Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі.

Содержание

Кіріспе
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
2. Тікелей эфир ерекшеліктері
2.1. Телевизиядағы кері байланыс процесі
2.2 .Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі
2.3. Эфир этикасы
3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

диплом2.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

Тұсауы 1995 жылы кесілген «Хабар» агенттігінің құрылған күнінен бастап барлық әрекеті көрерменнің көз алдында. «Хабар» бас-аяғын тез жинап, аз уақытта көп іс атқарып үлгеріп, «мынау» деп ұялмай көрсете алатындай дәрежеге жетті. «INTELSAT-703» жер серігінің көмегімен бүкіл республика аумағын, Ресей мен Орта Азия және Қытай Республикасының көршілес аумақтарын қамтитын ірі ұлттық арнаның орта тәулік хабар тарату көлемі 15 сағат, осы уақыт ішінде қазақ және орыс тіліндегі жаңалықтарымен құлағы түрік, көкірегі ояу көрермен он рет жүздесіп, күнделікті ақпарат алады. Республикада, әлемде, үкімет пен парламентте көтеріліп жатқан оқиғаларды теледидар көрермендеріне нақты жеткізу жолында жүздеген қызметкерлер тынымсыз еңбек етеді. «Хабар» халық пен қоғам өміріне белсене араласып, көрермендерімен қоян-қолтық жүреді. Елде қандай игілікті іс болса да содан тек репортаж жасаушы ғана емес, ұйымдастырушысы, ұйтқысы болып , басы-қасында «Хабар» өзі жүреді. «Хабардың» арқасында қазақстандықтар тұңғыш рет футболдан әлем чемпионатынан, Сидней Олимпиадасынан қазақ тілінде жүргізілген хабарды тамашалады.

Еліміз тәуелсіздік алған тұстан бастап жеке меншік телеарналар ашыла бастады. Әуел баста эфирді немен толтырам деп қам жеп, аяқтарынан қалт-құлт тұрған тәуелді, тәуелсізі бар телеарналар қазір қоғамда өзінің орнын тапқан. Телеарналар арсындағы нағыз бәсекенің ауылы алыс болғанымен, бүгінгі күннен бастап оның қабырғасы қалануда. Әр телеарна көпшілік арасында рейтингісін көтеру үшін күннен күнге түрлі хабарлар ұсынып жатыр. Барлығы бірдей дерлік сәтті шықпаса да, арасынан саңылау тауып, халықтың көзайымына айналғандары қаншама. Бұрынғыдай емес, арналар арасында бәсеке пайда болды. Заман талабына сай енді телеарналарға жаңа, өткен ғасыр техникасынан анағұрлым қуатты, мүмкіндігі мол техникалар қажет болды. Сөйтіп, цифрлі технология өмірімізге ентелей енді. Цифрлық технологиялар - бейне коммуникациялық хабарламаның жетілуі нәтижесінде дәстүрлі өндірістік әдістерді сақтауда, таратуда және қабылдауда технологиялық өзгерістер белең алуда. Мысалы, 1979 жылдан бастап «Сони», «Филлипс» компаниялары стандартты цифрлық дыбысты жүйе СД форматты жетілдіруде. Ол дискі және аппаратурада нағыз революция жасады. Аудиотехника тарихы СД дискісінің пайда болуына дейінгі және одан кейінгі 2 кезеңге бөлінді. СД жүйесі көпшілік аудиотехникаға екі бірдей жаңалық әкелді: цифрлық өңдеу және оптикалық жазу тәсілі. Соңғы жылдары бұл жаңалық дыбыстық және аудиовизуалдық техникада қарышты қадам жасады. СД алғашқы орыннан магнит таспаны шығарып тастады. Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызатын теледидардың мүмкіндігі де үлкен. Қазақстанды былай қойып, дөңгеленген дүниедегі дүбірдің бәрін санаулы минуттарда естіп-біліп отыруымызға теледидардың тигізетін пайдасы зор. Жүрдек уақыттың уысынан шыға, алға ұмтылған өнер түрлерінің ішінде көгілдір экранның қоғамдағы орны тым бөлек. Ол араласпайтын іс, ол бармайтын орта жоқ десе де болады. Біздің күнделікті өміріміздің бір бөлшегіне айналған синкретті өнер таңның атысынан күннің батысына дейін төріңе шығып алып, сенің сырласың мен ақылшыңа айналуда. Зияндылығы да шаш етектен. Француз сыншысы Андре Дилижан жазғандай «ол өмірге ентелей кіріп, әлемді түгелдей дерлік жаулап алды». Шын мәнінде де солай. Жетпіс жылдың ішінде ол газетің мен радиоңнан, театрың мен киноңнан оқ бойы озық шығып, жеке дара көш бастауда. Оның көрермендері миллиардтармен есептелінеді. Көгілдір экранның құдірет-қарымы әлемдегі кез-келген қуатты елдің әскери күшінен әлденеше есе артық. Сондықтан да оған аса сақтықпен қараған орынды.

Теледидар-тек  хабар таратушы құрал ғана емес, ағартушылық, насихаттық та құрал. Зерттеуші  Құдайберген Тұрсын теледидар әсерлілігіне мынадай анықтама береді: «Теледидар әсерлілігі өзіне 3 негізгі бағытты қамтитын, әлеуметтік ақпарат тұжырымдамасын жүзеге асырады: Ағартушылық /білім жөнінде негізгі ақпарат болып табылатын хабарламаны таратады/; Танымдық /логикалық және прагматикалық ақпарат негізінде алынған өзіндік білім туралы ұғымды қалыптастырады/; болжаулық /болашаққа баға беріп, ол туралы ұғымды қалыптастырып, ол туралы деректі таратады/; ұлттық мәселе төңірегіндегі өткір проблемаларда қоғамды топтастыруға қызмет етеді. Біздің күнделікті өміріміз, тіршілігіміз, бізді қоршаған орта туралы шынайы көріністі бейнелейді, ой-өрісімізді түрлі ақпараттармен кеңейтіп, сезімімізді қалыптастыруға, әдеттеріміздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне әрекет жасайды. Аса мәнді әлеуметтік проблемаларға көпшіліктің көңілін аударады, экологиялық этика, қоғамның әрбір мүшесінің өмірлік позициясын айқындауға, сан миллиондық аудиториямен жылдам кері байланыстың орнығуына, бұл байланыстардың қоғам санасын қалыптастыруға әсерлілігін арттыруға, қоғамның жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, байланыстың кезеңмен дамуын сезінуге жағдай туғызады. Қоғамдық мінбеге айналу, орталық және аймақтық, заң шығарушы және орындаушы тұтқалардың халқы алдында есеп беруі, өз саясатын түсіндіру, өз қатарына халықтың қалың тобын тартуға, қоғамның әлеуметтік ақпараттануына басты мәселені шешуі, психологиялық құқықтық қоғамға тиімді бағытталуына жағдай туғызу, сезімталдық, логикалық және прагматикалық  ақпаратты негізге алуға; ең бастысы-хабардың соңғы нәтижесінің тиімділігін сезінуге; телекөрерменнің әрқайсысына сол сәтте өзімен бірге миллиондаған адамның сол хабарды көріп отырғандығын сезінуі, әрі телеэкрандағы пікірді өзіне қарата отырып ұғынуына; телекөрерменге қарама-қарсы пікірдегі ойлардың да айтылмайтынын сезінулеріне; табар ақша қатынасындағы өзгерістер, экономикалық ақпараттың шыншыл және ашықтығы, коммерциялық тақырыптардың ауқымын ұлғайту, табар және қызмет, фирма және компания, ертеде талдау мен сынауға жабық болған тақырыптар тағы сл сияқты олардың әрқайсысына шыншыл, жылдам әрі орнықты баға беру, теледидар хабарының әрқайсысының міндеті». /2. 380 б./.

Отандық телеиндустрияда  бәсеке әлі жетер жеріне жетіп  қалыптаса қойған жоқ. Десек те, осыдан 2-3 жыл бұрынғымен салыстыруға келмейді. Жыл сайын жаңа телеарналар ашылып, ай сайын әр телеарнадан шығып жатқан жаңа жобаның куәсі болудамыз. Саннан сапаға көшетін күн алыс емес. Өйткені ХХІ ғасыр көрерменінің талғамы жоғары. Бізге қазір ештеңе атңсық емес. Сапасыз, нашар хабарды эфир уақытын толтыру үшін немесе 50х50 принципін сақтау үшін түсіре беруге болады. Бірақ оның кімге пайдасы бар?

Отандық телеарналардың барлығы да ақпаратты бірінші  болып таратуға, халық арасында бағасының  жоғары болуына атсалысып жатыр. Республика көлемінде хабар тарататын  «Қазақстан Ұлттық телеарнасы», «Хабар» агенттігі, «КТК», «31 арна», НТК, «Еларна» сияқты телеарналардың барлығы бірдей дерлік жоғарыда берілген анықтамаға сай жұмыс істемейді. Мәселен НТК арнасы күнұзын шетелдік телесериалдар көрсетумен ғана шектеледі. Арнаға сыймай асып-төгіліп жатқан сериалдар легі қазақ тіліндегі  «Соңғы ақпараттарды да» ығыстырып шығарды. Отандық телеарналардың ішіндегі ұлттық мәселені бірінші орынға қоятын «Қазақстан» ұлттық телеарнасы ұжымының бүгінгі күні атқарып отырған жұмысын аса жоғары бағалауға болады. Ақпараттық-танымдық, әдеби-сазды бағдарламалары әр көрерменінің жүрегіне жол табуда. Осыдан екі-үш жыл бұрын халық «Хабар» арнасына көбірек мойын бұратын. Өкінішке орай, бұл арнада қазір тұшынып тыңдайтын, сүйсініп көретін бағдарламалар азайып кеткен тәрізді. Әлде бір продюссердің қолынан шыққан дүние болғандықтан ба, хабарлар бір-бірін айна-қатесіз қайталап жатыр. Мәселен, «Кеш қалмаңыз» бен «Таң қалмаңыздың» қандай айырмашылығы бар? Ал КТК мен 31 арнадағы  «Ел сойылы», «Ел-жұрт» бағдарламаларын көрсең, гүлденіп келе жатқан Қазақстанды танымай қаласың. Бір серпіліс жоқ, қашан көрсең де, «құрыды», «бітті», «жоқ» деп жақтары сембей жатады. Теледидардың тағы бір құдіреті- сенің сырласың мен досыңның рөлін алмастырады. Біз бұрынғыдай оны қосып қойып, телміріп отыра бермейміз, біз үшін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Ол, әрине, тікелей эфирдегі бағдарламалар. Өзіміз атын тек газет беттеріннен оқитын өнер иелері болсын, қоғам қайраткерлері, министр, басшылар болсын – тікелей эфир қонағы болғанда мазалаған сұрағымызды қоюуға мүмкіндіктер  аламыз. Теледидардағы өзге хабарлар бір төбе болғанда, тікелей эфирдегі хабардың өзі бір төбе. Ендеше, замана құдіреті, көгілдір экранның ең биік жетістігі тікелей эфир жайлы зерттеуімізге көшсек.

 

 

2. Тікелей  эфир ерекшеліктері

 

Тікелей эфирге тән ерекшеліктерді атап өтіп, олардың  әрқайсысына талдау жасамас бұрын, “Тікелей эфир дегеніміз не?” деген  сауалдың жауабын іздестіруге тура келеді. Ендеше тікелей эфир туралы ғылыми анықтаманы тұжырымдап көрейік. Тікелей эфир – тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі, шығармашылық-техникалық сипаттағы соңы технологиялық прогресс, аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі, өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс. Түптеп келгенде, алуан түрлі пішіндер мен жанрлық ерекшеліктерді қамтып, бір мезгілде атқарылытын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесім мен жүргізушінің лингвистикалық және психологиялық белсенді іс-әрекетінің нәтижесінде жүзеге асатын қызмет жүйесі.

Бір кездері  пішін ретінде қарастырылған тікелей эфирдің өзінің бірнеше пішіні пайда  болды: телеүндесу, кері байланыс,  студиядағы хабар, ток-шоу тағы тағы сол сияқты. Оның үстіне қазіргі тікелей эфир бұрынғыдай бір жақты сипат алмайды. Тікелей эфир- аудиториямен қарым-қатынастың айрықша тәсілі. Ең бастысы, тікелей эфирдегі диктордың оқуы журналистің жүргізуіне алмасты. Бұл жөнінде зерттеуші В.Л. Цвик мынадай тұжырым жасады: «Жүргізуші- журналистің тікелей эфирдегі табысы- кәсіби шеберліктің, айрықша қабілеттің, тамаша тапқырлықтың жемісі». /2. 208 б./. Ол рас, тек бұл тұжырымдама тікелей эфирдегі шығармашылық тұтастық пен ұжымдық үйлесім ескерілмеген. Экран алдында сөйлейтін жүргізуші болғанымен, оның артында техникалық тетікті ретке келтіретін, эфирді әуенмен әрлеп, сөзбен көмкеретін, әрбір іс-қимылыңды қалт жібермей дәлдікпен түсіретін студия операторлары, оператордың түсірген суретін эфирге шығарушы режиссер, дыбыс режиссері, телефон қоңырауын эфирге қосатын өзге де техникалық қызметкерлер  бар екені белгілі. Сол тұрғыдан келгенде тікелей эфир бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын қосатын ұжымдық үйлесімнің нәтижесінде жүзеге асатын іс-әрекет. Ал егер хабар эфирден тікелей берілмесе бұл жұмыс процесі көп сатылы әрекет есебінде, бөлек-бөлек атқарылар еді. Тікелей эфирдің бір тиімділігі сонда, ол біріншіден қаражат шығынын азайтты. Бұрын хабардың бір бөлігі репортерға, келесі бір бөлігі студияға жазылып, бір рет таспаға түсірілсе, керек тұсы қалдырылып, керек емес тұстары қиылып тасталып, содан кейін бастан-аяқ рет-ретімен жиналып, қайта көшірілетін. Уақыт та адам еңбегі де қазіргімен салыстырғанда әлдеқайда көп шығындалатын. Соның бәрі енді бір мезгілде ұйымдасқан түрде орындалады. Ұжымдық үйлесім деген осы. Ал екіншіден, тікелей эфир өзгеріске ұшырамайтын нақты құбылыс болғандықтан, алдын-ала жасалған хабардағы, диктор оқыған мәтіндегі жасандылық, белгілі бір дәрежедегі артистизм, ендігі жерде шынайылыққа, табиғилыққа қарай ойысты. Үшіншіден, тікелей эфир оперативтілік тұрғысынан уақыт дәлдігін сақтау мүмкіндігін жолға қойды. Төртіншіден, көрермен психологиясына тікелей әсер ету арқылы, олармен қолма-қол қарым-қатынас жасауды қамтамасыз еткен кері байланыс жүзеге асты. Бесіншіден, ғылыми-тхникалық прогресс аясында енген технологиялық процесс. Осының бәрін есепке ала отырып, тікелей эфирді пішін емес, тележурналистикадағы соны пішін деуімізге негіз бар. Тікелей эфир  тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі болып табылады. Тікелей эфирге берілген анықтама осыдан келіп шығады. Ал тікелей эфирге тән ерекшеліктерді оның табиғатын ғылыми негізде талдап, теориялық тұрғыда жүйелеу арқылы айқындай аламыз.

«Эфир» - сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы  қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген  мағына береді. Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын пайда болған көзге көрінбейтін, қолға ілінбейтін бұл құбылыстың қазақ тіліндегі  баламасы «әуе толқыны». Айтылған сөз айтылған жерде қолма-қол жалпақ жұртқа жайылып кететін тікелей әуе толқыны туралы сөз етер болсақ, ол- күрделі де жауапты шығармашылық жұмыс процесі, бір мезгілде атқарылатын бірнеше істің басын құрайтын шығармашылық  тұтастықты жүзеге асыратын ұжымдық үйлесім, құрылым мен ерекшеліктері тұрғысынан тележурналистиканың жаңаша әдісі ретінде зерттеп-зерделеуді қажет ететін нысан. Тележурналистикадағы өзгеше де өміршең бұл процесс бұрын алдын-ала жазылып, қажет тұстары қалдырылып, керек емес деп есептелетін кейбір сөйлемдері қиылып тасталып, яғни, монтаждалып ұсынылатын жазбаларды ендігі жерде айтылған сәтте тікелей көрерменге арналған шын мәніндегі шынайы әңгіме, тіпті, тікелей телефон желісіндегі кері байланыс арқылы нақты пікір алмасуға айналдырғаны ақиқат.

«Айтылған сөз  атылған оқпен тең» деген халықтық нақыл уақытқа тәуелді құбылыс, тікелей эфирдегі жұмыс процесінің ең негізгі ережесі деуге әбден  болады. Тікелей эфир кезіндегі мәтінді  өңдеуге, қандай да бір қатені түзеуге  ешқандай мүмкіндік жоқ. Тікелей эфирдегі әрбір әрекет жеке-жеке және тұтастай алғанда уақытқа тәуелді. Сондықтан да секундтар аясындағы сөйленген сөздің салмағы нысанаға алынуы шарт. Тікелей эфирдегі уақытты табысты өткізу – айрықша қабілеттіктің, тамаша тапқырлықтың, кәсіби шеберліктің нәтижесі, уақыт аясындағы журналистиканың шарықтау шегі. Тікелей эфир қамтыған аудиторияның аумағы да, жүргізуші-журналист сөйлеген сөздің салмағы да уақыт таразысымен өлшенеді. Демек, тікелей эфир – уақытқа тәуелді құбылыс. Ал екіншіден тікелей эфир дегеніміз – теледидардағы интерактивтілік. Интерактив деген не? Бұл кәдімгі тікелей эфирдегі кері байланыс, көрерменнен келіп түсетін телефон қоңырауы, пейджер арқылы алынатын хабарлама, тұтастай алғанда эфирдің мазмұны мен құрылымы. Енді сол кері байланыс орнататын құралдарға жеке-жеке тоқталсақ.  

Пейджер. Біржақты, соған қарамастан, кері байланыстың  ең тиімді түрі. Эфирлік студиядағы пейджерге көрермендердің жүргізушіге  айтқан тілектері, жолдаған құттықтаулары  келіп түседі, ал жүргізуші жауапты  тікелей эфир арқылы береді. Респубикалық деңгейдегі телеарналарда жүретін тікелей эфир хабарлары қазір пейджерді пайдаланбады. Өзіміз күнде көріп жүрген Шығыс Қазақстан облыстық телеарнасындағы «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламасында пейджердің алатын орны ерекше. Көптеген құттықтаулар мен тілектер, сауалдар, кейбір ұйымдастырылған ойын жауаптары пейджерге толассыз түсіп жатады. Телефон желісі бос болмағанда пейджер көрермен үшін көп көмегін береді.

Информация о работе Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары