Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 17 Октября 2014 в 20:55, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуі оның қаржылық-несиелік жүйесінің терең реформалануымен жүретіні белгілі. Қаржылық-несиелік жүйенің басты тетігі банктік жүйе болып табылады, оның тиімді әрекеттеріне экономикалық дағдарысты жеңу, құнсыздануды төмендету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудегі табысқа жету көп дәрежеде байланысты болады. Бәсекелестіктің күшейген жағдайында банктер жаңа банктік құралдарды енгізіле бастайды, базалық технологияларды жетілдірудің жолдарын іздестіріледі, өз тәжірибесіне ақпараттық технология саласындағы соңғы жетістіктерді қарқынды пайдалана түседі.

Содержание

Кіріспе
1 Қазақстанның инновациялық дамуының проблемалары және
оны талдау
1.1 Инновация түсінігі, жаңашылдық қызмет ұғымы және түрлері
1.2 Инновация функциялары және инновациялық үрдіс
1.3 Инновациялық үрдістің тиімділігін арттырудың маңыздылығы
2 «Альянс Банк» АҚ-ның шаруашылық қызметін талдау
2.1 «Альянс Банк» АҚ-ның басқарудың құрылымдық талдауы
2.2
2.3
«Альянс Банк» АҚ-ның негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Қазақстан банктеріндегі қолданылатын электронды карталар
және оларды талдау
2.4 «Альянс Банк» АҚ-ның Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесінің қызметі
3 Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде
3.1 Инновациялық қызметтің негізі - электронды карталар айналымы
3.2 Электронды карталардың дамуының шетелдік тәжірибесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қосымша А Интернет-банкингке қосылу тәсілі

Вложенные файлы: 1 файл

Мой Диплом.doc

— 714.50 Кб (Скачать файл)
  1. қайта өндірушілік;
  2. инвестициялық;
  3. ынталаушы.

Инновацияның қайта өндірушілік функциясы кеңейтілген қайта өндірісті қаржыландырудың маңызды көзі екенін білдіреді. Қайта өндіріс функциясының мағынасы инновациядан және оны қаржылық ресурстардың көзі ретінде пайдалану арқылы пайда табу болып табылады.

Жаңашылдықты жүзеге асырудан түскен пайда әртүрлі бағыттар бойынша, соның ішінде капитал ретінде де қолданылуы мүмкін. Бұл капитал инновацияның жаңа түрлерін қаржыландыруға бағытталуы мүмкін. Осылайша инновациядан түскен пайданы инвестиция ретінде қолдану жаңашылдықтың инвестициялық функциясының мазмұнын құрайды.

Инновация арқылы пайда табу кез келген коммерциялық ұйымның басты мақсаты болып келеді. Пайда кәсіпкерге жаңа инновацияларды енгізуге стимул болады. Оны әрдайым сұраныстарды зерттеуге, маркетингтік қызметті ұйымдастыруды жетілдіріп отыруға, қаржыларды басқарудың заманға сай әдістерін қолдануға итермелейді.  Осының барлығы бірлескенде инновацияның стимулдаушы функциясының мазмұнын құрайды.

Бір сападан екінші сапаға өту қор (энергия, уақыт, қаржы, т.с.с.) шығындарын талап етеді. Жаңалықты жаңартпаға өткізу процесінің негізгісі инвестициялар мен уақыт болып табылатын әртүрлі қорлардың  шығындарын талап етеді. Нарықтық жағдайда инновациялық қызметтің негізгі компоненттері болып енгізілген  жаңалық, инвестициялар және жаңартпа саналады. Жаңалық жаңалықтар нарығын, инвестициялар қор (инвестиция) нарығын, инновациялар инновациялардың бәсекелестік нарығын қалыптастырады. Осы негізгі 3 компонент инновациялық  қызметтің өрісін қалыптастырады.

Инновациялық үрдіс қандай да бір кәсіпорынның инновациялық қызметі дегенді білдіреді. Ол жаңа өнім немесе жаңа технологиялық үрдіс түріндегі ғылыми-техникалық іздеулердің нәтижелерін дайындау мен жүзеге асыруға бағытталған. Жалпы алғанда инновациялық үрдіс – бұл жаңашылдықтың идеядан нақты өнім, технология немесе қызметке дейін «толысатын» жағдайлардың жүйелі тізбегі.

Инновациялық үрдіс инновацияның инициациясы бойынша, жаңа өнімдерді және операцияларды дайындау бойынша, олардың нарықта жүзеге асырулары бойынша және келешекте нәтижелердің таралуы бойынша әрекеттер тізбегін көрсетеді.

Инновациялық үрдіс өзіне 7 элементті қосады, осы элементтердің тұтас жүйелі тізбекке бірігуі инновациялық үрдістің құрылымын құрайды.

Бұл элементтерге мына төмендегілерді жатқызамыз:

  • инновацияның инициациясы;
  • инновацияның маркетингі;
  • инновацияның өндірісі (шығарылуы);
  • инновацияның жүзеге асуы;
  • инновацияның продвижениесі;
  • инновацияның экономикалық тиімділігін бағалау;
  • инновацияның диффузиясы (таралуы).

 

Кесте 1

Инновациялық үрдістің дамуына әсер ететін негізгі факторлар

Факторлар тобы

Инновациялық қызметке кедергі келтіретін факторлар

Инновациялық қызметке оң әсер етуші факторлар

1. Экономикалық,

технологиялық

 Инновациялық жобаларды қаржыландыру  үшін қаражаттың жетіспеушілігі, материалды және ғылыми-техникалық базаның әлсіздігі, резервтік қуаттардың жоқтығы, ағымдағы өндірістің қызығушылығының басымдылығы.

       Қаржылық және материалды-техникалық  құралдар резервтерінің, шаруашылық  және ғылыми-техникалық ин-фрақұрылымға қажет прогрессивті технологиялардың бар болуы.

2. Саяси,

құқықтық

 Антимонополиялық, са-лықтық, амортизациялық, па-тентті-лицензиялық заңды-лықтар  жағынан шектеулер.

     Инновациялық қызметті құптайтын  заңдық шаралар (әсіресе, жеңілдіктер), инновацияны мемлкеттік қолдау.

3.Әлеуметтік-психологиялық,

мәдениеттілік

     Өзгерістерге қарсылық көрсету. Бұның мынандай салдары болуы  мүмкін: қыз-меткерлердің статусының  өзгеруі, жаңа жұмысты іздеу қажеттілігі, жаңа жұмысты перестройка, тұрақталған  қыз-мет тәсілдерін перестройка, тәртіп стереотип-терінің және қалыптасқан дәстүрдің бұзыл-уы, белгісіздіктен қорқу, сәт-сіздік үшін жазадан қорқу.

     Инновациялық үрдіске қатысушыларға  моральдық мадақтау жасау, қоғамдық  мойындау, өзін-өзі жүзеге асыру  үшін мүмкін-діктермен қамтамасыз  ету. Еңбек ұжымындағы жа-ғымды психологиялық климат.

4.Ұйымдастыру-басқарушылық

     Кәсіпорынның орныққан ұйымдық  құрылымын, шамадан тыс орталықтандыру, басқарудың авторитарлық стилі, ақпараттың вертикалды ағымын  меңгеру, ве-домствалық тұйықтығы, сала-аралық  және ұйымаралық өзара әрекеттердің қиындығы, жоспарлаудың қатаңдығы, қа-лыптасқан нарықтарға бейім-делу, инновациялық үрдіске қатысушылардың қызы-ғушылықтарын біріктірудегі қиыншылықтар.

    Ұйымдық құрылымның икемділігі, басқарудағы демократиялық стиль, ақпараттардың горизон-тальды ағымын меңгеру, өзін-өзі жоспарлау, жөн-деулер жүргізу, орталық-сыздандыру, автономия-ландыру, мақсатты жұмыс топтарын құру.


 

Инновациялық үрдістің құрылымы қысқаша тоқталатын болсақ:

Инновациялық үрдістің бастамасы болып инициация саналады. Инициация – бұл инновацияның  мақсатын таңдаудан, міндет қоюдан, инновациялық идеяларды іздеуден, оның техника-экономикалық негізделуінен және идеяны материлизациялаудан тұратын қызмет. Идеяларды материлизациялау дегеніміз идеялардың тауарға (жаңа өнім және т.б.) айналуын айтамыз.

Жаңа өнімді негіздеуден кейін ұсынылған инновацияға маркетингтік зерттеу жүргізіледі. Мұнда жаңа өнімге деген сұраныс зерттеледі, өнімді шығару көлемі анықталады, тұтынушылық қасиеті мен тауарлық сипаты анықталады. Содан соң инновацияның сатылуы жүреді. Яғни нарықта инновацияның біраз партиясы шығарылады, оның таралуы, тиімділікті бағалау және диффузия жүргізіледі.

Инновацияның қозғалысы жаңашылдықты жүзеге асыруға (жарнама, сауда процесін ұйымдастыру және т.б.) бағытталған іс-шаралар кешенін құрайды.

Инновацияны жүзеге асыруының нәтижелері және оның қозғалысына кеткен шығындар статистикалық өңдеу мен талдауға ұшырайды. Соның негізінде инновацияның экономикалық тиімділігі есептеледі.

Инновациялық үрдіс инновацияның диффузиясымен аяқталады. Жаңашылдықтың диффузиясы (лат. diffusion-таралу) бір рет игерілген инновацияның жаңа аймақтарда, жаңа нарықтарда таралуын білдіреді.

Инновацияны кәсіпкерлік қызметтің тәжірибесіне ендіре отырып, қандай фактор инновациялық үрдісті тежейтінін немесе жылдамдататынын білу өте маңызды. Инновациялық үрдістің дамуына әсер ететін негізгі факторлар жоғарыдағы кестеде көрсетілген:

Пікірдің пайда болуынан жаңартпаны құру, тарату және оны пайдалануға дейінгі кезеңді әдетте инновацияның өмірлік циклы деп атайды. Жұмыстардың орындалу тәртібін есепке ала отырып инновацияның  өмірлік циклы инновациялық үрдіс ретінде қарастырылады. [8]

Өнімнің өмірлік циклі – осы өнімнің өндірісінен оны алмастыруына дейін, яғни жаңа немесе айтарлықтай түрлендірілген өнімді (инновациялық немесе инновациялық емес) шығарғанға дейінгі аралықтағы период. Өмірлік цикл толық жыл санымен көрсетіледі. Мысалы, егер өнім 2 жыл және 3 ай шығарылса, онда оны 3 жыл деп көрсетеді, ал егер өнім 5 немесе 7 ай шығарылса, онда 1 жыл деп көрсетіледі. Егер өнім өзгерулерге және түрленуге ұшырамаса, онда оның жалпы шығарылған кезінен есепті жылға дейінгі уақыт аралығы көрсетіледі.

Инновациялық цикл – периодтық түрде қайталанып отыратын, жаңа қажеттіліктерді  және идеялардың туындауынан оны іс-жүзінде жүзеге асырғанға дейінгі және жалғыз шаруашылық қызмет етуші субъект немесе ылғи инновациялық инфрақұрылымды шығарып отыратын тұрақты шаруашылық байланыстармен біріктірілген ұйымдар жиынтығы аясында нарықта өткізуге дейінгі инновациялық өнімді құру үрдісі.

Цикл дегеніміз – қандай да бір уақыт аралығында дамудың аяқталған шеңберін құрайтын өзара байланысты құбылыстардың, үрдістердің, жұмыстардың жиынтығы.

Инновацияның өмірлік циклы – инновация белсенді өмірлік күшке ие болып, өндірушіге немесе сатушыға пайда немесе басқа да нақты табыс әкелетін белгілі бір уақыт кезеңі.

Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты үрдістердің және жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді. Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге келуінен өндірістік өткізуден алып тастағанға дейінгі инновациялық өнімнің негізінде анықталады.

Инновацияның өмірлік циклының концепциясы инновацияның өндірісін жоспарлауда және инновациялық үрдісті ұйымдастыруда принципиалды роль ойнайды. Бұл роль келесілерден тұрады:

- инновацияның өмірлік цикл  концепциясы шаруашылық етуші  субъекттің жетекшісін шаруашылық  қызметіне қазіргі уақыт позициясынан, сонымен қатар оның даму перспективасына  талдау жасауға мәжбүрлейді;

- инновацияның өмірлік цикл  концепциясы инновацияны шығаруды жоспарлау бойынша, сонымен бірге инновацияны қолдану бойынша жүйелі жұмыстың қажеттілігін негіздейді;

- инновацияның өмірлік цикл  концепциясы инновацияны талдау  мен жобалаудың негізі болып  табылады.  Инновацияны талдау  барысында инновацияның өмірлік  циклының қай кезеңінде тұрғанын, оның жақын уақыттағы перспективасы қандай екенін, қашан күрт құлдырау басталатынын және оның қашан өмір сүруін тоқтатанын анықтауға болады.

Инновацияның өмірлік циклы инновацияның түрлері бойынша ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер ең алдымен циклдың жалпы ұзақтығына, цикл ішіндегі әрбір кезеңнің ұзақтығына, циклдың өзінің даму ерекшеліктеріне, кезеңдердің әртүрлі санына әсер етеді. Өмірлік цикл кезеңдерінің түрлері мен саны инновацияның ерекшеліктерімен анықталады. Дегенмен әрбір инновацияның базалық, яғни нақты көрсетілген кезеңдері бар негізгі өмірлік циклды анықтауға болады.

Жаңа өнімнің өмірлік циклы 7 кезеңнен тұрады:

  1. жаңа өнімді дайындау;
  2. нарыққа шығару;
  3. нарықтың дамуы;
  4. нарықтың тұрақтануы;
  5. нарықтың азаюы;
  6. нарықтың өрлеуі;
  7. нарықтың құлдырауы.

Жаңа өнімді дайындау кезеңінде өндіруші инновациялық процесті ұйымдастырады. Қысқаша айтқанда аталмыш кезеңде капитал салымы жүреді.

Нарыққа шығу кезеңі жаңа өнімнің нарыққа ендіру периодын көрсетеді. Өнім ақша әкеле бастайды. Бұл кезеңнің ұзақтығы жарнаманың қарқындылығына, инфляция деңгейіне және жаңа өнімдерді сату орындарының жұмыс тиімділігіне байланысты. Нарықтың даму кезеңі нарықтағы өнімнің сатылым көлемінің өсуімен байланысты. Оның ұзақтығын жаңа өнімнің сатылуы белсенді жүретін және нарық осы өніммен толыққан шегіне жететін уақыт аралығы көрсетеді. Нарықтың тұрақтану кезеңі де өнімнің нарықта сатылу көлемінің өсуімен байланысты. Оның сатылу көлемі белгілі бір шегіне жетті және сатылу көлемінің алдағы кезде өсуі болмайды. Нарықтың азаю кезеңінде өнімді өткізудің құлдырауы болады, дегенмен аталмыш өнімге әлі де сұраныс бар және соған сәйкес өнімнің сатылу көлемінің көбеюіне де барлық жағдай бар.

Нарықтың өрлеу кезеңі жоғарыда аталған кезеңнің жалғасы болып табылады. Өнімге деген сұраныс болғандықтан өндіруші сұраныс талаптарын зерттей бастайды, өзінің кадрлық және баға саясатын өзгерте бастайды, сатушыға да (премия), сатып алушыға да (сыйлықтар, жеңілдіктер) өнімді сатудың әртүрлі материалдық ынталандыру формасын қолдана бастайды, қосымша шаралар өткізе бастайды, сонымен бірге жарнама және т.б. Осының барлығы да өндірушіге және сатышуға қандай да бір уақыт периодында өнімнің сатылу көлемін көбейтуге мүмкіндік береді. Бірақ ол бұрынғы жеткен шегіне дейін өсе алмайды. Нарықтың өрлеу кезеңі айтарлықтай қысқа уақыт аралығында жалғасады және соңғы кезең – нарықтың құлдырау кезеңіне ауысады.

Нарықтың құлдырау кезеңі – бұл өнімнің сатылу көлемінің күрт төмендеуі, яғни ол 0-ге дейін төмендейді. Бұл кезеңде өнімнің толық жүзеге асырылуы жүргізіледі немесе оның сатушыларға қажетсіздігінен өнімді сату толығымен тоқтатылады.

Жаңа операцияның өмірлік циклы 4 кезеңнен тұрады:

  1. жаңа операцияны дайындау және оны құжат түрінде рәсімдеу;
  2. операцияны жүзеге асыру;
  3. нарықтың тұрақтануы;
  4. нарықтың құлдырауы.

Операцияны дайындау және оны құжат түрінде рәсімдеу кезеңінде инициация бойынша, идеяларды іздеу бойынша, қаржылық операцияның барлық алгоритмін дайындау бойынша, құжатты жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Осы кезеңде өндіруші операцияны дайындау бойынша барлық шығындарды қаржыландырады.

Операцияны жүзеге асыру кезеңі оның шаруашылық жүргізуші субъектінің ішінде енгізумен немесе оның нарықта жүзеге асырылуымен байланысты. Бұл кезеңде инновацияны алға бастыру және тарату механизмі белсенді жүргізіледі. Нарықтың тұрақтану кезеңі нарықтың берілген операциямен толыққандығын көрсетеді және нарықтың құлдырау кезеңіне ауысады. Мұнда операцияның сатылу көлемі сатылудың толық тоқтауына дейін күрт төмендей бастайды. Жаңа операцияның өмірлік циклын қарастыру барысында келесідей 3 жағдайды ескеру қажет:

  1. операция берілген операцияның орындалу процедурасының барлығын сипаттайтын аяқталған құжат түрінде жүзеге асырылады.
  2. операция екі бағытта жүзеге асырылады:
  • аталмыш операцияны дайындаған шаруашылық жүргізуші субъект ішінде;
  • басқа шаруашылық жүргізуші субъекттерге операцияны нарықта сату жолымен.

Операцияны  шаруашылық жүргізуші субъект ішінде жүзеге асырудың мақсаты жұмысты жүргізу уақытын қысқарту, ақша қаражаттарын үнемдеу және с.с. түріндегі экономикалық пайда табу болып табылады. Операцияны нарықта  басқа шаруашылық жүргізушілерге сатудың мақсаты пайда табу мен өзінің имиджін көтеру болып табылады.

Информация о работе Инновациялық жаңашылдықты енгізу банк қызметін жетілдірудің басты факторы ретінде