Бүгінгі Visual Basic

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.

Содержание

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

115_Visual Basic казах1.doc

— 4.24 Мб (Скачать файл)

Панель түймелерінің қасиеттері жеткілікті:

Name, Caption, Cancel, Default, Enabled, Visible, т.б. Әр түйменің қасиеттері объект формаға орнатылып, таңдалған кезде қасиеттер терезесінде көрінеді. Name-ге енгізілген атау бойынша VB бір объектіні екіншісінен ажырата алады. Caption қасиеті формада орнатылған объектінің ішіне жазылатын мәтінді анықтайды. Enabled, Visible қасиеттері объектіге қол жеткізуді шектеу үшін пайдаланылады. Егер Enabled мәні False’ке тең болса, объект қойылмаған күйде қалады, Visible мәні False болса, объект экранда көрінбейді, т.с.с. (Enabled-қосылу, Visible-көріну).

 

 


1.6-сурет. Элементтер панелі

 

1-көрсеткіш (Pointer)

2-графикалық өріс (Picture Box-сурет қорабы)

3-үстіне жазу өрісі  (Label)

4-мәтіндік өріс (TextBox)

5-рамка (Frame)

6-командалық түйме  (CommandButton)

7-жалауша (CheckBox)

8-ауыстырып қосқыш (OptionButton)

9-құрастырылған өріс (ComboBox)

10-тізім (ListBox)

11-жатық айналдыру  белдеушесі (HScrollBox)

12-тік айналдыру белдеушесі (VScrollBox)

13-таймер (Timer)

14-дискжетектер тізімі (DriveListBox)

15-каталогтар тізімі (DirListBox)

16-файлдар тізімі (FileListBox)

17-фигура (Shape)

18-сызық (Line)

19-сурет (Image)

20-берілгендер элементі (Data)

21-OLE элементі (OLE)

 

1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар

 

Visual Basic – те программа дайындалатын арнайы терезе бар. Оны код терезесі деп атайды. Терезені төмендегі командалардың бірі арқылы ашу мүмкін:

  1. View – Code командасын беру;
  2. Проект терезесінің View  Code түймесін шерту;
  3. F7 клавишін басу;
  4. Форма терезесінен басқару объектісін екі рет шерту. Форманы екі рет шерткен кезде, код терезесі көрінеді де (1.7-сурет), оған сәйкес процедура моделі енгізіліп қойылады.

1.7-сурет. Код терезесі

 

Терезеде:

        • Project- Form1 (Code) – терезе тақырыбы.
        • Form (Форма) жазылған өріске формаға енгізілген объект атаулары тізімі жазылып қойылады. Тізімді ашып көру үшін тілсызық түймесін шертсе болғаны.
        • Load (Жүктеу) жазылған оң жақтағы өріске таңдалған объектіге сәйкес оқиғалар тізімі енгізіледі (мысалы, формаға қатысты 30-дан аса оқиғалар бар).

Терезенің ішіне формаға  байланысты End Sub (процедураны аяқтау) операторымен аяқталатын процедура моделі (үлгісі) жазылып қойылған. Оның тақырыбы:

 

Private

Sub

Form_Load()

ï

ï

      ï         ï    ï

1

2

      3         4   5


 

    1. Private: процедураны тек бір форма ішінде пайдаланатын етіп жариялау (Private - өзіндік, жабық).

Процедураны бірнеше  формаларда пайдаланатындай етіп жариялау да мүмкін. Ол үшін Private орнына Public кілттік сөзін жазып қою жеткілікті (Public – көпшілік).

    1. программаны процедура түрінде жариялау (Subroutine – қосалқы, процедура);
    2. объект аты (Form);
    3. өңделетін оқиға аты (Load);
    4. ішіне айнымалылар (параметрлер) сипаттамалары жазылатын жақшалар (параметрлерді сипаттау қажет болмаса, олар жоғарыдағыдай бос күйінде енгізіледі).

Астын сызу белгісі ( _ ) арқылы бөлініп жазылатын Form_Load – процедура атауы деп аталады. Атау қайсы объект оқиғасы өңделетінін білдіреді. (Жалпы, VB әр типті процедура тақырыбына оқығаны өңдеуді бейнелейтін атауды енгізіп қояды).

Процедура модулі ішіне оқиғаны  өңдеу командалары (процедура денесі) енгізілуі тиіс. Әр жол теріліп болған сайын КҚ (каретканы қайтару, енгізу) клавишін басу керек не Жоғарыдан төмен ( ¯ ) клавишін басуға да болады.

Жалпы, код терезесіне жазылатын  процедураны оқиғаны өңдеуіш, үзілісті өңдеу процедурасы не программалық код деп атайды. Код терезесі ашылғанда оның бірінші жолында айнымалылардың сипатталуын тексеретін Option Explicit операторы көрінуі де мүмкін. Айнымалы сипатталмаған болса, ол программа жұмысын тоқтатады.

Windows-тағы сияқты Visual Basic-те программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға объект орнатуы, форманы не формада орналастырылған объектіні тышқан арқылы шертуі не мәзірді таңдауы мүмкін. Оның әр іс - әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға–қосымшаның жұмыс істеуі кезінде пайда болатын нәрсе. VB’те әр оқиғаға атау беріліп қойылған. Мысалы, элементтер панелінің CommandButton түймесі арқылы формада орнатылған Command1 түймесін (объектісін) шерту Click (Басу) оқиғасын шақырады. Оқиға тек пайдаланушының іс - әрекеті арқылы шақырылмауы да ықтимал. Мысалы, жүйе қандай болмасын бір терезені жүктегенде Load оқиғасы өндіріледі.

Әр объектіге байланысты оқиғалар бірнеше болуы да мүмкін. Мысалы, формаға байланысты оқиғалардың 30-дан  асатыны жоғарыда ескертіліп кетілді, олар:

Load (жүктеу);

Mouse Down (тышқан түймесін басу);

Paint (кескіндеу);

KeyPress (клавишті басу), т.б.

Таңдалған объектінің оқиғалар тізімі код терезесінің оң бөлігінде  көрінетін өрістің тілсызық түймесін шерткенде шығады.

 

Қарапайым программа  құру. InputBox,

MsgBox функциялары. Print операторы

 

Visual Basic’те айнымалы мәнін жадқа енгізу үшін Бейсикте пайдаланылатын Input (енгізу) операторы жоқ. Оның орнына стандартты сұхбаттық терезесі және онда мән енгізілетін өрісі бар InputBox (енгізу қорабы) функциясы қолданылады. Программада функцияны мынадай түрде жазуға болады:

 

< Атау > = InputBox (< атау > [ , “ < мәтін > “ ] )

 

мұндағы < атау > - айнымалы идентификаторы (атауы), жолдық айнымалы;

< мәтін > - InputBox функциясы терезесінің тақырып қатарына жазылатын символдар тізбегі;

Квадрат жақшалар ([, ]) – олардың ішіне ешнәрсе енгізбеуге болатынын білдіру белгісі.

Нәтижені MsgBox функциясының стандартты шығару терезесінде не формада шығару мүмкін (message – мәліметтер қорабы).

Мәнді MsgBox терезесіне шығару функциясының жазылу түрі:

 

MsgBox ( < атау> ) [, , “ < мәтін > “ ]

 

Мұндағы үтірлер арасындағы бір символдық бос орынға түйме  нөмірін жазуға не жазбай бос тастап кетуге болады.

Ескерту. InputBox, MsgBox функцияларын басқа түрде (қысқаша) жазу да мүмкін. Мысалы:

x= InputBox “ < мәтін > “ ; MsgBox “ < мәтін > “

Бұлардың біріншісі  енгізу терезесін шығарып, мән енгізілетін  өрістің жоғарғы жағында көрсетілген  орынға мәтінді енгізіп қояды. Екіншісі де шығару терезесі ішіне мәтінді  енгізеді.

Мысал. х=4,6 үшін у=3х+5 функциясының мәнін табу керек.

Есепті Load оқиғасын және InputBox, MsgBox функцияларын пайдаланатын шешу тәсілі:

    1. Ортаны ашып, форманы екі рет шерту (F7 клавишін басуға да болады). Form_Load атаулы процедура моделі енгізілген код терезесі көрінеді.
    2. Процедура денесін енгізу:

 

Private Sub Form_Load(  )

Dim X As Single, Y As Single

x=InputBox (x, “x=”)

y=3*x+5 : MsgBox (y), , “y=”

End Sub

Бейсикте массивтер ғана DIM операторы арқылы сипатталатын. VB’те бір процедура ішінде пайдаланылатын барлық айнымалыларды DIM арқылы сипаттау мүмкін.

    1. Іске қосу командасын беру. Ол үшін аспаптар панелінің Start (Бастау) түймесін шерту, Run-Start командасын беруге не F5 клавишін басуға болады. Х мәні сұралатын InputBox (енгізу) терезесі көрінеді (1.8-сурет). Терезенің тақырыбында көрінген “Х=” жазуы – мәтіндік символдар тізбегі.
    2. Терезенің төменінде көрінген мән енгізу өрісіне Х мәнін (4,6) енгізіп, ОК түймесін шерту (не КҚ клавишін басуға да болады.)

 

 

1.8-сурет. Енгізу  терезесі.

 

Ескерту. Шығару терезесіне нақты санды енгізген кезде IBM Бейсикте қойылатын нүкте орнына әдеттегідей үтір (,) таңбасын қою керек.

Программа денесіне MsgBox функциясы енгізілгендіктен, экранға нәтижелік мән енгізілген MsgBox (шығару) терезесі шығады. (1.9-сурет).

    1. Терезенің ОК түймесін шерту. MsgBox терезесі жабылып, экранда форма көрінеді.
    2. Программадан шығу үшін Run-End (Іске қосу-Соңы) командасын беру не аспаптар панелінің End (соңы) түймесін шерту. Visual Basic бастапқы режимге қайтып оралады.

Ескерту. Процедура денесіне x=InputBox(x) командасының орнына меншіктеу командасын (х=4.6) енгізу де мүмкін. Программаға нақты сан нүкте (.) арқылы бөлініп енгізілуі тиіс (х=4.6).

1.9-сурет. Шығару терезесі.

 

Шығару терезесін пайдаланбай, нәтижелік мәнді форма терезесіне шығаруға болады. Ол үшін:

    1. форманы таңдап, Proporties терезесінде көрінген оның Autoredraw (Өңделмеген), Enabled (Қосылған) қасиеттерінің мәнін True (Ақиқат) ету;
    2. процедура денесіне енгізілген MsgBox функциясын Print операторымен алмастыру керек, мысалы: Print “y=”; y.

InputBox функциясы арқылы енгізілген аргумент мәнін де формада көрсетуге болады. Ол үшін жоғарғы қасиеттерді орнатып, процедура ішінде InputBox-ты меншіктеу командасынан соң Print “x=”; x операторын енгізу жеткілікті.

Print операторы (әдісі) берілгендерді басып шығару үшін де пайдаланылады. Берілетін команда:

Printer. Print <мәтін>

Мұндағы Print – басып шығару операторы;

  Printer – принтер объектісі;

<мәтін> - программалық кодқа енгізілген бір қатарлық мәтін.

Printer объектісінің басып шығару параметрлерін орнататын қасиеттер терезесі жоқ. Оның әр қасиеті программа мәтінінде орнатылуы тиіс. Мысалы: a1$, a2$ айнымалыларының мәндері болатын мәтіндерді 14 пиксельдік шрифпен басу командалары:

а1$= “Біз студенттерміз,”

а2$=”олар да студенттер.”

Printer.FontSize=14

Printer.Print a1$

Printer.Print a2$

Ескерту. 1. Printer объектісінің қасиеттері мен командалары VB’тің анықтама жүйесіне енгізілген (Print Object).

  1. Шрифті программа арқылы орнатуға болады. FontSize командасын екі команда арқылы жазу да мүмкін (Font.Size).
  2. File-Print командасы терезеге енгізілген программаны толық басып шығады. Ал Іске қосу (F5), одан әрі End командасы берілсе, тек мәтіндер басылып шығады.
  3. Код терезесіне түрлі оқиғаларды өңдеуіш бірнеше процедураларды енгізу мүмкін.
  4. Программада айнымалыларды кіші не бас әріппен енгізудің айырмашылығы жоқ. Оны редактордың өзі кіші әріпке алмастырады. View-Code командасы бойынша ашылған жаңа код терезесінде процедура моделі жазылмайды, процедура тақырыбын қолдан теріп алу керек.

 

Есепті пайдаланушы  интерфейсін құрып шешу

 

Түрлі нәтижелерді форманың арнайы орындарында көрсету – VB жүйесімен жұмыс істеуде орындалуы тиіс интерфейс талабы. Бұл үшін формада қажетті объектілерді алдын ала орнатып, код терезесінде осы объектілерге арналған процедуралар құру керек. Осыған сәйкес, өткен тақырыпта берілген мысалды келесі тәсілдерді пайдаланып шешкен жөн:

    1. Орталықты ашып, көрінген форманы кеңейту. Форма тақырыбын өзгертуге болады. Ол үшін:
        • форманы таңдау. Форма қасиеттері терезесі көрінеді;
        • терезенің Font қасиетін екі рет шертіп, ашылған Шрифт терезесінде Times Kaz шрифтін таңдау және өлшемін 14 ету;
        • Caption қасиетінің мәні үшін Form1 орнына «Функция мәні» мәтінін енгізу».
    1. Элементтер панелінің Label түймесін шертіп, көрсеткіш арқылы форманың жоғарғы қабатында Label1, Label2 өрістерін (объектілерін) орнату. Оларға программаға енгізілетін х, у айнымалыларының мәндерін жазуды жоспарлау. Мысалы: форманың Label1 объектісіне Z айнымалысының мәнін жазу (Caption қасиетін орнату) Label1.Caption=Z меншіктеу командасы арқылы орындалады. (Яғни, объект қасиетін программаға енгізілген команда арқылы орнату да мүмкін. Қасиет іске қосу режимінде орнатылады).
    2. Элементтер панелінің CommandButton түймесі арқылы форманың төменгі қатарына командалық Command1, Command2 объектілерін (басқару элементтерін) орнату (1.10-сурет). Оларды программаны іске қосу және аяқтау командалық түймелері ретінде пайдалануды жоспарлау. (Label1, Label2, Command1, Command2 – Label, CommandButton түймелері арқылы орнатылған объектілерге VB’тің автоматты түрде берген атаулары). Формаға орнатылған объектілер форма сыңарлары (компоненттері) делінеді.
    3. Command1 түймесін таңдау. Оның қасиеттері Proporties терезесінде көрінеді. Оның Font қасиетіне TimesKaz шрифтін орнатып, Caption қасиетіне Қосу (Іске қосу) сөзін енгізу. Ол Command1 элементінің үстіне жазылып қойылады.
    4. Осы сияқты, Command2 түймесінің Caption қасиетіне End сөзін меншіктеу.

 

 

1.10-сурет. Интерфейстік элементтер орнатылған форма.

 

    1. Программалық код құру:
        • Қосу объектісін екі рет шерту. Код терезесі ашылып, онда Command1_Click атаулы процедура моделі көрінеді. (Caption қасиеті арқылы форманың басқару объектісіне басқа атау берілгенімен процедура тақырыбына VB өзі меншіктеген (Name қасиетіне жазылған) атауды жазып қояды, мысалы, Қосу орнына - Command1. Жалпы, пайдаланушы Name қасиетіне өзі таңдаған атауды енгізсе, Command1 орнына осы атау жазылып қойылады).

Информация о работе Бүгінгі Visual Basic