Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Мая 2015 в 20:35, дипломная работа

Краткое описание

Ал соттық дәлелдемелер - азаматтық іс бойынша тараптардың талаптармен қарсы пікірлерін дәлелдейтін мән-жайлардың бар-жоғын анықтағанда сот негізге алатын нақтылы деректер және істі дұрыс шешу үшін маңызы бар мән-жайлар, яғни іс бойынша нақты деректерді анықтау үшін, сотпен қолданылатын тәсілдерді анықтау үшін сотпен қолданылатын тәсілдер. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар не жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін өзгеде маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................2-4
1 тарау. Соттық дәлелдеу .....................................................................5
1.1 Соттық дәлелдеу түсінігі мен мақсаты.........................................11
1.2 Дәлелдеу пәні ............................................................................12-23
1.3 Дәлелдеу бойынша тараптардың міндеттері ..........................23-30
2 тарау. Дәлелдемелер ..........................................................................31
2.1 Дәлелдемелердің түсінігі ..........................................................31-38
2.2 Дәлелдемелерді зерттеу мен бағалау.......................................39-41
2.3 Дәлелдемелердің жіктелуі .........................................................41-44
3 тарау. Дәлелдемелердің жекеленген түрлері....................................45
3.1 Тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелері ......45-49
3.2 Куәнің көрсетпелері ...................................................................49-52
3.3 Жазбаша және заттық дәлелдемелер ........................................53-55
3.4 Сарапшының қорытындысы ......................................................55-61
Қорытынды .......................................................................................62-63
Қолданылған нормативтік актілермен әдебиеттер тізімі..............64-66

Вложенные файлы: 1 файл

Диплом Айгуль.doc

— 281.50 Кб (Скачать файл)

Мерзімде берілген және осы кодекстің  334 б. 2 бөлігінің және  335 б.

Талаптарына сәйкес келетін апеляциялық, кассациялық шағымды немесе наразылықты алғаннан кейін судья:  1) шағымның, наразылықтың және оған қоса тіркелген жазбаша дәлелдемелердің көшірмелерін келесі күннен кешіктірмей іске қатысушы адамдарға жіберуге;  2) шағымдануға наразылық келтіруге белгіленген мерзім өткеннен кейін істі апеляциялық іс жүргізу немесе кассациялық сатыға жіберуге міндетті. Азаматтық іс жүргізу заңдылығына сәйкес соттық дәлелдемелер нақты деректер болып табылады. Нақты деректер дегеніміз – істі дұрыс заңды болатын заңдыфактілермен өзге жағдайлар жөніндегі мәліметтер іске қатысушы тұлғалармен ұсынылған материалдарды  қабылдай отырып, сот оларды шынайы немесе жалған дәлелдемелік материалдардың қайсысы соттық дәлелдеме белгілене ие болатындығын анықтау. Істегі дәлелдеменің жалған екені мәлімдеген жағдайда осы дәлелдемені ұсынған адам соттың оны дәлелдемелер қатарына алып тастап, істі өзге дәлелдемелердің негізінде шешуді өтіне алады.

Дәлелдеменің жалғандығы туралы мәлімдеуді тексеру үшін сот сараптама тағайындай алаады.

Егер ұсынған дәлелдемесі жалған деп танылған адамның ісәрекетінде қылмыс белгілері, судья материалдарды бұл жөнінде прокурорға хабарлай отырып, қылмыстық іс қозғау туралы мәселенішешу үшін тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органдарына жібереді.

Сонымен соттық дәлелдемелер – бұл іс үшін маңызды жағдайларды дұрыс көрсететін тек шынайы деректер.

Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптарымен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, істі дұрыс шешу үшін өзге де маңызы бар мән-жайларды солардың негізінде анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер бойынша дәлелдемелер б.т.

Бұл нақты деректер тараптардың және үшінші тұлғалардың түсініктемелерімен, куәлардың айғақтарымен, заттай дәлелдемелерімен, сарапшылардың қорытындыларымен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және өзге де құжаттарымен анықталады.

Бұдан шығатын дәлелдемелер:

  1. заңды тәсілмен алынған;
  2. іске қатысты;
  3. заңмен белгіленген тәсілмен анықталған; нақты деректер б.т.

Нақты деректер, егер олар заң талаптарын бұза отырып іске қатысушы тұлғалардың заңмен кепілдік берілген құқықтарынан айыру немесе оларды ығыстыру арқылы немесе істі сотта қарауға дайындау кезінде немесе сотта қарағанда азаматтық процестің өзге де ережелерін бұза отырып.

_______________________________________________________

4 Курылев С.В. Основы теории  доказывания. Минск, 1969.

Іс бойынша іс жүргізу кезінде нақты деректер дәлелдеме ретінде пайдалануға жол беруге болмайтындығы, сондай-ақ оларды шектеп пайдаланудың мүмкіндігін өз бастамашылығы бойынша немесе іске қатысушы адамдардың өтінімі бойынша сот белгілейді.

Заңды бұза отырып алынған дәлелдемелерзаңды күші жоқ деп танылады және сот шешімінің негізінде жатқызыла алмайды.

Соттық дәлелдемелерді сипаттайтын бірінші белгі – соттық дәлелдемелер заңды тәсілмен алынған нақты деректер.

Заңды бұза отырып, алынған дәлелдемелер сот шешімінің негізіне алынбайды және заңды күші жоқ деп танылады, сондай-ақ іс үшін маңызды кез келген жағдайды дәлелдеу кезінде қолданылмайды.

Бұл белгіде дәлелдемелерге жол беру ережесініңбірі байқалады. Дәлелдемеге жол беріледі егер ол азаматтық іс жүргізу кодексімен белгіленген тәртіппен алынса. Іс бойынша куәлардан жауап алу, тараптардан және үшінші тұлғалардан түсініктеме алу, заттық және жазбаша дәлелдемелерді,сарапшылардың қорытындыларын алу заңымен жүзеге асырылуы тиіс. Нақты деректерге дәлелдеме ретінде жол бермеу, сондай ақ іс бойынша теріс пайдалануды шектеу өз бастамасы бойынша немесе іске қатысушы тұлғалардың өтінімі бойынша белгілейді.

Соттық дәлелдемелердің екінші белгісі – соттық дәлелдеме іс маңызды болатын, іске қатысы бар нақты деректер ғана. Іске қатысты дәлелдемелер болып табылатын, егер дауды дұрыс шешу үшін мәнді болатын жағдайлардың барлығын немесе жоқтығын бекітсе, яғни заңды фактілер және өзге жағдайларды бекітетін немесе теріске шығаратын дәлелдемелер. Егер дәлелдеме іс үшін маңызды мән-жайлардың бар екендігі туралы тұжырымдарын растайын, теріске шығаратын не оларға күмәнкелтіретін нақты деректер болса, сот дәлелдемені іске қатысты деп таниды.

Дәлелдеменің қатыстылығы жөніндегі мәселені шешу кезінде дәлелдеу пәнін анықтау қажет. Егер нақты деректер мен заңды фактілер және іс бойынша өзге жағдайлар арасында байланыс болса, онда дәлелдеме сотпен іске қатысты деп танылады, егер мұндай байланыс болмаса, онда ұсынылған, дәлелдемелік материал іске қатысы жоқ деп танылады. Материалдармен деректердің іске қатыстылығы жөніндегі мәселені дұрыс шешу, іс бойынша барлық жағдайларды анағұрлым аз күшті жұмсау арқылы дұрыс анықтауды қамтамасыз етеді.

Практикада дәлелдемелік фактілерді анықтайтын нақты деректердің қатыстылығын анықтау кезінде қиындықтар туындайды. Теорияда дәлелдемелік фактілер – заңды фактілермен байланысты болатын белгілі бір жағдайларды бекітетін фактілерді санайды осыған байланысты осы фактілердің бар жоғы жөнінде қорытынды жасауға болады. Мысал ретінде әкелікті анықтау жөніндегі істер бойынша дәлелдеуге жататын фактілерді қарастыруға болады.

Неке және отбасы туралы заңның 47 бабында көрсетілген заңды фактілер: баланың нақты тұлғадан екендігін көрсететін шынайы жағдайлар. Белгіленген фактілер сәйкес дәлелдемелермен бекітілуі немесе теріске шығарылуы мүмкін;

  • жауапкердің баланың пайда болуы кезінде болмауы. Бұл фактілер дәлелдемелермен бекітілуі қажет.

Сотпенанықтамалық дәлелдемелік фактілер мен іс бойынша заң фактілері арасында байланыс болады, осыған орай нақты тұлғаның әкелігін теріске шығару жөніндегі қорытындыға келуге болады. Белгіленген жағдайда дәлелдемелік фактілер іс бойынша дәлелдеу пәніне жататын заңды фактілердің болмауын бекітетін дәлелдемелер ретінде қарастырады.

Дәлелдемелік фактілердің өз екі жақты болады: біріншіден, олардың өздері дәлелденген болуы қажет: дәлелдемелік фактілер нақты деректермен бекітілуі қажет; екіншіден, олар заңды фактілері бар

_______________________________________________________

5. Юдельсон К.С. Проблема  доказывания в советском гражданском  процессе Москва,  1997.

жоқтығын анықтау құралы болып табылады, яғнинегізінде іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

Нақты азаматтық іс бойынша анықталуға жататын дәлелдемелік фактілері шеңбері заңмен реттелмейді. Ол іс жағдайлармен белгіленеді. Осыған байланысты олар заңды фактілерден өзгешілігі заңды фактілер материалды құқықтық нормаларында корсетіледі.

Дәлелдемелік фактілер өздіктерімен даулы құқық қатынасының заңды саралануына ықпал етпейді және іс бойынша дәлелдеу пәніне кірмейді. Алайда оларды анықтау ісбойынша заңды фактіларді анықтау процесі кезінде қажет.

Кейбір жағдайларда сотпен процессуалды сипаттағы фактілерді анықтау қажеттілігі туындайды, мысалы, арызды қабылдаудан бас тарту жөніндегі мәселелерді шешу үшін арызды қайтару, іс  бойынша өндірісті қысқарту жөніндегі мәселелерді шешу кезінде мұндай сипаттағы фактілердің бар жоғын негіздейтін дәлелдемелердің қатыстылығын анықтау үшін сот азаматтық іс жүргізу құқықнормаларын жетекшілекке алады.

Үшінші белгі соттық дәлелдемелер заңмен белгіленген тәсілдермен анықталған нақты деректер болып табылады. Заңда көрсетілген тәсілдермен анықталған нақты деректер соттық дәлелдемелер болып табылмайды.

Белгілі бір соттық дәлелдемелердің белгісінде жол беру ережелерінің бірі көрсетілген, яғни сот заңмен белгіленген дәлелдемелердің түрлерін пайдаланыла алады. Дәлелдемелер ретінде заңмен көрсетілген тәсілдер алынған нақты деректер ғана қолданылады.           

Бұл деректер:

  • тараптар мен үшінші тұлғалардың түсініктерімен;
  • куәлардың көрсетпелерімен;

_______________________________________________________                                                   

Баймолдина З.Х. Азаматтық сот өндірісіндегі дәлелдеу және дәлелдемелер, Алматы 2001.

  • жазбаша дәлелдемелермен;
  • заттық дәлелдемелермен;
  • сарапшының қорытындысымен анықталады:

Іске қатысы жоқ дәлелдемелер әрдайым сотпен жіберілмейді. Егер заңда көзделген тәртіппен алынса, дәлелдемеге жол беріледі деп танылады.

Заң бойынша белгілі бір дәлелдемелермен расталуға тиіс істің – мән-жайлары ешқандай басқа дәлелдемелермен расталуға тиіс емес. Заңмен көзделген тәртіпте сот тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін мән-жайлардың бар-жоғын, сондай-ақ істі дұрыс шешу үшін де маңызы бар мән-жайларды анықтайтын заңды түрде алынған нақты деректер іс бойынша дәлелдемелер болып табылады.

  1. 2. Дәлелдемелерді зеріттеу мен бағалау

Дәлелдемелерді зеріттеу сотпен, тараптармен, іске қатысушы өзге де тұлғалармен жүзеге асырылады және осы орайда азаматтық іс жүргізу құқығының қағидалары осы субъектілер мен қатаң түрде сақталуы тиіс.

Дәлелдемелерді зеріттеуде белсенді қатысушы өзге тұлғалардың түсініктемелерін куәлардың көрсетпелерін тындау сарапшының қортындысын жариялау, заттық дәлелдемелерді қарау, соттық тапсырманы орындау арқылы орындау арқылы сот мәжілісінде жүзеге асырылады.

Дәлелдемелерді зеріттеуде белсенді қатысушы сот болып табылады. Сотпен дәлелдемелерді зеріттеу тәртібі бекітіледі. Іс жағдайлары жөніндегі мәліметтерді нақтылау үшін судья тараптарға, үшінші тұлғаларға, куәларға, сарапшыларға, мамандарға сұрақтар қоюға құқылы.

Қажетті жағдайларда сот сол немесе келесі мәжілісте куәдан қайталап жауап алады, сондай – ақ көрсетпелеріндегі қайшылықтарды жою үшін куәлардың арасында беттестіру жүргізе алады.

Іске қатысушы тұлғалар бір-біріне, куәларға, сарапшыларға, мамандарға сұрақтар қоюға құқылы. Іске қатысушы тұлғалардың сот дереу қарап шығады. Ол олрдың қою қоймауын шешеді. Дәлелдемелерді орында қарау жолмен зеріттеу заңмен белгіленген.

Жазбаша дәлелдемелерді сотқа беру қиын болған ретте сот тиісінше куәландырылған көшірмелерді және өзінділерді беруді талап алады немесе жазбаша дәлелдемелерді олар сақталып қойған жерде қарай алады және зеріттей алады.

Заттай дәлелдемелер істі сақталады немесе айрықша тізілім бойынша соттын заттай дәлелдемелер сақтау камерасына өткізіледі. Сот заттай дәлелдемелерді өзгеріссіз сақтау қалпында шара қабылдайды.

Сотқа әкелу мүмкін емес заттар тұрған жерінде сақталады. Олардыт сот қарап хаттамада егжей-тегжейлі сипаттауға, ал қажет болған жағдайда суретке түсірілуге және мөрмен бекітілуге тиіс. Тез білінетін заттай дәлелдемелерді сот дереу қарап шығады. Мұндай заттар дәлелдемелерді қарап, зеріттеу орны мен уақыты туралы іске қатысушы адамдар, егер олар заттай дәлелдемелерді тұрған жерінде қарау кезінде келе қалса, хабарланады.

Тез бүлінетін дәлелдемелерді қарап шығу, оның нәтижелерін жазу осы, Кодекстің 87 бабында тәртіппен жүргізіледі.

Сотқа ұсынылуы қиын немесе жеткізілуге болмайтын құжаттар мен заттай дәлелдемелер олар орналасқан жерде қаралады. Орналасқан жерде қарау туралы ұйғарым шығарады.

Қарау уақыты мен орны туралы іске қатысушы адамдарға, олардың өкілдеріне хабарланады. Қарау нәтижелері сот отырысының хаттамасына жіберіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған немесе тексерілген жоспарлар, сызбалар, есептеу құжаттарының көшірмелері қоса тіркеледі.

Кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда іске қатысатын адамдары хабарландыра отырып, жазбаша және заттай дәлелдемелерді сол жерде тексерілу жүргізіледі.

Қарау нәтижесі сот мәжілісінің хаттамасында көрсетіледі. Хаттамаға қарау кезінде жасалған схемалар, сызбалар, есептеулер, құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ дәлелдемелердің фотасуреттері, бейне жазбалар және кино материалдар тіркеледі.

Осы дәлелдемелерді зеріттеу негізінде сот іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалайды және іс бойынша фактілермен өзге де жағдайлардың дәлелденгені немесе дәлелденбегені жөнінде қорытынды жасайды.

Сотпен дәлелдемелерді бағалау – соттық дәлелдемелердің құрамдас ақырғы бөлігі.

Судья істе бар дәлелдемелерді олардың жиынтығымен әділ, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сезімі бойынша бағалайды, бұл орайда ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады. Сот үшін ешқандай дәлелдеменің күні бұрын белгіленгені болмайды.

Тексеру нәтижесінде дәлелдеменің шындыққа сәйкес келетіні анықталса, дәлелдеме рас деп есептеледі.

Әрбір дәлелдеме қатыстылығы жол беруі, растығы, ал барлық жиналған дәлелдемелер жиынтығы азаматтық істі шешу үшін жеткілікті тұрғысынан алынуға тиіс. Судья дәлелдемелерді өзінің ішкі сенімі арқылы бағалайды.

Дәлелдемелердің жиынтығы, егер іске қатысты дәлелдеуге жататын немесе тарап жоққа шығармаған барлық және сенімді дәлелдемелер жиналса, азаматтық істі шешу үшін жеткілікті болып табылады.

Информация о работе Азаматтық іс жүргізудегі дәлелдеу және дәлелдемелер мәселелері