Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 20:35, дипломная работа
Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Кіріспе..................................................................................................2-4
1 тарау. Соттық дәлелдеу .....................................................................5
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.........................................11
1.2 Дәлелдеу пәні ............................................................................12-23
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері ..........................23-30
2 тарау. Дәлелдемелер ..........................................................................31
2.1 Дәлелдемелердің түсінігі ..........................................................31-38
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау.......................................39-41
2.3 Дәлелдемелердің жіктелуі .........................................................41-44
3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері....................................45
3.1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ......45-49
3.2 Куәнің көрсетпелері ...................................................................49-52
3.3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер ........................................53-55
3.4 Сарапшының қорытындысы ......................................................55-61
Қорытынды .......................................................................................62-63
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі..............64-66
Тараптардың және іске қатысушы өзге тұлғалардың дәлелдеу іс-әрекеті істегі өзінің заңды позициясын негіздеу мақсатында дәлелдемелерді ұсыну және жинау – тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың дәлелдемелік әрекетінің түрі. Дәлелдемелерді ұсыну тәртібі. АІЖК 66-бабымен берілген.
Дәлелдемелерді ұсыну және жинау азаматтық істі қозғау кезеңінен бастап бірінші сатыдағы сотпен шешім немесе ұйғарым шығарғанға дейін жүзеге асырылады.
Дәлелдемелерді ұсыну апеляциялықсатыдағы сотта мүмкін АІЖК 335 бабының үшінші бөліміне сәйкес “Апеллиациялық шағым наразылық” беретін тұлғаның бірінші сатыдағы сотқа табыс етілмеген жаңа айғақтарға сілтеме жасауына тек шағымында оларды табыс етуге мүмкіндігі болмайтын негізделген жағдайда ғана жол беріледі.
Істі апеляциялық немесе касациялық тәртіппен қарау тәртіппен қарау кезінде сот аппелиациялық екі сот шешімінің заңдылығымен негізделгенін тексереді:
1. Аппелиациялық немесе
касациялық сатыдағы сот
2. шыға отырып, аппелияциялық шағым немесе наразылық келтірген шешімнің заңдылығын толық көлемде тексеруге құқылы.
Қосымша материалдар ретінде аппелияцялық инстанцияға нені ұсыну болатындығы нұсқаулар заңда көрсетілмеген. Сондай-ақ АІЖК түрлі терминдер қолданылады: атап айтқанда АІЖК 335 бабының 3 бөлімінде жаңадан табыс етілген дәлелдемелер.
Аппелияциялық инстанция “қосымша ұсынылған материалдарды” іс бойынша қандайда бір анықтау фактілердіанықтау және дауды шешу үшін ғана,сондай-ақ бірінші сатыдағы сот шешімдерін толық және жан – жақты тексеру үшін қолданылады.
Мысалы іс жағдайлары бойынша тұлғалардың жазбаша арыздары оларды аппеляциялық сатыдағы сотта куә ретінде жауап алу үшін негіз болады. Ал мамандардың пікірлері – сараптама тағайындау үшін негіз болып табылады.
Дәлелдемелер тараптармен және іске қатысушы өзге де тұлғалармен тікелей сотқа ұсынылады.
Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз айқындамасын тандап алады. Оны қорғау әдісі мен амалдарын дербес және соттан басқа органдармен адамдардан тәуелсіз түрде тандап алады.
Сот істің нақты мән-жайын анықтау мақсатында өз бастамасымен айғақтар жинаудан босатылған.
Сот тараптарға және іске қатысушы басқа да тұлғаларға істі дұрыс шешу үшін қажаетті қосымша дәлелдемелер табыс етуді ұсынуға құқылы.
Дәлелдемелерді жинау тараптардың және іске қатысушы өзге де тұлғалардың бастамасымен түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асырылады.
Тәсілдерінің бірі дәлелдемелерді мүдделі тұлғалардың өтінімі бойынша сұратып алу болып табылады.
Тараптар мен іске қатысушы басқа да тұлғалар үшін дәлелдемелерді ұсыну қиындық келтірген жағдайда, сот оларды өтінімі бойынша дәлелдемелерді сұратып алуға жәрдемдеседі.
Дәлелдемелерді сұратып алу жөніндегі мыналар көрсетіледі:
Қажетті жағдайларда сот өтінім берген тұлғаға дәлелдемелерді алу үшін сұраныс береді, сотпен талап етілген дәлелдемесі бар тұлға оны тікелей сәйкес сұранысы бар тұлғанын қолына береді. Немесе сотқа жолдайды.
Сотпен сұралатын дәлелдемелерді лауазымды және өзге тұлғалар дәлелдемелерді ұсыныла алмаған жағдайда немесе сотпен белгіленген мерзімде ұсына алмаған жағдайда, соттың сұранысын қалған екі күннен бастап бес күн мерзім ішінде себебін көрсетіп бұл жөнінде сотқа хабарлауға міндетті.
Сотпен себепсіз болып танылған жағдайлар бойынша соттың дәлелдемелерді ұсыну жөніндегі сот талабын орындамаған немесе уақытында хабарламаған жағдайда, кінәлі лауазымды және өзге тұлғалар әкімшілік немесе құқық бұзушылық жөніндегі заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік жауапкершілікке тарту, сұратылатын дәлелдемеге ие тұлғаны оны сотқа ұсыну міндетінен босатпайды. Көрсетілген тұлғалар сот талабын қасақана орындамаған жағдайда қылмыстық жауапкершіліке тартылады.
Жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырған көшірмелерді және өзінділерді беруге талап ете алады. Немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойған жерде қарай алады және зеріттей алады.
Дәлелдемелерді жинаудың тағы бір тәсілі дәлелдемелерді соттық тапсырма арқылы жинау.
Істі қараушы сот іске қатысушы адамның басқа қалада немесе ауданда дйлелдемелер жинау қажеттігітуралы өтінімін қанағаттандырған жағдайда тиісті сотқа белгілі бір іс жүргізу әрекетін жасауға тапсырма береді.
Істі қараушы сот іске қараушы адамардың Қ.Р. Құқықтық көмек көрсету жөнінде келісімі бар басқа мемлекетте дәлелдемелер жинау туралы өтінішін қанағаттырған жағдайда осы келісімінің ережелеріне сәйкес сот тапсырмасын жібереді. Соттың тапсырмасы туралы ұйғарымда қаралатын істің мәні тараптар туралы мәліметтер қысқаша баяндалады, анықтауға жататын мән-жайлар, тапсырманы орындаушы сот жинауға тиіс дәлелдемелер көрсетеді. Бұл ұйғарым ол жолданған сот үшін ол алынған сәттен он күнге дейін мерзімде орындалуы тиіс.
Соттың тапсырмасын орындау осы кодексте белгіленген ережелер бойынша сот отырысында жүргізеді. Іске қатысатын тұлғалар отырыстың өтетін уақытымен орны туралы құлақтандырылады. Алайда оған келмеу тапсырманы орындауға кедергі болып табылмайды. Хаттамалармен тапсырманы орындау кезінде жиналған барлық материалдар дереу істі қарап жатқан сотқа жібереді. Егер іске қатысатын адамдар немесе тапсырманы орындаушы сотқа айғақ беруші куәлар істі қарайтын сотқа келсе олар жалпы тәртіппен түсініктер мен айғақ береді.
Дәлелдемелердің жинаудың үшінші тәсілі дәлелдемелердіқамтамасыз ету институты арқылы дәлелдемелерді жинау. Бұл азаматтық процесуалды құқықтық арнаулы институты. Белгіленген институттың нормалары:
- өздері үшін қажаетті дәлелдемелерді ұсыну сонынан мүмкін болмайды немесе қиындық келтіреді деп қауіптенуге негізі бар іске қатысушы адамдар соттын осы дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы сұрай алады.
- дәлелдемелерді қамстамасыз ету куәлардан жауап алу сараптама, жүргізу, оқиға болған жерді қарап шығу.
- дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтініш сотқа дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі іс жүргізу әрекеттері жасалуға тиісті аумақ бойынша беріледі.
- дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішке қамтамасыз етілуге қажетті дәлелдемелер, растау үшін осы дәлелдемелер қажет мән-жайлар қамтамасыз етілетін дәлелдемелер қажет болып отырған іс көрсетілуі тиіс.
- дәлелдемелерді қамтамасыз ету туралы өтінішті қарау нәтижесі бойынша сот ұйғарым шығарады. Бұл өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы судьяның ұйғарымына жекеше шағым беруі тиіс.
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету процесуалды ережелер бойынша судья жүргізеді. Өтініш беруші және іске қатысушы өзге тұлғалар дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақыты және орны жөнінде хабарланады. Алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі өтініш қарауға кедергі болмай дәлелдемені қамтамасыз ету туралы тәртібінде жиналған хаттамалар мен өзге материалдар істі қараушы сотқа жіберіледі. Іске қатысушы тұлғаларға бұл жөнінде хабарланады.
Заңда дәлелдемелерді қамтамасыз ету мерзімі көрсетілмеген. Азаматтық іс жүргізу кодексінің 72 бабының 2 бөліміндегі (соттапсырмасын орындау мерзімі) норма аналаогия бойынша бұл мерзім он күннен аспайды.
Іс сотта пайда болғанға дейін дәлеледмелерді қамтамасыз ету нотариустармен немесе нотариат туралы заңнамамаен көрсетілген тәртіәппен консулдық мекемелердің лауазымды тұлғалармен жүзеге асырлады.
Нотариат туралы “Қ:Р:Заңының (14 шілде 1997 жылы)” 99 және баптары дәлелдемелерді қамтамасыз ету жөніндегі мәселені реттейді. Мүдделі тұлғалардың өтініші бойынша нотариус сотта немесе өзге өкілетті органда іс пайда болған жағдайда қажетті болған жағдайда егер дәлелдемелерді ұсыну сонынан мүмкін болмайды. Немесе қиындық келтіреді, деп қауіптенуге негіз болған жағдайда дәлелдемелерді қамтамасыз етеді.
Нотариус дәлелдемелерді қамтамасыз етпейді, егер мүдделі тұлға нотариусқа жүгінген мезетте, дәлелдемелер соттың немесе өзге өкілетті органнның өндірісінде болса.
Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тәртібінде нотариус азаматтардан жауап алады,құжаттар мен заттарды қарайды. Қажетті жағдайда сараптиама тағайындайды. Дәлеледемелерді қамтамасыз ету бойынша процессуалды әрекеттерді орындау кезінде нотариус Азаматтық АІЖК-ң сәйкес нормаларын басшылыққа алып. Нотариус дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақытымен орны жөнінде тараптарға және мүделі тұлғаларға хабарлайды, алайда олардың келмеуі дәлелдемелерді қамтамасыз ету уақытыме орны жөнінде тараптарға хабарлайды. Дәлелдемелерді қамтамасыз ету тараптардың және мүдделі тұлғалардың бірін хабарлаусыз жүзеге асыру кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда, немесе кейіннен істің кімнің қатысатының анықтау мүмкін емес болған жағдайда жүргізіледі.
Нотариустың шақыртуы бойынша куә немесе сарапшы келмеген жағдайда Қ:Р: Заңды актілермен көрсетілген шараларды қолдану үшін куә немесе сарапшының тұрғылықты жері бойынша сотқа хабарлайды. Нотариус азаматты немесе маманды қасақана жалған көрсетпелері үшін немесе көрсетпелер мен қорытынды беру беруден бұлтарғаны үшін жауапкершілігі жөнінде ескеріледі.
2 тарау. Дәлелдемелер
Азаматтық процестегі дәлелдеу соттық дәлелдемелерді пайдалану жолымен жүзеге асырылады. Соттық дәлелдемелер істі дұрыс шешу үшін маңызды болатын азаматтық іс бойынша заңды фактілер мен өзге жағдайларды анықтау құралы болып табылады.
Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптарымен қарсылығын негіздейтін мән-жайлардыдың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.
Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсінікткмелермен, куәлардың айғақтарымен, заттайдәлелдемелермен сарапшылардың қорытындылармен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттарымен анықталады.
Мұнда заңгер “іс жүргізу әрекетінің хаттамалары”, “құжаттар және жазбаша дәлелдемелер”, терминдерін теңбе-тең мәнде қолданады. Бір ұйғарым түрі терминдерді қолдану жолымен ашатын азаматтық іс жүргізу кодексінің бірі қатар баптарының мазмұнынан осындай қорытынды туындайды:
Құжаттар істі қарау кезінде сот іс бойынша дәлелдемелерді тікелей зеріттеуге: тараптардың іске қатысушы түсініктерін, куәлардың айғақтарын, сарапшылардың қорытындылардын, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қорытындысын тандауға, құжаттармен танысуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, заттай дәлелдемелерді қарап шығуға, дыбыс жазбаларынтандауға жәнебейне жазбаларды, кино жазбаларды фото материалдарын көруге, ақпаратты қайта құрудың өзге де құралдардың материалдарымен танысуға міндетті. Қажет болған жағдайда іс бойынша дәлелдемелерді зеріттеген кезде сот маманның консультациялары мен түсіндірмелерін тандайды.
Төрағалық етуді аудармашыға – оның сот жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерінің айғақтарының, мәлімдемелерінің жария етілген және істі бар құжатитардың дыбыс дазбалардың, сарапшы қорытындылардың, мамандар консултацияларының, сондай-ақ судья өкілдерінің, сот қаулылыры мен шешімдерінің, мазмұның аудару міндетін түсіндіреді. Осы кодекстің 73, 74,75,76-б. Және 170б. 9Тармағында көзделген тәртіппен жасалған құжаттар немесе олардың хаттамалары сот отырысында жария етіледі және іске қатысушы адамдарға, өкілдерге, ал қажет болған жағдайларда сарапшыға, мамандарға және куәларға көрсетіледі. Осыдан соң іске қатысушы адамдар түсініктеме бере алады.
Сотқа ұсынылуы қиын немесе жүргізілуге болмайтын құжаттармаен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады және зеріттеледі.
Қарау уақытымен орны туралы іске қатысушы адамдарға, олардың өкілдеріне хабарланады, алайда олардың келмеуі қарауды жүргізуге кедергі келтірмейді. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына енгізіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, тәсілдер, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ қарау кезінде жасалған құжаттардың және заттай дәлелдемелердің фотосуреттері, бейне жазбалар мен кино материалдар қоса тіркеледі.
81,85б, 334б. 2Бөл., 338б. 1Бөл жазбаша дәлелдемелер.
Іс үшін маңызы бар мән-жайлар туралы мәліметтерді қамтитын актілер, құжаттар, іскерлік немесе жеке сипаттағы хаттар жазбаша дәлелдемелер болып табылады. Түп нұсқа жазбаша дәлелдемелер, сондай-ақ істегі жазбаша хаттар оларды табыс еткентұлғалардың өтініші бойынша сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін оларға қайтарылуы мүмкін. Жазбаша дәлелдемелер соттың шешімі заңды күшіне енгенгедейін егер сот мүмкін деп тапса, оларды табыс еткен тұлғаларға қайтарылуы мүмкін.
Шағымдар , наразылықтар іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелермен қоса сотқа беріледі. Қажет болған жағдайларда судья апеляциялық шағымға немесе наразылыққа қоса тіркелген жазбаша айғақтардың іске қатысушы тұлғалардың санына қарай көшірмелерін беруге міндетті.
Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері