Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)

Ақша аударуға өтініш толтырылады.

Банк осы аталған қызметтерді жүзеге асыруда кадрлық саясатқа басты ден қояды. Өйткені, банктің персоналы клиентпен қарым-қатынасқа түсетін, клиенттің банктің тұрақты клиентіне айналуына ықпал ететін бірінші тұлға. Сондықтан банк өз персоналын үнемі оқытып, жетілдіріп отырады. Қазіргі уақытта «Альянс Банк» АҚ-ның бас кеңсесі, 17 филиалы және 13 есеп айырысу-кассалық бөлімшелері бар. Онда 500-ден аса адам жұмыс істейді.

 

 

2.2 «Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау

 

 

Қазақстан экономикасының өсуіне банктік сектордың қосып отырған үлесі өте көп. 2011 жылдың 1-қаңтарында банктік сектордың жиынтық меншікті капиталы 586,9 млрд теңгені құрап, бір жыл ішінде 240,1 млрд теңгеге немесе 69,2%-ға өскен. Банктердің жиынтық активтері 68,0 %-ға жоғарылап 4515,1 млрд теңгеге дейін жеткен, ал жиынтық міндеттемелер 68,6%-ға өсіп 4073,4 млрд теңгені құраған. Бұл жерде ішкі активтердің көлемі 140,6%-ға өсіп 1194,5 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 26,5%-ын құрады. Бейрезиденттер алдындағы міндеттемелердің көлемі 107,8 %-ға өскен, яғни 2046,4 млрд теңге болған, олардың жалпы міндеттемелер көлеміндегі үлесі 50,2%-ды құраған.

Банктердің несие қоржынының құрылымында 2011 жылдың 1 қаңтарында стандартты несиелердің үлесі 58,2%, күдікті қарыздар – 39,5 %, сенімсіз қарыздар – 2,3% құрады. Ал 2010 жылдың 1 қаңтарына стандартты  несиелер 56,3%, күдікті қарыздар – 40,8 %, сенімсіз қарыздар – 2,9% болған.

Банктердің жеке және заңды тұлғалардан тартқан салымдарының мөлшері 2523,0 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 56,9% өскен. Оның ішінде заңды тұлғалардың салымдары 1926,2 млрд теңге, 66,1% жоғарыласа, жеке тұлғалардың салымдары 33,2% өсіп 596,8 млрд теңгені құраған.

Екінші деңгейлі банктердің жиынтық табыстары 2011 жылдың 1-қаңтарына 494,6 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 53,7% өскен. Шығындар сомасы 421,3 млрд теңге, өткен кезеңмен салыстырғанда 45,1% жоғарылаған. Банктердің бөлінбеген таза табысы 73,3 млрд теңгені құрап, есепті жылы 41,8 млрд теңгеге жоғарылаған.

 

Кесте 8

«Альянс Банк» АҚ 2010-2011 ж.ж. қаржылық нәтижелері

Көрсеткіш

    Жылдар

Өзгерісі, %

       2010

2011

Активтер

3168463

4057878

28,07

Өтімді активтер

1073744

757385

-29,46

Таза несие қоржыны

1738656

2888540

66,14

Негізгі құралдар

284601

275062

-3,35

Басқа да активтер

58746

119675

103,72

Міндеттемелер

1647384

2161760

31,22

Ағымдағы шоттар

639802

790721

23,59

Депозиттер

910921

1282167

40,76

Шығарылған облигациялар

4669

0

-100,00

Басқа да міндеттемелер

49972

88872

77,84

Меншікті капитал

1521079

1896118

24,66

Таза пайда

194583

242041

24,39


 

Енді «Альянс Банк» АҚ-ының қаржылық қызметін талдауға тоқтала кетейік. Банк қызметінің қаржылық нәтижесін талдау оның жұмысының аса маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Ол бекітілген нормативтердің орындалуын және банк қызметінің қаржылық нәтижелерін басқаруға мүмкіндік береді.

«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі көрсеткіштері жоғары деңгейде өскен. 2011 жылы банктің активтері 106% жоғарылап жылдың аяғында 359,1 млрд теңгені құраған. Таза пайда халықаралық стандарттар бойынша 4056,2 млн теңге болған, өткен жылмен салыстырғанда 74,8% өскен. Банктің меншікті капиталы 9364,5 млн теңгеге жоғарылап жылдың аяғында 27544,5 млн теңгені құраған.

Қол жеткен нәтижелер «Альянс Банк» АҚ-ы әмбебап қаржылық институт ретінде таңдаған стратегиясының дұрыс екендігін растайды. Банкке келген әрбір клиент кең спектрлі банктік және қаржылық өнімдерді қолдана алады. Сонымен қатар банктің филиалдары мен бөлімшелерінде жоғары деңгейлі сервистік қызмет көрсетіледі.

2011 жылы «Альянс Банк» АҚ-ы  белсенді түрде халықаралық қаржы  институттарымен іс-әрекет жасасып, байланыстарын нығайтқан. Экономиканың  нақты секторының өсуін ынталандыру  мақсатында «Альянс Банк» АҚ-ы  жыл ағымында ЕБРР, АБР, KfW және  Бүкіл әлемдік банкпен бірлесіп әрекет еткен. 2009 жылы банк Ресей Федерациясында өз өкілеттілігін ашқан.

Кесте 8-ден көріп отырғанымыздай, банктің қызметі соңғы жылдары нәтижелі болып отыр. Активтерінің жалпы мөлшері 28,07% өскен. Таза несие қоржыны 66,14% жоғарылаған. Банктің депозиттері 40,76%, меншікті капитал 24,66%, таза пайда 24,39% жоғарылаған.

Негізгі коэффициенттерді есептейтін болсақ, олар келесідей:

 

Кесте 9

«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі коэффициенттері

Коэффициенттер

2010 ж.

%

2011ж.

%

ROE (активтегі меншікті капиталдың үлесі)

12,77

12,79

ROA (активтердің рентабелділігі)

5,96

6,14

Таза маржа

23,04

22,15

1 акцияға келетін табыс, теңге

161,49

194,58


 

Банк қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердіің бірі – капиталдың рентабелділігі (Reк). Бұл көрсеткішке ықпал ететін факторларды анықтау үшін Дюпонның факторлық үлгісі қолданылады. Осы үлгіге сәйкес Reк келесідей анықтауға болады:

 

Reк= Дч/СК=ROA/К,                                                      (1)                        

 

мұндағы Дч – банктің таза табысы;

СК – меншікті капитал;

ROA= Дч/A – активтердің рентабелділігі;

К= СК/А – активтердегі меншікті капиталдың үлесі.

 

Кесте 10

2010-2011 ж.ж «Альянс Банк» АҚ-ы  активтерінің құрылымы

Активтер

2010 ж

Үлес

%

2011 ж

Үлес%

Өзгерісі

Өзгерісі %

Кассадағы ақша

143465

3,54

159339

5,03

-15874

-9,96

Валюталық касса

94756

66,05

101889

63,94

-7133

-7,00

Теңгелік касса

47903

3,39

32859

20,62

15044

45,78

Жолдық чектер

8,6

0,56

24591

15,43

-23785

-96,72

Корреспонденттік шоттар

621481

15,32

274652

8,67

346829

126,28

ҚРҰБ корреспонденттік шоттар

259819

41,81

116940

42,58

142879

122,18

Басқа банктерде

361662

58,19

157712

57,42

203950

129,32

МБҚ

611

0,02

643694

20,32

-643083

-99,91

Банкаралық депозиттер

9044

0,22

8775

0,28

269

3,07

«Фовернайт» банкаралық депозиттер

0

0,00

0

0,00

0

0

СКВ банкаралық депозиттері

6364

7,37

6175

70,37

189

3,06

Ұзақ мерзімді депозиттер

2680

29,63

2600

29,63

80

3,08

Несиелік портфель

2888540

71,18

1738656

54,87

1149884

66,14

Қысқа мерзімді депозиттер

786669

27,23

440156

25,32

346513

78,73

Ұзақ мерзімді депозиттер

2099309

72,68

1325022

76,21

774287

58,44

Мерзімі өткен қарыз

57591

1,99

18336

1,05

39255

241,09

Несие бойынша провизиялар

-55029

-1,91

-44858

-2,58

-10171

22,67

Негізгі құралдар

275062

6,78

284601

8,98

-9539

-3,35

Басқа да активтер

119675

2,95

58746

1,85

60929

103,72

Барлығы:

4057878

100,0

3168463

100,0

889415

28,07


 

Активтегі меншікті капиталдың үлесі – бұл сандық фактор, ал активтердің рентабелділігі – сапалық фактор, сондықтан бірінші активтегі меншікті капиталдың үлесі, содан кейін активтердің рентабелділігі қойылады.

Активтердің өтімділігі банк ішкі саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. 2009 жылдың аяғында өтімділігі жоғары активтер 757385 мың теңгені құрап өткен жылмен салыстырғанда 316359 мың теңгеге төмендеген. Оның себебі өткен жылғы бағалы қағаздарға салынған ресурстар банктің несие қоржынына салынған.

Өтімділік коэффициенті 2011 жылы 0,69-ға тең болған. Банктің ағымдағы өтімділігі міндетті нормативтен (0,3) жоғары.

Банктің несие қызметі қазіргі уақыттағы басым бағыт болып отыр. Банк ресурстарының 71% жуығы несие қызметіне салынып отыр.

Осы себептен 11-ші кестеден көріп отырғанымыздай, несие қоржынының 42% астамын бөлшек несиелер құрап отыр.

 

Кесте 11

2011 жылғы «Альянс Банк» АҚ-ның  несие қоржынының бөлінуі

Салалар

Сомасы, мың теңге

Үлесі, %

Құрылыс

223313

7,6

Көтерме сауда

113602

3,9

Қызметтер

184077

6,3

Көлік

592275

20,1

Металл бұйымдарын жасау

91168

3,1

Бөлшек сауда

371670

12,6

Баспа ісі

6735

0,2

Тамақ өнеркәсібі

21368

0,7

Денсаулық

52341

1,8

Қонақ үйлер мен мейрамханалар

0

0,0

Лизинг

6350

0,2

Басқа салалар

19873

0,7

Жеке тұлғалар

1260797

42,8

Барлығы

2943569

100


 

Жоғарыдағы кестеде банктің несие қоржынының  халық шаруашылығының әр түрлі салаларына бөлінуі көрсетілген.

Банк миссиясына сәйкес «Альянс Банк» АҚ-ы шағын және орта бизнесті қаржыландыруды және жеке тұлғаларды қаржыландыруды мақсат етеді.

Жалпы банк несиелері Қазақстан Республикасының Ұлттық банк ережесіне сәйкес жіктеледі. Келесі кестеде 2009-2011 ж.ж. «Альянс Банк» АҚ-ның несиелерінің жіктелуі көрсетілген.

 

Кесте 12

2009-2011 ж.ж. «Альянс Банк» АҚ-ның несиелерінің жіктелуі

Несиелердің жіктелуі

Жыл

Стандартты

Күдікті

Сенімсіз

Барлығы

сомасы мың тг

%

сомасымың тг

%

сомасымың тг

%

сомасы,

мың тг

%

2009

1492841

94,23

88078

5,56

3372

0,2

1584291

100

2010

1785155

97,29

22546

1,26

25813

1,4

1783514

100

2011

2701405

91,77

234102

7,95

8062

0,27

2943569

100


 

Кестеден қоржындағы стандартты несиенің үлесі 2008 жылы өткен жылмен салыстырғанда төмендегенін көреміз. Бірінші санаттағы күдікті несиелер заңды тұлғалар бойынша тоғыз несиені және жеке тұлғалар бойынша екі несиені қамтиды. Екінші санатта жеке тұлғалардың он несиесі бар, оның үшеуі 2009-жылдың басында жабылған.

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде