Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)

 

Жыл басына мерзімінен асқан қарыз баланс бойынша 75,1 млрд. теңгеден  21,7 млрд. теңгеге (28,9%) өсті және есеп беру мерзімінде 96,8 млрд. теңгені құрады.

Шоттағы қалдықтар ағымдағы жылдың 1-қаңтарынан бастап 3,6 есеге  өсті және 2011 жылдың 1 қаңтарында  16,9 млрд. теңгені құрады. 

Төмендегі кесте мәліметтерінен көріп отырғанымыздай, коммерциялық банктердің активтері және шартты міндеттемелері сапасының динамикасы оң бағытта өзгерген.

Жыл басынан активтер және шартты міндеттемелер көлемі 1927.4 млрд. теңгеден 13170.0 млрд. теңгеге (17.1%) өсті.

 

Кесте 5

Активтер және шартты міндеттемелер динамикасы,   млрд теңге

Көрсеткіштер атауы

2010 жылы

2011 жылы

Негізгі қарыз сомасы

Көрсеткіштердің үлесі, %

Негізгі қарыз сомасы

Көрсеткіштердің үлесі, %

Активтердің және шартты міндеттемелердің барлығы

11242.5

100

13137.0

100

Соның ішінде: стандартты

8117.7

72.2

7586.6

57.6

                          күдікті

3026.9

27,8

5461.2

42,4

Бірінші категориялы күдікті: толық және уақытылы төленген

2587.9

23.0

4252.0

32.3

Екінші категориялы күдікті: толық төленбеген

112.7

1.0

602.9

4.6

Үшінші категориялы күдікті толық төленбеген

236.1

2.1

478.6

3.6

Төртінші категориялы күдікті толық төленбеген

39.0

0.3

73.6

0.6

Бесінші категориялы күдікті

51.2

0.5

54.1

0.4

үмітсіз

97.9

0.9

122.2

0.9

Ескерту –ҚР Ұлттық Банкінің  2011 жылға арналған есебінің материалдары негізінде құрастырылған


 

Стандартты активтердің және шартты міндеттемелердің   жиынтық үлесі 57.6%-ды құрады, сенімсіз несиелер 26.9%-дан 41.5%-ға дейін өсті, үмітсіз активтердің және шартты міндеттемелердің бөлігі  0.9%-ды құрады.

Қарастырылатын кезеңде банктердің несиелік портфелінің құрылымында стандартты несиелер 52.7%-дан  40.9%-ға азайды, күдікті несиелер бөлігі 45.7%-дан 57.8%-ға өсті, үмітсіз несиелер бөлігі 1.3%-ды құрады.

Кейінгі жылдары банк жүйесінің бағалы қағаздар портфелінің оң өсу қарқыны байқалды. Осылайша, 2010 жылы бағалы қағаздар портфелінің мөлшері 121 582 млн. теңге (алдыңғы жылмен салыстырғанда 273%-ға өскен, ал активтерге қатысты портфель 23%–ға өскен) құраған. 2011 жылдың бірінші жарты жылдығында бағалы қағаздар портфелінің мөлшері 174 129 млн. теңгені құрады, бұл дегеніміз алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 203% –ға жоғары көрсеткіш, ал активтерге қатысты бағалы қағаздар портфелінің өсімі 18,6% құрады

Сарапшылардың болжамдары бойынша, 2009 жылы бағалы қағаздар портфелінің мөлшері 155 000 млн. теңге, ал 2010 және 2011 жылдары сәйкесінше 163 000 млн. және 172 000 млн. теңгені құрады.

 

Кесте 6

Ссудалық қоржын динамикасы,                                                млрд теңге

 

Көрсеткіштер

2010 жылы

2011 жылы

Негізгі қарыз сомасы

Көрсеткіштердің үлесі, %

Негізгі Қарыз сомасы

Көрсеткіштердің үлесі, %

1

2

3

4

5

Ссудалық портфель, барлығы

5991.8

100

8828.8

100

Стандартты

3154.4

52.7

3609.4

40.9

Күдікті

2743.4

47.3

5101.4

59,1

Бірінші категориялы күдікті толық және уақытылы төленетін

2332.0

38.9

3929.0

44.5

Екінші категориялы күдікті толық төленбеген

109.8

1.8

599.8

6.8

Үшінші категориялы күдікті толық төленбеген

214.7

3.6

449.0

5.1

Төртінші категориялы күдікті толық төленбеген

3.8

0.6

70.5

0.8

Бесінші категориялы күдікті

48.8

0.8

53.1

0.6

үмітсіз

94.0

1.6

118.0

1.3

Ескерту –ҚР Ұлттық Банкінің  2011 жылға арналған есебінің материалдары негізінде құрастырылған


 

13 жетекші және қалған банктердің  бағалы қағаздар портфелін талдау  жетекші банктер бағалы қағаздармен  операцияларда алдыңғы орындарда  жүргендігін көрсетті. Осылайша, егер 13 жетекші банктің бағалы қағаздар портфелінің 2010 жылдың басындағы көлемі 24 615 млн. теңге (немесе бүкіл банк жүйесінің бағалы қағаздар портфелінің 99,3%–н) құраса, 2011 жылдың бірінші тоқсанының соңында жетекші банктердің үлесі 74,8%–ға (38 536 млн.теңгеге) дейін төмендеді.   

Кейінгі жылдары жетекші банктердің бүкіл банк жүйесінің жиынтық бағалы қағаздар портфеліндегі үлесі 87-93% шегінде өзгеріп отырды.

Тек 2009 жылдың 1 қазанында және 2010 жылдың бірінші жылының нәтижесі бойынша көрсеткіштер бұл аталған мәндерден төмен болды. 2009 жылдың  1 қазанында жетекші банктердің үлесі 79,3%, ал 2010 жылдың бірінші жартысында 79,4% құрады.

 

 

2.3 Қазақстан банктеріндегі  қолданылатын  электронды карталар  және оларға талдау  

 

 

Қазақстанда 93-шы жылдары көптеген коммерциялық банктердің құрылуынан, және соның салдарынан банктік қызметке деген бәсекелестіктің өршуінен   «карточкалық» бағдарламаларды енгізу қажеттігі туды.

Басқа жағынан қарағанда, қазақстан қоғамында нарықтық қатынастың дамуы, дәстүрлі әдістер мен технологияны қолдану арқылы іске асыруға мүмкін болмайтын, кең ауқымды банктік қызметті қажет ететін адамдар тобының құрылуына мүмкіндік жасады. Клиенттердің топтарына қызмет көрсетуде жеке тұлғалармен жасаған операцияларды автоматтандыру, есепке алу операцияларын автоматтандыру, ішкі банктік шығындарды азайту мәселелері көтерілді. Басқа сөзбен айтқанда, банктер заман талабына сай келуі үшін, жаңа ақпараттық технологияларды ендіруге баруы керек болды.

Қазақстанның Ұлттық банкісінің банктік карточкалардың айналуы саласындағы рөлі, карточкаларды бірегейлеу мақсатында ұлттық ауқымда  біріңғай стандартты белгілеуге әкелді, ол тұтынушыларға қолайлы жағдай жасады және де оларды пайдалануда бақылау жасауға жақсы ыңғайлар туды.   Ұлттық банк IBM Корпорациясымен бірлесіп пластикалық карточкаларды пайдаланумен есеп айырысудың біріккен жүйесінің дизайнын әзірлеу аяқталды. Қазақстанда әрекет ететін пластикалық карточкаларды бірлестіру бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол сол жүйенің жұмысының тиімділігін күрт көтеруге мүмкіндік береді, және де халықаралық төлемдік жүйелермен бірлесуге алғышарт жасайды. 

Қазақстанда алғаш карточканың аты «Ертіс» болды. Одан кейін 1993 жылдың аяғында Alembank VISA карточкаларына қызмет көрсетуді бастады, 1994 жылы MasterCard; 1994 жылдың қараша айында өзінің AlemCard дебеттік карточкасын шығарды. «Электрондық әмияндарды» бензин құю бағандарында бензинге төлеу үшін Мұнай автоматика қолдана бастады.

IAPA және EURO-STORES. IAPA дискаунттық карталары  пайда болды, ол кез келген клиентке беріледі, әуе билеттерін сатып алуда, қонақ үйге төлеуде, автомашинаға тапсырыс беруде т.б. 40% дейін жеңілдік берді. EUROSTORES карточкасы, Quicksilver, Rifle, Nike, Levi's және т.б. дүкендерде тауар сатып алғанда 10% тен 20%  дейін жеңілдік жасайды.

2009 жылдың 1 қаңтары жағдайында Қазақстан Республикасы аумағында Қазақстан банктері шығарған карточкалардың саны 1,2 млн данадан асты, осы карточкаларды ұстаушылардың саны  - 1,7 млн. жетті.   Басқаша есептегенде әрбір мың адамға 82,2 карточка келеді екен, оның ішінде халықаралық және жергілікті жүйелердегі карточкалардың үлесі сәйкесті 81% және 19% құрады. 2010 жылдың аяғында бұл қатынас 54% және 46% құраған болатын. Айналымда халықаралық карточкалардың өсуі төлемдік карточкаларды ұстаушылардың жергілікті жүйеден халықаралыққа көшуімен байланысты болып отыр.

Төлемдік карточкалар құрылымында негізгі меншікті салмақты «жалақылық» жобалар алады, олардың үлесі 2011 жылдың 1 қаңтарында айналымдағы карточкалардың жалпы санының  55% құрады.

Айналымдағы төлемдік карточкалардың саны туралы жалпы мәлімет оларды жүйесіне бөлумен 5 - кестеде келтірілген. 

 

Кесте 7

2010-2011 жылдардағы айналымдағы төлемдік карточкалардың саны туралы мәлімет

 

Карточкалар

2010 жылдың 1 қаңтарына

2011 жылдың 1 қаңтарына

Айналымдағы саны, мың

дана

Жалпы сандағы үлесі, %

Айналымдағы саны, мың  дана

Жалпы сандағы үлесі,

%

Халықаралық:

509,3

54%

987.2

81%

Оның ішінде

       

VISA

447,4

47%

851.6

70%

Europay

61,8

7%

124.3

10%

Басқалары

0,1

0,01%

11.3

1%

Жергілікті:

440,6

46%

231.7

19%

Оның ішінде

       

Aльянс

203,4

21%

213,6

18%

Басқалары

237,2

25%

18,2

2%

Барлығы:

949,9

100%

1218.9

100%

 Ескерту -Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкісінің  статистикалық бюллетені, желтоқсан  2011 жж [24].


 

2010 жылы 1 қаңтарға Қазақстандағы қызмет көрсететін жүйе, төлем карточкаларын тауар не қызмет үшін төлеуге қабылдайтын, 1343 кәсіпорындармен көрсетілген. Төлем карточкаларына қызмет көрсету үшін 2580 төлем терминалдары және 1789 импринтерлер пайдаланылды, ақша алу үшін 539 банкоматтар қызмет атқарды. 

Қазақстан Республикасы банктері қызмет көрсететін желілерде пластикалық карточкаларды пайдаланумен операциялардың жалпы көлемі 2011 жылы  14,5 млн. Төлемді құрады немесе  142,2 млрд. теңге сомаға. 

Оның ішінде қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі 3%, ал қолма-қол ақша беру операциясы – 97% құрады.

Халықаралық жүйенің төлемдік карточкаларын қазақстандық ұстаушылар шетелде белсенді қолданды: олармен жасалған операцияның көлемі  297,3 мың. трансакцияларды 11,6 млрд. теңге сомаға, оның ішінде саны бойынша қолма-қол ақшасыз  төлемнің үлесі 47%, сомасы бойынша  - 34% құрады. Сөйтіп, Қазақстандағы төлемдік карточканы ұстаушылар бұрынғыдай карточкаларды негізінен қолма-қол ақшаны алу үшін қолданады және тауар немесе қызмет үшін есептесу құралы ретінде аз пайдаланады. 

Қазіргі кезде төлемдік карточкаларды шығаруға екінші деңгейдегі 19 банктің лицензиясы бар. Төлемдік карточкалардың эмитенттері болып табылатындар: «Альянс Банк» АҚ,  «БТА» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, «АТФ Банкі «АҚ, «Нұрбанк» АҚ,  «БанкЦентрНесие» АҚ, «Халық банк» АҚ, «Сити банк Қазақстан» ЖАҚ, «Альфа банк» ДБ АҚ «Каспий Банкі» АҚ,  «Евразийлық банк» ЖАҚ,  «Темірбанк» АҚ.

 

Кесте 8

Банктік карточкалармен  сауда терминалдары және банкоматтар  арқылы  жүзеге асырылған  операциялар санының динамикасы

Көрсеткіштер аты

2008 г.

2009 г.

2010 г.

2011 г.

 

Мың

Үлес салма-ғы, %

Мың

Үлес салма-ғы, %

Мың

Үлес салма-ғы, %

Мың

Үлес салмағы, %

Сауда терминалдары арқылы есеп-айырысу

400

2,8

579

2,8

915

3,2

2056

5,6

Банкоматтар арқылы қолма-қол ақшаларды алу

13696

97,2

20378

97,2

27809

96,8

34556

94,4

Барлығы

14096

100

20957

100

28724

100

36612

100

 Ескерту -  Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкісінің  статистикалық бюллетені, желтоқсан  2008-2011 жж[28].

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде