Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Мая 2013 в 09:48, курсовая работа

Краткое описание

Ұлттық банк еліміздегі жалғыз ақша эмиссиясын жүргізуші болғандықтан ішкі валюталық тұрақтылықты сақтау осы органға жүктеледі. Мемлекеттің дамуы мен экономикалық өсуі тікелей елдегі жүргізілетін саясатардың дұрыстығына негізделеді және соған байланысты болады. Соның ішінде ақша−несие саясатының маңыздылығы ерекше, өйткені ол елдегі іскерлік қызметтің артуына, инфляцияның төмендеуіне және төлем балансының тұрақтылығын қамтамасыз етуіне бағытталады. Сондықтан, бұл тақырыптың өзектілігі күмән тудырмайды, өйткені мемлекеттің қалыпты дамуын, әрі экономикалық өсуін немқұрайлықпен немесе мүлдем қарастырмай кету үлкен қателік болар еді.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3

I Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері
1.1. Ақша-несие саясатының мәні және мақсаттары........................5
1.2. Ақша-несие саясатының құралдары мен әдістері....................12

II Қазақстан Республикасыдағы ақша-несие саясатын жүргізу
ерекшеліктері
2.1. Ақша-несие саясатының Қазақстандағы қалыптасу
кезеңдері...........................................................................................16
2.2. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының құралдары ...............19
2.3. Ұлттық банктің ақша-несие саясатының негізгі бағыттарын
асыру.................................................................................................22

III Ақша-несие саясатын жүргізу құралдарын жетілдіру жолдары
3.1. Қазақстандаы ақша-несие саясатының стратегиялық
мақсаттары....... ...............................................................................36
3.2. Ақша-несие саясатын дамыту перспективалары.........................40

Қорытынды............................................................................................................43

Қолданылған әдебиеттер тізімі..........................................................................46

Вложенные файлы: 1 файл

Ақша несие саясаты.doc

— 313.00 Кб (Скачать файл)

Әлемдік  тәжірибеде  міндетті  резервтердің  өте  жоғары  деңгейде  болуы,  банк  жүйесінің  қаржы  делдалдары  ретіндегі  тиімділігін  нашарлатып,  ал  ең  төменгі  резервтер  нормасының  артуы  несиелік  ресурстардың  экономикаға  құйылуына  тосқауыл  болатындығын  көрсетеді.

Федералды  резервтік  жүйе  экономикалық  құлдырау  кезеңінде  міндетті  резервтердің  іскерлік  белсенділігін  арттыру  және  ынталандыру  үшін  міндетті  резервтің  деңгейін  жиі  қысқартып  отырған.  Ұлттық  банк  екінші  деңгейдегі  банктер  үшін,  олардың  нормативтерді  орындауына  байланысты  ең  төменгі  резервтік  талаптарды  орындау  барысында  банктерге  келесідей  екі  тәсілді  қолданады:

1) міндетті  резервтер

2) резервтеудің  баламалы  тәртібі

Орталық  банк  неғұрлым  міндетті  резервтердің  нормасын  жоғары  тағайындалған  сайын,  коммерциялық  банктердің  операцияларды жүзеге  асыруға пайдаланатын  қаражаты  аз  болады.  Резерв  нормасының  өсуі  (rr)  ақша  мультипликаторын  төмендетіп,  ақша  жиынының  азаюына алып  келеді.  Сонымен Орталық банк  міндеті резерв  нормасын өзгерте отырып,  ақша  ұсынысының  динамикасына  әсер  етеді.

Практикада  міндетті  резервтер  нормасы  қайта  қарастыруға  сирек  түседі,  өйткені  ондай  жұмыстар  өте  күрделі,  ал  бұл  құралдың  күші  мультипликатор  арқылы  жүргізгенде  үлкен  болады.

Ақша-несие  саясаты  арқылы  реттеудің  бірі  есеп  мөлшерлемесін  өзгерту.  Мұндай  тіркеу  мөлшерлемесін  пайдаланатын  Орталық  банк  коммерциялық  банктерге  несие  береді.  Егерде  есеп  мөлшерлемесі  өсетін  болса,  онда  Орталық  банктен  қарыз  алу азаяды,  демек коммерциялық  банктің қарыз беру  операциялары  азаяды  және  коммерциялық  банктер қымбат  несие алғаннан  соң,  қарыз пайыз мөлшерлемесін өсіреді.

Несиенің  азаюы  және  ақшаның  қымбаттауы  барлық  жүйеге  таралады.  Экономкада  ақша  ұсынысы  төмендейді.

Есеп  мөлшерлеме  нарықтағы  банкаралық  мөлшерлемеден  төмен  болады,  бірақ   Орталық  банктен  несие  алу  белгілі  әкімшілік  қиындықтарға  тіреледі. 

Қысқа  мерзімдік  несие  коммерциялық  банктердің  резервтерін  толтыру  үшін  беріледі.  Орта  және  ұзақ  мерзімдік несиелерді  Орталық банк  ерекше  жағдайларда береді.

Несиелік  операциялар – несиелеу  және  қаржыландыру  операцияларына  соңғы  жылдары  Ұлттық  банк  қызметінің  алдағы  уақыттарда  классикалық  қызметіне  жақындауына  байланысты  тиісті  шаралар  қолданды.  Қазіргі  уақытта  екінші  деңгейдегі  банктерді  несиелеу  тек  қана  олардың  өтімділігін  сақтау  мақсатында  жүзеге  асырылады.  Бюджет  тапшылығын  жабу  үшін  Үкіметке  несие  беру  бюджет  саясаты  аумағында,  яғни  Ұлттық  банктің республикалық бюджетті  несиелеуден бас тарту мақсатында  жүргізілді.  Жеңілдікпен несие беру  және  кәсіпорындардың несие үшін  тікелей өтініш  жасауы  қарастырылған жоқ.  Ұлттық  банк  несиелерін  орналастыру аукциондар  арқылы,  банкаралық  нарық  арқылы,  сол  сияқты  ломбарттық  несиелеу  негізінде  жүзеге  асырылады.

Ақша  нарығындағы  операциялар – Ұлттық  банктің айналыстағы ақша  жиынының  көлемін реттеу  мақсатында  екінші  реттегі нарықта мемлекеттің бағалы  қағаздарын  сату  және  сатып алумен  байланысты  операцияларын білдіреді.

Бұл  біршама  ақша  жиынын,  коммерциялық  банктердің  өтімділігі  және  несиелік  жұмыстарды  реттеудің  ыңғайлы  әдістерінің  бірі  болып  табылады.  Оның  негізгі  мәні  ақша  эмиссиясын  тоқтату арқылы  банктердің  несиені эмиссиялауын  шектеуді  білдіреді.

Ұлттық  банк  нарықта  бағалы  қағаздарды  сату  арқылы  оны  сатып  алушылардың  резервтік  шоттарынан  тиісті  соманы  ұстап  қалады.  Сөйтіп,  керісінше  банктерге  несие  беруді  және  ақша  шығаруды  ынталандыру мақсатында  Ұлттық  банк  бағалы  қағаздарда  сатып алады да,  тиісті  соманы  банктердің  резервтік шотына  қайта аударады. /2, 215-220 б./

Осы  айтылғандардың  бәрін  Орталық  банк  коммерциялық  банктердің  несиелік  мүмкіндіктерін  реттеу  меқсатында  жүргізеді.  Егер  Орталық  банк  алдында  сатып  алған  бағалы  қағаздарын  қайта  сату  көлемі  жаңа  партия  көлемінен  көп  болса,  банктердің  несие  ресурстарының  мөлшері  шектеледі  не  керісінше.

Орталық  банк  ақша  нарығы  операцияларын  мұқтаждық  пайда  болуына  немесе  ақша-несие  эмиссиясы  көлемінің  кеңеюіне  байланысты  жүйесіз  жүргізеді.

     Ұлттық  банк ақша – несие саясатының  тікелей және жанама құралдарын  қолдана отырып, ақша нарығындағы   тепе-теңдікті қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, инфляциямен  күрес – ақша-несие  саясатының  басты  мақсаттарының бірі болып табылады. Резервтік талаптарды орындау барысында Ұлттық банк міндетті резервтер және резервтеудің баламалы тәртібі тәсілдерін қолдана отырып, ақша ұсынысының динамикасына әсер етеді.

      Қазіргі  кезде Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі ақша-несие саясатының мынандай құралдарын қолданады: несие  берудің  лимиті,  пайыз  мөлшерлемесін  тікелей  реттеу,  ең  төменгі  міндетті  резервтер  нормасының  өзгеруту,  есептеу мөлшерлемесінің өзгерісі,  ашық  нарықтағы операциялар.

      Ақша-несие  саясаты – бұл  айналыстағы ақша  жиынын,  несие көлемін, сыйақы  мөлшерлемесін  өзгертуге,  жалпы  банк  жүйесінің  қызметін  реттеуге  бағытталған  шаралар  жиынтығы. Қазақстан Республикасында ақша-несие  саясатын жүргізуші субьектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ақша-несие  саясатының екі типі қолданылады: рекстрикциялық  ақша-несие  саясаты (несиелік операциялар көлемін шектеу) және  экспанциялық  ақша-несие  саясаты (несие беру көлемін ұлғайту).

       Қазақстан   Республикасындағы  ақша-несие   саясаты тікелей және жанама  құралдарын қолдана отырып елдегі  ұлттық  валютаның  тұрақтылығын,  яғни  оның  төлемқабілеттілігі  мен  басқа  шетел  валюталарына  қатысты  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуді  көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II   ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН  ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1 Ақша-несие   саясатының Қазақстандағы қалыптасу  кезеңдері

 

Ұлттық Банктiң қызметi мынадай негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталатын болады:

  • инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшуге дайындық;
  • валюта режимiн одан әрi ырықтандыру;
  • Ұлттық Банктiң ресми ставкаларын тиiмдi азайту;

Ақша-несие саясатының  негiзгi құралдары РЕПО операциялары, Ұлттық Банктің қысқа мерзімдi ноттарын шығару және вексельдермен қайта есептеу операциялары сияқты ашық рынок операциялары болады. 2003 жылы Ұлттық Банк өзiнің ресми ставкаларының реттейтiн рөлiн күшейту жөніндегi шараларды қабылдайды және нақты алғанда  олардың әлсiз оң әлсiздерiн қолдайтын болады. Бұл 2004-2006 жылдары ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуiне көшуге дайындық үшiн негiз болып табылады.

Экспорттың болжамды өсiмi сауда балансының оң сальдосының  жыл сайынғы өсiмiн қамтамасыз етедi. Экспорттың неғұрлым көп өсiмi 2003-2006 жылдары күтiледi. Экспорттың 2003 жылы экспорттың елеулi артуы әлемдiк рыноктарда өсiп отырған баға конъюнктурасына, ал 2006 жылы - Солтүстiк Каспий мұнайын жеткiзудің басталуына негiзделген. Экспорттық кредиттердiң өсуi тiкелей инвестициялардың түсумен қатар елiмiзге шетел валютасының жеткiлiктi ағыны үшiн арналар жасайды және Ұлттық Банктің халықаралық резервтерiнiң одан әрi өсуiн қамтамасыз етедi.

Қазақстан Республикасында  ақша төлемдерi мен аударымдарын жүзеге асыру тәртiбiн, жүйесi мен нысанын белгiлейдi, банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арасында Қазақстан теңгесiмен ақша аударымдарының уақтылы және кiдiрiссiз жүргiзiлуiн қамтамасыз ететiн төлем жүйелерiнiң жұмыс істеуін ұйымдастырады, сондай-ақ қадағалауды жүзеге асырады, банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың өздерi пайдаланатын автоматтандырылған жүйелер мен банк ақпаратын қорғаудың сенiмдi, қауiпсiз болуын қамтамасыз ету жөнiндегi ең төменгi талаптарын белгiлейдi және банк операцияларын жүзеге асырған кезде электрондық банк қызметiн көрсету ережелерiн белгiлейдi.

Ұлттық Банк одан әрi валюта себетiне нақты тиiмдi айырбас бағамын  негiзгi сауда серiктестерiн индекстеу  бағдарымен өзгермелi айырбас бағамы режимiн қолдайды. /5, 15 б./

Ақша-несие саясатының негiзгi мақсаты: инфляцияның төменгi деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР  Ұлттық  Банкінің  құрылымы  төмендегі 5 суретте көрсетілген.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 5. Ұлттық Банктің  құрылымы

 

Валюта рыногында сұраным  және ұсыныстар теңгерімiн тұрақтандыру мақсатында валюта режимiн ырықтандыру  жалғастырылатын болады. Жұмыс шетелге  тiкелей инвестициялау операцияларын  ынталандыру, сыртқы сауда операцияларын жүзеге асыру кезiнде шектен тыс әкiмшiлiк тосқауылдарын жою, сондай-ақ шет елдердегi шетелдiк банктерде шоттарды ашу тәртiбiн жеңiлдету бағытында шоғырландырылатын болады, ол рынокты шетелдiк валютаға сұраным тарапынан қолдайды.

Капитал ағынына байланысты тәуекелдердi азайту үшiн шоғырландырылған негiзде пруденциялық қадағалау жетiлдiрiлетiн болады, банктерде, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларында тәуекелдi басқарудың iшкi жүйесi енгiзілетiн болады, қаржылық емес ұйымдар - iшкi валюта рыногының iрi қатысушылар тарапынан алыпсатарлықты бақылау және ұстау тетiктерi әзiрленетiн болады.

Тұтастай алғанда Қазақстан  Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру кезең-кезеңiмен өткiзiледi. Кезеңдердiң уақытша шеңберлерiн  және басым операциялардың тiзбесiн анықтау кезiнде бұрын қойылған мақсаттарға қол жеткiзу, төлем теңгерiмiнің жай-күйi және әлемдік тауар және қаржы рыноктарындағы ахуалдар валюта режимiн одан әрi ырықтандырудың негiзгi шарттары болып табылады, ол келесi кезеңге көшу үшiн қажеттi алғышарт жасау тиiс. Толығымен ырықтандыру 2007 жылы аяқталады. /6, 10 б./

Ұлттық банктің төлем жүйелерi саласындағы негiзгi назары 2003 жылы және кейiнгi жылдары микропроцессорлық  карточкалардың негiзінде Ұлттық банкаралық төлем карточкалары жүйесiн енгiзуге бөлiнетiн болады. Ұлттық банкаралық төлем карточкалары карточкалар арқылы әскери қызметшiлер үшiн ырыздықақы, зейнеткерлерге зейнетақы және басқа атаулы төлемдердi төлеу, тауарлар мен қызметтердің кез келген түрлерiн төлеу, кеден алымдары мен төлемдерiн төлеу шарттарын жақсарту, салық органдарының салықтар мен төлемдердi жинауын оңтайландыру, медициналық қызметтердi есепке алу және т.с.с. мiндеттердi шешуге мүмкiндiк бередi. Бұл халыққа және сауда-сервистiк кәсiпорындарға қызмет көрсету жөніндегi бiрыңғай төлем кеңiстiгiн құру, қолма-қол емес айналымға халықта бар қолма-қол ақша массасын тарту дегендi білдiредi.

Алдағы жылдары Ұлттық Банк EуpAзЭҚ  елдерiнің орталық банктерiмен  бiрлесiп ЕурАзЭҚ елдерiнiң жалпы  төлем жүйесiн ұйымдастыру және қаржы рыноктарын ықпалдастырудың басқа бағыттары жөніндегi жұмыстарды жалғастыратын болады.

Ақша-несие саясаты қаржы рыногының тұрақтылығын сақтауға, сақтандыру рыногын, бағалы қағаздар рыногын одан әрi дамытуға және банк жүйесiн нығайту, экономиканың нақты секторы банктерінің кредит беруiнiң одан әрi өсуi үшiн жағдайлар жасауға, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы жүйесiн жетiлдiруге ықпал етедi. /7, 8 б./

Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты  Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып  табылады.

Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi:

1) мемлекеттiң ақша-несие саясатын әзiрлеу және жүргiзу;

2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн  қамтамасыз ету;

3) валюталық реттеу мен валюталық  бақылауды жүзеге асыру;

4) қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу.

Қазақстанның Ұлттық банкi Қазақстан Республикасында айналыстағы ақша көлемiнiң мөлшерiн реттеу жолымен мемлекеттiк ақша-несие саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды.

 

2.2  Ұлттық  банктің  ақша-несие  саясатының  құралдары

 

Қазақстан  Республикасында  Ұлттық  банк  ақша-несие  саясатын  жүргізеді.  Нысанаға  алатын  ақша базасы  келесідей  ақша-несие  саясатының  негізгі  құралдарының  көмегімен  реттеледі:

- қайта   қаржыландыру  мөлшерлемесі:  ресми   мүдделендіру  мөлшерлемесі  деңгейін  белгілеу

- Қазақстан Ұлттық банкінде  жинақталатын  ең  төменгі  міндетті  резервтер  нормасын  белгілеу,  оның  ішінде  сырттан  тартылған  қаражаттарды  мерзіміне,  көлеміне  және  түрлеріне  байланысты  жіктеу

- мемлекеттің   бағалы  қағаздарын  сатып   алу  және  сату  бойынша   ақша  нарығындағы  операцияларды   жүргізу

- банктерге   және үкіметке  несие  беру

- ресми   есепке  алу  (дисконттық)  мөлшерлемесі

- валюталық   нарықты  интервенциялау

- кейбір  жағдайларда   несиелік  операциялардың  жекелеген   түрлерінің  деңгейі  мен   көлеміне  тікелей  сандық  шектеулер  енгізу.

Қазіргі  уақытта  жоғары  аталған  құралдардың ішінде  іс  жүзінде қолданылып  отырғандары:  ресми сыйақы  мөлшерлемелері,  қысқа мерзімді  ноттарды  эмиссиялау,  ашық  нарықтағы операциялар.

Информация о работе Ақша-несие саясатының ұйымдастыру негіздері