдемелерді ұсынбайтын болса, онда сот өз бастамасы бойынша оларға ол туралы ұсыныс жасайды.

Мысалы, қажетті дәлелдемелерге:

  • неке бұзу істер бойынша – некеге тұру куәлікті заттай дәлелдемені ұсыну;
  • жұмыс орнына қайта тұрғызу дауы бойынша – сол жұмыс орнына қабылдау және жұмыстан шығару туралы әкімшілігінің бастықтың бұйрығын ұсыну.

Қажетті дәлелдемелер басқа дәлелдемелерден ешқандай артықшылығы жоқ. Қажетті дәлелдемелер ұсынбауы сотта іс қараудың ұзақтығына және дауды дұрыс шешуге әкеп соғады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері

3.1 Тараптардың және үшінші  тұлғалардың түсініктемелері 

Тараптар – бұл іс жағдайлары жөнінде анағұрлым құнды мәліметтерді сотқа ұсынады, тұлғалар өйткені олар-даулы материалдарды құқық қатынасыныңсубьектілері. Тараптардың түсініктемелерінде екі аспектіні айыра білу керек. Бірінші аспекті – талаптың құрамына енетін, дәлелдемелер болып табылатын жағдайлар жөніндегі мәліметтер. Іске қатысты заңды фактілер мен өзге жағдайларға қатысты және тараптардың түсініктемелерінің мазмұнын қарайтын мәліметтер дәлелдеме болып табылады. Екінші аспекті – дәлелдеме болып табылмайтын  қалған барлық ниеттер, пікірлер, білдірілген көніл-күйлер және т.б.

Осындай мәңгі дау пәніне дербес талаптарын білдіретін үшінші тұлғалардың түсініктемелері ие болады, өйткені өздерінің процессуалды статусы бойынша азаматтық процестегі талапкерге теңестірілді.

Даудың нысанына талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар бір немесе екі тарапқа талап қою арқылы бірінші сатыдағы сот шешім шығарғанға дейін процеске кірісе алады. Олар талап қоюшының барлық құқықтарын пайдаланылады және оның барлық міндеттерін атқарады.

Дау пәніне дербес талаптарын білдірмейтін үшінші тұлғалардың түсініктемелері де дәлелдемелердің қайнар көздері болып табылады яғни талапкерлер мен жауапкерлердің мәліметтері ретінде қабылданады.

Даудың нысанына талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, егер тараптардың біреуіне қатысы өздерінің құқықтарына немесе міндеттеріне әсер етуі мүмкін болса,іс бойынша бірінші сатыдағы соттың шешімі шыққанға дейін талып қоюшы немесе жауапкер жағымды іске кіресе алады. Олар сондай- ақ тараптардың және іске қатысушы басқа адамдардың өтінімімен немесе соттың бастамасыменіскеқатысуға тартуы мүмкін. Дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тараптардың талап қоюдың негіздемесі мен нысанын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, сондай-ақ талап қоюдан бас тарту, талап қоюды мойындау не бітімгершілік келісімін жасау, қарсы талап қою, соттын шешімін мәжбүрлеп орындатуды талап ету құқықтарынан басқа іс жүргізу құқықтарын пайдаланады және ісжүргізу міндетін мойнына алады.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелердің құндылығы сонда, олар өздері білетін іс жағдайлары жөнінде мәліметтерді хабарлайды. Тараптардың түсініктемелеріне ерекше өндіріс істер бойынша талап қоюшылардың да түсініктемелері жатады.

Куә ретінде:

  1. балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;
  2. өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;
  3. шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде тундаған мәселелер туралы-судья;
  4. оларға таубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы – дін қызметшілері;
  5. заңда көрсетілген басқа адамдар жауап алуға жатпайды.....

Адам өз-өзіне зайыбына /жұбайына/ және шеңбері заңмен белгіленетін жақын туыстарына қарсы сотқа куәлік айғақ беруден бас тартуға құқылы.

Куәні шақыру туралы өтінім жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, бұл куәдан жауап алу қажеттілігін негіздеуге міндетті.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызды жағдайлар жөнінде түсініктемелері басқа дәлелдемелерден бірге теңестірілуге және бағалануға жатады.

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптарымен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер б.т.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекетінің хаттамаларымен және өзге де құжаттарымен анықталады.

Тараптардың және үшінші тұлғалардың іс үшін маңызы бар, өздеріне белгілі мән-жайлар туралы түсініктемелері іс бойынша жиналған басқа да дәлелдемелермен қатар тексеруге және бағалауға жатады.

Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша және жазбаша болуы мүмкін.

Тараптың талабын немесе қарсылығын негіздейтін фактілерді одан әрі дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тарап мойындаған факті сот отырысының хаттамасына енгізілген және фактіні мойындаған талап қол қояды.

Егер фактілерді тану шындығында болған мән-жайды жасыру мақсатымен не алдаудың, күш қолданудың, қолқытудың немесе жаңылтудың әсерінен жасалғандығына соттың күдігі болса, ол тануды қабылдамай, ол туралы ұйғарым шығарады. Мұндай жағдайда осы фактілер жалпы негізде дәлелденуге тиіс.

_______________________________________________________

9 Вандышев В.В. Гражданский  процес – СПБ; ПИТЕР, 2001.

10 Треушников М.К. Судебные  доказательства – М,  1997;

11 Баймолдина З.Х. Доказывание  идоказательства гражданском процессе, А 2000.

 

Сондай-ақ тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерін сот бағалай отырып, түсініктемелерді беру – олардың міндеттемелері емес, құқықта екендігін есте ұстау қажет сондықтан жанамада түсініктемеден бас тарту, жалған түсініктеме бергені үшін санкция қарастырылған.

Соттық тану – тараптардың түсініктемелердің түрі болып табылады және екі жақты болып келеді. Фактіні тану ерекше процессуалды соттық дәлелдеме болып табылады.

Бір тарап өзінің талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін фактілерді екінші тараппен тану, алғашқыларды осы фактілерді ары қарай дәлелдеу қажеттілігінен босатады. Тараппен фактіні тану сот мәжілісінің хаттамасына енгізіледі және осы фактіні таныған тарап оған қол қояды. Егер фактіні тану жазбаша болса, онда ол іске тіркеледі.

Азаматтық іс бойынша дәлелдемелер ретінде тек тараптар мен үшінші тұлғалардың ғана емес, сондай-ақ іске қатысушы өзге де тұлғалардың түсініктемелері саналады.

сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның жауапкердің және оның тараптарынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін тындайды. Прокурор мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтарымен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктеме береді.

3.2 Куәнің көрсетпелері 

Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы да болмасын мәліметтер өзіне белгілі болған тұлға куә болып табылады. Адамның айғағы, егер ол өзінің хабардар болу көзін көрсете алмаса, дәлелдеме деп танылмайды.

Куә ретінде:

  1. балаларды тәрбиелеу туралы даулар бойынша істерді қоспағанда өзінің жастығына, дене немесе психикалық кемістігіне орай фактілерді дұрыс қабылдауға және олар туралы дұрыс айғақ беруге қабілетсіз адамдар;
  2. өкілдің немесе қорғаушының міндетін атқаруына байланысты өздеріне белгілі болған мән-жайлар туралы азаматтық іс бойынша өкілдер немесе қылмыстық іс бойынша қорғаушылар;
  3. шешім немесе үкім шығару кезінде мәселелерді істің мән-жайын кеңесу бөлмесінде талқылау кезінде туындаған мәселелер туралы-судья;
  4. оларға тәубаға келу кезінде сенім білдірген адамдардан белгілі болған мән-жайлар туралы-дін қызметшілері;
  5. заңда көрсетілген басқа адамдар жауап алуға жатпайды.....

адам өз-өзіне зайыбына, жұбайына және шеңбері заңмен белгіленеді жақын туыстарына қарсы сотта куәлік, айғақ беруден бас тартуға құқылы.

Куәні шақыруң туралы өтінім жасаған адам оның тегін, атын, әкесінің атын және тұратын жерін немесе жұмыс орнын хабарлауға, куәдан жауап хабарлауға қайта алуға қажеттілігін негіздеуге міндетті.

 Куә ретінде шақырылған  адам сотқа тағайындалған уақытта  келуге және шынайы айғақ беруге  міндетті.

Науқастығының қарттығының, мүгедектілігінің немесе басқада дәлелді себептер бойынша келуге жағдайы болмаса, сот куәдан өзі барған жерінде жауап алуы мүмкін.

Куәнің сотқа шақырылуынан байланысты шығымдарды өтеуге және уақытын жоғалтуына байланысты ақшалай өтем ақы алуға құқығы бар. Шығындар мен өтем ақылардың мөлшері ҚР Заңдарымен белгіленеді.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері