V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2015 в 10:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» -деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді іс жүзіне асыру мүғалімнің шеберлігіне, ізденісіне байланысты.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................
4
І.ӘДЕБИЕТТІК ШОЛУ. Жалпы білім беретін мектептерде инновациялық білім берудің белсенді әдістері.............................................................................

6
1.1. 12 жылдық білім беру және жаңа мұғалім...................................................
10
1.2. Жалпы орта білім беру деңгейінде бейіндік оқытуды ұйымдастыру мәселелері...............................................................................................................

20
1.3. Химияны оқыту барысында оқушылардың ақыл-ойын дамыту................
30
1.4. Дамыта оқытудың тиімділігі......................................................................
34
1.5. І-бөлім бойынша қорытынды........................................................................
38
ІІ. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ БӨЛІМІ...........................................
39
2.1. Сабақ туралы түсінік......................................................................................
39
2.2. Саралай және даралай оқыта отырып оқушылардың белсенділігін арттыру....................................................................................................................

44
2.3. Оқытудың интерактивті әдісі........................................................................
49
2.4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдану арқылы химия пәнінде оқушылардың ойлау қабілеттерін, таным белсенділіктерін арттыру...............

59
2.5. «Ойымыз терең, ісіміз нақты болсын» желілік - рөлдік ойынның әдістемесі................................................................................................................

61
2.6. Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі....................................................................................................

66
2.7. Химиядан алған білімді қорытындылау.......................................................
70
2.8. ІІ-бөлім бойынша қорытынды.......................................................................
71
Қорытынды.............................................................................................................
72
Пайдаланылған әдебиеттер...................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

досова.doc

— 1.26 Мб (Скачать файл)

 

Топтар тапсырманы орындап болғанша, көрермендермен ойын:

«Элементті тап».

  1. Бір химиялық элемент ойла.
  2. Элементтің реттік нөмірін 2-ге көбейт.
  3. Одан шыққан санға 5-ті қос.
  4. одан шыққан санды 5-ке көбейт.

Мысалы: (25*2+5)*5=275-27/5*27-2=25.

№ 25 марганец.

Қазылар алқасы сайыстардың қорытындысын шығарады.

Үйге берілген сайыс тапсырмасы: химия кабинетіндегі сақтық ережелері. (қазылар қорытындысын айтады).

Тапсырма:  й-и-л-ж-г-н-е-з-а-м-р-о-б әріптерін пайдаланып, химиялық элемент атауларын кім көп құрастырады? (3 минут).

(бор, азот, аргон, неон, брон, титан, натрий, магний, барий, галлий, германий, ниобий, рений, гелий).

Топтар тапсырманы орындап жатқанда, көрермендерге жұмбақ қойылады.

Ал, иіңдер бастарыңды,                                        

Мен боламын аспан қызы!

Қолды-аяққа тұрмаймын,

Бұлтпын, мұзбын,термін, шаймын.

Өзен, бұлақ мұхиттаймын.

Аяз болса, қатып қалам,

Ашулансам, қайнаймын.

                                             (Су)

   

Тауларында Шао-Линь,

Қазылған топырақ-каолин.

Ертеде  Қытай халқында

Жасапты содан... (Фарфорды)

Табиғатым осындай:

Әк, құм, сода қосылған.

От-жалында көп ұстап,

Балқытады дұрыстап.

Мөлдіреймін жайнап,

Менің атым... (әйнек)

   

Хабарлаймын: асығыспын,

Өзімді-өзім тауысып біттім.

Тақтаға жазып қанша жол,

Жоғалдым. Менің атым ... (бор)


Жүргізуші: әрбір топқа он сұрақтан беріледі. Барлық жауаптар бір топ үшін «К», екінші топ үшін «С» әрпінен басталуы керек.

 

Келесі тапсырма: Д.И. Менделеевтің периодтық кестесіндегі орны бойынша басқаларынан ерекшеленетін бір химиялық элементті әр қатардан табу керек:

1. H  He  Ne  Ar                              3.  Fe  Co  Ni  Ar

2.  H Li  Be  B                                  4.  F  Cl  Mn  Br

Топтар тапсырманы орындап жатқанда, жанкүйерлер ребус шешеді.

Заттарды қосылыс кластары бойынша бөліп жазу керек:

CH4 CH3OH  C2H4  CH2 – O – СН3   С2Н5 – О – С3Н7    С8Н16    С4Н9 ОН   С7Н16

 

Топбасылар сайысы:

  1. Жүрек тамырларының таралуын азайтатын жарылғыш зат? (нитроглицерин)
  2. Қандай галоген жетіспесе, тісте қанқұрт пайда болады? (фтор)
  3. Хирургиялық аспаптарды дезинфекциялауға қолданылатын құмырсқа альдегидінің 40% ерітіндісі? (формалин)
  4. Аммиактың судағы 4-6 пайыз ерітіндісі не деп атайды? (мүсәтір спирті)
  5. Медицинада сүйек сынғанда тануға пайдаланылатын химиялық қосылыс? (гипс)
  6. Қандай химиялық элемент өмір мен ой элементі деп аталады? (фосфор)
  7. Болат плитаны қатты зат тигізбестен қалай кесуге болады? (газбен кесу)
  8. Жер бетінде химиялық таза темір бар ма, бар болса, ол қайдан шыққан? (метеорит темірі)

  Жүргізуші: сайыстың ең соңғы тапсырмасы – үйде дайындап әкелінген «Қызықты тәжірибе».

«А» сыныптары тобы «Перғауынның жыландары» тәжірибесін көрсетті.         Дайындық кезеңі: кұрғақ жанармай таблеткасын ұсақтап, үйіп қояды. Үстіңгі жағына норсульфазолдың үш таблеткасын қояды.

Негізгі кезең: (сабақта). Құрғақ жанармайды тұтату. Металл сыммен өрмелеп шыққан «жыландарды» дұрыстап қою. Тәжірибе аяқталған соң пластмасса қақпақпен жауып отты өшіру.

«Б» сыныптары тобы «Жанартау» тәжірибесін көрсетті.

Қызғылт түсі аммоний бихроматының (NH4)2Cr2O7 ) кристалдарын үйеді де, тұтандырады. Ыдысының астына «жанартау күлін» (Cr2O3) жинау үшін үлкен қағаз жаяды.

          Қазылар алқасы сайыстың жалпы қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттады.

 

2.6. Химия мұғалімінің  әдістемелік дайындығының концептуалды - әдістемелік негізі

Білім беру аймағындағы мемлекеттік саясат Концепциясында Қазақстан Республикасындағы білім беруді реформалаудың стратегиялық бағыттары анықталған [16-20].

Жоғары химиялық білім берудің мәселесі мұғалім кадрын дайындау. Жоғары педагогикалық білім жоғарғы университеттік білім беруді толығымен қайталамау керек. Барлық фундаментальді пәндерді сақтай отырып, мұғалімді арнайы әдістемелік дайындау қажет.

Біріншіден, фундаментальді пәндер (бейорганикалық химия, органикалық химия және т.б.) мазмұны максимальді түрде мұғалім кәсібіне жақын болуы керек. Екіншіден, арнайы спецкурстарды жетілдіру керек, оның ішінде басты орында – химияны оқыту әдістемесі, яғни ол химия мұғалімінің әдістемелік дайындық жүйесі болуы керек.

Қазақстан Республикасының білім беру саясатын анықтайды:

  • Қазақстан Республикасының конституциясы
  • Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы
  • Қазақстан Республикасының «Ғылым туралы» заңы және т.б. құжаттар. Қазіргі білім жүйесінің жағдайы әзірге әлемдік білім кеңістігіне кіруге кедергі келтіретін, білімнің ескірген әдістемелік базасының құрылысы мен мазмұны негізінде дамып отыр.

Сонымен қоса, қоғам дамуы деңгейінің критериі ретінде білім беру жүйесінің қазіргі орны мен маңызы артуда.

Қазақстан Республикасында білім берудің 2015 жылға дейінгі даму концепциясында [19] жоғары білім беру жүйесінің жекелеген жағымсыз тенденциясының өсуіне білім беру жүйесінің жаңа өзгерістерді жеткіліксіз қабылдау мен оқыту сапасы жүйесін енгізу мотивациясының болмауы екені көрсетілген.

Жоғарғы білім берудің дамуының тенденциясы, мамандарды дайындау сапасының жоғарлауы, жаңашыл дамуды дайындау бағытымен қамтамасыз ету, қарқынды ғылыми – зерттеушілік іс-әрекеттің интеграциясы, жоғары оқу орны зерттеушілерінің білім беру және ақпаратты технологиялар дамуы негізінде қоғам қажеттілігімен тығыз байланысты болуы керек.

Білім берудің жаңа моделін ұйымдастырудың негізгі буыны жаңа формациядағы педагогикалық кадрлар болуы керек.

Сонымен жаңа қоғам маманын – жоғары кәсіпті педагог дайындау міндетін шешу үшін әлемдік стандарттармен сәйкес және білім беру ұйымы сауалдарын ескеріп даярлау, қайта даярлау әдістері мен формасы, мазмұнының әртүрлілігін қамтамасыз ететін оқытудың вариативті моделін құру керек [19].

Концепцияны дамытудың бір баспалдағы – білім сапасы мониторингі жүйесін, сонымен қоса, мұғалім кадрларын дайындау жүйесін, олардың дербес әдістемелік дайындығы жүйесін қалыптастыру.

Әдістемелік жүйе ретінде біріншіден, оқыту мақсатын жүзеге асыруға, екіншіден, оқушылардың білімді игеруі, ақыл – ой дамуы мен тәрбиесі арасындағы бірлікке жетуге бағытталған әртүрлі жағдайлар, амалдар, жолдар арасындағы байланысты түсінеміз [20].

Бұл жүйенің өзара байланысты компоненттері шарты, амалы, жолы болып табылады.

Г.М. Чернобельская [21] бұл мақсатты нақтылауда міндетті түрде ескеруге қажетті оқыту мазмұны да кіретін күрделірек анықтама береді.

Педагогикалық жоғары оқу орнындағы химия мұғалімінің әдістемелік дайындық жүйесі:

– химия мұғалімінің кәсіби әдістемелік білімі мен біліктілігін қалыптастыру мақсатында қолданылған, оқытудың әдістемелік мазмұны, формасы, әдісі арасындағы диалектикалық бірлік және олардың арасындағы байланыс.

Оқыту мақсаты жоғары мектепте химия мұғалімінің дайындығына қойылатын әлеуметтік тапсырыс талаптарымен анықталады. Талаптар кәсіптік сипатта келтірілген.

Жаңа енгізулер ішінен мына жағдайды ескеруге болады, 050112 химия бакалавр мамандығы [22] кәсіптік сипаттамасында кәсіби іс-әрекет түрлері мен міндеттері өте нақты анықталған.

Жаңа мемлекеттік стандартпен салыстырғанда көрсетілген міндетті курстардан келесі бөлімдерді бөлуге болады: Химияда оқыту технологиясы, сонымен қоса модульді, компьютерлі, қашықтан оқыту, химиядағы кредитті оқыту жүйесі, әртүрлі деңгейдегі химиялық олимпиадаларда дайындау мен өткізу әдістемесі; Ғылыми – техникалық және педагогикалық ақпарат жүйесі; Негізгі ақпаратты – іздеушілік жүйесі.

Әдістемелік дайындық ролінің артуын, химиядан мемлекеттік емтиханмен қоса, химияны оқыту әдістемесінен мемлекеттік емтихан қарастырылуы көрсетеді. Әдістемелік дайындықтың артуын жаңадан енгізілген 6 жұмаға созылатын үздіксіз – педагогикалық практика түрінің енгізілуінен де көрінеді.

Кәсіби біліктілікке қойылатын талаптарды көлемі мен мазмұны көбірек, таңдау бойынша компонент анықтайды, оған жоғары оқу орны бекіткен пәндер кіреді. Бұл спецкурстар мынаған бағытталуы керек:

  • химияны оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын оқуға;
  • химияны оқытудың жаңа ақпараттық технологиясын оқуға;
  • химия сабағында классикалық және қазіргі оқыту жолдарын қолдана білуге;
  • оқушылардың ғылыми – зерттеушілік іс-әрекеттерін басқара білуге, т.б.

Химия мұғалімінің әдістемелік дайындығы студенттер химия мұғаліміне қажетті барлық жұмыстар түрін меңгеруді қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы керек. Осыдан әртүрлі жұмыс түрлері мен олардың өзара байланысын және бірлігін көрсете отырып химия мұғалімін дайындау мақсатын нақтылау керектігі туады. Сонымен, мектептегі негізгі жұмыс түрлерін орындауға қажетті біліктілігі мен теориялық, әдістемелік қоры бар пән мұғалімі ретінде химия мұғалімінің іс-әрекет моделін құру міндеті туады [23, 25-27].

Қойылған мақсаттарға сүйене отырып әдістемелік бағыттағы оқу курсының мазмұнын моделдеуге болады.

Мазмұн жөнінде айтқанда, институтта оқыған кезде студент меңгеретін білімі, біліктілігі мен дағдының тұтас әдістемелік жүйесі айтылатынын ескеру керек.

Мазмұнды таңдап алғаннан кейін оқыту формасы сұрақтарын шешу қажет, себебі мақсат пен мазмұн жүйесіне кіргеннен кейін формалары да олармен тұтас жүйе түзу керек. Әдістемелік дайындықтың негізгі формасына дәріс, семинар және зертханалық сабақтар, педагогикалық практика және студенттердің өздік жұмысы жататыны белгілі. Ерекше назар сабақта алынған теориялық білім нақты өмірде қолданылатын педпрактикаға аударылады. Басқа жағынан, нақты мектептер мен жағдайлардағы студенттер практикасы теориялық курсқа өзіндік түзетуін енгізеді.

Қосымша оқыту формалары әдістемелік жұмысты байытады, мысалы, курстық, дипломдық жұмыстар, мемлекеттік стандартпен анықталған спецкурстар және спецпрактикум жоғары оқу орны ұсынған таңдау бойынша компоненттер.

Оқытудың белгілі формалары оқыту әдістерінің негізін іріктеуді көрсетеді, олар мұғалімнің іс-әрекет түрлерін моделдеуге негізделеді. Оқыту процесінде әдістемелік дайындық жүйесі тұтас бір жүйе ретінде құрылуы үшін, барлық компоненттер арасындағы байланысты қамтамасыз ету қажет. Тек сонда ғана студенттер теориялық және практикалық  дайындық негізінде оқу – тәрбие процесінде нақты міндеттерді өздігінен шешу біліктілігін игереді. Міне, осы жүйенің табысты қызмет ету критериі болып табылады.

Аталған жұмыстың мақсатында химия мұғалімінің әдістемелік дайындық жүйесі сұрақтарын анықтап, әдістемелік дайындық жүйесінің барлық негізгі компоненттерін химиядан орта және жоғары білім берудің жаңа концепциясымен, жаңа мемлекеттік стандарттармен салыстырып, маңыздылығын анықтау қойылды, педагогикалық  зерттеу әдісі негізінде химия мұғалімінің әдістемелік дайындық жүйесі жағдайына анализ жүргізілді.

 

2.7. Химиядан алған  білімді қорытындылау

Жалпы химия курсында тақырыптарының мазмұны бойынша сабақтарды теориялар мен заңдарды, химиялық реакциялар туралы білімді, металдар мен бейметалдар және химияның халық шаруашылығындағы маңызы жөніндегі білімді тереңдету, жетілдіру және қорытындылау сабақтары деп жіктеуге болады.

 

2.5-кесте. Қорытындылау сабақтарын өткізудегі мұғалімге қойылатын талаптар

1

Жалпы химия курсының алдына қойылатын оқу-тәрбиелік жүктемесіне сәйкес әр сабақтың мақсаты мен міндеттерін нақтылы анықтау

2

Мақсаты мен міндеттері бойынша сабақтың мазмұнын таңдап алу

3

Оқу материалының мазмұнына лайық түрін, кұрылымын, әдістерін және амалдарын анықтау

4

Оқушылармен ұйымдастырылатын жаппай, топтық және жеке жұмыстардың түрлерін дәл басып анықтау

5

Окыту құралдарын тиімді іріктеу, қойылатын тәжірибелерді, техникалық кұралдарды  сызбанұсқалар мен тіректік хабарды таңдап алу

6

Үй тапсырмаларын мұқият ойластыру, оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарын түрлендіру және жеңілдету

7

Оқушылардың  білімін есепке алудың ұтымды әдістерін қолдану


Қорытындылау сабақтары кезінде жиі қолданылатын әдістер мыналар: шолу дәрістері, дәріс-әңгімілесу, химиялық тәжірибелер мен көрнекі құралдарды көрнекі керсете отырып әңгімелесу, оқушылардың баяндамалары, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс, сарамандық тәжірибелер, эксперимент есептерін шығару [30]. Қорытындылау сабақтарын өткізуде мұғалімге қойылатын талаптар 2.5-кестеде келтірілген.

Өтілетін материал оқушыларға біршама таныс болғандықтан, бір әдісті пайдаланып, бір сарынмен өткізілетін сабақтар оқушыларды жалықтырып жібереді [27,28,31]. Сондықтан оқушылардың сыныпта және үйде өздігінен жұмыс істеуін, сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ететін әдістер (оқулықпен жұмыс, зертханалық тәжірибелер жасау, дидактикалық материалдармен және қосымша әдебиеттермен жұмыс, сызбанұсқа сыздыру, т.б.) жиі қолданылады, әр кезде алынған химиялық білім колданыс табады.

Информация о работе V1 А топ элементтері тақырыбына инновациялық әдістерді қолдану