Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі.

Содержание

Кіріспе
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
2. Тікелей эфир ерекшеліктері
2.1. Телевизиядағы кері байланыс процесі
2.2 .Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі
2.3. Эфир этикасы
3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

диплом2.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

Автордың көзқарасымен келісуге де болады. Теледидарын енді ғана қосқан көрермен ә дегенде қапқа  оранған кісіге назар аударады. Мүмкін сауал қойып, мүмкін студия қонақтарына  микрофон ұсынатын шығар деп ойлайсың. Бірақ бұл кейіпкер әркімнің аузына бір қарап, талқыланып жатқан тақырыпқа еш мән бермей өз алдына жүреді. Мүмкін расында да жай элемент ретінде немесе студияға көрік беру үшін алынған шығар. Жалпы алғанда хабар түсірілетін студия іші үлкен талғаммен жабдықталған. Ток-шоу -  екі адамның  сөз барымтасына құралған. Студия ішін шахмат тақтасынай безендіру, шахмат фигураларын қою декаратор-суретшінің үлкен тапқырлығы деп білуге болады. «31 телеарна» тек ірі қалаларға таралады. Ал қала тұрғындарының басым бөлігі айтысып жатқан екі адамға баса назар аудармай, теледидары тетігін басқа арнаға бұрып жібереді. Соған қарамастан тікелей эфир тақырыбына атсалушы көрермен телефон арқылы дауыстарын беріп жатады. Демек, хабар ешкімді де бей-жай қалдырмайды. Тікелей эфирдегі хабардың құдіреттілігі де сонда. Аудитория тынысын жүргізуші ғана емес, студия қонақтары да сезіп отырады. Бұл жерде жүргізуші Берік Уәлидің шеберлігіне ерекше тоқталуға болады. Хабар тікелей эфирде болғандықтан берілген уақыттан асып кетуге немесе уақытынан бұрын бітіріп тастауға болмайды. Айналдырған 45 минут ішінде бір емес, бірнеше адамның пікірін тыңдап, өзара дау туғызу, берілген тақырыпты межесіне жеткізе талдау, қорытындысын шығару білікті жүргізуі, білімді журналистің ғана қолынан келетін іс. Ал көрермендерге жұмбақ боп жүрген, ала қаптағы адам,  аулы сыпырушы Манат Нұртаев өзі жайлы www.31 kz. сайтына өзі жайлы былай деп жазады:  "31 канал” ТРК-ға 2005 жылдың 16 ақпан айында келдім. “Таугүл” ықшам ауданына Берік Уәлидің өзі іздеп келіп, маған ұсыныс жасады. Мен бірден келістім. Өмірімде әртіс емес, қарапайым көлік жүргізуші ғанамын. Бірақ, мен бұл сала бойынша жұмыс істеген жоқпын. Әскери борышымды өтеп келген соң, аяғымды сындырып алдым. Сол себептен, жүргізуші бола алмадым. Алайда, тележұлдыз болдым. Елге танымал болам деп тіптеп ойлаған жоқпын. Бұл тағдырдың сыйы шығар. Көшеде кеткен елдің бәрі маған қарайды. Бастапқыда “Дода” бағдарламасында жұмыс істеймін деп айтуға намыстанатынмын. Кейіннен мойындауға тура келді. Өйткені, хабардың аудиториясы күннен-күнге артып барады. Бос уақытымда ұйықтағанды және теледидарды қарағанды жақсы көреміз. Әсіресе, өзімді көргенді жақсы көремін». /14.1 б./.

Байқайсыздарма, хабар аудиториясының артып келе жатқанын авторлар емес, жүргізушілер емес, қарапайым деталь ретінде алынған бейне мойындайды. Демек, тікелей эфирдегі саяси ток-шоулар халық үшін керек. Адам психологиясы қызық қой, егер дәл сол жерде екі адам тұрып алып, «Қазақстан 2О3О» немесе «дамыған елу елдің қатары» деп айтып жатса, мойын бұрмақ түгілі, құлақ түріп тыңдамас еді. Үнемі бір сарынды, мемлекеттік һәм саяси тақырыпты қайта-қайта қаузай бергенше осындай пікірталас тудыратын хабарлар ауқымын көбейтсе, өзіміз жиі айтатын азаматтық қоғам құруға, демократиялы ел болуға бір қадам жақындамаймыз ба?

Отандық телеарналарда  техникалық мүмкіндігі жағынан бес  қаруы сай тұрған «Хабар» агенттігін ерекше атауға болады. Нағыз шығармашыл ұжыммен білікті техника мамандары  бір тоғысқан жерде, әрине, нағыз  кәсіби телеарна құруға болады. Бүгінгі  телепулицистердің шеберлікті ұштап, талмай іздене беруі күнделікті істердің заңды бөлшегіне айналуы тиіс. Қазақ тіліндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық бағдарламалардың пішіні қалай болуы керек? Қоғамдық-саяси тақырыптағы бағдарламалардың ұлттық табиғатын қайтсек табамыз? Ұлттық телехабарлардың беделін қалай көтеріп, мәнді де, сәнді етуге болады? Мәндісі әрі қажеттісі хабаралрады ұлттық тілді жүргізуге тырысу керек.  «Хабар» арнасынан тікелей эфирде берілетін «Бетпе-бет» бағдарламасы көпшіліктің ақылшысына, жағымды хабардың жаршысына айналғалы қашан.  Осы орайда хабардың алғаш жүргізушісі Нұртілеу Иманғалиұлының тәжірибесі мен тарихына көз жүгіртуге тура келеді. Бағадарламада жүргізушінің сөз саптауы, хабарларды көпшілік түсінігіне, жанына жақын етіп ұйымдастыра білуі эфирге аға буын мен орта толқынның өздерін көбірек тартуы халықтың дәстүрмен сабақтастығын көрсетеді. Көрермен ықыласы үшін күресте жеңіске жетпесек, онсыз да қағынан жеріген, ана тілі мен дәстүрінен алшақтап кеткен жас толқыннаң көкірегінде ұлттық сана-түсініктерді қалыптастыруымыз екіталай. Н.Иманғалиұлы ана тіліміздің мөлдіріне қанып ішіп, тіл тазалығы мен сөйлеу нақышына ерекше мән береді. Оған өзі жүргізген хабарларындағы сөз саптауы мен ой тереңдігі куә. «Бетпе-беттің» әрбір санында ел көкейіндегі өзекті мәселе көтеріліп, ол әңгіме арқауына өзек болып, көпшілік көңілін күпті етіп жүрген сұрақтарға жауап іздеп жатты. Бірде, хабар ел азаматтарының бірі, қадірменді ақсақал Асанбай Асқаровтың қайтыс болған күнінің кешінде Н.Иманғалиұлы ол кісінің үзеңгілес жолдастары әрі көңіл жақын адамдармен студияда сұхбат өткізді. Әңгіме кезінде ел басқарған тұлғаның көзі тірі кезіндегі аңызға айналған өмірі төңірегінде болды. Хабар қонақтарының бірі А. Батталханов ақсақал нақақтан жабылған жаладан түрмеге түскен асанбай ағаның ұстамдылығы мен қиындыққа қарсы тұрған ерлігін жырдай етіп айтты. Ал әңгіменің осылай өрбуіне де телепублицистің қатыстылығын әрі біліктілігін айтуға тиіспез. Өзі де хабар қонақтарының көлеңкесінде қалмай, төрде өзі отырып, студияның иесі екендігін танытуы тектілік емей, немене? Азулы ел ағаларының кейде бас бермей бұра тартқан шақтарында ол тізгінді тез жиып, студияны уысынан шығармауға тырысты. Ең бастысы, ой жинақы, сұрақ нақтылы, жауап ықшам.Жинақылық-нақтылық-ықшамдылық. Тележурналист біткеннің күні бүгінге дейін бағындыра алмай келе жатқан биіктері. Кез келгеннің уысына түсіп, қиялына қонақтай бермейтін сәттілік. Оған интеллектуалдық алымдылық пен ойда жинақылық, тақырыпта мағыналық, логикада тереңдік керек. Ізденіс, пікірталас, зерттеу және салыстыру. Осылардың бәрі де тақырыптың актуальдігінен бастау ала отырып, басты өзекке көпшілікті жеңіл алып шығу. Сонда ғана тележүргіуші аудиторияның ықыласына бөленіп, көпшіліктің сүйіктісіне айналады. Кәсіби шеберлігі кемелденген Нұртілеу Иманғалиұлы өзінің бай тәжірибесін өскелең ұрпаққа үлгі етіп келеді.        

Атына заты сай  хабарды, тәжірибелі, білімді Бибигүл  Жексембай жүргізеді. Біз саяси-әлеуметтік топқа жатқызған «Бетпе-бет» хабарының  көтермеген мәселесі, талқылаған тақырыбы қалмаған шығар. Шақырылған қонақтың қызмет ететін саласына қарай, сөз етер мәселе төңірегіне орай шағын бейнесюжеттер даярланып көрсетіледі. Талқыланып отырған проблеманы жүз рет естігенше, бір рет көру көрерменгеде, студия қонағына нанымды болу үшін, әрі құрғақ сөзден қарағанда, шындыққа біртабан жақын болу үшін ойлап табылған ерекшелік. Қандай саланың басшысы болмасын, министр, өнер адамдары, мәдениет-әдебиет қайраткерлері болмасын хабар жүргізушісі иірімі терең, көпшілік көкейінде жүрген сауалдармен өзінің ізденімпаздылығын байқатады. Студия ішіде аса жоғары талғаммен жабдықталған, операторлық, режиссерлік жұмыстың айна-қатесіз таза атқарылуы бірден байқалып тұрады. Бетпе-бет отырып талқыға салынатан мәселелерге халықта атсалысып қатысады. Мейлі экология, мейлі ауыл, мейлі әдебиет туралы болсын, көрерменге жат тақырып жоқ. Билік пен халық арасындағы алтын көпірге айналған «Бетпе-бет» тұрақты көрермендерімен бірге әлі талай мәселені талқылары сөзсіз.

Міне, біз шағын  зерттеу жұмысымызда біраз тікелей  эфирде жүргізілетін біраз хабарларға өзімізше талдау жасап, өзімізше шолып шықтық. Бұдан өзге хабарлар неге тысқары қалған деген сауал тууы мүмкін. Тікелей эфир – аты айтып тұрғандай, едел-жедел өте шығады. Тіпті күнделікті эфирге шығатын бағдарламалар мұрағатта сақтала да бермейді, өйткені тікелей эфирдің ғұмыры қысқа, оны ертең немесе арғы күні қайталап бере алмайсың. Тікелей эфир хабары- бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде көп миллиондық аудиториямен диалог арқылы байланысқа түседі. Тікелей эфирдегі хабарлар күн сайын әрбір үйдің асыға күтетін қонағына айналып, олардың көңіл-күйлеріне әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Елбасы Нұрсұлтан  Назарбаев БАҚ хақындағы бір  сөзінде: «Қазақстанға бізге қажеті жқ батыстық мәдениет ұмтылыс жасауда. Оның насихаты – зорлық-зомбылық, атыс-шабыс, эротика. Қазақстан халқының менталитетібұдан мүлдем бөлек. Біздің халық бұдан өзге рухта тәрбиеленген. Батыстың, тіпті Американың көп нәрселері бізге ұнамайды», /15.1б./. деген болатын. Отандық телеарналар қандай бағдарлама ұсынбасын, халық одан ұлттың рухын, халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық бояуы мен ұлттық үнін естігісі келеді. Еліктеушілік, көрші елдердің кей хабарларын айна-қатесіз көшіріп алып, «шедевр» жасайсын деу бос әурешілік екеніне көрермен көзі баяғыда жеткен. Қандай жоба болмасын, қай тілдегі хабар болмасын тарих сахнасынан ойып тұрып орын алатын ұлы қазақ елінің нағыз ұлтжанды азаматтарын тәрбиелеуге атсалысқаны абзал. Өйткені, теледидар ең күшті насихат құралы.  Жалпы – журналистика халықтық болып саналады. Өйткені журналистика халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Журналистиканың халыққа қызмет етуі – сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогерске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз.

Біз осы отандық  телеарналардағы тікелей эфир хабарларын зерттей отыра, көзімізді көп нәрсеге жеткіздік. Алты құрлықтан асып келген батысттық һәм еуропалық мәдениет біздің ана тіліміздегі хабарлардың үнін тұншықтырып барады. Халық қазақ тілді хабар көргісі келеді. Бірақ дәл сол кезде өзге арнадан өмірі таусылмайтын шетелдік сериалдар немесе шетелдік бейнеклиптер өтіп жатады. Қазақ тіліндегі хабарларды қалай көркейтуге болады? Көзі ашық, көкірегі ояу, жүрегі ұлтым деп соққан әрбір көрерменді мазалайтын орынды сұрақ. Әрине алдымен, бәсекеге қабілетті техникалық мүмкіндігі мол, шығармашылық ұжымы бір кісідей жабыла жұмыс істейтін мықты телеарна қажет. Қазақстанда мұндай телеарналар бар. Жасап жатқан жұмыстарына халық тарапынан әлдеқашан өз бағасын алды. Сапалы жасалған хабар өміршең болады. Ал біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбына арқау болған тікелей эфир хабарлары телевидение саласының жаңашыл, әлі де көп ізденісті қажет ететін саласының бірі. Қазақ елінің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап жүрген хабарлар саны да жетерлік. Оны жұмыс барысында талдап та өттік. Көрермен, зерттеуші ретінде сын пікірлер де айтылды. «Мылтықсыз майданға» теңелетін тікелей эфир хабарларының көтерер жүгі ауыр.  Тікелей эфир  тележурналистиканың табиғатына тән заңдылықтар аясында ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ретке келітірілген қызмет жүйесі. Демек, тікелей эфир тележурналистикада уақыт дәлдігін сақтап, жедел хабар таратудың кәсіби әдісі. Жылдар бойы қалыптасқан эфир заңдылықтары қазір техниканың мүмкіндіктеріне қарай жаңа көкжиектерге де жетіп отыр. Ақпараттар мен озық технология ғасыры жұмыс істеймін деген адамға барлық жағдайды жасап отыр. Үнемі шығармашылық ізденіс үсінде жүретін журналистер үшін алынбайтын қамал жоқ. Мемлекет тарапынан қаражат та бөлінеді, түрлі тендерлер ұтысқа түседі. Қандай арна болмасын кәсіби шеберліктің арқасында қанатын кңге жаюуға мол мүмкіндігі бар. Еліміз батыс пен шығыс, американ мен ресейлік үрдістердің ағымында ктіп қалмас үшін, ең күшті насихат құралын пайдалана отырып, теледидар арқылы ұлттық болмысымызды сақтап қалуға атсалысқанымыз абзал.

Өзіңді-өзің сыйламасаң, жат жаныңнан түңілмесін білесің. Өз үйіңде өгей шешенің қас-қабағына қарағандай күй кешпей, қазақтың да өз басының  қамын ойлайтын шағы жетті. Құланның қасынуына шүріппенің басылуы шарт. Ал Баласағұн айтқан «Басыңның қамын  ойласаң, тіліңді сақта». Төл тіліміз төңірегінде ақ-қараны тұспалдап жатпай-ақ, төтесінен қойып, ненің көңілге медеу, ненің аяққа тұсау екенін елеуішпен елеп, не ары, не бері өтелік. Електен өтпей қалған қоқымды не алып тастау керек, не езгілеп өткізу керек. Нанымыздың тазалығы тәрізді, қанымыздың болашағы үшін тіл тазалығын да сылай іске асыру абзал.

Көңілге демеу  болатыны - өз қамын ойлаған көзқамандардың көзіне қарсы қарай алар нағыз  намысты жүректердің жұмыстары  көгілдір экранда да батыл бастау алды. Алла тағаланың өзі атаққұмарлардың аш қасқырдай аранынан сақтап, сәтін салып, қазақ  тілінің, қазақ тіліндегі хабар, бағдарламалардың жолын кеспесе, көшіміз жүре түзеліп кетері күмәнсіз. Міне, шағын зерттеу жұмысым арқылы осы үрдіске мен де тамшыдай үлес қосқым келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер  тізімі

 

1. Тұрсын Қ,  Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі  – тележурналист анықтамалығы. Оқу  құралы. Алматы. Білім; 2003. – 380 бет.

2. Справочник  журналиста Казахстана. Алматы. Санат. 2002.- стр. 208. 

3. Цвик В.Л.  Журналист с микрофоном. Москва. 1987.-стр. 595.

4. Ворошилов  В.В. Журналистка. Санкт-Петербург. 2000.- стр. 121.

5. Әбдіжәділқызы  Ж. Тікелей эфир табиғаты. Алматы. Қазақ университеті 2003.- 59 бет.

6. Мұқатай Ж.  Қазақ телережиссурасы қай деңгейде? // Қазақ әдебиеті. 2004. 27 тамыз. 3 бет.

7. Омашев Н.  Журналистиканың жаңа стилі //Ақиқат. №9. 1997. 85-88 бет.

8. Тұрсын Қ.  Сөз сиқыры. Алматы: Қазақ университеті, 1998. 112 бет.

9. Ықсан А.  Қазақ теледидарының үні неге  құмығыңқы? //Қазақ әдебиеті. 2001. 24 тамыз. 4 бет.

10. Боқаш Ғ. «Теледидар тілі оңай шағылатын жаңғақ емес. //Ана тілі. 2004. 16 сәуір. 2 бет.

11. Ворошилов  В.В. Журналистика. Санкт-Петербург. 2000. стр.121.

12. Уәли Б.  Дода халыққа бет алды. http: www. 31.kz. сайты. 2006. 3 наурыз.

13. Құрманбай  Ш. Қап сүйреген қазақ ток-шоудың тапқырлығы ма?.. //Айқын. 2006. 16 ақпан.

14. Қосбармақов  Б. Танымалдық. http: www. 31.kz. сайты. 2006. 1 наурыз.

15. Бораш Қ.  БАҚ халыққа жақ болуы тиіс. //Егемен Қазақстан. 2005. 30 мамыр. 1 бет.

16.Сағымбеков  Р. Алматыдан сөйлеп тұрмыз.- Алматы: Қазақстан, 1979.47бет.

17. Барманқұлов  М. Телевидение: Деньги или  власть? – Алматы. Санат 1997. стр.268.

18. Хамазин К. 28-маусым – Қазақстан журналистер  күні! Қазақ университеті. Маусым. Шілде, 1999.

19. Негимов С.  Шешендік өнер. – Алматы: Ана тілі, 1977. 221 бет.

20. Зарва М.З.  Слово в эфире. – Москва: Исскуство, 1971. стр.127.

21. Жолдыбай  К. Ізденіс әркімнің өзінен  басталады. //Егемен Қазақстан, 2002. 5 сәуір. 

22. Броватая  Л. Психологический фактор в  работе ведущих прямого эфира. //Хабаршы. Журналистика сериясы. №5. Алматы, 1999. стр.  

23. Тұрсын Қ.  Көгілдір экран құпиясы. Алматы. Қазақ университеті, 1998. 265 бет. 

Информация о работе Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары