Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.
Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................
6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................
20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................
44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............
59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................
61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................
66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
Инновациялық оқыту әдістемесінің ерекшеліктері (оқыту тесті, бақылау тесті, оқытудың ұжымдық тәсілі) білім жүйесінде студенттерді, барлық оқушыларды өзін -өзі дамытуға білім ала отырып өмірлік іс-тәжірибеде қолдану дағдысын меңгеруге, сонымен қатар оқу орнын бітірушілерге көмектесетін жаңа әдіс деп айтуға толық негіз бар.
Химияны оқытудың мақсаты қоғамның мектеп алдына қойған әлеуметтік талабы бойынша анықталады. Ол мақсат – әржақты жетілген, өз ісіне сенімі күшті, қоғамдағы түбірлі өзгерістерді жүзеге асыруға қабілетті жасөспірімдерді тәрбиелеу. Бұл, мақсатқа жету үшін мектеп жасөспірімдерді табиғат, қоғам, адам және оның еңбегі туралы білім жүйесімен қаруландырады. Ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық дене тәрбиесін береді, ғылыми және ізгілік көзқарастарының, қабілеттерінің барынша дамуына қажетті жағдайлар жасайды.
Химия пәні оқушыларға табиғат туралы және технологиялық білім беру, ғылыми көзқарас қалыптастыру, солардың негізінде экологиялық, экономикалық, адамгершілік, еңбек және т.б. тәрбиесін беру, олардың бақылау, қабылдау, түсіну және ойлау қабілетін дамыту мақсаттарын көздейді.
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім
А. Байтұрсыновтың «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектебі һәм сондай болмақшы. Яғни мұғалім білімді болса, білген білімін басқаға үйрете білетін болса, ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім», – деп айтқанындай, жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру, өміріне жолдама алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер енгізіліп, мектеп ісінің ішкі-сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе жатқаны белгілі.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр [13].
12 жылдық білім беруге көшу:
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге көшу мәселелерінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалымдарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. «Баланы оқуға қалай үйретеміз?», «Ойлауға калай үйрету керек?», «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйрету керек?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б. ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жеке ізденістерден, оқушымен, ата-анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
Жеке тұлға қабілеттеріне бағытталған оқыту процесі әр педагогтың өзіне, өз ісіне және өзге деген жауапкершілігі артып, оқушымен қарым-қатынасын берік сенімге негіздегенде ғана игі нәтижесін байқатуы мүмкін.
А.К.Марковтың пікірі бойынша мұғалімнің кәсіптік зерттеушілік позициясы өз кәсібін шығармашылық деңгейде жетік меңгерген кезде ғана айқындала түседі.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай. Өйткені, Ы.Алтынсариннің «Мұғалім – мектептің жүрегі", – деп айтқанындай, барлық күш мұғалімге түседі.
Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра алады. Ахмет Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген ғой.
Қызылорда қаласындағы №6 орта мектебін жаңа құрылым мектебі деп, ал ұстаздарын жаңа құрылым мектебінің мұғалімдері деп атауға болады. Себебі 2003-2004 оқу жылынан бастап бұл мектеп 12 жылдық оқыту экспериментін алғашқы бастап кеткен білім ордасы [14,15].
№6 орта мектеп мұғалімдері – зерттеушілік-шығармашылық талаптарын толық меңгерген, баланың жеке тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосатын, баланы өздігінен өмірге жетелейтін, ақыл-кеңес бере алатын жаңашыл педагогтар.
Шығармашылықпен жұмыс жүргізетін мұғалімдердің іс-тәжірибесін зерттеу мақсатында эксперименттік сынып мұғалімдерінің іс-тәжірибелерінен материалдар жинақтап, сараптама жасалып тұрады.
12 жылдық білім беру
жүйесіне өтудегі негізгі
Демек, қазіргі әзірленіп жатқан 12 жылдық білім беру жүйесінде үйлесімді кәсіптік және білімдік траекторияны қалыптастыруға жағдай жасалу керек. Егер де өткен ғасырда индустриялды экономика азшылықтың ой өресін пайдалану жеткілікті болса, ХХІ ғасырда шығармашылық, барлық адамның ой өресі, әлемдік нарықта жетістікке жетуде, елдің қауіпсіздігіне, адамның сапалы өмірінің тиімді дамуындағы басты ресурс болып табылады. Ал ортада адамның бәсекеге қабілетті болып өмір сүруі үшін қажетті жағдай білім алу екендігі сөзсіз. Ақпараттар ағымында қоғамның өркениеттілігі оның азаматтарының білімі мен білігі арқылы мамандық алуға мүмкіндігін жүзеге асыру мен көрінеді.
БҰҰ Бас Ассамблеясының суаттылық он жылдығы (2003-2012жж) туралы революциясы бойынша сауаттылық ұғымы былай тұжырымдалған: «Сауаттылық дегеніміз – оқу, жазу, есептеу ғана емес, сонымен қоса, тұлғаның әлеуметтік, саяси, мәдени және экономикалық қызметке толыққанды қатысуы үшін қажет болатын білім мен дағыдылардың тұтас кешенінің дамуы, түптеп келгенде, оның қоршаған ортаның соққыларына қарсы тұруға дайындығы жекелей тартқанда, адам еркіндігі ретіндегі қарастырылатын құқықтық сауаттылықтың, отбасы өміріне, денсаулық мәселелеріне қатысты сауаттылықтың, компьютерлік сауаттылықтың қоғамның барлық мүшелерінің білім алуға қажеттілігі ретінде өтелуі». Бұл жерде «біле бергеннің бәрі жақсы» дегенге апаратын логотроптық бағытты (академизм) қабылдап алу да ойландыратын мәселе. Ағылшындардың менталитетіндегі (олардың ойлау бейнесі мен рухани-психологиялық жағынан тез әрекет жасаушылығы) бәсекелестікке, нарықтық экономика жағдайында жақсы өмір сүру үшін күресуге бағдарлануы Ұлыбританияның ғасырлар бойы әлемдегі жетекші орындармен қамтамасыз еткен.
Ал бәсекеге қабілетті болу, жарысу, жинақылықты, шешім қабылдауды талап ете, өндірістің және адам өмірінің деңгейін көтереді. Жаңа білім беру кеңістігі қоғамдық қызметтің аймағы болып табылады, мұнда азаматтық қоғам өсіп, бұл кеңістікте азаматтықтың критерийі қалыптасатын болады. Ұлттық білім беру жүйесі ұрпақ тәрбиесінде азаматтық қоғам идеяларын қабылдай отырып, қазақтың дәстүрлі құндылықтар жүйесі мен басымдықтарымен толықтырылу қажет.
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖБС) білім саясатын жүзеге асыруды айқындайды. Стандарт жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекеттің келісілген білім беру мүддесі мен мүмкіндігін таныта келе, білім беру саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты қамтамасыз етуді мақсат етеді.
12 жылдық білім беру стандарты
Қазақстанның қазіргі орта
12 жылдық білім беруге
ҚР МЖБС бойынша «құзыреттілік»
Европа Кеңесінің Декларациясының (1992ж) келісімімен әлемдік білім беру кеңістігінде 12 жылдық орта білім беру жүзеге асырылуда. Әлемнің дамыған елдері - экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымының мүшелері ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап оқушылардың «білімділік» үлгісі мен білім берудің құзыреттілік парадигмасы арқылы білім берудің күтілетін нәтижелерінің (PISA, TIMSS) жетістіктерін бағалаудың халықаралық критерийі бойынша салыстырмалы зерттеулер жүргізіп келген.
Тұлғаның білімдік нәтижесі әлеуметтік тәжірибе негізінде қоғам өміріне жауапкершілікпен араласуы және түрлі жағдаяттарда құзыретті шешім таба білуге дайындығынан көрінеді. Қоғамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени даму жағдайында білім беру- басты ресурс адам капиталын қалаптастыруда-негізгі роль атқарады. Ал, білім беру үрдісінде басқа да әлеуметтік институттарды қатыстыра, тұлғаның толығымен әлеуметтенуіне ықпал ету бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болмақ.
12 жылдық білімнің негізгі идеялары мен бағдары білім беру стандартында тұжырымдалады. 12 жылдық білім беруде білім, білік дағдыға қоса тұлғаны әлеуметтендіру мен білім беру нәтижелері ретіндегі түйінді құзыреттіліктер алынады. ҚР МЖБС бойынша білім алушы білім берудің әрбір деңгейін аяқтау кезеңінде негізгі құзыреттіліктерді құрайтын берілген қызмет түрлерінің көрсетілген ең аз көлемін игергенін көрсете білу керек екендігі атап көрсетілген. Ал МЖБС жетістігі нәтижелердің нақтылануы болып табылады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының жаңа редакциясына сәйкес, тұлғаның даму кезеңдері мен жас ерекшеліктерін ондағы іс-әрекет түрлеріне сай 12 жылдық білім берудің үш деңгейі әзірленген. Әлеуметтік және тұлғалық маңызды проблемаларды өз бетінше шеше алуы қабілеті мен құзыретті интелектуалды және рухани дамыған тұлғаны қалыптастыру қарастырылады. Жеке өзіндік білім беру қызметін ұйымдастыру, кәсіби білім алу, қызметтің түрлері мен түрлі салаларында өзіндік шешім қабылдауы, қоршаған ортаға бағдарлану проблемалары алынған мақсат пен міндеттерде тұжырымдалады. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының басты идеясы қалыптасқан түйінді құзыреттіліктер түріндегі күтілетін білім беру нәтижелеріне талаптар қою болып табылады.
Қазақстандағы білім беру практикасындағы жалпы орта білім беру мемлекеттік стандартындағы негізгі компоненттердің бірі базистік оқу жоспары болып табылады. Білім берудің деңгейін, сыныптар бойынша білім берудің мазмұнын игеруге бөлінетін оқу уақытын, оқу пәндері мен білім беру саласының құрамын, білім алушылардың оқу жүктемесінің көлемін анықтайтын нормативтер шеңберін тағайындайтын базистік оқу жоспары. Базистік оқу жоспары инвариантты (өзгермейтін) және вариативті (жылжымалы) бөлімдермен ерекшеленеді. Еліміздің ең алғашқы білім беру стандарты 1998 жылы тағайындалған.
12 жылдық орта білім берудің көздеген мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес осы Стандарт негізінде мынадай білім беру нәтижелері регламенттелген:
-білім алушыларды
-бағдарлану және құндылықтар жүйелері түріндегі тұлғалық нәтижелер;
-метапәндік нәтижелер-оқу-тәрбие үдерісінің шеңберіндегі және нақты өмір жағдайларындағы мәселелерді шешу кезінде қолданылатын іс-әрекеттің әмбебап тәсілдері ретінде қалыптастырылған түйінді құзыреттіліктер;
- пәнді оқыту нәтижелері-игерілг
Білім беру нәтижелерінің үш түрін бөліп алу идеясы, оқу пәндерін оқытуды ұйымдастыру, пәнаралық өзара ықпалдастық, мектеп пен социумның өзара әсерін ұйымдастыруға бағдарланған нәтижелерге жетуге бағытталады.
Инварианттық компоненттің базалық компоненті тұтас білім беру кеңістігін қамтамасыз етеді және базалық (жалпы білім беру) деңгейде оқытудың барлық бейіндері мен бағыттары үшін міндетті пәндерін оқытуды көздейді.
Негізгі орта және жалпы орта білім берудің мазмұны түрлі жастағы балалардың жас ерекшеліктерін ескере, білім берудің мазмұнындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі мектепте ойлаудың ғылыми стилі, коммуникативтік дағдылардың дамуы мен қарым-қатынас жасауы, өз іс-әрекетін жоспарлау және орындау білігі, күтілетін нәтижеге жету, топта ынтымақтастықта жұмыс жасау икемділігі, сыни және талдау тұрғысынан ойлау сұхбаттық жетекші қызметті қалыптастырады. Өзін-өзі тануға, өз білімін көтеруге, өзін-өзі бағалау қабілетінің дамуына ықпал етеді. Ал мазмұны ғылымның базистік негіздерін игеруге, түрлі пәндік-практикалық танымдық және адамгершілік-рухани іс-әрекетте біліктер мен дағдылардың дамуына мүмкіндіктер берілген. Бейіналды дайындығы қызметтің түрлі салаларында кәсіптік бағдарлануды жүзеге асырады. Бейіні мен одан әрі білімін жалғастыруға жағдай жасалады. Базалық деңгей міндетті болып табылады. Бейіндік мектепте кәсіптік оқу қызметі негізгі роль атқарады. Өз білімін өз бетінше құрастыру білігін дамыта отырып, ақпараттар кеңістігінде бағдарлануға жағдай жасалады. Бейіндік мектепті жүзеге асыруда түйінді құзыреттіліктерді игеру пәнді таңдау негізінде саналы түрде тұлғалық, азаматтық, кәсіптік өзін анықтауды іске асыруға мүмкіндік туғызады. Инвариантты және бейіндік компоненттердегі пәннің мазмұнына кіріктірілген пәндер енеді. Оқу бейіндік және деңгейлік саралау негізінде құрылады. Оқытудың дара білім беру траекториясы басымдық бағыттарымен және бейіндік оқытумен, аймақтық білім беру жүйесінің құрылымы мен әлеуметтік мәдени ортасының ерекшеліктерімен анықталады. Кәсіптік білім алу жалпы орта білім алу деңгейіндегі инвариантты компонентті оқытумен жүзеге асырылса, қалған пәндер кәсіптік білім алу көлемін ескере отырып оқытылатын болады. Жалпы орта білім беру деңгейінде білім алушылардың сұранысы мен ынтасы ескеріліп, болашақта айналысатын кәсібіне бағытталуын қамтамасыз ететін бейінді компонент болып табылады. Инвариантты компонент арқылы стандарт талаптары орындалады. Білімнің мазмұны инвариантты бөлікте айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды білім алушыларға зерделеп дамытуда инвариантты бөліктерде шоғырланған білім саласына жататын пәндердің маңызы зор.
Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану