Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 09:48, курсовая работа
Ұлттық банк еліміздегі жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты сақтау осы органға жүктеледі. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Соның ішінде ақша−несие саясатының маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына, инфляцияның төмендеуіне және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша-несие саясатының мәні және мақсаттары........................5
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................12
II Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша-несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу
кезеңдері...........................................................................................16
2.2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары ...............19
2.3. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын
асыру.................................................................................................22
III Ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша-несие саясатының стратегиялық
мақсаттары....... ...............................................................................36
3.2. Ақша-несие саясатын дамыту перспективалары.........................40
Қорытынды............................................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................46
Ұлттық банк өзінің жүргізетін операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы мөлшерлемелерін белгілейді:
- ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі
- ресми есептік (дисконттық) мөлшерлемесі
- РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі
- «овернайт» займдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі
- күндізгі займдар бойынша сыйақы мөлшерлемесі
Ресми қаржыландыру мөлшерлемесі – ақша нарығындағы жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция және күтілетін инфляция деңгейіне байланысты белгіленеді. Ұлттық банктің заң актілері, ҚР Президетінің актілері негізіндн немесе ҚҰБ Басқармасының жекеқаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданады.
Ресми есептік мөлшерлемесі – ақша нарығының жалпы жағдайына,
несиелер бойынша сұраныс пне ұсыныс көлеміне байланысты белгіленеді және Ұлттық банктің коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу операцияларында қолданылады. Ресми есептік мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлеме болып табылады және ол айналыс мерзімі алты айлық вексельдерді қайта есептеуге қолданылады.
РЕПО және кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылдық пайыздық мөлшерлемелер, ішкі қаржы нарығының жағдайына байланысты белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданады. РЕПО-ның мақсатты мөлшерлемесіне ауытқу жағдайында ақшалай қаражаттарды орналастыру немесе тарту жолымен РЕПО нарығындағы сыйақы мөлшерлемелерді реттеу арқылы сыйақы мөлшерлемелердің елеулі ауытқуын болдырмау.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы мөлшерлемесі – Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы корреспонденттік шоттары бойынша есеп айырысуды дебеттік қалдықпен аяқтауы барысында бір түнге берілетін заемдары бойынша қолданылады.
Күндізгі заемдар бойынша сыйақы мөлшерлемелері - Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктерге, олардың ҚҰБ-ғы теңгеде ашқан корреспонденттік шоттары бойынша төлем жүргізуге немесе ақшалай аударымдар жасауға қажетті ақша қаражаттары уақытша болмаған не жетіспеген жағдайларда займдар бойынша қолдланылады. Ұлттық банктің ресми сыйақы мөлшерлемелері.
Ең төменгі резервтік талаптар - Ақшалай нарықтағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін несиелер көлемін реттеуде, банктің өтімділік деңгейін реттеуде және олардың міндеттемелері бойынша төлемсіздікті төмендетуге, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады.
Резервтік талаптар, ашық нарықтағы операциялар және пайыз саясатымен қатар коммерциялық банктерді жанама ақшалай-несиелік реттеудің негізгі құралдарының біріне жатады. Қазақстан банк жүйесінің бүгінгі даму жағдайында резервтік талаптар, бір жағынан, сақтандыру институттарының жоқ кезінде, коммерциялық банктердің депозиттерін сақтандыру қызметін, екінші жағынан, экономикадағы ақшалай мультипликация процесін реттеу қызметтерін атқарады.
Ақша-несие саясатының екі түрін атап кетуге болады. Біріншіден, жұмсақ ақша-несие саясатын («арзан ақша» саясаты деп аталады), Орталық банк:
а) олардың төлеміне ақшаны елдің есеп шоттарына және банктің резервіне аудара отыра, ашық рыногтан мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алағанда. Коммерциялық банктердің кредиттандыру мүмкіншіліктерін кеңейттуін қамтамасыз етеді және ақша жиынын өсіреді.
б) пайыздың есеп ставкасын төмендетеді, коммерциялық банктері қарызға беру көлемін көбейтуге және төмендетілген пайыз ставкалары бойынша өз клиентеріне кредиттандыру көлемін кебейтуге жол береді. Бұл ақша жиынын көбейткенде. Осылай, 2001 жыл бойы, ФРЖ 11 рет америка экономикасының басталған қуғын-сүргінмен күресу үшін есеп ставкасын төмендетті, соның нәтижесінде оның деңгейі 2001 жылдың аяғында – 2002 жылдың басында (1,75 пайыз) соңғы 40 жылда ең төмен маңызға жетті.
в) банктік резервке шығарудың
керекті нормасын төмендетеді, ол ақша
мультипликаторын өсіруге және экономиканы
кредиттандыру мүмкіншілігін
Сондықтан, жұмсақ кредиттік-ақша саясаты ақша жиынының өсуі және пайыздық ставкалардың төмендеуі арқылы экономиканы ынталандыруға бағытталады.
Екіншіден, қатаң ақша-несие саясаты («қымбат ақша» саясаты деп аталады), Орталық банк:
а) коммерциялық банктердің және елдердің ағымдағы есеп шоттарының резервтері қысқаруына әкеп соғатын ашық рыногында мемлекеттік бағалы қағаздарды сатқан кезде. Бұл коммерциялық банктер кредиттандыру мүмкіншіліктерінің қысқаруына әкеп соғады және ақша жиыны қысқарады.
б) есеп ставкасының пайызын көтергенде, коммерциялық банктер Орталық банктен қарызға алу көлемін тоқтатуға мәжбүр етеді және өз кредиттері бойынша ставкаларды көтеруге. Бұл ақша жиының өсуін ұстайды.
в) банктік резервке шығарудың керекті нормасын көтереді, ол ақша мультипликаторын төмендетеді және ақша жиынының өсуін шектейді.
Сондықтан, қатты ақша-несие саясаты рестриктивті (шектеулі) сипатта болады, ақша жиынының өсуін тоқтатады және инфляцияға қарсы әсер ету үшін қолданылуы мүмкін.
Жоғарыда қарастырылған «
Орталық банк ақша-несие немесе монетарлы саясатын өткізу механизмі қандай?
Жоғарыда қарастырылған әр түрлі тәсілдермен ақша жиынының көлеміне және кредиттандыру мүмкіншілігіне әсер ете, Орталық банк соңғы жиынтық сұранысқа бір қатар өз кезегіндегі буындар: ақша жиыны, пайыз нормасы, инвестициялар, жиынтық сұраныс, ұлттық кіріс арқылы әсер етеді. Нысандық түрде бұл өзара байланыстың тізбегін былай жазуға болады:
Мs ---r --- I –Y.
Мемлекеттің дискрециондық ақша-несие саясатының әсер ету механизмінің жалпы түрі осындай. Бірақ, нақты өмірде икемді монетарлық саясаты күтпеген нәтижелерге әкеліп соғады және оның тиімділігі жанама процесстің даму нәтижесі ретінде төмендейді. Бұны мынадай мысалмен дәлелдеуге болады.
Мысалы, Орталық банк экономикалық өсудің ынталандыруына курс өткізуді ұйғарды және пайыздық ставкаларды төмендету мақсатында ақша ұсынысын көбейтті. Бірақ, ақша өсу ұсынысының соңы елде инфляция қарқыны көтерілді. Бағаның өсуі банктерді номиналды пайыз ставкаларының деңгейін көтеруге мәжбүр етті. Номиналды пайыз ставкаларының өсуі инвесторларға дестимуляциялық тиім көрсетеді. Осыдан, Орталық банк саясаты қойған мақсатта – ЖҰӨ-нің өсуіне келген жоқ.
Өнеркәсіптік дамыған елдердің үкіметі пен Орталық банктері инфляция қарқынының көтерілу кезінде (1970 жылдары) приоритет қатыгез кредиттік-ақша саясатына берілсе де, тәжірбиеде басымды икемді монетарлық саясатын қолданады. 1980 жылдың аяғында – 1990 жылдың басында ақша сұранысы тұрақсыз бола беруіне және ақша ұсынысының қарқыны мен инфляция қарқыны араларындағы байланысқа байланысты Орталық банктер қайтадан пайыздың ставкасына мән бере бастады.
Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдарына: қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, міндетті резервтер нормасын белгілеу, мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу, банктерге және үкіметке несие беру, валюталық нарықты интервенциялау және кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу жатады.
2.3 Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын асыру
Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi жауап бередi және де Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетуге қатысады және Қазақстан Ұлттық Банкiнiң мемлекеттiк қарыздарына қызмет көрсетедi.
Сонымен қатар, банктерге, сондай-ақ Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша Қазақстан Ұлттық Банкiнде банк шоттарын ашқан заңды тұлғаларға несие беруге құқылы. Банктер үшiн соңғы сатыдағы кредитор болып табылады;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқармасы белгiлейтiн тәртiппен және шартпен банктердiң және басқа ұйымдардың алған кредиттерi бойынша Қазақстанның Ұлттық Банкi алдындағы борыштарын қайта құрылымдауға құқылы және банк операцияларының мынадай түрлерiн жүргiзу тәртiбiн айқындайды, нақтылап айта келсек, банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттiк шоттарын ашу және жүргiзу және жеке және заңды тұлғалардың металл шоттарын ашу және жүргiзу, оларда осы тұлғаға тиесiлi тазартылған қымбат бағалы металдардың нақты мөлшерi көрсетiледi, кассалық операциялар; аударымдық операциялар, есепке алу операциялары; жеке және заңды тұлғалардың, оның iшiнде корреспондент банктердiң тапсыруы бойынша олардың банк шоттары бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру, банкаралық клиринг, сейфтiк операциялар, ломбардтық операциялар, төлем карточкаларын шығару, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және салып жiберу, шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру, чек кiтапшаларын шығару, аккредитив ашу (ұсыну) және растау мен ол бойынша мiндеттемелердi орындау және Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген жағдайларда қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органға (бұдан әрi уәкiлеттi орган) банк операцияларының жекелеген түрлерi бойынша уәкiлеттi органның лицензия беру мүмкiндiгi туралы қорытынды бередi де Қазақстан Республикасында кредиттер бойынша сыйақының (мүдденiң) ставкаларын реттеудi жүзеге асырады. /9/
Қазақстан Республикасында инфляциялық процестерге ақша-несие әдiстерiмен реттеу арқылы бақылау жасау мүмкiн болмаған жағдайларда, Қазақстан Ұлттық Банкi олар бойынша кредиттер көлемiн және сыйақының (мүдденiң) банктiк ставкаларын шектеуге құқылы.
Сонымен қатар, Ұлттық банк Қазақстан Республикасында валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюта операцияларының барлық түрлерiн жүргiзуге құқылы және валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға шетел валютасымен айырбас операцияларын жүзеге асыруға, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау, салып жiберу, банкаралық клиринг жөнiндегi операцияларды жүргiзуге лицензиялар бередi, банк қызметi, есепке алу, ақша төлемдерi мен аударымдары, заң актілерімен белгiленген өкiлеттiк шегiнде валюталық операцияларды жүзеге асыру мәселелерi бойынша барлық банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың клиенттерiнiң мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтi құқықтық актiлер шығарады, сондай-ақ олардың сақталуын қадағалауды жүзеге асырады, бухгалтерлiк есепке алу және қаржылық есептiлiк жүйелерiн реттеу жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсе отырып халықаралық қаржылық есептiлiк стандарттарымен реттелмеген және ол арға қайшы келмейтiн мәселелер бойынша бухгалтерлiк есептiлiк стандарттарын, сондай-ақ оларға әдiстемелiк ұсыныстарды әзiрлейдi және бекiтедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бiрден-бiр орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi ақша-несие саясатын инфляцияның төмен деңгейiн және ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.
Ақша-несие саясаты қайта қаржыландырудың ресми ставкасын, ақша-кредит саясатының негiзгi операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерiн, ең төменгi мiндеттi резервтердiң нормативтерiн (резервтiк талаптарды), ерекше жағдайларда, операциялардың жекелеген түрлерiнiң деңгейi мен көлемiне тiкелей сандық шектеулердi белгiлеу жолымен жүзеге асырылады. /10, 5 б./
Қазіргі уақытта қолданылатын
келесі ақша-несие саясаты
1) қарыздар беру;
2) депозиттер қабылдау;
3) валюталық интервенциялар;
4) Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қысқа мерзiмдi ноталарын шығару;
5) мемлекеттiк және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату, оның iшiнде керi сатып алу құқығымен;
6) коммерциялық вексельдердi қайта есепке алу;
7) Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының шешiмi бойынша басқа да операциялар.
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта
қаржыландырудың ресми
Қазақстан Ұлттық Банкi қайта
қаржыландырудың ресми
Қайта қаржыландырудың ресми ставкасы ақша-несие саясатының негiзгi операциялары үшiн сыйақы ставкалары бойынша бағдар болып табылады.
Банктер беретiн несиелер көлемiн реттеу мақсатында, банктердiң өз мiндеттемелерi бойынша төлемсiздiк қаупiн төмендету, сондай-ақ банктердiң салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау үшiн Қазақстан Ұлттық Банкi резервтiк талаптар тетiгiн пайдаланады. Резервтiк талаптар нормативi банктер алдындағы мiндеттемелердi қоспағанда, мiндеттемелердiң жалпы сомасының процент ретiнде есептеледi және ол 40 проценттен аспайтындай мөлшерде белгiленедi.
Қазақстан Ұлттық Банкi ерекше
жағдайларда мiндеттемелердiң
Қазақстан Ұлттық Банкi ең
төменгi мiндеттi резервтер нормативi
бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының
заң актiлерiмен белгiлеген
Информация о работе Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері