Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 09:48, курсовая работа
Ұлттық банк еліміздегі жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты сақтау осы органға жүктеледі. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Соның ішінде ақша−несие саясатының маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына, инфляцияның төмендеуіне және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша-несие саясатының мәні және мақсаттары........................5
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................12
II Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша-несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу
кезеңдері...........................................................................................16
2.2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары ...............19
2.3. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын
асыру.................................................................................................22
III Ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша-несие саясатының стратегиялық
мақсаттары....... ...............................................................................36
3.2. Ақша-несие саясатын дамыту перспективалары.........................40
Қорытынды............................................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................46
1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының (М/Р)S мәнінің өзгеруі
2) Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесіненің өзгеруі
3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы
4) Жиынтық сұраныстың өзгеруіне байланысты өнім көлемінің өзгерісі
Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасында тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижедегі көп ықпал етеді. (Сурет 3)
R
dR
Сурет 3. Ақшаға ұсыныстың өзгеру жағдайы
Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің өзгерісі экономикалық агенттердің қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиенің арзандауы, нәтижесінде пайыз мөлшерлемесінің төмендеуі байқалады. Ақша нарығының реакциясы LD қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады. (Сурет 4)
R
dR
Сурет 4. Ақшаға ұсыныстың өзгеру жағдайы
Ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді, керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді.
Келесі қадам,
пайыз мөлшерлемесінің
Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.
Мысалы, ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, өнім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мұндай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға әруақытта дұрыс әсер ете бермейді, сондықтан да орталық банк пайыз мөлшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егерде экономикада өрлеу болса және жалпы ұлттық өнім өссе, онда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі (нақты жалпы ұлттық өнім – ақшаға сұраныстың бір параметрі ((М/Р)D=kY-h*R). /2, 223 б./
Ақша ұсынысының тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесінің өседі деп, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі.
Экономикадағы құлдырау және ақша сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесін төмендетуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бұндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.
Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы егерде Орталық банк ақша ұсыныс өзгерту керек деп шешсе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (сr және rr) . Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда C/D=cr өседі, банктер артық резервтерін өсіреді, ол R/D=rr мәнін өсіреді.
Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді. /2, 225 б./
Ақша-несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдегі ие бола алады (шешім қабылдағаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесін тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.
Ақша-несие саясатының қазіргі кездегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.
Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен тығыз байланысты.
Егерде Орталық банк тұрақты айналым курсын ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы мүмкін емес, өйткені айнымалы курсты ұстау мақсатында әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. (Мысалы, валюта сатып алғанда экономикадағы ақша ұсынысы өседі.) Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады.
Қазыналық саясаттың нәтижесінде бюджетте тапшылық болса, онда мұндай жағдайда тиімді, тұрақты монетарлық саясат болмайды. /3, 117 б./
Ақша-несие саясаты – бұл айналыстағы ақша айналымын реттеуге арналған Ұлттық банктің шаралар жиынтығы болып табылады. Ақша – несие саясаты еліміздегі валюта тұрақтылығын, оның төлемқабілеттілігін, шетел валюталарына қатысты тұрақтылығын қамтамасыз етуді мақсат етеді.Сонымен қатар, нарықтағы ақша массасын реттеу, баға тұрақтылығын сақтау, пайыз мөлшерлемесін реттеп отыру да ақша-несие саясатының аралық мақсаттарына кіреді.
1.2 Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:
а) несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей реттеу
ә) ең төменгі міндетті резервтер нормасының өзгеруі
б) есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі
в) ашық нарықтағы операциялар
Тікелей (а) және жанама (ә,б,в) құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдары тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.
Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, ақша-несиелік саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылаы. /1, 205 б./
Аралық мақсаттар нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.
Пайыз саясаты – Қазақстан Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. Қазақстан Ұлттық банкі мүдделендіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты – айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуі тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы – шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгігеннен кейін жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігі салдарынан банктің қысқа мерзімдегі капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасындағы шекті қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан артық күшейтті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаржаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, ұлттық банк саясатының ақша жиынын бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты көрсеткішті білдіреді. /4/
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мөлшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты төмендеп отырған. Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлеуеттік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Міндетті резервтер – коммерциялық банктер Орталық банкке пайыз мөлшерлемесі есептелмейтін салым ретінде ақшаны сақтайды. Бұл депозиттегі ақшаларының белгілі бір бөлігі, мұны міндетті резервтер деп атайды.
Әр мемлекетте ақшаны сақтау формалары әр түрлі болады.
Міндетті резервтердің нормасы депозиттің көлемімен белгілі бір пайыз мөлшерлемесі арқылы тағайындалады. Олар салымның түрлеріне байланысты бөлінеді. Мысалы, жедел салым талап етілген салымнан төмен болады.
Банктер артық резервтерді сақтайды – бұл міндетті резервтердің артық сомасы өтімді құралдарға сұраныс өсетін төтенше жағдайларды пайдаланылады.
Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несие көлемін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қзметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликатор үрдісін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының бұл құралы 1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген «ҚР коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметін реттеу туралы» нұсқауға сәйкес, міндетті резерв нормативі 18-20% мөлшерінде бекітілген болатын. Қазіргі уақытта ол төмендеп, 10,5%-ды құрайды. Банктер резервтерінің артық болуы яғни ұлттық банктегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттардың өсуіне байланысты резервтік талаптар шамасын төмендетіп қана қоймай, сол сияқты резервтеудің баламалы тәртібіне өтеуге, яғни бұл банктердің нормативтерін орындау барысында корреспонденттік шоттағы қаражаттар сомасын ең төменгі резервтер мөлшеріне төмен болмауын сақтап отыруға тиістілігін білдіреді.
Информация о работе Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері