Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі.

Содержание

Кіріспе
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
2. Тікелей эфир ерекшеліктері
2.1. Телевизиядағы кері байланыс процесі
2.2 .Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі
2.3. Эфир этикасы
3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

диплом2.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

 

 

3. Отандық  телеарналардағы қазақ тілді  тікелей эфир хабарлары.

 

Тікелей эфир-телевидение  хабарларының ішіндегі жүгі ауыр хабардың бірі. Бұл жерде жүргізушінің кескін-келбеті  ғана емес, ой-өрісі, дүниетанымы, сауаттылығы сынға түседі. Әрине, тікелей эфир хабарларын тек біржақты қарауға болмайды. Барлық бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең кенжесі телевидение саласы әлі көп зерттеуді қажет етеді. Осы диплом жұмысын жазу барысында қазақ тілінде тікелей эфир хабары қай кезде пайда болды деген сауалға жауап іздедік. Қазақ телевиденисеі 1958 жылдың көктемінен бастап алғаш хабарларын таратады. Техникалық мүмкіндікке қарай сол заманның хабарларының барлығы тікелей эфир арқылы жұртшылыққа жетті. Ал монтаж телевидение саласына сәл кешірек келді. Екі адамның сұхбатына құрылған бағдарламалар, көңілді ойын-сауық хабарларының барлығы тікелей эфирде жүрді. Бірақ интерактивті байланыс болмаған. Оған себеп, цензура екені даусыз. Сол кездің өзінде футболдан тікелей трансляция болған. Бірақ футбол тікелей эфирде болғанымен, репортажбен хабардың арасы жер мен көктей. Репортер көз алдында болып жатқан оқиғаларды баяндап беріп отырады, егер футбол болса, оның алдында команда құрамындағы ойыншылардың аты-жөні, өзге де мәліметтері жазылған қағаз жатады. Ол жерден біз репортердің түрін көрмейміз немесе сауал қоя алмаймыз. Тікелей эфирдегі спорт хабарының өзі өте көп зерттеуді талап ететін сала. Сондықтан, біз осы диплом жұмысында қазіргі күні тікелей эфирде өтетін отандық телеарналардағы «Оян, қазақ», «Дода», «Бетпе-бет», «Таң жарық», «Кеш жарық»  сынды пішіні бір болғанымен, бағыттары бөлек бағдарламаларға тоқталуды жөн көрдік.

Негізінде аудиторияның психологиялық жағынан эфирге бейімделуі тәулік аясындағы уақыт мезгілдеріне де байланысты болып келеді. Әлбете, ең әуелі таңертеңгілік эфирге тән ерекшеліктерге тоқталамыз. Теледидардағы таң - ең маңызды мезгіл. Өйткені таң қалай басталса, күн солай     өтеді. Ауа толқынындағы таңертеңгілік топтама негізінен 7.ОО ден немесе 7.3О дан басталып, 9.ОО ге дейін немесе 1О.ОО ге дейін созылады. Таңертеңгілік эфир адамның өмір ағысын, жүрек қағысын, тіршілік тынысын бейнелумен ерекшеленеді. Әдетте, адам теледидардағы үн ырғағымен оянады, ертеңгілік жаттығу жұмыстарын да сол арнада өтіп жатқан жаттығулармен бірге жасайды. Тіпті теледидар арқылы түрлі ас мәзірін жасауды үйренеді. Егер түсінбей жатқан жері болса, қоңырау шалып, кеңес сұрайды. Түрлі пайдалы кеңестер алады. Қазіргі таңда отандық телеарналар ішінде таңертеңгілік шығатын Оян, қазақ  Міне, тікелей эфир құдіреті осы. Қазақ елін «Оян, қазақ» деп ұлттық аспабымыз домбыраның үнімен оятатын бұл хабар қазір көпшілік көрерменнің үйінде таңертеңгі 7.3О дан 9.ОО ге дейін қосылып тұрады. Хабар зерліліктен - зерделікке, кемелдіктен-парасаттылыққа, ұғынықтылықтан-ойлылыққа, ойлампаздықтан-алымдылыққа ұласқанталантты теледидардың бағын ашты.

«Оян, қазақ»! Тақырып  қалай сәтті табылған. Әрі өмірге құштар, әлі де елең-алаңдағы жастар редакциясының гүл жарған жүректерінен шығып, балаң аудиторияға бет  түзеген ақжолтай хабар. Сәтті табылған тақырыпқа орай мазмұнды әңгіме, су шайқалмас жорғаның аузымен экранда тоқтаусыз төгіліп жатса, хабар ажары ашыла айшықтанып,  студиядағы қонақтар да, бөлшектен тұтастыққа айналып, одан бүтін бітім пайда болған шақты көру бір ғанибет. Әсіресе «Ұйқыашар» деген атқа ие болған көрермен ойналатын интерактивті сұрақ-жауап танымдық тұрғыдан алғанда халыққа берер пайдасы зор. Бағдарлама аясындағы «Үздік әндер» топтамасы да қазіргі қазақ эстрадасының шоқтығын көтеріп, хабардың көркін аша түскен. «Үздік» шыққан әннің орындаушысын қонаққа шақырылып, оларға көрермендер тарапынан қойылатын жанды сұрақтарда «Оян, қазақты» өзге хабарлардан көшілгері бастап келеді. Хабар барысында беріліп отыратын қысқа метражды сюжеттер мен оларға жүргіушілер жасайтын қысқа қайырмалар да көрермендерді жалықтырмайды. Бірақ, біздің мақсат қазақ тіліндегі хабар деп сыпыра мақтай беру емес, я, қаралау емес, зерттеуші және көрермен тұрғысынан сын айту. Алдымен көзге түсетін хабардың түсірілу алаңы, яғни студиясы. Суретші-декаратор немесе режиссердің әлі де ойлана түсуін қажет етеді. Таң атты, күн шығып келеді. Философиялық тұрығдан дұрыс, бірақ тас-төбеңнен төніп тұрған күн, ал астында қысылып, қымтырылып екі жүргізуші отырады. Екі адам әрең сыйып отырған студияға екі-үш қонақ келсе, көрермен кімді және нені көріп отырғанынан шатысындай халге жетеді. Байқауымызша, студия операторлары режиссердің басшылығынсыз дербес жұмыс істеп кетеді. Кейде понорама (кадрды баяу жылжыту) жасаймын деп, белгісіз, түсініксіз суретті алып тұрып қалады. Мұны, әрине, телевидение өнерінен хабары жоқ жалпақ жұрт түісіне бермейді. Ал білген адамға осындай олқылықтар көзге бірден ұрып тұрады. Бұл, техникалық топтың еншісіндегі шаруа. Ал шығармашылық топқа келсек, жүргізушілер кейде қонақпен өткізетін сұхбаттың уақытын тым созып алады. Бағдарлама, ақпараттық, танымдық, ауық-сазды, интерактивті болғандықтан, студия қонағына 8-1О минут уақыт берілсе жетіп жатыр. Таң атпай, бетіңе грим салып, шашыңды қатырып, түнімен ұйықтамаған адамдай сергек түр жасау да өз алдына қиын шаруа. Ең бастысы, көрерменді ұйықтатып алмай, көңілді отыру керек. Көңілдену деген – эфир кезінде бар дауысыңмен күлу емес. Бұл бұрынғы жүрізуші Нәзира Бердалыға қатысты айтылар жайт. Кей хабарда күліп тоқтай алмай отырғанда, өзің ұяласың. Сондықтан, жүргізушілерге ұстамды да болған дұрыс. Данияр Есен, Жанар Шәмел, Бақыт, Гүлжазира сынды әлі тәжірибесі толыспаған жүргізушілердің  студия қонағына қояр сауалдары нақты емес. Көрермен тұрмақ, кейде қонақта өзіне қатысты қойылған сауалды түсіне алмай қалады. Ондай-ондай хан қызында да болады. Ең бастысы, хабардың іргетасы мен қабырғасы мықтап қаланды. Ұлтымыздың тек өзіне тән бояуы мен әзіл-қалжыңын, өзіне тән айшықтарын бедерлеп беріп  жүрген сындай хабарлар көбейе түссе, нұр үстіне нұр болар еді.

Өскемен қаласы мен жақын аудандарға Шығыс Қазақстан  облыстық телеарнасынан таралатын  «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық  бағдарламасы үшінші жыл жұмыс істеп  келеді. 2ОО2-2ОО5 жылдар аралығында арнаға басшылық еткен Бауыржан Айтқазиннің  идеясымен құрылған бағдарлама жергілікті жұртшылық арасында үлкен беделге ие. Алғашқы жылдары белгілі бір тақырып айналасында бейнесюжеттер дайындалып, сала мамандары шақырылып, көтерілген тақырыпты білікті жүргізушілер бүге-шігесіне дейін талдайтын. Атап айтқанда, Нұрбек Бекенов, Сәуле Қалиғазина, Рүстем Есдәулет, Наталья Шайдуллина, Александр Подойников сынды жүргізушілер кәсіби шеберліктерінің арқасында бағдарлама рейтингін бірден көтерді. Таңғы сағат жетіден тоғызға дейін көрермендерден толассыз сауал, жолдаған құттықтаулар, эфир тақырыбына деген түрлі пікірлер телефон желісі арқылы жетіп жататын. «Десерт» айдарында жүргізушілер ас бөлмесіне барып, түрлі тағамдар даярлап,  хабар көркін аша түсті. Кейін келе хабарға тағы бір жаңа пішінді ойын енді. «Әділ ойын» - көрермендер үшін телевидениенің жаңа көкжиектерін ашып көрсетті. Ойын барысында берілетін сұрақ көрермендерді бей-жай қалдырмайтын. Телефон арқылы, сұрақтарға жауап алынады. Сұрақтың дұрыс жауабын берген көрерменнің еншісіне нөмірлік реті жазылған шарлар берілетін. Сол шар арқылы жеңімпаз анықталады. Ал жеңімпаз ертеңгілік эфир қонағы болып, келесі жеңімпазды анықтайтын. Облыстық арна тарихына соны өзгеріс енгізген, көрермендермен етене байланыс жасап, телевизиялық викторина ұйымдастырған  «Әділ ойынның» ғұмыры ұзаққа бармады. Әйтсе де, көрермен жадында жатталып қалған «сары шарлар» әлі ұмытылған жоқ. Екі жыл уақыт өтіп кетсе де, халық сол ойынды іздейді. Зерттеу жұмысымыздың басында да айттық, тікелей эфир жүргізушісі өзге жүргізушілерден қарағанда анағұрлым көп стерсс алады. Соны ескерген ұжым аптаның бес күнінде  шығатын үш ағаттық эфирге бес түрлі жұп даярлады.  Тікелей эфирдің бір тиімділігі – қаражат шығынын азайтып, эфир уақытын толтыратындығы. 2ОО5 жылдың қазанынан бастап «Таң жарық» интерактивті ойын-сауық бағдарламасы жаңа формада шықты. Екі сағаттық эфир барысында түрлі әндер беріліп, әлемнің әр түкпірінде болып жатқан қызықты жаңалықтар оқылды. Ертеңгі күнге арналған жұлдыз-жорамал, бойжазу жаттығулары, жеңіл-желпі тақырыптағы шағын сюжеттер мен түрлі қонақтар бағдарламаға жаңаша леп берді. Бірақ бір кемшілігі, бұрынғыдай белгілі тақырып аясында әңгіме өткізу тоқтатылды. Ресейлік немесе республикалық арналардағы ертеңгіліктерде тақырып болмайды. Қысқаша қайырмамен жүргізушілер даярланған материалдарға шолу жасап отырады. Ал күнделікті бір емес, бірнеше материал жасау дегеніміз шағын ғана облыстық филиалдың техникасы көтере бермейтін жүк. Хабар интерактиві тек «бүгін бәленшекемнің туған күні, зор денсаулық, ашық аспан, мол бақыт тілеймін» деген тілектер аясында көміліп барады. Эфирге берілген 2 сағат уақыттың 1 сағатқа жуығын осындай құттықтау қоңыраулары ғана толтырады. Бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін арнадағы ойын-сауық және спорт хабарлары редакциясының редакторы М. Кәрібаева, редактор А. Подойниковтың жасап жатқан жұмыстарына оң баға беруге болады. Көрерменнің компьютерлік сауатын ашуға атсалысатын А.Рыбловтың «Новигатор» айдары, режиссер С. Қанаева даярлайтын «Поэзия минуттары», «Ән әлемінде», «Сырлы әлем» сияқты айдарлар тұрақты түрде шығып отырады. Аптаның әр жұмасында өтетін «Имандылық сабағында» көрермен  мазалап жүрген сауалын молданың өзіне қойып жауабын алады. Сондай-ақ «Театральная кухня» айдары халықты облыста болып жатқан мәдени жаңалықтардан құлағдар етіп отырады. Десек те, «Таң жарықтың» тұрақты көрушілері үшін «Әділ ойын» сияқты телевикторина жетіспейді. Айта кететін тағы бір жайт, студия ішінің көркемделуі. Тағы да көп олқылықты байқаймыз. Студия ішінен жаңа заман талабына сай ештеңе таба алмаймыз. Сол баяғы 8О-9О жылдарда қалып қалған. Дизайнерлердің құлағына алтын сырға, өзге телеарналардың таңертеңгілік хабардағы студияларына қарап, сабақ алса етті. Ал хабардың тұрақты жүргізушісі Александр Подойников көрермендердің ерке ұлындай болып кеткен. Біз зерттеу жұмысымыздың басында тікелей эфир жүргізушісіне қажет қасиеттерді тізбелеп өттік. Александр Подойников сол қасиеттердің барлығын бойына сіңіре білген, кез келген қысылтаяңнан білгірлігімен тапқырлығының арқасында шығып кететін нағыз кәсіби жүргізуші. Студия қонағына қояр сауалы да нысанаға дәл тиіп жатады. Әзілі де орынды айтылады, телефон желісіндегі үлкенмен де кішімен де тіл табыса біледі. Өкінішке орай, соңғы кездері хабар аудиториясы тарылып барады. Тұрақты көрермендер зейнеткерлер, үй шаруасындағы аналар және түскі ауысымда оқитын оқушылар. Бағдарлама бірсыдырғы «құттықтауларға» ұласып кетпес үшін интерактивті ойынның жаңа түрі табылса және құттықтаушыларға арнап жеке 1О-15 минут бөлсе, бағдарлама ретке келер еді. Тіпті болмаған жағдайда «Оян, қазақтықтардан» тәлім алып, «Ұйқыашар» сұрақтарын беру артық етпейді.

«Қазақстан-Өскемен» телеарнасындағы тағы бір тікелей  эфирдегі хабар – «Кеш жарық». 2ОО5 жылдың ақпан айынан бастап эфирге кешкі сағат 19.3О дан таралған хабардың әуел бастағы стилі өзгеше еді. Студияға шақырылған қонақпен әңгімелесе отырып, түрлі сұрақтар жасырылған терезелерді аштырып, әр саладан сауалдар қойылатын. Қонақ жауап бере алмаған жағдайда, кезек телекөрермендерге беріледі. Сөйтіп, хабардың алғашқы жүргізушісі Жазира Уәлиева айналдырған 2О минут ішінде қонақпен де әңгімелесіп, ойында ойнап, көрерменмен де сұхбаттасып үліретін. Уақыт өте келе хабар атын сақтағанымен, заты тұтастай ауысып кетті. Студияға екі жүргізуші шығып, қоғамда орын алып отырған, көпшілікті толғандыратын мәселе төңірегінде әңгіме қозғап, халықтың сол проблемаға деген көзқарасын, пікірін тыңдайды. Бұл үрдіс хабарды Нұртас Солтанұлы мен Айнұр Омар жүргізген кезде пайда болды. Кешкілік хабар болғандықтан, тақырыпта жеңіл, ойнақы болып келетін. Мысалы, «Сіз рухани байлықпен матермалдық байлықтың қайсысын қалайсыз», «Азаматтық неке дұрыс па?», «Балаңыз қандай мамандықты игеріп жатыр?» тағы сол сияқты. Қазақтілді көрермен аз деп айтқанымызбен, хабарға телефон арқылы пікірін білдіріп жататын көрермендер санында шек болмайтын. «Кеш жарықтың» қазіргі жүргізушілері А.Дайыровамен А. Жабағиева тарапына айтылар сын бар. Кей көрермен кімнің жүргізуші, кімнің қонақ екенін айыра алмай қалады. Өйткені екі жүргізуші бір-біріне сауал қойып, оған өздері қосыла жауап іздейді. Тікелей эфирдегі мұндай интерактивті орнату үшін аздап қулық пен азаматтық позицияңды сәл ауыстыра тұру қажет. Өйткені, екі жүргізуші бір-біріне қарама-қарсы пікір тудырып, көрермендерді кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екенін анықтауға шақыру қажет. Жалпы, бұл хабар тұрақты жүргізушісі жоқ, тұрақты стилі жоқ әлі «қалыптаса» қоймаған хабар. Мұны телевидение тілінде «эфир орнын толтыру» деп атайды. Уақыт өте келе қалыптаспаса қазіргі күні «ілініп-салынып» шығып жатыр. Ал дәл осы хабарды, яғни «Добрый вечерді» орыс тілінде жүргізетін В. Лазереваның кейіпкерлері де, олардың әңгімелері де қазақтілді хабардан қарағанда анағұрлым артық. Шығыс Қазақстан облыстық телевидениесі Қазақстанда Алматыдан кейін хабар таратқан тәжірибесі де толысқан, тарихы мен мұрағаты бай телеарналар қатарында. Сондықтан арнада жұмыс істеп жатқан білікті мамандар мен кәсіби жүргізушілер әлі де талай тікелей эфирді өткізетініне сеніміміз мол.

Тікелей эфирдегі хабарлардың өзін көздеген мақсатына, пішініне қарай бірнеше топқа  топтастыруға болады: ақпараттық, интерактивті ойын-сауықтық, интерактивті танымдық, интерактивті сазды-сауық, интерактивті саяси және интерактивті қоғамдық саяси ток-шоу. Қазақстандық телеарналарда қоғамдық саяси интерактив әлі жеткілікті түрде дами қойған жоқ. Соған қарамастан, республикалық  «31 арнадан» берілетін «Дода» интерактивті қоғамдық-саяси ток-шоу бағдарламасы аз уақыт ішінде өзінің мыңдаған көрермендерін тауып үлгерді. Әр сенбі күні кешкі сағат 20:10 да тікелей эфирге шығатын хабардың ұзақтығы 45 минут. Хабар екі мақсатты көздейді:

1) Қазақтілді қоғамдық-саяси хабардың брендін жасау;

2) Қоғамдық-саяси процестерге қазақ қоғамын қатыстыру, үн қосу және сол арқылы саяси белсенділігін ояту. Осыған дейін қазақтілді аудитория қоғамдық-саяси процестерден тысқары қалып келді. Хабар осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Хабар- қоғамдық диалогтың телевизиялық формасы, яғни, толғағы келіп, пісіп-жетілген проблемаларды қозғау; әртүрлі әлеуметтік, қоғамдық топтардың, саяси партиялардың бір-бірімен пікір жарыстыруына мүмкіндік жасау, сол арқылы сындарлы қоғамдық пікір қалыптастыру; пікір алуандығын, көппікірлікті насихаттау арқылы демократиялық процестерге атсалысу; пікірталас, полемика қоғамдық қайшылықты ушықтыру, конфронтация, иә, антогонизмге итермелеу, болмаса, саяси тәжіке емес, пікірталас арқылы мәмілеге келу, әлеуметтік ынтымақ пен қоғамдық жарастықты күйттеу; қоғамдық процестер мен ситуативті жағдайларды талдау, таразылау арқылы қоғамдық-саяси реформалардың мәнін, мазмұнын мейлінше дұрыс түсінуге, обьективтілікке жетелеу, қазақ қоғамын саяси селқостығы мен бұйығылығынан арылту; ой-пікірді ашық, жария түрде айту арқылы қоғамдық саяси сананы қалыптастыру. Бағдарламаның аты туралы түсінік: Дода – ұлттық көкпар ойынындағы кульминациялық сәт. Көкпар ойыны тартысқа құрылады. Дода сөзі хабардың ой тартысы, пікірталас екенін аңғартып тұратын, ассоцациялық мағынада қолданылады. «Дода» бағдарламасының авторы және редакторы Ораз Әлімбеков былай дейді: 

«Қоғамдағы  барлық мәселе ашық айтылып, ашық талқылануы керек. Онсыз проблеманың мәнін  анық түсініп, оны шешу мүмкін емес. “Айтатын ойын астарлап жеткізу, “пәленшенің” атын айтпай-ақ проблеманы жалпақшешей көтеру және бірін айтып, бірін жасырып қалатын құйтырқы әдістермен ұлт мүддесіне қызмет етуге болады” деген түсінік қате. Мұндай тактиканың мақсаты бұлыңғыр, соңы нәтижесіз аяқталады. Әмісе, солай болып келе жатыр да. Соңғы кезде журналшы-жазғыштардың арасында ұлтымызға қатысты “Жаманымызды жасырып, жақсымызды асырайық” деген пікір жиі айтылады. Осы принципті басшылыққа алғысы келмегендерді “халық жауы” демесе де, “қорқау күштердің ықпалымен кетті” деп күстәланайтындар жоқ емес. Менің ойымша, журналистер асырмай да, жасырмай да “жақсымыз” туралы да, “жаманымыз туралы да айтқаны жөн. Тіпті, сол “жаманымыз” туралы көбірек проблема көтергені ләзім. Бұл қоғамның дамуына кедергі келдіріп отырған келеңсіздіктерді жоймаққа керек». /12.1 б./.

Біткен іске сыншы көп дейді халық мәтелі. Эфирге қадам басысымен төпелеген  сұрақтың астында қалған бұл бағдарлама өзінің өміршеңдігін көрсетті. Қандай тақырып болмасын, ашық талқылайтын  осындай хабарлар қазақ қоғамына керек-ақ. Оны баз бір кертартпаларша қоғамға іріткі салуда немесе оппозициялық баыттағы хабар түсінуге әсте болмайды. «Доданың» қалалықтар арасында рейтингісі біршама жоғары. Өйткені кейбір хабарлары барысында оппоненттердің, кейде жүргізушінің, кейде аудиторияның аузынан билікке, ұлттық мәселелерге байланысты батыл да ашық пікірлер айтылып қалады. Ток-шоудың телевизиялық формасында да біраз ізденістер байқалады. Ресейлік телеарналардағы кейбір ток-шоулардың детальдары да жоқ емес. Мәселен НТВ телеарнасындағы В. Соловьевтің «К барьеру» ток-шоуындағыдай екі оппоненттің «айтысқа» түсуі, олардың бағасын телефон қоңырауы арқылы үйдегі көрермендердің беруі, оппоненттрге төрелік айтатын алдияр-сарапшының болуы секілді элементтері кездеседі. Сондай-ақ бұдан біраз бұрын осы арнада Леонид Ярмольниктің «Золотая лихорадка» шоуы жүрген. Сонда ергежейлілерді хабардың бір бөлшегі ретінде пайдаланған. Мұнда да сол көрініс қылаң береді. Біз мұны кемшілік ретінде термелеп отырған жоқпыз. Ток- шоу формасындағы ұқсастықтар ретінде қарастырғанымыз. «Додаға» қатысты республикалық «Айқын» газетінің 16.О2.2ОО6 жылғы №28 санында Шолпан Құрманбайдың «Қап сүйреген қазақ ток-шоудың тапқырлығы ма?..» атты мақаласы жарық көрді. Онда былай делінген:  «Дода» ток- шоуы – тәуелсіз телеарналардың ішіндегі ізденісі жағынан озық тұрған жоба. Дегенмен, ток- шоу төңірегіндегі айтарымыз бұл емес. «Додада» көңілге кірбің ұялатар тұстар көп. Соларды қарапайым қарапайым көрермен ретінде саралап көрелік. Ең бірінші, хабар барысындағы жүргізушінің рөлін алайық. «К барьеру» ток- шоуындағы Соловьевтің жүргізушілік тұлғасы хабар барысында ерекше көрінеді. Ол өзінің оппоненттерін де, аудиториясын  да жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстайды. Көтеріліп отырған кез келген тақырыпты жан-жақты талқылайды. Сол себепті де оның салмағы басым. Ал «Доданың» жүргізушісі Берік Уәлиді бұл деңгейден көре амаймыз. Сұрақтан сұрақ өрбігеннен кейін кей хабарлары ашылмай, жететін жеріне жете алмай жатады. Екінші мәселе – алдияр сарапшыларда. Қазақта алдияр қылып үлкен төрені, жалпыға бірдей сыйлы, құрметті азаматты, аузы дуалы, дүйім елге аса беделді адамдарды сайлаған. «Доданың» алдияры - негізінен, Амалбек Тшан мен Дос Көшім. Бұл азаматтардың беделі мен қоғамдағы алатын орындарының зор екеніне еш дауым жоқ болса да «әр кезде алдияр болып төрелік айтатын дәрежеде емес» деп ойлаймын. Өйткені кейбір оппоненттер кейде алдиярдан басым түседі. Тағы бір қызығы, кейде оппоненттер бір-біріне оппонент болмай шығып жатады. Ток- шоудың  ең көңілге қонбайтыны, сорақысы десем де болатын шығар, ол- ала қаптан киім киіп, ала сөмке көтеріп жүретін қазақ. Бәлкм, қазақтың жағдайының қиын екені, кей азаматтардың жүнжіп жүргені рас та шығар. Бірақ бұл көрініс, хабар барысындағы ергежейлі адамның бейнесі «бейшара, сорлы қазақ. Сенің түрің осы!» дегендей ойға жетелейді. Бұна қалай түсінуге болады? Бұл не сонда? Қазақты қорлап, намысына тию ме, әлде ширықтырып қарау ма? Өйткені қазақ енді ғана өсіп келеді. «Қайтсек те аудиторияны селт еткізіп, экран алдына әкелеміз!» деген мақсаттардан да осындай ерекше бір элементтердің дүниеге келетінінен хабардармыз. Аудитория жинау алдыңғы орында тұрса да ұлт намысына тиетін көріністерді пайдаланудан аулақ болған жөн шығар. Ток- шоудың кей сандарындағы сыпыра сынаушылық, «осы біздің қазақ…» деп ұлтты қаралаушылық – дәл осы бейнеден, дәл осы көріністен айқын байқалады. Леонид Ярмольниктің «Золотая лихорадка» шоуында да ергежейлілер бар. Темір тордың ішінде ойыншыларды ертіп келіп, шығарып салып жүрген олар – хабарға қатыссыз, өздерінше жүрген элементтер. Сол көрініс әлдеқайда бейкүнәлау көрініс еді. Ұлтқа қатысты тіл, діл, дін жайлы салмағы зор тақырыптарды көтеріп жатқанда бір бейшара қазақты қапқа орап, қап арқалатып қою қаншалықты қисынды? Ток- шоудың әр саны жайлы әңгіме өз алдына. Жалпы барысы жайлы ойға түйіп, көрермен ретіндегі көңіліміздегі қамықтырған жайлар осы». /13.4 б./.

Информация о работе Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары