Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.
Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................
6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................
20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................
44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............
59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................
61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................
66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................
Қазақстанда осы қышқылды жаңбырға байланысты кезек күттірмейтін қандай негізгі мәселе бар деп ойлайсыздар?
8-оқушы: Қазақстандағы жауын-шашынның құрамындағы қышқылдардың, әр түрлі элеметтердің, олардың қосылыстарының ағзаға, өсімдікке, жануарларға, адам денсаулығына әсерін зерттейтін қазіргі заманғы ең озық құралдармен жабдықталған зертханалар салып зертеу, сонымен бірге атмосфераның ластануына жол бермеу.
Осыдан кейін оқушылар тест тапсырмасын орындайды.
Күкірт қышқылы тақырыбы бойынша тест тапсырмалары интерактивті тақта арқылы көрсетіледі.
1.Мына сызбанұсқаны пайдаланып А,Ә,Б заттарын табыңыз:
+О2 +О2 +Н2О
H2S А Ә Б
А. SО2, SО3, Н2SО4
Ә. SО2, SО3, Н2SО3
Б. Н2О, SО2, Н2SО4
2. Қышқылда лакмус түсі өзгереді:
А. Сары; Ә. Көк; Б. Қызыл.
3. H2SO4 –тегі күкірттің тотығу дәрежесін анықтаңыз:
А. +4 Ә. +6 Б. +8
4. Күкірт қышқылын
мырыш сульфидінен алу
А. 2ZnS + 3O2 ® 2 ZnO + 2SO2
Ә. 2 SO2 + O2 ® 2SO3
Б. SO3+ H2O ® H2SO4
5. Күкірт (IV) оксидінің сумен реакциясы:
А. Айырылу; Ә. Орын басу; Б. Қосылу.
6. Емдік қасиеті бар улы газ:
А. H2S Ә. SO3 Б. СО2
7. H2SO4-ке сәйкес тұзының аты
А. Сульфат; Ә. Сульфит; Б. Сульфид.
8. Сu+2H2SO4 ® CuSO4 +SO2 +2H2O реакциясындағы күкірттің қасиеті:
А. Тотықсыздандырғыш;
Ә. Тотықтырғыш
Б. Екеуі де емес.
9. Сұйытылған күкірт қышқылымен
әрекеттеспейтін металдар
А. Са, Mg, Al; Ә. Cu, Hg, Ag; Б. Zn, Fe, Cr.
Тест жауаптары
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
А |
Б |
Ә |
А |
Б |
А |
А |
Ә |
Ә |
Бағалаудың критерийі:
9 – «5» 8 – «4» 7 – «3»
Сабақ соңында оқушылар тақтада көрсетілген жауаптары арқылы өздерін тексеріп, бағалаудың критерийіне қарап бағаларын қояды (2.4-кесте).
2.4.-кесте. 9Г-, 9Д-сынып оқушыларының салыстыр
сынып |
Оқушылар саны |
Бағасы | ||
5 |
4 |
3 | ||
9Г |
20 |
10 |
8 |
2 |
9Д |
22 |
12 |
7 |
3 |
Сурет 2.3. 9Г-, 9Д-сынып оқушыларының салыстырмалы үлгерімдік көрсеткішінің диограммасы
Интерактивті тақтаны қолдана отырып өтілген күкірт қышқылы тақырыбын 2.3-сурет арқылы оқушылардың қаншалықты түсінгендігін байқадық. Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығы артты.
2.4. Сын тұрғысынан
ойлау технологиясын қолдану
арқылы химия пәнінде
Елбасы өз жолдауында: ұлттың бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады, - деп атап көрсетті. Жолдауды орындай отырып , біз инновациялық оқуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған, өз бетінше шешім қабылдай білетін білімді ұрпақты даярлауымыз керек. Инновациялық оқу- оқушылардың ойлау іс-әрекеттерін, зерттеушілік қабілеттері мен шығармашылық белсенділігін қалыптастыратын жол [26-28].
Бұрынғы әдетке айналған оқу үрдісінде мұғалімге басымдылық роль берілсе, ал қазіргі технологияларда оқушы белсенділік көрсетуі тиіс яғни мұғалім оқушыны оқытпайды, ол оны өздігінен оқып білім алуға жетелейді. Сол арқылы оқушы өз қажеттігін өзі таңдаған жолында қамтамасыз етіп, жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Ал, мұғалім әрбір оқушының жеке қызығушылығын және қабілетерін ашуға көмектеседі. Оқушының өз бетінше еркін ойлай алуын дамыту үшін таным мақсатына жеткізетін сұрақтар туғызу және оларды анықтау керек, оқушылардың еркін ойлау қабілетін бірте-бірте жетілдіре отырып, таным мақсатына жеткізу және жаңа білімді игеру жолдарын іздестіру қажет; дайындық- шығармашылық жаттықтыру және кеңейту керек; іздестіру мәселесін шешуде және дайындық шығармашылық жаттықтықтыру жүйесінде оқушылардың жаңа білімді игеру кезіндегі пайдаланатын ойлау әдістерін жетілдіру парыз; оқушышылардың таным- белсенділігін, дамытатын қабілетерін жан-жақты ашу қажет.
Оқушылардың таным- белсенділігін, ойлау қабілеттерін арттыру үшін қазіргі кезде кең тарай бастаған сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдануға болады.
Ол үшін төмендегідей
Сабақ кезеңдерінде қолданылатын технологиялық амалдармен танысайық.
Қай амалды қолдансақ та оқушылардың таным белсенділігін «іске қосып», одан туындаған ойды шешуге бағыттайтын, тілге тиек болатын, шығармашылық іздестіруге әрі ойлауға итермелейтін бастапқы мәліметтер болуы тиіс.
Топтастыру (кластер) стратегиясында текстің мәнін білдіретін бірліктерін, жекелеп, белгілі бір ретпен салыстырған түрде графикалық бейнелеу жүктеледі.
Әртүрлі жазулар арқылы катигорияларға біріктіріп, ерекше бөліп орналастыру арқылы кез-келген нәрсені есімізде сақтаймыз. Сатылау – материалды жүйелеудің графикалық әдісі болып табылады. Біздің ойларымыз қабаттаспай, сатыланып, белгілі бір ретпен орналастырылады.
Топтастыру оқушылардың
Мысалы: «Металл» сөзін естігенде көз алдыңа не елестейді? Алдымен әр оқушы өз ойын дәптерге жазады, жұппен, топпен талдайды. Әр топтан бірнеше сөздерді тақтаға жазып, соңынан оны топтайды.
Түртіп алу жүйесі (инсерт) –оқушыларға дейін мәтін береді, оқып отырып «Білемін», «Білетінім сәйкес келмеді», «Мен үшін жаңа», «Тереңірек білгім келеді, түсініксіз» деген бөліктері бар кестені оқушылар толтырады. Кестені толтырып болған соң оқушыларға мұғалім түсіндіреді немесе кітапханадан іздеуге ақпарат құралдарынан іздеуге үйге тапсырма береді. Оған адамға аз таныс, әрбіреуін қызықтыратын академиялық мәтінде энциклопедиялық сипаттағы, т.б. мәліметтерді алуға болады.
Эссе стратегиясы арқылы да оқушылардың ойлау білігін арттыруға болады. Эссе жазу деп берілген тақырыптың ішкі сырын терең түсініп, өз пікірін ойын, дұрыс жеткізіп сабақта берілген тезистерді аргументтермен бекітіп, оқылған тақырыптың негізгісін көркемдеп жазып және сол арқылы өмір, болмыс сырын қалай түсінетіндегі жайында ойын ашық білдіруді айтады.
Венн диаграммасында екі затты
алып салыстырады. Мысалы: спирт
пен фенолды альдегид пен
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі
Бұл ойын – 9-10 сыныптардың химиядан білімді деген топтары арасында өтілген жарыс ойын.
Ойынның мақсаты: Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, дарынды оқушыларды анықтау, логикалық есептердің дұрыс шешімін табуға үйрету, дербестік пен жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ұраны: «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын!».
Көрнекіліктер: химиялық стақандар, түрлі-түсті қағаздар (ұпай есептеу үшін, ақ түс – 1 ұпай, көк – 2 ұпай, қызыл – 3 ұпай), «химия талы», жеке-жеке парақтарға салынған ребустар, натрий гидрооксиді, фенолфталеин, барий хлориді, натрий карбонаты, құты, т.б. пайдаланылды.
Жарыс басында желілік-рөлдік ойынның мақсаты мен ойын жолы түсіндіріліп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тіленді. Қазылар алқасы сайланды. Топтар «А» сыныптары мен «Б» сыныптары болып бөлінді.
Ойынды жүргізуші сайыскерлердің алдында қандай тапсырмалар күтіп тұрғанын атады:
Химия тарихынан сұрақтар;
Химиялық тәжірибелер;
Кросс-сұрақтар;
Топ басшыларының жеке ойыны (жекпе-жек);
«Үй тапсырмасы» сайысы;
Ребус шешу;
Жанкүйерлерге арналған жұмбақтар.
Жүргізуші: қатысушы топтар «А» және «Б» әріптерінен басталатын химиялық атау ойлап табуы тиіс.
«Химия» ғылымының атауы қайдан шықты?
Кейбір пікірлер бойынша, «Химия» - кұю, тұну дегенге саяды. Бұл сөзде дәрілік өсімдіктер шырынын зерттеуші және сонымен айналысушы шығыс емшілерінің, фармацевтердің көне іс-тәжірибесінің жаңғырығы бар сияқты. Екінші бір пікірге сүйенсек, химия сөзінің түбірі «қара ел» дегенді білдіреді. Ежелгі Мысырды осылай атаған, ал Мысыр сиқыршылар өнері мен алтын шеберлерінің ордасы саналды.
Орта ғасырларда химияны жалған химия деген ұғым білдіретін «алхимия» деп атаған. Алхимия кез-келген металды алтынға айналдырып беретін философиялық тас ойлап тапқылары келді. Бұл пиғылдары іске аспады, бірақ үздіксіз ізденіс нәтижесінде алхимиктер көптеген белгісіз заттар тауып, олардың қасиеттерін зерттеді.
Оқушы: алхимиктер кез-келген металда сынап бар деп ойлады... алхимиктер бура мен купоросты араластырды. Үгітілген ешкі мүйізін саз балшықпен араластырды, әтештің бес қауырсынын, бір тышқанның құйрығын, бәрін пеште жағып, содан соң айдап, және тағы тазалады. Қасқырдың мұртын қосып, жақсылап булап, шыққан қоспаға үңілді, дәмін көріп естен танып құлады. Кенеттен табиғаттың сырын ашамыз деп үміттенді. Мышьяк пен фосфорды тапты. Ал бұл байлық емес пе? Тапқыр құралдары үшін, қышқылдары мен ерітінділері үшін, барлық химиктер алхимиктерге алғыс айтады.
Ал қазір сайыстың бірінші тапсырмасы – алхимиктер жеті ғаламшар санына байланысты әлемдік жеті металдан құралған деп есептеді. Осы металдарды атаңыздар. Алған ұпайларын әр топ химиялық стақанға салады, ал индикатор қағаздары оларға көмектеседі.
Сұрақ: қандай индикатор қағазы бейтарап ортада түссіз, көк, қызғылт түстерді береді?
«Химия талына» мән беріңіздер. Алхимиктер ғылымының бастамасын жасады, ал бүгін оның тамыры тереңге кеткен. Мына бір ұғымдардың мағынасын ашыңыздар (әр топтан бір адамнан шығып, талда ілінген жапырақ – қағаздарды алады, оның артында сөздер жазылған): агрохимия, ятрохимия, биохимия, коллоидтік химия, органикалық химия, бейорганикалық химия, аналитикалық химия, радиохимия.
Бір ғана адам, тіпті адамдар тобы, тұтас бір елдің ғалымдары қандай да бір ғылымды басынан аяғына дейін жасап шығуы тарихта әлі болмаған нәрсе. Химияда да солай: көптеген ғалымдар, әр түрлі халықтың өкілдері осы ғылымның табыстары мен жетістіктерін молайтуға өз үлестерін қосты. Ал енді топтар бір-біріне ғалым химиктер туралы, олардың ғылымды дамытуға қосқан үлестері туралы сұрақтар қойсын (үй тапсырмасы).
Осы заманғы химия – қарыштап дамыған ғылым, оның жүздеген ғылыми бағыттары, мыңдаған ғылыми мектептері, ондаған мың зертханалары бар, органикалық және бейорганикалық заттар миллиондап саналады.
Топтарға тапсырма: берілген сөздің әріптерінен басталатын, химияға байланысты сөздерді жазу:
О |
К |
С |
И |
Д |
оттек |
калий |
селен |
иод |
диполь |
озон |
катализ |
сульфид |
изомер |
диффузия |
осмий |
күкірт |
сутек |
изотоп |
дозиметр |
Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану