Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 09:48, курсовая работа
Ұлттық банк еліміздегі жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты сақтау осы органға жүктеледі. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Соның ішінде ақша−несие саясатының маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына, инфляцияның төмендеуіне және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.
Кіріспе.......................................................................................................................3
I Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша-несие саясатының мәні және мақсаттары........................5
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................12
II Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша-несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу
кезеңдері...........................................................................................16
2.2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары ...............19
2.3. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын
асыру.................................................................................................22
III Ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша-несие саясатының стратегиялық
мақсаттары....... ...............................................................................36
3.2. Ақша-несие саясатын дамыту перспективалары.........................40
Қорытынды............................................................................................................43
Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................46
3.2 Ақша-несие
саясатын дамыту
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бос органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекет тұрақтандыру саясатын, тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банктің республиканың басқарушы органы ретіндегі қызметтеріне нақты мәліметтермен тоқталып кететін болсам:
2005 жылдың көрсеткіштеріне сараптама жасайтын болсақ, табыстың ұлғаюы мен экономикалық белсенділігі тудырған қаржыға сұраныстың өсуі тұтынушы құнының қалыптасуына нақты әсер еткен.
Қаржыға сұраныстың өсуі ақша агрегаттарының кеңеюін тудырды. 2005 жылғы ақша массасының өсуі 25,2%-ға 2065,3 млрд. теңгеге (2004 жылмен салыстырғанда 69,4%-ға) өсуі ішкі несиелендіру өсімімен байланысты.
2005 ж. айналымдағы қолма-қол ақшалар 8,6%-ға 411,8 млрд. теңгеге өскен. Ақша базасы 14,7%-ға 663,0 млрд. теңгеге, ақша мультипликаторы 2,86-дан 3,12-ге дейін өсіп, ақша базасының кеңеюіне қарағанда ақша массасы өсуі байқалған.
ҰБ-тің таза халықаралық резервтері 2005ж соңына 7065,9 млн. долларды құраған. Еліміздің халықаралық резервтері ҰБ-тің Ұлттық қордағы ақшаны қосқанда 15084,4 млн. доллар, яғни 4,7 пайызға өскен.
Ақша-несие саясатының инфляцияға әсерін ұлғайту үшін ақша-несие саясатының құралдары жетілдірілді. 2005ж 1 шілдесінен бастап, ақша-несиені басқару механизміне өзгешеліктер енгізілді, олар ақша-несие саясатының жеке операцияларын мерзім бойынша унификациялауды жүргізеді. Оның әсері болу үшін «овернайт», «овердрофт» операциялары қысқартылды.
ҰБ-тің екінші деңгейлі банктерден депозиттер тарту көлемі 30,1%-ға, 1654 млрд. теңгеге өсті.
Банктердің экономикаға несиесі 74,7%-ға 2592 млрд. теңгеге өсті.
Осы жағдайларды ескере отырып, ҰБ 2006-2008 жарналған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын жасады:
Кесте 1. 2006-2008 жылдарға арналған ақша-несие саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы:
2005 |
2006 |
2007 |
2008 | |
Инфляция ( период бойынша орташа),% |
7,6 |
5,7-7,3 |
5,0-7,0 |
5,0-7,0 |
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі, % |
8,0 |
8,0 |
7,5 |
7,5 |
ҚР ҰБ жалпы алтын-валюталық қоры, АҚШ млрд. долл |
7,1 |
9,7 |
11,2 |
12,5 |
% бойынша өзгерістер |
-23,8 |
37,7 |
15,4 |
11,7 |
Ақша базасы, млрд. тг |
663 |
939 |
1184 |
1416 |
% бойынша өзгерістер |
14,7 |
41,7 |
26,1 |
19,6 |
Ақша массасы, млрд. тг |
2065 |
2789 |
3561 |
4413 |
% бойынша өзгерістер |
25,2 |
35,0 |
27,7 |
23,9 |
Резиденттер депозиттері, млрд. тг |
1654 |
2228 |
2830 |
3525 |
% бойынша өзгерістер |
30,1 |
34,7 |
27,0 |
24,6 |
Банктердің экономикаға несиесі, млрд. тг |
2592 |
3676 |
4782 |
6028 |
% бойынша өзгерістер |
74,7 |
41,8 |
30,1 |
26,1 |
Осыдан келе ҰБ шетелдік капиталы ағылуы, ішкі нарықтағы өтімділік молдығы, мемлекет бюджетінің шығындарының өсуі инфляция деңгейінің өсуі ақша-несие саясатын қатаңдандыруды іске асырады.
Жоспарды орындау барысында, ақша-несие операцияларын қолдану тиімділігін арттыру жұмыстарын және қаржы нарығы жағдайы бойынша қабылдайтын өлшемдер одан әрі күшейтуді жалғастырмақ. /15, 3 б./
ҰБ-тің ақша-несие саясатының трансмиссиондық механизм моделі жетілдіріледі, ал ақша-несие саясатының құралдарының макроэкономикалық көрсеткіштерге, инфляцияға әсерін бақылауға мүмкіндік береді. Жоғары өтімділік мәселесін өткірлігін төмендету үшін банкте сақтауға тиіс нормативтер арқылы олардың міндеттерін кеңейту жолымен ең төменгі қорлық талаптар есебі механизмін әрі қарай жетілдіруді ұйғарады. Ақша ұсынысы экономикалық өсудің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Ұлттық банк валюта курсын бақылауда ұстайды. Валюта курсының өзгермелілігі валюта нарығындағы ақша сұранысы мен ұсынысына байланысты болады. Шетел валюталарының ағылуы мониторингі жасалады. Инфляцияны ауыздықтау ұлттық банк пен үкіметтің бірігуін талап етеді. Қолма-қол ақшаның жасандылығынан болатын экономикалық кері әсерлерді жою мақсатында ұлттық банк 15 қарашадан бастап жаңа дизайндегі валютаны енгізді. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету жолында ҰБ өз ісін ҚР-ның қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын басқару және қадағалау агенттігімен байланыстырады.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша барынша қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясы таяудағы 10 жылда елдің ақша-несие саясатының қаржы секторын дамыту саласында инфляция үрдістерін реттеу тиімділігін арттыру, валюталық реттеуді кезең-кезеңмен ырықтандыру, банктердің сыртқы қарыз алуын жанама реттеу құралын жетілдіру, сондай-ақ қаржы жүйесіндегі бәсекелестікті ырықтандыру мен арттыру негізгі міндеті болып табылады. Соныме Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі шетелдік капиталы ағылуы, ішкі нарықтағы өтімділік молдығы, мемлекет бюджетінің шығындарының өсуі, инфляция деңгейінің өсуі ақша-несие саясатын қатаңдандыруды іске асырады
ҚОРЫТЫНДЫ
Ақша-несие саясаты - елдегі тұрақтылық пен экономикалық өсуді қамтамасыз ететін негізгі мемлекет тарапынан жасалып, еліміздің Ұлттық банкімен іске асатын саясаттың бірі. Бұл курстық жұмыста пайыз мөлшерлемесі, ақша массасы, резервтік талаптардың және де ашық нарықтағы операциялардың маңыздылығы мен оның өзгеруі даму жағдайына қалайша әсер ететіні қарастырып, алдағы кезеңдегі бағдарламалар мен жоспарларда қателіктер жібермеу мәселесі қарастырылып оның шешу жолдары қарастырылған. Несиенің азаюы және ақшаның қымбаттауы - барлық жүйелерге таралатын құбылыс екеніне көзіміз жетті. Экономикада ақша ұсынысы соның әсерінен төмендейді. Ал есеп мөлшерлемесінің кемуі керісінше әсер етеді.
Соңғы жылдары ақша-несие саясатының негізгі көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылғын қамтамасыз ету болып есептеледі. Ақша нарығындағы пайыз мөлшерлемесінің өсуі артық резервтердің азаюына әкеледі, сонымен қатар халықты депозиттерде ақшаларын сақтауға ыңталанырып, қолма-қол ақша көлемінің азаюына әкеледі. Нәтижесінде ақша мультипликаторы көбейеді, сонымен қатар ақша ұсынысы да көбейеді. Сондықтан әрбір көрсеткіштің өзгерісі қалайша өзге факторларға әсер ететінін толық қарастырып, елдегі нақты жағдайды жақсартуға бағытталуы керек. Ақша-несие саясатының вариантын таңдау да өзекті мәселердің бірі болып саналады, ол көп жағдайда ақшаға сұраныспен байланысты болады. Мысалы, егер ақшаға сұраныстың өсуі инфляциялық үрдістермен байланысты болса (елімізде ол осы себеппен байланысты екенін білеміз), онда ақша жиынын қалыпты ұстау үшін қатаң саясатты пайдаланған жөн. Егер ақша айналымының күтпеген, кездейсоқ өзгерісі нақты айнымалылардың динамикасын сақтап қалса, онда пайыз мөлшерлемесі қалыпты деңгейде ұстап тұратын саясат пайдаланылады. Ұлттық банк бір мезгілде ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін тіркей алмайды. Беріліс механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін. Ақша−несие саясаты көлемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылдағаннан бастап нәтиже алғанға дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесінің тербелістері ЖҰӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады. Ақша−несие саясатының қазіргі кезеңдегі тиімділігі Орталық банктің саясатына деген сенімділікпен тығыз байланысты.
Фискалды және ақша−несие саясаттары бір−біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудыруда. Егер мемлекет экономикасы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс−әрекеттердің нәтижесі ақша−несие саясатымен байланысты болады. Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты инфляцияны ұстап тұру екенін айтқан Мемлекет басшысы, Ұлттық банк және Үкімет осы мақсатқа жету үшін жауапты болып табылатынына тоқталып, ол үшін оларға қажетті барлық өкілдіктер берілгенін атап көрсетті. Ақша-несие саясатының ендігі бір мақсаты - қаржы рыногының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Бұл ретте Ұлттық қор маңызды рөл атқарады. Үкімет Ұлттық қордың қаржысын пайдалануды тиімді құрылымдап, ашықтығын қамтамасыз ететініне сенімділілігі де маңызды көрсеткіш ретінде қарастырылады.
Ақша саясатын жүргізу тактикасы бойынша дамыған нарықтық экономикасы бар елдер мен Қазақстан Республикасының тәжірибесін салыстыру алдыңғы кезекте долларландыру деп аталатын проблемадағы бірқатар айтарлықтай айырмашылықты көзге нақты көрсетерліктей мүмкіндік береді. Қазақстан болса, ішкі өтімділік жолына түсіп, айырбас пунктері арқылы бүкіл аймақта долларлық жинаққа барлық жағынан жол ашты. Мұндай жағдай бүкіл елді долларландыруға алып барды. Ел ішіндегі шет ел валютасының айналымы экономикалық тәуелсіз мемлекеттің ұлттық валютасы ретінде теңгенің күшін жоюда. Осы жағдайды жүргізілген ақша–несие саясатының бір кемшілігі ретінде атап кеткен жөн болар. Экономикасының кейбір салалары әлі де шетелдік инвестицияға тәуелді Қазақстан әлемнің дамыған елдеріне инвестор болу рөлін атқаруда. Бұл дегеніміз, доллар бөтен шетелдік валюта ретінде, республикамызда ақшаның барлық функциясын атқарып отыр деген сөз. Ал өз мемлекетіміздің ұлттық валютасы артта қалу жолында. Осы жағдайдың барлығын болашақта құрылатын ақша–несие саясатының бағдарламаларында қарастыруымыз керек. Банк пайызының деңгейіне, сонымен бірге инфляция да әсер етеді, яғни инфляция өсіп отырса, соған сәйкес пайыздық мөлшерлеме да өсіп отырады. Бұл маңызды көрсеткіш те ақша-несие саясатында нақты, әрі дәл қарастырылуы тиіс.
Қазақстанда ақша массасының көптігіне қарамастан, несие үшін берілетін пайыздық мөлшерлеме өзге елдермен салыстырғанда неге соншама жоғары. Оны реттеу үшін банк қызметінің өзіндік құнына ерекше назар аударылуы тиіс. Тұтастай алғанда, республикамызда реформа басталғаннан бері тұрақты олигополиялық депозиттер және несиелер нарығы қалыптасып келеді. Банкаралық бәсекенің алдағы уақытта қалай дамуы көп жағдайда банк жүйесін реттеу және оны дамыту жолдарын жасау мен жүзеге асыру жөніндегі өкілетті органдардың тәжірибелік қызметіне тікелей байланысты. Қазақстанды халықаралық ұйымдармен бірлесіп жұмыс істеуге енгізу қаржы саласындағы ұлттық мүддені қорғау жөніндегі шараларды қабылдауды талап етеді.
Ақша−несие саясаты келесі кезеңдерге тиімді, әрі еліміздің өсуін дамыту үшін жеткізуші құрал ретінде қарастырылуда, сондықтан жоғарыда келтірілген курстық жұмыс нәтижесінде оны одан әрі дамыту үшін мынадай ұсынымым бар:
Қорытындылай келе, ақша−несие саясаты - елдегі тұрақтылық пен экономикалық өсуді қамтамасыз ететін, толық жұмысбастылыққа жеткізетін, бағаның тұрақтылығын сақтайтын, төлем балансының тұрақтылығына жауап беретін, ақша жиыны мен пайыз мөлшерлемесін реттейтін, айырбас курсы бақылайтын, банктік қызметті тиімді реттейтін, инфляциялық үрдіске қарсы бағыттылған және мемлекеттік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі орны ерекше саясат.
Информация о работе Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері