Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Мая 2013 в 18:22, курсовая работа
Жиырмасыншы ғасыр ел тарихында, халық жадында өзінің талай тамаша табыстарымен көпшілікті тамсандырған күйде қалды. Елімен бірге есейіп, халқымен бірге толығып келе жатқан теледидардың да бір жарым ғасырлық тарихы бар. Он тоғызыншы ғасырдың орта шенінде әлемнің ұлы математиктерінің бірі Вильям Гамельтонның «есептен қорытқан жорамал шамасы» «квартернион» деген атпен тарихқа енді. Алайда, жаңалықтың жолы қашанда ауыр болатыны белгілі.
Кіріспе
1. Отандық телеарналардың қалыптасуы мен дамуы
2. Тікелей эфир ерекшеліктері
2.1. Телевизиядағы кері байланыс процесі
2.2 .Тікелей эфирдегі жүргізуші қызметі
2.3. Эфир этикасы
3. Отандық телеарналардағы қазақ тілді тікелей эфир хабарлары
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Иә, шығармашылық тұрғыда микрофон журналистиканың ең негізгі, ең алғыр, ең сезімтал, ең өткір, ең нәзік, ең құдіретті тетігі. Өйткені, ол ауыздан шыққан әр сөзге жан кіргізеді, қанат бітіреді, көрермен жүрегінен орын таба алатындай қасиет береді. Тікелей эфир кезінде микрофон тек жүргізушіге ғана емес, студия қонағына да тікелей қатысы бар құрал. Онсыз да жан-жақтан анталаған камерадан жүрексініп отырған хабар қонағы микрофонмен жұмыс істеу тұрмақ, не айтам, не қоям деп абдырап қалуы мүмкін. Қазіргі күні микрофон әркімнің қолына беріле бермейді, студияғы қонағы жалғыз немес екі-үш адам болса, әрқайсысының өңіріне петличка, яғни, ілгекті микрофон тағылады. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, эфир кезінде микрофонды қонақтың жауып тастауы немесе оған шашының кедергі келтіруі мүмкін. Мұндай кезде қонақпен жүргізушіден бұрын дыбыс режиссерінің халі қиындайды. Мұндай сәтте жүргізуші еш қысылмастан қонақтан кешірім сұрап, микрофонды түзетіп қоюуын ескертуі тиіс. Мысалы: «Кешіріңіз, біз дәл қазір тікелей эфирдеміз. Микрофоныңызды сәл түзеп қойсаңыз, бізге де, сізді тыңдап отырған көрерменге де ыңғайлы болар еді». Мұнда тұрған еш сөкеттік жоқ. Керісінше, хабардың жанданып, қонақты өз үйінде отырғандай сабырлылыққа шақырғаныңызды аңғартасыз. Келесі бір мәселе студияға келген адам, қайсысы камераға қарап сөйлеймін немесе менің дұрыс емес сөзімді алып тастайсыз ба сан түрлі сауалдар қоюуы мүмкін. Кәсіби жүргізуші студияға келетін кейіпкермен алдын-ала кездесіп, оған эфир заңдылықтарын түсіндіруі шарт. Қол-аяғы дірілдеп, алғаш рет студияға кіріп отырған адамды қалай жұбатуға болады. Тағы да тәжірибемізге сүйенеміз. «Қараңызшы, мына студияда сізбен бізден басқа кім бар? Кімді көріп отырсыз. Әне үш оператор жүр. Сіз камераға қарамаңыз. Сіз менімен дәл қазір қалай әңгімелесіп отырсыз, эфир уақытында да солай әңгімелесе бересіз. Мен сізге көктен алып сұрақ қоймаймын. Барлық сауал сіздің жұмысыңызға немесе өзіңізге ғана қатысты. Мен сізді шақырып алып емтихан алайын деп отырған жоқпын». Мұнан кейін қонақ біраз тынышталады. Ал эфир сәтті аяқталып жатса, «болды ма, неге уақыт тез өтіп кетті» деп таң-тамаша қалады. Қарап отырсаңыз, тікелей эфир жүргізушісі психологта болуы қажет.
Біз телевизия индустриясы үлкен қарқынмен өсіп жатқан шақта өмір сүріп жатырмыз. Кабельді және спутниктік телеарналар көбеюде, апта сайын әр түрлі жаңа ток-шоулардың куәсі боламыз. Тиісінше, қоғамдағы түрлі әлеуметтік топ өкілдері сол телехабарлардың кейіпкерлері, срапшы қонақтары немесе жай ғана көрермендері ретінде телевизия әлеміне келіп, кетіп жатады. Сіз, мүмкін, оқытушы немесе кітап авторы, экономист әлде дәрігерсіз. Алайда ол маңызды емес. Өйткені кез келген мамандық иесі бір күн емес, бір күнде күтпеген жерден қандай да бір телехабарға қонақ ретінде шақырылкы мүмкін. Сіздің телевизиядан сұхбат беруге алғаш баруыңыз да ықтимал. Енді не істейсіз? Адам болған соң қобалжу, «мені миллиондаған аудитория көреді-ау» деген қорқыныш сезім пайда болады. Біз сіздерге телевизияға шығар сәтте, бағдарламаға қатысып, сұхбат берген кезде, өзіңізді қалай ұстау қажеттігі жайлы кеңес бере кетуді жөн санадық.
Бірінші кеңес. Егер сіз қандай да бір телебағдарламаға қатысу жөнінде шешім қабылдасаңыз, оған бармас бұрын, әңгіменің не жөнінде, қай бағытта және қандай формада өрбитінін біліп алыңыз. Керек мәліметті бағдарлама жүргізушісі, не редакторынан білуге болады. Бұл әдіс сіздің алдын-ала кәсіби және психологиялық тұрғыдан сұхбатқа тастүйін дайын болып баруыңызға көмектеседі.
Екінші кеңес. Сонымен, сіз эфирге 15 минут қалғанда, көрікті киініп, жақсы дайындалып, телестудияға келдіңіз делік. Енді не істеу керек? Алдымен хабарды жүргізетін адамның сіздің аты-жөніңіз бен жұмыс істейтін мекеменің атын дұрыс жазып, атайтындығына көз жеткізіңіз. Қажет болса, сіз жайлы барлық мәліметтер көрсетілген қағазшаны да қосып беріңіз. Ол ешқашан артықтық етпейді. Эфирге шықпас бұрын, грим жасату мен шашыңызды ретке келтіру мәселесін де ұмытпағайсыз. Елімздің ірі-ірі телеарналардың барлығында дерлік стилист мамандар бар. Алайда, «өзімнің төл стилисім жасаған имиджбен эфирге шығамын» десеңіз де болады. Ол үшін студияға келмей тұрып, жеке уақыт табуыңыз керек.
Үшінші кеңес. Сұхбатқа шығар алдында жүргізушіге көтерер мәселеңіздің негізгі тұстары туралы әңгімелеп беріңіз. Ол қойған сауалдарға толық жауап беріп, жүргізушінің мүмкіндігінше тақырыпқа енуіне жол ашыңыз. Аталған тәсіл диалогтың мәнді әрі сіз ойлағандай өрбуіне себепкер болады. Эфир кезіндегі сұрақтарды мұқият тыңдап, оларды өзіңізге берілген керемет мүмкіндік ретінде қабылдаңыз. Егер жауабын білмесеңіз «білмеймін» деп айтудың еш сөкеттігі жоқ. Қолдан келгенше, сұхбат барысында есте қаларлық пікірлер айтуға тырысыңыз. Есіңізде болсын. Түсірілім жүріп жатқан кезде – ежіктеп, тоқтап қалуға, олыңыздғаы қалам немесе кітапшамен ойнауға, сақалыңызды сипауға, сондай-ақ галстугыңызды түзей беруге тыйым салынады.
Төртінші кеңес. Бейнекамерадан ешқашан қорықпаңыз. Оған сіз өптен бері араласып жүрген, сүйікті досыңыз ретінде тіке қараңыз. Телережиссер сізге көңіл-күйіңізді көтеріңіз деген ескерту жасауы ықтимал. Олай болып жатса, бар күш-жігеріңізді салып, жиналып, «эфирлік көңіл-күйге» енуге талпыныңыз. Бұл қасиетті күнделікті айнаның алдында тұрып-ақ қалыптастыруға болады. Бет-әлпетіңіз бен қолыңызды жиі қозғалтып, қимылдата берудің қажеті жоқ. Керек кезде қолыңызды әрі-бері қимылдатқанмен де ол иегіңіз бен кеудеңіздің аралығынан аспауы тиіс. Ешқашанда эфирде бетіңізді ұстауға, көзілдірігіңізді түзетуге болмайды. Кез келген іс-қимылдың эфирден құбылмалы көрінетіндігін білгеніңіз жөн.
Бесінші кеңес.Телевизияда киімнің алар орны айрықша. Сол себептен де, телевизияда киімге қатысты қатып қалған бірнеше қағида бар. Ол: камера алдында ешқашанда толығымен қара немесе ақ түсті киім киіп шығуға қатаң тыйым салынады. Өйткені бейнекамераның ашық немесе тым қою қара түстерді өзгертіп беретін қасиеті бар. Неге осы екі түске телекамера қас деген сұрақ туады. Себебі, қара түс назарды адамның тек басы мен бетіне ғана аударса, ақ түсті киім киген адамның бет-әлпеті денесімен үйлесіп, түсініксіз көрініске айналып кетеді. Қара түстер жарықты жұтып, көріністі кішірейтіп жіберетін болса, ақшыл түстер керісінше жарықты шағылыстырып, нысанды үлкейтіп көрсетеді. Жалпы алғанда, мамандар телевизия үшін түстер спектрының ортасына жақын болып табылатын көк, сұр және қоңырқай түсті киімдерді киюді ұсынады.
2.4. Эфир этикасы
Хош, біз тікелей эфир кезіндегі техникалық саланың қырларын жалпы шолып өттік. Ендігі ең басты назарда ұстайтын жайттың бірі – тікелей эфир жүргізушісінің этикасы. Этика – адамгершілік пен мораль туралы теориялық заңдар мен практикалық талап-тілектерді зерттеп, қалыптастыратын ғылым саласы. Яғни, адамдардың қоғамдағы өмір сүру нормалары мен бір-бірімен қарым-қатынасы жайлы ұғымды танытады. Еңбексүйгіштілік, адалдық, достық, сыйластық, сыпайылық, өзіңді-өзің дұрыс ұстай білу, жақсы мінез – осының бәрі этика критерийлерін анықтайды. Сөйтіп, этика жалпы алғанда адамгершілік принципіне бағынады. Этика саналы азамат болуды қалайды. Демек, журналист те осындай қасиеттерге ие болу керек екені түсінікті. Өйткені журналистің кәсіби мамандығы – мұндай қасиеттерсіз табысқа жетуі қиын. Этикалық нормалардың заңды жасалмаған тұстарын журналист өз ақылымен, сан-сезімімен ұғып-білуге тиіс. Ол адамгершілік идеал мен азаматтық парыздан туындайды. Журналист өз борышын адал атқаруы тиіс.
Қазір телеарналарда тікелей эфирде өтетін ток-шоулар көп. «Шоумен» деген ұғым қазақстандық көрермендер санасына еніп үлгерді. Әзірше шоумендікке актерлер тартылуда. Бір жағынан ол да дұрыс шығар. Бірақ актер журналист емес. Ток-шоуды жақсы жүргізіп шығу емес, онда көтерілген басты тақырыпты аша білу керек. Өйткені «ток-шоу-таза журналистік шығармашылық». Оның үстіне тікелей аудармасы – «әңгіме-думан». Әңгіме сұхбатқа құралады. Ал сұхбатты тек арнайы мамандығы бар журналист қана өз деңгейінде жүргізе алады. Сұхбат сәтті шығу үшін журналистке қойылар талап та жоғары. Ол табанды, зерек, әсершіл, жинақы, тапқыр, байқампаз, назаршыл, есте сақтау қабілеті жоғары, психологиялық тұрақты болу керек. Ал актерлер тек жазып бергенді ғана оқып шықпай ма? Сондықтан ток-шоулардың көбінің жасанды шығып жататыны сол. Шоумен-актерлердің кейбірі ғана импровизациялық қабілеттеріне сенеді. Солардың ішінде Қазақстан халқына жақсы таныс ресейлік Леонид Якубович (Поле чудес) пен Дмитрий Нагиев (Окна), Николай Поречников (Запретная зона). Якубовичтің шектен тыс қуақы қылықтары мен Нагиевтің «дау-дамайындағы» анайы қимылдары сырттай жарасымды сияқты, бірақ көрермендер оны жай қалжың ретінде қабылдаса керек. Шоумен-әртістер бізде бар. 2ОО1 жылы НТК арнасында тікелей эфирде «Саз сандық» атты интерактивті ойын-сауық бағдарламасы жүрді. Эфир билігін қолына ұстаған Нұрлан Албан сөзінің мағынасыздығымен және ойының шұбалаңқылығымен көрермендерді ығыр ететін. 2ОО3 жылы Қазақстан Ұлттық арнасында таңертеңгілік «Таңсәрі» бағдарламасына да жүргізуші болып Нұрлан Албан шықты. Әртіс, әнші ретінде халыққа танылып жүргенімен, шоу-мен, тікелей эфир жүргізушісі ретінде еш қырын көрсете алмады. Әрине, актерлік шеберлік журналистің бәріне бітпейді. Бірақ оған үйренуге, үйретуге болады. Тіпті алысқа бармай-ақ көрші Ресейдің тіршілігіне көз салсақ жетіп жатыр. Оларда тіпті репортерларға дейін актерлік шеберлікті меңгеруде. Өйткені Москвада арнайы тележүргізушілерді дайындайтын институт бар. Онда актерлік және журналистік шеберлік деген пән оқытылады. «Әдемі қозғалыс» деген пән бар екен. Ток-шоуларды дайын актерлерге жүргіздіре бергенше, осындай бір шеберлік мектебін бізде де ұйымдастыруға болады. Шоумен – журналиске керек басты қасиетердің бірі- тіл мәдениеті. Ал тіл мәдениетінің өзі көп аспектілі түсінік. Жақсы тіл-дұрыс, қарапайым, мәнерлі болу керек. Тіл мәдениетіне де арнайы үйренеді. Жоғарыда айтылған тележүргізушілердің институтына жетекшілік ететін белгілі тіл стилисі Светлана Макарованың алдына тілдерін дұрыстауға тіпті саясатшылар мен депутаттарға дейін келеді екен. Ол институтта сөйлеу техникасы, эфирде сөйлеу шеберлігі деген сабақтар жүргізіледі.
Теледидардың басқа өнер түрлерінен негізгі артықшылығы миллиондаған адамның назарын өзіне аудара білуінде. Осы артықшылық, яғни, жаман-жақсы танымдылық оны басқа өнер түрлерінен бөле-жара ерекшелендіріп тұрады. Ақпарат арнасының кез келген бөгеуді жарып өтер ең қуатты ағысы болғандықтан теледидар мен интернет салаларының ана тілімізде сауатты түрде игерілуі ең маңызды мәселе. Қазіргі күні тәубә дейік, телеарналардың тілі біраз «түзеліп» қалды. Бірақ әлі де болса кей хабарларды бірден сөйлеу мәдениетінің төмендігі көзге түседі. Оларды мынандай басты екі түрге бөлуге болады: «тіл бұзарлық»-журналистің тіл маманы ретіндегі сауатсыздығы және сөйлеу техникасының негізгі заңдылықтарын білмеуден, әрі туа біткен тіл мүкістігінен сөздің анық айтылмауы. Бір қызығы, «тіл бұзарлардың» көпшілігі ауылда, қазақи ортада өскендер. Олар сөздің әуелі орысша баламасын тауып, қазақшаға аударады. Осыдан келіп, «орын алып отыр-имеет место», жұмыс орнын жоғалтып алды-поерял рабочее место», ағымдағы жылы-в текущем году», «күтілуде-ожидается», «өз жұмысын бастады-начал свою работу», «өз кезегінде-в свою очередь», «белгілі болғандай- как стало известно», «нәтижесінде-в результате», «болып табылады-является» деген сяиқты «шедеврлер» шұбырып кете береді. Сөзід мағынасына қарамай, кез келген жерге қыстырып жіберетініміз тағы бар. Тағы бір «ауру» орынды-орынсыз мақалшылдық, ұйқас қуып тақпақтап кету. Тіл мәдениетіне қатысты журанлист Ғалым Боқаш мынандай тамаша пікір айтады. «Осы «болып табылады» деген жасанды күрделі етістік бірте-бірте қазақ тілінде есім сөзден кейін міндетті түрде ағылшынның to be етістігінің баламасына айналып кететін тәрізді. Келесі ғасырдың әліппесінде «мынау-бала, анау-дала» деген сияқты тіркестер «мынау бала болып табылады, анау дала болып табылады» немесе «сіз мұғалім болып табыласыз» деп жіктеліп тұрмасына кім кепіл? Бірақ ортаңқол тележүргізушінің, я тележурналистің кемшілігі лексико-синтаксистік ауытқуларда ғана жатсажақсы ғой... Шет елдік, қала берді өзіміздегі орыс тілді салмақты ақпарат құралдарынан байқағаным, әр салаға бөлек мамандандырылған кәсіпқой журналистердің көптігі». /9.6 б./.
Соңғы жылдары қазақ тіліндегі телехабарларда үндестік заңының бар екені мүлдем ұмытылған сияқты. Дауыс ырғағы мен өзін-өзі ұстау қабілетін, әртістігі мен қимыл-ишара өнерін жетік меңгерген қазақтілді талантты тележурналистер мен жүргізушілердің аздығы жоғары оқу орындарындағы тіл маманы болып шығатындар, әсіресе, телевидение, радиоға баратындар дұрыс сөйлеудің қыр-сырын үйрететін, қарапайым ақпараттық мәтіннен бастап, көркем шығарманы дұрыс оқуға машықтандыратын мамандардан дәріс алуы керек. Ал ондай мамандар саны республикамызда бір қолдың саусағындай-ақ. Сол сияқты тележүргізушілердің арасында еліктеу де басым. НТВ, ОРТ- ның белгілі жүргізушілерінің сөйлеу нақышы, қимылдарының көлеңкесі кейбір тележурналистерімізден көрініп тұрады. Тілдің бұзылуына тосқауыл қоюдың бір жолы-журналистерді жыл сайын аттестациядан өткізу. Ілгері ұмтыламын деген адамға бір жыл деген көп уақыт. Эфирге шығатын адамдар жан-жақты сұрыптаудан өтуі тиіс. Халық алдына шығар ұл-қыздар тіл тазалығымен бірге «бұдырайға екі шекелі, қарақат көзді» дегендей ұлттың эстетикалық талғам биігінің белгісіндей кескін-келбеті келіскен, бүгінгі күн адамы да болғаны керек. Лос Анджелесте Теледидар мен Кино өнері ададемиясы бар. Сол сияқты алдыңғы қатарлы елдердің көпшілігінде телехабарларын өнер туындысына айналдыра білген шебер жүргізушілер мен режиссерлер жетерлік. Қазақстандық теледидарды өнер ортасына айналдыру үшін әлі де жетпей жатқан тұстар көп. Мұның себебін тележурналист Асылбек Ықсан былай түсіндіреді: «Өнер шабыттан туады. Журналистер де осы шабытану құпиясына қалай қаныққанына байланысты бірі ала, бірі құла болып келеді.Мәтіндерді «қара жаяу» оқып беретіндер де бар, тақырыбы, жанры сәт сайын өзгеріп отыратын әр қилы ақпараттардың ішіне кіріп, әр оқиғаны көз алдынан өткізіп, өзі көре отырып, ой елегінен екшеп, «пісіреп» бере алатын журналистеріміз бар. Осындай журналистердің арқасында теледидар өнерге айналады деп айта аламыз. Батыстың даңқты, ақшалы артистері қолдары босай салса психо-физикалық жаттығуларға кіріседі. Сондықтан да олар көңіл-күйлерін қалаған кезде сынапша сусытуға үйреткен. Бұл тікелей эфирде жұмыс істейтін тележүргізушілер үшін таптырмайтын құрал. Тележүргізушінің де күн сайын кәсіби шеберлігін шыңдап отыратын жаттығулары болуы керек. Сонда кешегісін бүгін қайталау, бір ізді шиырлай беру болмайды. Бүгінде бұрынғыдай біреудің жазғанын мәнерлеп оқып беріп отыратын дикторлардың заманы өтті. Қазіргі дикторлар- бағдарламаның авторлары. Тележүргізушілерді әртістік шеберлікке қатысты кино мен театр актерларына қарап тағы бағалауға болмайды. Актрелер белгілі бір мектептен өткен, жан-жақты кәсіби дайындығы бар адамдар. Тележүргізушілер де өзінше образ жасайды. Актер қаншама кейіпкер бейнесіне кіргенімен, актер мен образ ешқашан бірігіп кетпейді, арасында саңылау қалады. Кәсіби тележүргізуші де экраннан көрінер бейнесін ой-қиялында сомдаған идеалдық бейнесіне бағыттап, күнбе-күн қырлап, сырлап отырады. Тележүргізушілер актерлердей емін-еркін қимыл-әрекет жасай алмайды, экранға «байлаулы». Бұл ішкі дайындықты, жалғыз ғана бет-әлпет қимылын игеруде үлкен шеберлікті талап етеді. Тележүргізушінің бір артықшылығы осында. Экран алдындағы көрерменді өңменінен итеретін олқылықтардың бірі-журналистің қимыл-ишарасының тақырып желісінен бөлек «сөйлеуінде». Бізде көбінесе бар салмақты сөзге салып, ал қимыл-ишара айтылған ойды долбарлап қайталаумне шектеледі. Ақпараттың 6О пайызы қол, көз, бет-жүз, дене қимыл иишаралары арқылы жететініне ескерсек, қазақ теледидарына осы жан-жақтылық сырын кәсіби тұрғыда ұғындыра алатын мамандар ауадай қажет. Жест- адамның темпераментіне байланысты- флегматик холериктің қимыл-әрекетіне еліктесе, өз мінез-құлқынан тумаған соң ол Марк Твен айтпақшы, «сарафан киген түйенің тайраңдағанындай» әсер қалдырады. Сөз өнері мен қимыл-ишара өнерінің қыр-сырын меңгерген адамды шын «жұлдыз» деп мойындауға болады». /10.5б./. Біз озық технология дәуірінің тамаша мүмкіндіктерін пайдалана алмай, бойымызда бар асыл қасиетті, ұлттық болмысымызды жаңа жүйемен қабыстыра алмай жатқан сяиқтымыз. Сондықтан да кез келген салада жалықпай, жаңылмай ұлттық үнімізді үздіксіз іздеп, жоқтап, тауып отыру бұлжымас парызымыз. Үн- көңілдің айнасы. Үннің бояуы ішкі жан сарайдан хабар береді. Сіздің мінез-құлқыңызды, кім екеніңізді үніңіз айтып тұрады. Жер бетінде қанша адам болса, сонша үн бар. Дауысыңызды қанша құбылтқаныңызбен жүрегіңізде не жатқанын үніңізден білуге болады, үн алдамайды. Біздің үніміздің бояуы, екпін-ырғағы ұлттық аспаптарымыздың үнінде- төкпе күй мен күңіренген қобыз дауысында жатыр. Қазақ тілінің құдіреті осында. Теледидардағы үніміздің екі мағынасында да құмығып, сақауланып шығып жатқанын ести білетін, ескере білетін журналистердің көбеюуі ертеңгі телеарналарымыздың жарқын болашағы.
Тікелей эфир –
жуналистикадағы соңғы
В. Листьев кезінде Орталық теледидарда теңдессіз құбылыс ретінде бағаланды. Ол экранда толассыз құйылатын, су шайқалмас жорғалар қатарындағы ірі тұлға болатын. «Поле чудес» хабарындағы ой легінің тегеурінді серпінділігі, үзіліссіз ой ағысы, ықшамдылық, сұрақ нақтылығы, дәл жауап, дәлдік, шалт қимыл, тіл байлығының молдығы, бәрі-бәрі бір бейненің бойында тоғысуы – құдірет қолымен жасалған нағыз шеберлік. Кейінірек ел өміріндегі елеулі оқиғаларды халықтық ойдың көшбасындағы серкелермен бөлісу мақсатында өмірге келген «Час пикте» де автор осы қалпынан танбады. «Тікелей эфирге» В. Листьев өзінше бір соны леп, екпін, өзгелерден болмыс-бітімі бөлек түр әкелді. Бүгінде бұрынғы КСРО кеңістігіндегі елдердің бәрінде дерлік В. Листьев мектебінен үйренбеген тележүргізуші жоқтың қасы. Ресейлік жүргізушілерден алар тәлім көп. Бірақ толығымен оларды қайталау қазақ менталитетіне келмейді. Қазақстанда В. Листьев сияқты жүргізушілер бар ма, болды ма? Заңды, әрі орынды сұрақ. Тарихқа тереңдеп енбей, бертінгіге көз салсақ... Бар. Болды. Өкінішке орай, қазір жоқ. Ол – Қазақстан Ұлттық арнасында 2003-2005 жылдар аралығында «Мезгіл» саяси-сараптамалық бағдарламаны жүргізген Ғалым Боқаш. 2ОО4 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халықпен жүздесуі кезінде парасат пайымымен, орынды сұрақтарымен, салиқалы әңгімесімен республика жұртшылығын елең еткізген Ғалым Боқаш тікелей эфир жүргізушісіне жаңа соқпақ салып кетті. Қимыл-қозғалысымен, қоңыр дауысымен, ең бастысы ұшқыр ойлары мен талайлардың жүрегіне жол тапты. Әсіресе тіл тазалығы мен «өзім білемділікке» салынып, тақпақтап, орағытып бастап, аяғында айтар ойын ұмытып қалар жүргізушілердің Ғалым Боқаштан үйренері көп. Сондай-ақ «Оян, қазақ» ақпараттық-танымдық ертеңгілігі жобасының бұрынғы жетекшісі Нәзира Бердалы да тікелей эфир хабарларына өзінің сүрлеуін салды. Қазақтілді жүргізушілер «осынікі жөн» деп орысша хабарлардан тікелей аударатын сөз тіркестері көп. Мәселен «оставайтесь с нами», «не переключайтесь» сяиқты сөздер «бізбен бірге болыңыздар», «басқа арнаға ауыспаңыздар» деп айтылып жүрді. Ойы орамды, тілі бай Нәзира Бердалы бұл сөздердің барлығына қазақы реңк, қазақы түр берді. Қазақтілді тележүргізушілер легі енді-енді қалыптасып келе жатқандай. Тележүргізуші мақсаты - өзгені айна-қатесіз қайталау емес, өзіндік ерекшелігімен көрермен есінде қалу.
Информация о работе Отандық телеарналардағы тікелей эфир хабарлары