V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................

6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................

20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................

44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............

59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................

61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................

66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

досова.doc

— 1.26 Мб (Скачать файл)

Кез келген сабақ мақсаты, мазмұны, типі, құрылымы, құралдары және әдістері арқылы ерекшеленеді. Сабақ білім мен тәрбие беру және дамыту міндеттерін шешетіндіктен оның алдына жалпы педагогикалық, дидактикалық және  әдістемелік мақсаттар қойылады. Сабақтың жалпы педагогикалық мақсаты қоғамның жалпы орта білім беретін мектептерге жүктеген әлеуметтік сұранысы бойынша анықталады. Қазіргі кезде халыққа білім беру саласын қайта құру оқушылардың дербестігін арттыруды, алған білімін өздігінен және  творчестволық тұрғыда қолдана білуге үйретуді қажет етіп отыр. Сабақтың  дидактикалық мақсаты  оқыту барысының буындарына  сәйкес анықталады, оларға жататындар: а)оқушыларды  жаңа білімді  қабылдауға дайындау; ә) жаңа білімді қабылдау; б) алынған білімді қорытындылау; в) білімді бекіту және жетілдіру; г) білімді қолдану; д) білімді тексеру және бағалау.

Сабақтың әдістемелік мақсаты қарастырылатын деректерді, ұғымдарды, заңдарды және теорияларды нақтылайды.

Химияны оқыту әдістемесінің оқулықтары мен оқу құралдарында химия сабақтары типтерге, түрлерге және нұсқаларға жіктеледі. Жіктеудің негізі ретінде оқыту барысының дидактикалық  міндеттері,  оқыту әдістері,  материалдық мазмұны, оқушының таным әрекетінің тәсілдері алынады.

Химиядан сабақ беру әдістемесінде дидактикалық міндеті бойынша химия сабақтарын 5 типке бөледі:

  1. жаңа білім мен білікті игеру (жаңа материалды оқып үйрену);
  2. теориялық білім мен білікті жетілдіру және қолдану;
  3. білімді қорыту және жүйеге түсіру;
  4. бақылау-есепке алу;
  5. аралас сабақтар.

Әр типке жататын сабақтың өзіндік құрылымы болады,  ол  оқу барысы  буындарының өзара байланысы бойынша анықталады. С.Г. Шаповаленко жаңа білім, білік және дағды қалыптастыру сабақтары 4-5 бөліктен тұрады деп есептейді. Олар:

1) оқушыларды түгендеу;

2) сабақтың мақсатын айту, көрнекті көрсету жасау, зертханалық  жұмыстар жүргізу немесе сөз  әдістері арқылы жаңа матераиалды  түсіндіру;

3) үйге тапсырма;

4) баяндалған білімді  қорыту, оқушылардың қалай түсінгенін  тексеру және бекіту (сұрау, есеп шығару).

Жаңа сабақты түсіндіру оқушылардың кітаппен өздігімен істейтін жұмыстарымен ұштастырылғанда бес бөліктен тұрады.

Оқушылардың алған білімін қорытындылауға арналған әңгімелесу, конференция, шолу дәрістерінің сабақтары алты бөліктен тұрады. Мысалы, дәріс сабағының бөліктері:

1) оқушыларды түгендеу;

2) үй тапсырмасын тексеру; 

3) мұғалімнің дәрісі;

4) үйге тапсырма;

5) оқушылардың сұрақтарына  жауап беру;

6) мұғалімнің сұрауы.

Жазбаша бақылау жұмысы алынатын сабақтардың бес, бақылау сарамандық сабақтарының алты бөлігі бар:

1) оқушыларды түгендеу;

2) өздігінен істейтін  жұмыстарға мұғалімнің түсінік  беруі;

3) оқушылардың тәжірибелер  жүргізу жоспарын, қажетті реактивтер  мен жабдықтардың тізімін жасау;

4) жұмыс орнын әзірлеу;

5) тәжірибелерді жасау  және есеп жазу;

6) жұмыс орнын тәртіпке  келтіру және өткізу.

Сабақтың мүшелері деп аталатын жеке бөліктерін таптаурынға айналдыру тиімсіз екенін іс жүзінде де,  теория  жағынан да дәлелдейді. Сабақ оқу жұмысының жігі айқын көрініп тұрмайтын күрделі және біртұтас дидактикалық жүйе. Сабақ құрылымының үш құрамдас бөлігі - мақсаттары, мазмұны және әдістері бойынша айқындалуы мүмкін.

Сабақтың жалпы педагогикалық,  дидактикалық және әдістемелік мақсаттары  оқу барысының жеке буындарында жүзеге асады. Әр буын өзінен басқаларымен оқу барысының қисыны арқылы қабысып, сабақтың құрылымын түзеді, ең басты дидактикалық мақсаттың төңірегіне топтасады.

Сабақтың тағы бір құрылымын анықтайтын мазмұны жеке деректерден, ұғымдардан, заңдылықтардан, біліктер  мен  дағдылар  жиынтығынан тұрады. Олардың әрқайсысы өзара оқу пәнінің қисыны бойынша байланысады, игеру үшін оқушылардан әр түрлі қисынды психологиялық тәсілдерді қажет етеді.

Мазмұндық құрылымының  әр бөлігіне сәйкес қолданылатын әдістердің өзара байланысу реті әдістер құрылымын түзеді. Сабақтың мақсаттары, мазмұны және әдістерінен түзілетін үш құрылымы бір-бірімен ұласып, байланысып жатады.

Әдістемелік  әдебиеттерде сабақтың оңайлатылған құрылымы кездеседі. Бұл көзқарас бойынша кез келген сабақ үш бөліктен тұрады: кіріспе бөлім, негізгі бөлім және қорытынды бөлім. Кіріспе бөлім оқушыларды негізгі бөлімге өтуге дайындайды,  мазмұны  сабақтың типіне, ең басты дидактикалық мақсатына сай анықталады. Сабақтың негізгі бөлімінде жаңа материал өтіледі, алған білім жетілдіріледі немесе тексеріледі. Қорытынды бөлімде осы үшеуінің нәтижесі шығарылады.

Қазіргі әдістемеде әр түрлі типі және құрылымы бар сабақтарға қойылатын жалпы талаптар белгіленеді:

1.Сабақтың жалпы педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік мақсаттарын нақтылы айқындау;

2. Сабақтың мазмұнын дидактикалық негізге сай, бағдарлама және оқушыларға сәйкес таңдап, химия ғылымының соңғы жаңалықтарымен толықтыру;

         3. Сабақта өтілетін оқу материалын өмірімен, өндіріспен, қоғамдық құрылыстың  сарамандығымен тығыз ұштастыру және кәсіптік бағдар беретін деректерді енгізу;

         4. Сабақтың тәрбиелік әсерін арттыру. Оқушыларда ғылыми көзқарас қалыптасуына,  қоғамдағы өз орнын табуына, табиғатты аялау, ізеттілік, басқа да адамгершілік қасиеттердің орнығуына жәрдемдеседі;

          5. Сабақ үстіндегі оқушылардың белсенділігін арттыру, ақыл ойын дамыту;

         6. Пәнаралық байланысты жүзеге асыру;

         7. Сабақтың әр бөлігін тиімді өткізетін әдістерді таңдап алу, олардың дидактикалық, мақсаттарға және оқу материалының мазмұнына сай келуін қамтамасыз ету;

         8. Оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарының үлесін арттыру. Оқушылардың жаппай, топтық және жеке істейтін жұмыстарының ара-қатынасын дәл анықтап, тиімді ұйымдастыру;

         9. Сабақтың құрылымын дұрыс таңдап, әр бөліктерінің арасындағы байланысты негізгі дидактикалық мақсатқа сай жүзеге асыру, уақытты ұтымды пайдалану.

10. Оқушылардың жаңа материалды игеруін, негізінен, сабақта жүзеге асыру, тапсырмасын барынша ыңғайлату, жұмысбастылықты болдырмау;

11. Сабақта оқушылардың байыпты,  ынталы,  жұмыс істеуін қамтамасыз ету.

         Химия сабақтары баяндаудың  хабарлама,  көрнекті көрсету, безендіру әдістерімен өткізілгенде,  зертханалық  және сарамандық тәжірибелер нақтылы нұсқаулар бойынша жасалғанда, химиялық есептер бірыңғай жаттанды тәсілмен шығарылғанда, жаттығулар білімді қайта жаңғырту мақсатымен жүргізілгенде оқушылардың еліктеу-қайталау таным әрекеті жүзеге асады.

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану, оқыту әдістемесін үнемі жаңартып, инновациялық әдіс-тәсілдерді қолданып отыруына байланысты. Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру

  № 1 Облыстық  үш тілде оқытатын мектеп интернатында 9-сынып оқушыларына  өтілген сабақтың тақырыбы: «VIA топ элементтерінің жалпы сипаттамасы».

Мақсаты: Сызбанұсқаларды сабақтарда кеңінен пайдалану арқылы саралай және даралай әдісін қолдана отырып, оқушылардың алған білімдерін іс жүзінде қолданумен бірге дүниетаным көзқарасын қалыптастыру.

Сабақтың барысы: Оттек топшасындағы химиялық элементтердің орны, атом құрылысын өткенде сызбанұсқаны пайдалана отырып, саралай және даралай әдісі қолданылды. Сабақ әңгімелей, сұрақ-жауап түрінде, оқушыларды белсенді түрде қатыстыра отырып жүргізілді. Сабақта техникалық құралдар магнитофон, компьютер, сонымен бірге әр түрлі сызба кестелер, т.б. пайдаланылды.

Сабақ бойы компьютер мониторында Д.И.Менделеев периодтық жүйесі көрсетіліп тұрды.  2.1-сызбанұсқа арқылы жаңа сабақ түсіндірілді[32].

 

2.1-сызбанұсқа. Оттек, күкірт  элементтерінің орны


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2-сызбанұсқа. Атом құрылысы

О, S-тің электрондық орбитальдарда таралып орналасуы.

+8О   

          1s2      2s2             2p4

­¯

 

­¯

 

­¯

­

­




 

 

+16S  

         3s2       3p4                       3d0

­¯

 

­¯

­

­

           

 

 2.3- сызбанұсқа. Табиғатта  кездесуі


 

 

 

 

 

 

 

Химиялық элементтердің ішінде оттек жаратылыста көп тараған элемент, ол бос күйінде де, химиялық қосылыстар құрамында да кездеседі.

 

2.4-сызбанұсқа. Ашылу тарихы

 


 

 

 

 


 

 

 

 

 

Ағылшын химигі Д.Пристли 1774 жылы сынап оксидін (HgО) қыздырғанда бөлініп шыққан газды жинап, қасиеттерін байқап, Лавуазье және басқа ғалымдарға хабарлаған. Швеция химигі Шееле 1777 жылы (Pb(WO3)2) қыздырғанда бөлініп шыққан газды жинап, қасиетін ашқан заттың ауада бар екендігін, оның жану үрдісіндегі ролін, жалпы химияның теориясына, дамуына қандай үлкен маңызы бар екендігін білмеген [33].

 

Оттектің алынуы

  1. Пероксидтерді қыздырып оттек алу

           2. Оксидтерді ыдырату арқылы оттек  алу

           3. Оттекті қышқылдардың тұздарын  ыдырату арқылы алу

Күкірттің алынуы

            Пиритті арнаулы шахта пештерінде 6000С-та қыздырғанда күкірт бөлініп шығады.

Тас көмір өңдегенде Н2S түзіледі.


 

 

 

2.5-  сызбанұсқа. Оттектің физикалық қасиеті


 

 

 

 

     

 

 

 

2.6-сызбанұсқа. Күкірттің  физикалық қасиеті


 

 

 

 

 

 

 

 

2.7-сызбанұсқа. Аллотропиялық  түр өзгерісі


 

 

 

 

 

 

 

 

2.8-сызбанұсқа. Күкірттің  химиялық қасиеті


 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.9-сызбанұсқа. Оттектің химиялық  қасиеті


 

 

 

 

Бейнетаспадан оттек топшасына арналған эксперименттік зертханалық жұмыстар көрсетіледі.

Жаңа сабақты бекіту үшін алдын ала оқушылардың қолдарына валенттілігі ескеріп жазылған элементтер мен қышқыл қалдығы және әртүрлі индексті оттек беріледі. Музыка ырғағына сала отырып оқушылар өз сыңарларын тауып, химиялық формула құрып, осы формулада күкірттің ауыспалы тотығу дәрежесін айтып береді.

Валенттілігі ескеріліп жазылған элементтер мен қышқыл қалдығы

S+4

S+6

S-2

H2

Ca+2

P+5

Na+

AI+3

Na+

H2

H+

O2

O3

O-2

O-2

(SO4)3

SO4

SO4

NO3

O-2


 

Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде 2.1-сызбанұсқаны, ойын элементін пайдалана отырып, алдын ала дайындалған элемент қиындыларынан оқушылар оттек және күкірт элементтерінің маңызды қосылыстарының формуласын құрады. Сол арқылы олардың жаңа сабақты қаншалықты түсінгендігі көрінеді.

 

2.1-кесте. Оттек және күкірт элементтерінің қосылыстарының формуласы

SO2

CaO

AI2(SO4)3

H2SO4

SO3

P2O5

Na2SO4

HNO3

H2S

Na2O

   

Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану