Бүгінгі Visual Basic

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.

Содержание

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

115_Visual Basic казах1.doc

— 4.24 Мб (Скачать файл)

Әр объектінің қасиеттері, оқиғалары мен әдістері бар. Программа ішінде объектінің орындайтын іс-әрекеті әдіс деп аталады. Әдіс объект атымен нүкте арқылы ажыратылып жазылады:

 

<Объект>.<Әдіс>

 

Әр объектіге қолданылатын әдістер түрлі – түрлі. Форма  әдістері:

 

Show, Hide, Unload, Cls, Circle, Move, т.б.

 

Мысалы, программаға енгізілген Form2.Show әдісі (командасы) - Form2-ні экранда көрсету. Жалпы, объектіге берілген команда және процедуралар да әдістер деп аталады.

 

Visual Basic парамертлері.

 

VB редакторы жұмысына әсер етітін параметрлер Options (Таңдама, Параметрлер) терезесіне орналастырылып қойылған. Оны ашу үшін Tools – Options командасын беру керек. Терезеге алты қосымша бет орналыстырылған (1.17-сурет).

 

1.17-сурет. Options терезесінің Editor қосымша беті

 

Мысалы, Editor (Редактор) бетіне орнатылған жалаушалар:

- Auto Syntax Check (Қатені автоматты түрде тексеру);

        • Require Variable Declaration (Айнымалыны жариялауды талап етеу). Бұл жалауша орнатулы болса, VB код терезесінің (General) (Declaration) бөліміне айнымалыларды жариялауды талап ететін Option Explicit (Дәл таңдау) жолын автоматты түрде кірістіріп қояды. Жалауша орнатылмаған болса, оны қосып қойған дұрыс.

Environment (Орта) бетінің Prompt To Save Changes (Өзгерісті тез сақтау) жалаушасы орнатылған кезде қосымшаны іске қосу алдында VB проектіні сақтауды ұсынатын сұхбаттық терезе шығарады, т.с.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

 

2.1. Берілгендер  типтері. Айнымалылар.

Стандартты  функциялар.

 

Visual Basic’те пайдаланылатын берілгендер типтері:

 

Стандартты типтер

Айнымалы мәндері

Integer (бүтін, %)

[-32768; 32767] аралығында

Long (ұзын бүтін, &)

[-2147483648; 2147483647]

Byte (байт)

[0; 255]

Single (нақты, !)

дара дәлдікті нақты (7 символ)

Double (нақты, #)

екі есе дәлдікті нақты (15 символ)

String ($, жол)

символдар саны [0; 65535] аралығында

Variant (вариант)

жан-жақты (сандық, жолдық не логикалық мәндер)

Boolean (логикалық)

True не False

Currency (ақшалық)

ақшалық сомалар

Date (дата)

дата


 

Бұлардан басқа объектіге сілтеме  орнататын Objects (Объект) атаулы тип те бар, т.с.с.

Жатта қажетті орындар  бөлу үшін айнымалылар Dim не Static операторлары арқылы сиппатталады (dimension - өлшем, static – статикалық, қозғалмайтын). Сипаттау үлгілері:

 

Dim x%

Dim x As Integer

Dim y, z #

Dim y As Single, z As Double

Static a$

Static a As String


 

Dim, Static кілттік сөздерінің бірі бір процедура ішінде пайдаланылатын айнымалылырды сипаттау кезінде жазылады. Олардың орнына Private кілттік сөзін жазу да мүмкін. Мысалы:

Dim x As Single,

Static x as Single,

Private x as Single

сипаттамалары бірдей.  Static арқылы сипатталған айнымалының ағымдық мәні процедура аяқталған кезде де сақталады; Dim, Private айнымалылырының мәндері жойылып кетеді.

Айнымалыны қосымшаның түрлі процедураларында пайдалану  үшін оны код терезесінің (General) (Declaration)  секциясында (бөлімінде) Public кілттік сөзі арқылы сипаттау керек (Public –көпшілік). Терезеде алдымен Option Explicit жазуы көрінуі мүмкін.

Ескерту. 1. Айнымалы атауы үшін кілттік сөздерден, кілттік символдар мен бос орын және тыныс белгілерінен басқа ұзындығы 255-ке дейін (кирилицамен қоса) символдар тізбегін алуға болады.

2. General / Declaration секциясы шығатын код терезесі форманы екі рет шертпей, алғашқы рет View – Code командасы берілген кезде көрінеді. Private арқылы жарияланған процедурамен тек бір формада, Public арқылы жарияланған процедурамен проектінің барлық формаларында жұмыс істеу мүмкін (олар барлық формаларда қолжетерлік).

Қарапайым программаларда сандық және жолдық айнымалыларды (х%, у, а$) вариант типті етіп сипаттау да мүмкін (Variant, жан-жақты). Бұл кезде айнымалылардың типтері көрсетілмей жазылады: Dim x, y, a.

Мысалы, процедурада айнымалылар вариантты типті етіп (Dim x, y) арқылы сипатталған. Оның қатесі жоқ. Редактор процедураға енгізілген вариант типті айнымалының типін өзі ажырата алады. Бірақ күрделі программаларда редактор қате жіберіп, бүтін типті айнымалылырды жолдық (символдық) деп қабылдауы мүмкін. Сондықтан айнымалыларды сипаттауда олардың типтерін де жазып қойған дұрыс.

Программада жиі пайдаланылатын тұрақтыны Const операторы арқылы сипаттау да мүмкін (Const – тұрақты). Мысалы, программа үзіндісін мына түрде жазуға болады:

Const pi = 3.1415926

R = 4.5 : h = 7

C = pi * r^2 * h

V = pi * r^3 * h / 3

VB’те пайдаланылатын математикалық операторлар мен стандартты функциялардың басым көпшілігі Бейсиктеғі сияқты:

+ (қосу);     - (азайту);      * (көбейту);     / (бөлу);   \ (бүтін бөлу);      ^ (дәрежелеу);   Mod (қалдықты есептеу);    $ (жолдарды біріктіру, конкатенация);

Abs(x); Sin(x); Cos(x); Atn(x); Sqr(x); Exp(x); Int(x); Rnd(x); Mid$, Left$, Right$,

Str$(x) – сандық мәнді жолдық типті ету;

Val (x) – цифрлармен берілген жолдық мәнді сандық типтіге алмастыру, т.б. 

Visual Basic’те құрылымдық программа құру үшін Qbasic’те қолданылатын құрылымдар пайдаланылады.

 

Тармақталу командасы

 

Тармақталу командасының құрылымдары:

 

1)  If  P  Then  S                              1-нұсқа

 

2)  If  P  Then                                   2-нұсқа

          S

       End If

 

3) If  P  Then                                   көп нұсқалы тармақталу командасы

         S1

     Else  P2  Then

         S2

    Else  P3  Then

         S3

   ....................

  End If

 

Мұндағы Р, Р1, Р2, Р3, ... - шарттар;

                 S, S1, S2, S3, … - блоктар (бір сериялы операторлар).

Соңғысы - көп нұсқалы тармақталу (таңдау) командасы.

Тармақталу командасының бірінші және екінші құрылымдары бірдей. Бірінші құрылымды блокқа бір команда енгізілгенде ғана пайдалануға болады. Екінші құрылым барлық жағдайда қолданылады.

Мысал. Пайдаланушы интерфейсін құрып, ах2+bx+c=0 квадрат теңдеуін шешу керек.

  1. VB орталығын ашу.
  2. Форманы таңдап, Caption қасиетінің мәні үшін «Квадрат теңдеу» мәнін енгізу.
  3. Формада Label1,  Label2,  Label3,  Label4,  Label5 өрістерін орнату. Label1’ге квадрат теңдеудің а коэффициентін, Label2’ге b коэффициентін, Label3’ке бос мүшені (с), Label4’ке х1 мәнін,  Label5’ке х2 мәнін енгізуді жоспарлау. Caption қасиеті арқылы олардың ішіне енгізілген жазуларды өшіріп тастауға болады.
  4. Формаға Command1, Command2 басқару түймелерін орнату. Caption қасиеті арқылы оларға Қосу, END сөздерін енгізу.
  5. Қосу (Command1) түймесін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне процедура енгізу:

Private Sub Command1_ Click ()

Dim a, b, c, d, x1, x2, x

а = InputBox (a, “a = “)   :  Label1.Caption = a

b = InputBox (b, “b = “)  :  Label2.Caption = b

c = InputBox (c, “c = “)   :  Label3.Caption =c

d = b^2 – 4* a * c

If d > = 0 Then

x1 = (-b + sqr (d) ) / (2 * a)

x2 = (-b - sqr (d) ) / (2 * a)

Label4.Caption = x1 :  Label5.Caption = x2

Else x = «Нақты шешімі жоқ» : Label4.Caption = x

End If

End Sub

  1. Форамны ашып, END түймесін екі рет шерту. Код терезесінде Command2 _ Click атаулы процедура моделі көрінеді. Оның ішіне End операторын енгізу:

Private Sub Command2_ Click ()

End

End Sub

  1. Проектіні сақтау.
  2. Іске қосу командасын беру (F5). Форма терезесі көрінеді. Оның Қосу түймесін шерту.
  3. Көрінген InputBox терезесіне  ретімен а, b, c мәндерін енгізіп, ОК түймесін шерту (КҚ клавишін басуға да болады).

 

2.1-сурет. 3х2 - 4х +1= 0 тендеуін шешуде

көрінген интерфейстік форма

 

a, b, c мәндері үшін 3, - 4, 1 сандары енгізілген кезде көрінетін форма 2.1-сурете бейнеленген.

Ескерту. Алғашқы рет MsgBox терезесінде х1 мәні көрінеді. х2 мәнін терезеге шығару үшін ОК түймесін шерту керек.

Мысал. Int, Rnd функцияларын пайдаланып, форма терезесінің Label1, Label2 объектілері ішіне 15-тен кіші кез келген бүтін сандарды шығару керек. Егер оның біріншісінде 7 саны көрінсе, екіншісіне «Ура!» сөзі енгізіліп, программа жұмысы тоқтатылсын.

  1. Форма терезесіне Label1,  Label2, Command1, Command2 объектілерін орнату. Caption қасиеттері арқылы Label1, Label2 объектілерінің ішіне жазылған сөздерді өшіріп тастау.
  2. Command1, Command2 объектілерінің Caption қасиеттеріне сәйкес Қосу, End мәндерін меншіктеу.
  3. Процедуралар құру:

Private Sub Command1 _ Click ()

Label1. Caption = Int (15*Rnd)

 Label2. Caption = Int (15*Rnd)

If Label1. Caption = 7   Then

Label2. Caption = «Ура!»

End If 

End Sub

 

Private Sub Command2_Click()

End

End Sub

  1. Іске қосу командасын беру (F5). Форма көрінеді.
  2. Форманың Қосу түймесін қайталап шерте беру. Әр шерту аяқталған сайын Label1, Label2 өрістерінде 15-тен артық емес кез келген бүтін сандар көрінеді.
  3. Label1 өрісінде 7 көрінген кезде (2.2-сурет) End түймесін шертіп, программа жұмысын аяқтау.

2.2-сурет. Кездейсоқ  бүтін сан шығарылған форма.

 

Мысал. Тікұшақтың ағымдық жылдамдығын форма терезесінде көрсетіңіз. Егер жылдамдық мөлшері 450-ге жетсе, «Газды төмендет, жылдамдық артық!» ескертуі. MsgBox терезесіне шығарылсын.

  1. Орталықты ашып, формада тік белдеуше (VscrollBar) және Label1 өрісін орнату. Белдеушені барынша созу. (Элементтер панелінің белдеушесі әдеттегі редактор терезесінің белдеушесіндей емес. VB’те ол мәнді үлкейту не кішірейту үшін пайдаланылады, т.б.)
  2. Объект қасиеттерін орнату:

 

Объект 

Қасиет 

Мән

Form1

Name

frmUshak

 

Caption

Жылдамдық көрсеткіші

VscrollBar

Name

vscGazkors

 

Max

100

Label1

Name

lblMan

 

Font

TimesKaz, 11

 

Caption

Ағымдық жылдамдық


3. Код терезесін ашып, оның (General) (Declaration) бөлімінде айнымалыларды сипаттау және Form_Load, vscGazkors_Change процедураларын құру (процедура модельдері форма және тік белдеушені екі реттен шерткен кезде көрінеді):

 

Option Explicit

Private Gaz As Integer 'Газдын агымдык мэні

Private Const JJ = 430 'Жылдамдык шегі

Private Sub Form_Load()

vscGazkors.Value = 100 'Газ мэнін инициалдау

End Sub

Private Sub vscGazkors_Change()

Dim jld As Integer 'Агымдык жылдамдык

'Белдеушенін тобесінен  кашыктык

Gaz = 100 - vscGazkors.Value

'Газ мэні бойынша  агымдык жылдамдыкты есептеу

jld = Gaz * 4.5

'Агымдык жылдамдыкты  жанарту

lblMan.Caption = "Агымдык жылдамдык" & _

Trim$(Str$(jld))

If jld >= JJ Then

MsgBox "Газды  томендет,", vbCritical, "Жылдамдык артык!"

End If

End Sub

 

  1. Проектіні сақтап іске қосу (F5).

Программаға ұшаққа газ беретін тұтқамен жұмыс істеу  тәсілі енгізілген (тұтқа баламасы – тік белдеуше). Программа іске қосылған соң ағымдық жылдамдық жазылған форма көрінеді. Көрсеткіш арқылы тік белдеушенің жылжыма түймесін жоғары жылжытыңыз. Формада көрінген ағымдық жылдамдық 430-ға жеткен кезде ескерту енгізілген MsgBox терзесі көрінеді (2.3-сурет).

 

 

2.3-сурет. Жылдамдық  көрсетілген форма

 

(Программаға  енгізілген Trim$ - сандық мән жолдық етіп өзгертілгенде пайда болуы мүмкін бос аралықтарды алып тастап, жолды қысу операторы).

Таңдау  командасы

2.2-тақырыпта  берілген бірнеше шарт енгізілген  таңдау командасын Select Case операторын пайдаланып құрған жөн. Оның жазылу форматы Qbasic’тегі сияқты:

Информация о работе Бүгінгі Visual Basic