Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 18:22, курсовая работа

Краткое описание

Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі.

Содержание

Кіріспе
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
2. Тікелей эфир ерекшеліктері
2.1. Телевизиядағы кері байланыс процесі
2.2 .Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі
2.3. Эфир этикасы
3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

диплом2.doc

— 298.00 Кб (Скачать файл)

Телефон. Телефон  желісіндегі көрерменмен кері байланыс қазіргі заманғы тележурналистикада кеңінен қолданылуда. Телефон арқылы құттықтау жолдайды, тыңдағысы келген әндерін сұрайды, шақырылған студия қонағына өзін мазалағын сауалын қояды. Және соның бәрі тікелей эфирде өз дауысымен айтады, бағдарламаға қатысып отырған қонақпен тілдеседі, өз пікірін білдіріп, ой таластыруға мүмкіндік алады. Жүргізушілер ескерер тағы бір жайт, телефон шалушы көрермен ә дегенде тікелей эфирге дауысым естіліп тұр деп ойламайды немесе мен оларды естіп тұрмын, олар мені тыңдап отырған жоқ деп ойлайды. Сол себепті қайта-қайта «алло, алло» деп біраз уақытты алады. Онымен қоймай, дауыс естілмей тұр деп теледидардың дауысын барынша жоғары қояды. Мұның салдарынан эфирде шыңылдаған жағымсыз шу пайда болады. Тәжірибелі жүргізуші мұндай кезде бірден хабарласушымен амандасып, теледидардың дауысын сәл бәсеңдетіп қоюуды өтінуі шарт. Олай етпегенде телефонның арғы бетіндегі көрерменмен  бергі бетіндегі жүргізушілер бір-бірін естімейді. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, кей жағдайда көрермендер тарапынан жүргізушілерге деген жағымсыз пікір, былапыт сөздер айтылып кетуі мүмкін. Мұндай келеңсіздікті эфирге жібермеу үшін телефонда кезекшілік етіп отырған қызметкер сақ болғаны жөн. Ол хабарласқан адамнан не айтпағын, қандай сауал қоймағын егжей-тегжей сұрауы шарт. Егер оқыстан біз айтқандай жағдай бола қалса, жүргізуші ештеңе болмағандай жайбарақат, тіпті естімегендей күй танытқандары дұрыс.

Соның бәрімен  қатар, көрермендердің ұтыстарға, алуан  түрлі телеойындарға қатысуы  да интерактивтілікке жатқызуға болады. Әлбетте, телеойын жеңімпазының сыйлық алу үшін телеарнаға келуі дәстүрлі құбылысқа айналған. Бұл көрермен мен журналистерді жақындастыра түседі. Ал бұқара үшін жұмыс істейтін БАҚ өкілдеріне, нағыз журналистке көрермендердің алғысы мен рахметін алғаннан асқан бақыт жоқ. Бұл тек сол жүргізушінің беделін өсірмейді, бұл журналист қызмет ететін арнаның рейтингінің өсуіне ықпал етеді. Сонымен, қазіргі заманғы теледидардағы интерактивтілік біздің қоғамымыздағы электронды бұқаралық ақпарат құралдарын үйлесімді шоғырландыруға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндікті туғызушы фактор – телевизиядағы кері байланыс процесі.

 

2.2 Телевизиядағы  кері байланыс процесі

 

Телевизияның  адамзат баласының бір-бірімен  негізгі қатынас құралдарының біріне айналғанына да жарты ғасырдан астам уақыт өтті. Осы мерзім аралығында оның теориясы мен тәжірибесі, атқаратын функциясы, қоғамдағы қызметі жайлы жан-жақты, толымды зерттеулер жүргізілуде. Алайда теледидардағы «кері байланыс» процесі туралы ғалымдар әлі де бір тоқтамға келе алмай келеді. Оған себеп, кері байланыс процесінің уақыт өткен сайын аудитория мен студия арасын түрлі қырынан жақындастыра түсуінде болып отыр. Зерттеуші Ю.А. Щерковин «ақпараттық маңызға ие, хабарлар процесі мен «белгіні сезім арқылы қабылдау» - деген анықтама береді. /3.59 б./.

Бүгінде БАҚ-тың  ішінде көпшілік қатынасында маңызды  рөлді телевидение атқарады. Егер телевидениені программаның жиынтығы ретінде қарасақ, онда талдау жасайтын негізгі зат телевизиялық хабарламаның спецификалық құрылым болып табылады. Ондай жағдайда зерттеуші әрекетке мәтіннің қатыстылығын зерттеуін семантика проблемасына, не болмаса мәтіннің ішкі элементтеріне айтарлықтай қатысы бар синтактикаға көңіл аударыд. Егер телевидениені көпшілік ақпарат тарату предметі процесі түрінде қарастырсақ, онда талдау предметі хабарламаны жіберуші мен аудитория арасындағы қатынасқа негізделеді. К. Шенон, техникалық байланыс арнасының өткізу мүмкіндігін зерттеген кезеңде, ол басты бес компонентті айқындайды: «қайнар көз, таратқыш, сигнал, қабылдағыш, адресат, әрі ақпаратты таратуға әсер ету факторы ретінде бөгеуілді (шуды) атап көрсетті». /4.121 б./. Мысалы, мұнда телеграмманы жіберуші қайнар көздің хабарлаушысы, телеграфист-таратқыш, (кодировщик) байланыстың бірінші жағындағы және қабылдағыш (декоровщик) байланыстың екінші жағындағы, ал телеграмманы алушы – адресат рөлін атқарушы болып айқындалады.

БАҚ жүйесіндегі  кері байланыс процесі аудиториямен түсіністік байланыс орнатудың бірден бір тиімді жол болып табылады. Кибернетикадан БАҚ-қа келген «кері  байланыс» ұғымы бүгінде көпшілік-ақпарат өндірісінің тәжірибесінде ұйымдастырудағы орталық элементтердің біріне айналды. Ол, жалпы көріністе өмір сүру элементінің жүйесі және пайда болу механизмінің белгісі ретінде, өзін-өзі реттеу теу мен ішкі үйлестірудің икемсізделуінсіз өз мәнін жояды. Көпшілік қатынасында кері байланыс, белгіге жауап ретінде – аудитория реакциясын білу немесе халық пен БАҚ арасындағы байланысты жандандырушы рөлін атқарады. Бұл реакция жайлы білу тек іскерлік қатынаста ғана жемісті емес, ол эмоциональды-психологиялық жағдайда да керек. Кез келген шығармашылық натура өзінде сезім мен ойдың қарсылық әрекетін туындатады. Хабар жасау мен тарату және оны аудиторияның қабылдауы кезінде әрі оған әсер ететін қандай да бір жағдайлардың бәрінде де басқару процесі бар. Алайда, барлық басқару элементтерінде аса бір қажеттілік, ол кері байланыс процесі болып табылады. Сондықтан, коммуникатор өзінің қызметінде үнемі аудиторияның реакциясын және әрбір хабарламаны соның ыңғайына сай етіп жасауды әрдайым есепке алғаны орынды болар еді. Басқару қашанда ақпаратты тарату арқылы жүзеге асады. Ал, ол хабар әрбір студияға таратылуы үшін, коммуникатор кодировкалауды жасап, содан кейін ғана аудитория алынған мәтінді кодировка жасайды. Осы жерде маңызды бір сұрақ туындайды. Ол көпшілік ақпаратты хабарлау кезінде қай фактордың пайда болған шуылға әсер ететіндігі. Егер таза техникалық жағдайды есепке алмасақ, онда коммуникатор мен реципиентке әсер ететін қандай да бір параметрлермен байланысты факторларды ескеруіміз керек. Ақпарат кодировкасына көпшілігінде әсер ететін, әрі хабарлау кезінде мәнге ие болатын: а) сенім, бағалалықтан хабардар болу, қондырғы; б) хаардарлық (білім), шеберлік (ақылдылық), шығармашылық машық; в) қажеттілік, қызығушылық себепкер екендігі келіп шығады.  

Журналистикада  аудиториямен тікелей байланыс аса  маңызды. Ол өзінің өмір сүру уақытынан  бері өзіне аралық қатынас мүмкіндігін  иеленді. Ұзақ мерзім бойына газетегі жарияланым не радиодағы берілім  бір жақты қатынас түзілім  болып табылып келді., себебі автор оқырман не тыңдарманнан кері байланыс импульсін ала алмады. Бүгінде радио тыңдарманы сол сәтінде студиядағы жүргізушімен бірлікте сұхбатқа араласып, өз пікірін білдіріп, не қойылған сұраққа жауап беріп жататын мүмкіндікке толықтай ие болып отыр. Егер біз шын мәнінде радио не теледидарда сұхбатқа дайындалсақ, онда сыртқы әлеммен байланыстағы коммуникатор рөлін күшейтуге тиіспіз. Кері байланыс процесі кезінде мына мәселелерді әрдайым есте сақтаған жөн.

1.    Көрермен  әрқашанда хабардың көңіл-күйге  жағымды әсер етуін қалайды. Олар экраннан зорлық-зомбылық, өлім мен жәбірлеу, кемсітушілік секілді хабарламаларды көруге құлықсыз. Олар үшін күнделікті, қарапайым өмірдегі жай нәрселер қызғылықты. Көпшілігінде көрерменді ел көлеміндегі игілікті істер мен өмірдің түрлі саласындағы күрделі мәселелердің шешілу жолдары жайлы ұсыныстар қызықтырады.

2.    Көрерменді  саясаттан да гөрі, халықтың әл-ауқатын  жақсарту жолындағы басты тетік  экономикалық мәселелердің ел  көлеміндегі жағдайы мен тарих,  тәрбие, өнер, мәдениет, қоршаған орта, тағам сапасы және тағы да басқа маңызды мәселелер толғандырады.

3.    Бүгінде  әлем елдерінің көпшілігінде  дерлік алдыңғы кезекке этикалық  және мәдени проблемасы мәселесі  шығып отыр. Сондықтан осы бағыттағы  ашық пікірталасқа көрерменнің өздерінің жиі әрі көптеп қатысқандары орынды.

4.    Көпшілігінде  эфирден балалар мен жастар, тәрбие  мәселесі сирек беріліп жүр.  Әрі қоғамдағы технологиялық  жаңарулар да қызғылықты тақырып  болып табылады.

Кері байланыс арқылы тікелей эфирде өтіп жатқан хабардың рейтингін, яғни таралымы мен көрілімін еш қиындықсыз аңғаруға болады. Егер хабарға қатысып отырған қонақ қоғамдағы күрмеуі шешілмеген мәселені талқылап жатса, оған халық тарапынан да қойылар сауал аз болмайды. Ал, тек белгілі бір топқа ғана қызық болып көрінетін, көпшілік аудиторияның сұранысына ие болмайтын тақырып халықты да, тіпті журанлистерді де қызықтырмауы мүмкін. Сондықтан тақырып таңдау журналист үшін бірінші нысан. Жүрізуші келген қонаққа халық тарапынан қойылар сауалға жауап бермейтінін де ескертіп қойғаны жөн. Теледидар арқылы жүзеге асатын, көпшілік ақпарат процесіндегі кері байланыс процесінің жүру барысы туралы доцент Құдайберген Тұрсын жасаған схеманы А қосымшасынан көруге болады.

 

2.3 Тікелей  эфирдегі жүргізуші қызметі.

 

Тікелей эфирдегі жұмысты жүзеге асыру сипаты өндірістегі жоғарғы қарқынды еңбек ырғағына ұқсайды. Осыған орай тікелей эфирді шығармашылық-өндірістік процесс ретінде қарастыруға болады. Ғылыми зерттеулер көрсетіп бергендей, тікелей эфирдегі жүргізушінің қызметі айрықша, кейді тіпті, төтенше ахуалда жүзеге асады. Демек, келесі кезекте тікелей эфир шығармашылық-техникалық сипаттағы күрделі психологиялық процесс. Сондықтан да, тікелей эфирді жүргізетін тележурналистке кәсіби деңгейдегі даярлықпен қатар, арнайы психологиялық дайындық қажет. Негізінде, тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың іргетасы камера алдына барғанға дейінгі даярлық кезінде жүзеге асатын нақты әрекеттер мен тынымсыз ізденістер нәтижесінде қаланбақ.  Тікелей эфир жүргізетін журналистің негізгі нысанасы-көрермен назары. Адамның назарын аудару - өте күрделі құбылыс. Көрерменнің көңіл-күйін басқару үшін оларды қажетті бағыттағы әрекетке талпындыру қажет. Бұған көрерменнің психологиясын, мұқтажын, ұстанған көзқарасын, талпынған бағыт-бағдары мен әдет-ғұрпын қарқынды түрде зерттеу жолымен қол жеткізуге болады. Журналистің тікелей эфирдегі жұмысы табысты болуы үшін оның өз аудиториясын жақсы білгені жеткіліксіз. Ол сонымен қатар өзін көріп отырған жұрттың бұл хабар туралы, онда сөз болған мәселе жөніндегі көзқарасынан, пікірінен хабардар болу керек. Олардың ойының өз көзқарасымен дәл келетін тұстарын, керісінше, қай мәселе төңірегіндегі олармен дауласып, нақты деректер ұсыну керектігін, қайсібір шақта олардың сезіміне тікелей әсер ету арқылы айтылған ой аясында ойланып-толғануы қажеттігін болжап алғанда барып, көрерменге емін-еркін тіл қатып, телефон желісіндегі әңгімеге етене араласып, тікелей эфирді ұршықша үйіріп әкетеді. Тележурналистің хабары эфирге шықпастан бұрын, оған жұрттың міндетті түрде назар аударатынына сенімді болуының өзі оның белгілі дәрежедегі даярлық деңгейін көрсетсе керек. Әлбетте, көрермен назарын аудару үшін бейнероликтер немесе көтеріліп отырған тақырыпқа сай бейнесюжет әзірлеп, таңғажайып мәліметтерді пайдаланып,  студияға халыққа танымал тұлғаны шақыру арқылы журналист жүргізіп отырған хабарын ғана емес, өзін де танымал етеді. Тікелей эфирдегі психологиялық ахуалды қалыптастырудың тағы бір кілтипаны – көрерменді өз сөзіңе сендіре білу. Бұл тәсіл қалай жүзеге аспақ? Ұлы жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезов Ташкентте өткен Азия-Африка жазушыларының конференциясында сөйлеген сөзін былай деп бастаған екен: «Естігенімді айтсам өтірік болар, көргенімді айтайын». Міне, осы «көргенімді айтайын» деген сөздің астарында үлкен жауапкершілік, батыл да айбарлы сенім жатыр. Демек өзгені өзіне сендіру үшін адам ең әуелі өзіне сенімді болуы керек. Олай болса, журналист өз тақырыбын тым болмаса сол хабар аумағына қажетті көлемде жетік, әрі жан-жақты меңгеруге тікелей міндетті. Табиғаты толық танылып болмаған, әйтсе де тележурналистканың күнделікті жұмыс процесіне айналып кеткен тікелей эфирдің мұндай психологиялық аспектілерін теориялық еңбектерге сүйеніп негіздеп, тәжірибе жүзінде соған мән берген жүргізуші-журналист эфирдің эстетикалық деңгейін арттырып, көрерменді өзіне біртабан жақындата түсері анық. Бірақ бұл процестің бәрі эфирге даярлықты қамтиды. Осының бәрін елеп-ескеріп, екшеп алған жүгізушінің эфирі өз деңгейінде жүзеге асуы шарт. Мұның өзі жүргізуші-журналистің шығармашылық интуициялық қарым-қабілетінің есебінен оң шешімін таппақ. Белгілі тележүргізуші, «Хабар» телеарнасының дикторы Қымбат Досжан тікелей эфирді «мылтықсыз майданға» теңепті. Сөзінің жаны бар. Тікелей эфир жүргізушісі экстремальды жағдайда жұмыс істейді. Бұл туралы белгілі зерттеуші Жидегүл Әбдіжәділқызы «Тікелей эфир табиғаты» еңбегінде былай деп жазады:

«Тікелей эфирдегі жүргізушінің жұмысы айрықша, төтенше, яғни, экстремальды  жағдайда жүзеге асатынын ескеріп, ең алдымен, экстремальды факторларға  талдау жасауымызға тура келеді. Бұл, біріншіден, жұмысты жүзеге асыратын орындағы физикалық жағдай, (өте күшті электромагнитті сәуленің шығарылтындығы, қолайсыз температура, ылғалдың бөлінуі, тағы сол сияқты). Екіншіден шектен тыс аса жоғары жауапкершілік, үшінші қауіп, қорқыныш, үрей. Ендігі жерде, айрықша «экстремальды» қызметтің өзіне тән ерекшеліктеріне назар аударған абзал. Олар:

а) адамның жүйкесі, психикасы  тарапынан күш-қуаттың жұмсалатындығы, яғни энергияның шығындалатындығы,

ә)  өзінің резервтік мүмкіндіктерін іске қосатындығы,

б)  физикалық немесе психикалық жағынан қалжырауы.

Мұндай ерекшеліктерді ескере отырып, арнайы жүргізілген зерттеу  жұмыстары нені көрсетті: «Атап айтқанда, Т. Немчиннің жүйкеге түсетін  ауыртпалық жөніндегі Д. Спилбергердің  ахуалдық алаңдаулық мөлшері бойынша, М.Люшердің түрлі-түсті тестілеуден жасалған психологияны қадағалау әдістерінің нәтижесінде жүргізушілер, шолушылар, комментаторлар эфирге шығар алдында жағымсыз психикалық ахуалды бастан кешірген екен. Бұл әлдекімдерден ашулану, тітіркену ретінде аңғарылса, кейбіреулерден тұйықталу, шектелу, жаншылу сипатында көрініс табады. Көпшілігіне алаңдаушылық, сәтсіздіктен үрейлену әсері тән. Олардың тән қызуы, қан қысымы көтеріледі. Жүргізушілер көңіл-күйіндегі алаңдаушылықтың негізгі себептері уақыттың тығыздығынан, күтпеген жағдайларға тап болудан, өзін-өзі жеткілікті дәрежеде мойындамаудан, мейлінше қатаң қадағалаудан, өзін-өзі барынша шектеуден туындайды. Ендеше, олар өздерін қолдауды және мақұлдауды қажет етеді». /5.59 б./.

Тікелей эфирдегі шығармашылық қызметті талдау барысында мұндай төтенше жағдайларға төтеп беру үшін жүргізушілер қандай қасиеттерді бойына сіңіруі керек деген немесе кәсіби қызметтің қандай қырларын меңгеруге тиісті деген сұрақ туады. Біздің  ойымызша, тікелей эфирде жұмыс істейтін маман үшін ең маңызды мәселе дүниетаным деңгейі жоғары, білім терең, кәсіби шеберлігі шыңдалған белсенді маман ғана емес, сонымен қатар, ерікті, жігерлі, қайратты, белсенді, көңіл-күй тұрақтылығын сақтай білетін, ұстамды, орнықты, өз психологиясын өзі қадағалай алатын табанды адам болуы керек. Себебі, тікелей эфирдің осындай психологиялық қырларын меңгеріп, оны жұмыс процесінде кәдеге жарату – кәсіби деңгейі жоғары өз ісін жетік білетін үздік маманға қойылатын заңды да орынды талап. Эфирдегі хабар өзінің табиғилығымен, өнерге тән бейнелеу шеберлігімен құнды. Әр сөз, әр шумақ, әр дыбыс өмірдің өзінен алынса, өмірдің өзі болып естілсе ғана көрермен сөзіміне әсер ете алады. Кейіпкердің өз даусымен сөйлеуін, халықтық ән-күйлеріміздің өзіндік өрнекпен сөз ажарын ашып отыруын көрермен жоғары бағалайды. Өйткені, жеке адамның дауысы оның орталық жүйке жүйесінен келетін импульске байланысты. Адамның көңіл-күйін, ой –сезімін оның дауысы да білдіреді. Міне, бұл кейіпкердің жан-дүниесін ашып, образын жасаудағы ең маңызды құрал болып табылады. Біз өз тәжірибеміз бен зерттеу жұмысының нысанындағы хабарларға талдау жасай отырып, тікелей эфирдегі кәсіби шеберлікті шыңдауға байланысты схема ұсынамыз. Оны Б қосымшасынан көруге болады.

Информация о работе Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары