Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)

Экономикалық нәтижелілік – бұл еңбек өнімділігінің артуы, еңбек және материалдық сыйымдылықтарды төмендету, өнімнің өзіндік құнын кеміту, пайданы өсіру және пайдалылықты онан әрі арттыру.

Ресурстық нәтижелілік – бұл кәсіпорындарды ресурстарды босатып алу: материалдық, еңбек және қаржы.

Техникалық нәтижелілік – бұл жаңа техника мен технологияның, ашу, өнертабыс және оңтайландыру ұсынысы, ноу-хау және басқа да жаңа енгізілімнің пайда болуы.

Әлеуметтік нәтижелілік – бұл халықты материалдық және мәдени-тұрмыстық деңгейінің артуы, олардың тауарлар және қызмет көрсетуде қанағаттандыру, жағдай және техниканың еңбек қауіпсіздігін жақсарту, ауыр қол еңбегінің үлесін төмендету, т.б.

Бұл нәтижелерге қол жеткізуге болады, егер де үкімет тарапынан ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге толық жағдай жасаса.

Қорытындылай келе келесідей тұжырымдамалар жасауға болады:

- инновация:

1) Техникалар мен технологиялардың  ауысуымен қамтамасыз етуге байланысты  экономикаға қаржы жұмсау;

2) Ғылыми-техникалық прогрестің  жетістігі нәтижесіндегі жаңа  техника мен технология. Инновацияны  анықтайтын фактор – ол өнертапқыштық, оңтайландыру, ірі жаңалықтарды  жарыққа шығару болып табылады.

- инновациялар ғылымда қажет  ететін технология негізінде инвестиция арқылы жаңа құрылыстар салуды және жұмыс істеп тұрған өндірісті қайта құруды қамтамасыз етеді.

- инновацияның қаржылық базасы  кәсіпкердің жеке меншігіндегі  қаржысынан және қарыз қаражаттарынан  құралады. Инновациялық менеджмент  банк несиесі, бағалы қағаздар, ақша және тауарлар нарығына сүйеніп іс жасайды, инвестицияны қарастыра отырып, өндірістік жаңа енгізілімін жүзеге асырады.

- инновацияға қатысушылардың арасындағы  қатынастардың тиімділігін белгілеу: өндірістік субъектімен, инвесторлармен (тапсырыс беруші), жұмыс атқарушылармен, жеткізушілермен, олардың жобалау жөніндегі қызметтің үйлестіру, инновациялық жобалауды басқаруда назар аударатын мәселе – оның нәтижелігін бағалау. [14]

Сонымен инновация дегеніміз – бұл қоғамның қажеттілігін толық қанағаттандыру негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарлату мақсатымен енгізілген жаңашылдық. Сондай-ақ тиімділікті жаңашылдықты енгізгеннен кейін күтілетін, анықталған экономикалық, өндірістік, әлеуметтік, экономикалық және басқа да нәтижелер деп түсіну керек.

Ұйымның инновациялық белсенділігі 3 негізгі сипаттама бойынша бағаланады:

  1. аяқталған инновацияның бар болуы;
  2. аталмыш инновацияны дайындауға ұйымның қатысу деңгейі;
  3. инновациялық қызметтің жүзеге аспауының негізгі себептерін атап көрсетуі.

Инновациялық белсенді ұйым – бұл соңғы 3 жыл ішінде аяқталған инновациясы бар ұйым. Яғни нарыққа енгізілген жаңа немесе біршама жетілдірілген өнім, қызмет немесе олардың өндіру әдістері, сонымен қатар іс-жүзінде нарыққа енгізіліп қойған жаңа немесе біршама жетілдірілген өндірістік процестері бар ұйым.

Отандық статистикалық тәжірибеде инновациялық белсенді ұйымдарға есепті кезеңде инновациялық үрдістің кезеңіне, оның аяқталу деңгейіне және көлеміне тәуелсіз инновацияларға шығындары бар ұйымдар жатады.

Соңғы 3 жыл ішінде аяқталған инновациясы бар ұйым осы инновацияларды технологиялық жаңа немесе біршама жетілдірілген өнімдерді, қызметтерді немесе оларды өндіру әдістерін, технологиялық жаңа немесе айтарлықтай жетілген өндірістік әдістерді дайындауға өзінің  немесе басқа ұйымдардың қаншалықты қатысқандығының деңгейін көрсетеді. Бұл кезде қызмет етуші статистикалық бақылаумен ұйымдардың жаңашылдықты дайындауға келесідей  қатысу деңгейінің классификациясы қолданылады:

- негізінде басқа ұйымдар;

- аталмыш ұйым басқа ұйымдармен бірлесе;

- негізінде аталмыш ұйымның  өзі.

Инновацияны негізінде басқа ұйымдар дайындау кезінде белгілі аталмыш ұйымға зерттеулерді және дайындауларды ғылыми ұйымдар, жоғары оқу орындары және т.с.с. келісімшарт бойынша орындап береді.

Аталмыш ұйымның басқа ұйымдармен бірлесе дайындау кезінде инновациялық үрдіс айтарлықтай шамада ұйымның өзінде де, орындаушы ұйымда да  жүзеге асырылады.

Инновацияны негізінде ұйымның өзі дайындаған жағдайда басқа ұйымдардың және заңды тұлғалардың қатысуы минималды болады. [15]

Соңғы 3 жыл ішінде ұйымда инновациялық қызметтің болмауының мынандай себептері бар:

  • бұрын қолданылған инновацияның нәтижесінен жаңа жаңашылдықты енгізудің қажеттілігінің болмауы;
  • нарық сұранысының болмауы;
  • инновацияға кедергі болатын басқа да факторлар.

Инновацияларға кедергі келтіретін факторлар ұйымның жалпы инновациялық қызметті жүргізе алмауы, сондай-ақ нақты инновациялық жобаларды ұстап қалулар немесе уақытынан ерте аяқтау себептерінен болуы мүмкін.

Бұл факторлар келесідей топтарға жіктеледі:

- экономикалық факторлар – меншікті ақша қаржыларының жетіспеушілігі, мемлекет жағынан қаржылық демеушіліктің жетіспеушілігі, жаңа өнімдерге төлемқабілеттілігі төмен  сұраныс, жаңашылдық құнының жоғарлығы, экономикалық тәуекелдің жоғары болуы, жаңашылдықтың өзін-өзі ақтау мерзімінің ұзақтығы.

- өндірістік факторлар – ұйымның  инновациялық потенциалының төмен  болуы, білікті персоналдың жетіспеушілігі, жаңа технологиялар туралы ақпараттың  жетіспеушілігі, өткізу нарығы туралы  ақпараттың жетіспеушілігі, ұйымның  жаңашылдықты тез қабылдай алмауы, басқа кәсіпорындармен  және  ғылыми ұйымдармен бірлесуге мүмкіндіктерінің жетіспеушілігі.

- басқа факторлар  - тұтынушылар  жағынан инновациялық өнімге (қызметке) сұраныстың төмен болуы, инновациялық  қызметті реттейтін және ынталандыратын заңды, нормативті-құқықтық құжаттардың жетіспеушілігі, инновациялық үрдіс мерзімінің белгісіздігі, инновациялық инфрақұрылымның делдалдық, ақпараттық, заңдық, банктік, басқа да қызметтерінің дамымағандығы.

Инновацияға кедергі келтіретін және ұйымдағы инновациялық процестерді баяулататын жоғарыда аталған факторлар маңыздылығы бойынша келесідей бағаланады:

  • айтарлықтай емес немесе маңыздылығы аз;
  • айтарлықтай;
  • негізгі немесе шешуші.

Статистикалық бақылаудың міндеттерінің бірі ұйымның берілген қызметтің, жұмыстың орындаушысы немесе тапсырыс берушісі болып табылатындығына қарамастан, зерттеулер мен дайындаулар саласындағы инновациялық қызметті жүргізетін ұйымдардың бірлесе қызмет етуін, кооперациялық байланыстың болуын анықтау.

Зерттеулер мен дайындауларды орындау бойынша, сонымен бірге  ғылыми-зерттеу мен инновациялық қызметті ынталандырушы мемлекеттік ғылыми-техникалық, федералды бөлімдік және халықаралық бағдарламалар бойынша бірлесе жасалған жобалардың саны жайында ақпарат жинақталады. Мұнымен қатар бірлесе жасалған жобалар серіктестердің орналасқан жерлеріне қарай жіктеледі:

- Ресей

- ТМД елдері және Шығыс Еуропа

- Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер

- АҚШ және Канада

- Жапония

- тағы басқа мемлекеттер

Бірлескен жобалар серіктестер типі бойынша былай жіктеледі:

  • ұйым ішіне кіретін, топтар құрамындағы кәсіпорындар (бірлестіктер, серіктестіктер, қоғам);
  • өнімді (қызметті) тұтынушылар;
  • жабдықтарды, материалдарды, бағдарламалық құралдарды жеткізушілер;
  • саладағы бәсекелестер;
  • консалтингтік, ақпараттық фирмалар;
  • ғылыми ұйымдар;
  • университеттер немесе басқа жоғары оқу орындары.

Кооперациялар бойынша серіктестердің бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуының белсенділік деңгейін келесі шкала бойынша бағалау қабылданған: 

- кооперация жоқ;

- төмен деңгейдегі кооперация;

- жоғары деңгейдегі кооперация. [16]

Жалпы шығындар (ағымдық және капиталды) – бұл технологиялық инновацияларға кеткен шығындардың құрамына технологиялық жаңа немесе белгілі бір дәрежеде жетілдірілген өнімдерді, қызметтерді жасау және ендіруге, немесе олардың өндіріс әдістеріне кеткен ұйымның өз күшімен орындалған, содай-ақ басқа да ұйымдардың қызметін, жұмысын төлеуге кеткен шығындар.

Ағымдағы шығындарға негізінен өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны арқылы жүзеге асырылатын, құрамына технологиялық инновацияларды жасау және ендірумен айналысатын мамандардың еңбегін төлеу шығындары, әлеуметтік қажеттіліктерге төлемдер, сонымен қатар ұйыммен 1 жыл ішінде жүзеге асырылатын инновациялық қызметті қамтамасыз ету үшін қажетті шикізат, материалдарды, құрал-жабдықтарды және т.б. алуға кеткен шығындар кіреді.

Капиталды салымдар (ұзақ мерзімді инвестициялар) технологиялық инновацияларды жасау және ендірумен байланысты жүзеге асырылатын, сатуға арналған, ұзақ мерзімді (1 жылдан асатын) пайдаланылатын айналымнан тыс активтерді алуға, сонымен бірге өлшемдерді құру және ұлғайтуға кеткен шығындар. Олар: құрылыстар, жер учаскелерін, табиғатты пайдалану объектілерін, көлік құралдарын, т.б. инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті құралдарды алуға кеткен шығындардан тұрады.

Инновациялар үшін ақпарат көздері инновацияларды жасау және енгізумен байланысты жеке инновациялық саясатты қалыптастыру, шешімдерді дайындау үшін ұйым қолданатын әртүрлі ақпарат көздерінің маңыздылығын бағалауды қамтамасыз етеді.

Инновацияларға арналған ақпарат көздерін келесідей жіктеуге болады:

  1. Ұйымның ішкі көздері:
  • ғылыми-зерттеу бөлімшелері;
  • өндірістік бөлімшелер;
  • маркетингтік бөлімшелер;
  • тағы да басқалар.
  1. Ұйым құрамына кіретін, топтар құрамындағы ұйымдар (бірлестіктер, серіктестіктер, қоғамдар).
  1. Құрал-жабдықтарды, материалдарды, құраушы, бағдарламалық құралдарды жеткізушілер.
  2. Саладағы бәсекелестер.
  3. Өнімді (жұмысты, қызметті) пайдаланушылар.
  4. Консалтингтік, ақпараттық фирмалар.
  5. Ғылыми ұйымдар:
  • академиялық профельдегі;
  • салалық профильдегі.
  1. Университеттер және т.б. жоғары оқу орындар.
  1. Қазіргі заманғы ережелер, стандарттар.
  2. Ойлап шығарулардың сипаттамасы, патенттер, патенттік қызметтің ресми басылымдары, т.б.
  3. Конференциялар, семинарлар, симпозиумдар.
  4. Ғылыми-технологиялық әдебиеттер.
  5. Көрмелер, жәрмеңкелер, басқа да жарнамалық құралдар.

Жоғарыда аталған ақпараттар осы немесе басқа көздердің ұйым үшін маңыздылығына байланысты былайша бағаланады:

- қолданылмайтын;

- маңызды емес немесе маңыздылығы  аз;

- маңызды;

- негізгі немесе шешуші.

Ұйымның ішкі ақпарат көздеріне келесілер жатады: оның жоғарғы басшылары (дирекция), ұйымның ғылыми-зерттеу, өндірістік, маркетингтік бөлімшелері, жоғары білікті жеке мамандар және т.б. Сонымен қатар ақпарат көздеріне ұйымның өнімдерін пайдаланушылармен қарым-қатынас жасау, субмердігерлермен (материалдарды, құрал-жабдықтарды, толықтырмаларды жеткізушілер) қарым-қатынас жасау, ақпараттық немесе консалтингтік қызметтермен, басқа ұйымдармен қарым-қатынас жасау, үкіметтік келісім шарттар, инновацияларды қолдау бағдарламалары, ғылыми ұйымдармен  қарым-қатынас жасау, бәсекелестердің қызметі туралы ақпарат, ғылыми немесе техникалық әдебиеттер, патенттер жатады. [17]

Қаржыландыру көздері байланысты технологиялық инновациялар былайша жіктеледі:

  • ұйымның өзінің қаражаттары, соның ішінде өнім шығарудың өзіндік құны (жұмыс, қызмет);
  • ұйыммен тікелей немесе тапсырыс берушілермен келісім арқылы алынатын мемлекеттік бюджеттерден, мемлекеттік субъектілердің бюджеттерінен және жергілікті бюджеттерден келіп түсетін қаржылар;
  • бюджеттен тыс қаржылар (экономиканы тұрақтандыру қоры, аймақтық даму қоры, ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық жұмыстардың салалық және бюджеттен тыс салааралық қорлар т.б.);
  • шетел инвестициялары;
  • басқа да көздер.

Статистикалық бақылаулар үшін технологиялармен алмасу дегеніміз – ғылыми-техникалық білімдерді, технологиялық процестерді қолдану мақсатында  тәжірибе және ақпаратпен алмасу, өнім шығару және келісіммен анықталатын коммерциялық шартта ғылыми-техникалық және алмасуға қолайлы жағдай жасайтын қызметтерді көрсету.

«Шет елдерден (серіктестерден) технологиялармен коммерциялық  алмасу туралы мәліметтер» атты №1 лицензия формасы бойынша  статистикалық бақылаушылар шегінде технологияларды импорттау және экспорттау туралы ақпарат алу үшін барлық материалдық емес келісімшарттар үшін келісімдер туралы ақпараттар, соның ішінде келесі шарттарға жауап беретін технологиялық талаптарға сай қызмет, ақпарат, біліммен алмасу жатады:

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде