Бүгінгі Visual Basic

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.

Содержание

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

115_Visual Basic казах1.doc

— 4.24 Мб (Скачать файл)

 

Select Case <айнымалы>

Case m1: S1

Case m2: S3

……………

End Select

 

Мұндағы m1, m2, ... – енгізілген сұрыптаушы айнымалы мәнімен салыстырылатын мәндер. Мәнге сәйкес блок орындалады да, басқару таңдау командасынан соңғы операторға беріледі.

Ескерту. Case m операторын Case is = m форматында жазу да мүмкін.

Үш тармақтан  тұратын таңдау командасы денесін төмендегідей жазуға болады:

 

Case Is < m : S1

Case Is = m : S2

Case Is > m : S3

 

То кілттік сөзін пайдаланып, Case ауыстырып қосқыш операторының параметрлері ретінде бүтін сандық аралықтарда енгізу де мүмкін. Мысалы, Case -5 То 1; Case 2 То 10; Case 11 То 15; …

 

Мысал.       

 

функциясының мәнін  есептеу процедурасын құру керек. Мән MsgBox терезесіне шығарылсын.

Private Sub Form_ Load ()

x= InputBox (x,”x=”)

Select Сase x

Case is <1: y=x^2+5: MsgBox(y), , “y=”

Case is =1: y=3*x+2: MsgBox(y), , “y=”

Case is >1: y=2*x^2-1: MsgBox(y), , “y=”

End Select

End Sub

(Case операторын пайдаланудың тағы бір мысалы 3.8-тақырыпта берілген).

 

2.2. Цикл. Циклден ерте шығу

 

Циклдердің процедурада жазылу синтаксистері Qbasic’тегідей. For – Next (үшін), While – wend (Әзірше) циклдерінің жазылу құрылымдары:

  1. For k=k0 To k0 [Step H]                                         2. While P

                         S S

                    Next [k]                         Wend

 

DO (дейін) циклінің бес құрылымы бар:

  1. Do while P                                                               2. Do

         S                                                                                S

   Loop                                                                           Loop While P

 

3.  Do until                                                                  4. Do  

       S                                                                                    S    

  Loop                                                                               Loop until

      5. Do 

         S

      Loop                                       ‘Шексіз қайталу циклі

 

Мұндағы: S-цикл денесі;  Р-шарт;  - Емес Р;    

              While - әзірше;   Wend - соңы;   For - үшін;   

              Next - келесі;      Do - орындау;   Loop - қайталу; 

              Until - дейін.  

 

Ескерту. Төмендегі мысалдарды шешуге арналған формаларға алдымен басқару түймесін орнатып, оны программа жұмысын аяқтау командасы (End) үшін пайдаланған жөн.

Мысал. Өлшемдері пиксельмен берілген, радиустары 15-ке тең ақ және қызыл түсті шеңберлерді h=10 қадам бойынша форма диагональдарында FOR – NEXT циклі арқылы «жылжыту» керек. Ақ шеңбер жоғарыдан төмен, қызыл шеңбер төменнен жоғары жылжытылсын.

Форманы екі рет шертіп, ашылған код терезесінде Form_Paint процедурасын мынадай түрде құруға болады:

 

Private Sub Form Paint ()

ScaleMode = 2

For r=1 To 360 Step 10

Circle(k, k/2), 15, RGB(255, 255, 255) 

Circle(k, 200 – k/2), 5, RGB(255,0, 0)

For j = 1 To 250000 : Next j

Cls

Next k

End Sub

Мұндағы j параметрлі ішкі бос цикл формаға салынған ағымдық шеңберлерді аз уақыт ұстап тұру, Cls – орындау кезінде формаға салынатын графикті не мәтінде тазалау командалары.

 FOR – NEXT циклінен ерте шығу үшін EXIT DO орнына EXIT FOR операторын пайдаланса болғаны.

 

Сандық массивтермен жұмыс

 

Бір атау арқылы байланыстырылған бір типті айнымалылар (не олардың  мәндерінің) жиынтығы массив деп аталады. Массивтермен жұмыс істеу негіздері QBasic' тегі сияқты.

 

Мысал. Сандық массив құрып, оның минимумы мен максимумын табу керек.

Пайдаланушы интерфейсін  құрып, мәндерді формада көрсету  әдісі:

  1. VB орталығын ашып, формаға Label1, Label2, Command1, Command2, объектілерін орнату. Label1 өрісіне минимумды, Label2-ге максимумды енгізуді жоспарлау.
  2. Command1, Command2 басқару элементтерінің Caption қасиеттеріне Қосу, END мәндерін меншіктеу.
  3. Қосу, END объектілерін екі реттен шертіп, процедуралар құру:

Private Sub Command1 _Click ()

Static a(15) : Dim k, min, max

n = InputBox (n, “Элементтер саны=”)

For k = 1 To n

a(k) = InputBox (a(k), “Кезекті элемент =”)

Next

Min = a(1) : max = a(1)

For k = 1 To n

If a(k) <= min Then min = a(k)

If a(k) >= max Then max = a(k)

Next

Label1.Caption = min : Label2.Caption = max

End Sub

………………………………………………………

Private Sub Command2_Click ()

End

End Sub

  1. Процедураны сақтап, іске қосу.

 

2.3. EXE – Файл құру

 

VB’те құрылып, сақталынған файлды Windows жетекшісінде автомматты түрде іске қосуға болатындай етіп EXE-файлға айналдыруға болады. Ол үшін құрылған программаны сақтаған соң File – Make<атау>.exe командасын беру керек. (Мұндағы <атау> - сақталған проектіге берілген атау). Make Project (Проект дайындаушы) терезесі көрінеді. (2.4-сурет).

2.4-сурет. Make Project терезесі

 

Сұхбаттық терезені жауып, Make Project терезесінің ОК түймесін шертсе болғаны. (Терезенің Options (таңдау мүмкіндігі) түймесін шертіп, ашылған сұхбаттық терезеде версия нөмерін, қосымша тақырыбын және т.б орнатуға болады).

   EXE – файл Windows жетекшісі терезесіне жазылып қойылады. Visual Basic’ті іске қоспай ақ, оны осы терезеде іске қоса беру мүмкін.

 

Процедура. Функция

 

VB-те процедура деп – Sub және End Sub операторларының аралығында жазылатын қосалқы программаны, функция деп – Function және End Function операторларының аралығында жазылатын қосалқы программаны атайды. Олардың жазылу құрылымы Qbasic-тегі сияқты. Sub процедурасының шақыру командасында нақты параметрлер жақшаларға алынбай жазылады (оларды жақшаларға алған кезде шақыру командасының алдына CALL (шақыру) кілттік сөзін жазу керек).

Мысал. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттері белгілі: a=3.5, b=4.2. Процедура және функция енгізілген программалар арқылы оның параметрін табу керек.

Pifagsub процедурасы енгізілген есепті шешу программасы:

Private Sub Form _Load ()

Dim a, b, c, p

a = 3.5 : b = 4.2

Pifagsub  a, b, c : p = a+ b +c

MsgBox(p), , “Периметр=”

End Sub

Sub Pifagsub (a1, b1, c1)

c1 = sqr (a1^2 + b1^2)

End Sub

 

Ескерту.  a1, b1, c1 формальды параметрлерін a, b, c (нақты параметрлер) түрінде жазу да мүмкін.

Pifagfunc функциясы енгізілген есепті шешу программасы:

 

Private Sub Form _Load ()    

Dim a, b, p

a = 3.5 : b = 4.2

p = a+ b +c + Pifagfunc (a, b)

MsgBox(p), , “Периметр=”

End Sub

Function Pifagfunc (a1, b1)

Pifagfunc = sqr (a1^2 + b1^2)

End Function

 

VB бірінші программадағы Pifagsub a, b, c шақыру командасын оқып шығып, a, b, c және формальды a1, b1, c1 параметрлерінің типтері мен сандарының сәйкестігін тексереді де, a1 := а, b1 := b меншіктеу командаларын орындайды. Одан әрі процедура денесін орындап, есептелген с1 мәнін с айнымалысына меншіктейді.

Екінші программаға қосалқы программа – функция енгізілген. Мұнда өрнек құрамындағы шақыру командасы бойынша функция денесі орындалады да, есептелген мән шақыру командасының орнына қосылады.

Әр программаға осы  сияқты процедуралар мен функцияларды қайта – қайта енгізіп жатпау үшін VB-ке оларды арнайы атау берілген модуль түрінде дайындап, модуль бөлігінде сақтап қою мүмкіндігі енгізілген. Программаларға оларды модульдік процедура не модульдік функция атауы бойынша шақыру командасын енгізу жеткілікті (IV тарауды қараңыз).

 

Программаны дұрыстау

 

Код терезесінде құрылған программада  синтаксистік не семантикалық қателер  жіберілуі мүмкін. Программа іске қосылған кезде VB синтаксистік қате типін көрсететін сұхбаттық терезе шығарып, көбінесе қате жазылған жолды басқа түске бояп қояды. Егер оператор қате жазылса, мұндай терезе программаның келесі жолына өту кезінде шығады да, курсор қате жазылған оператор үстіне орнатылады, т.с.с. Қателерді жөндеп, іске қосу командасын қайта беру керек.

100 орнына 1000 жазылған  сияқты семантикалық қателерді  жүйе таба алмайтындықтан, мұндай  типті қатені іздеп табу әдетте  программаны тестілеу арқылы  жүргізіледі.

  Immediate терезесіне (1.16-сурет) синтаксистік қатені көрсету мәліметін шығаруға болады. Мысалы, Form _Load процедурасы мынадай түрде жазылсын:

 

Private Sub Form _Load ()

Dim x As Integer

On Error GoTo 5

х=50000 : y=2*x+5 : Print y

5: Debug.Print “Қaтe. x=” & x

End Sub

 

Мұндағы On Error – программада қате барлығын анықтау кілттік сөзі. Қате бар болса, ол Immediate (Debug, дұрыстау) терезесінде көрсетіледі. Программаны орындалу нәтіжесінде бұл терезеде «Қате.х=0» жазлуы көрінеді (2.5-сурет). Процедурадағы қате – х типін Integer деп сипаттау (сипатталатын тип: Long.  ІІ тарауды қараңыз).

 VB’те қате кеткен жолға үзіліс нүктесін орнататын, іске қосу, тоқтату және т.б. әрекеттерді орындайтын 12 түймелі Debug  (Дұрыстау, Түзету) панелі де бар. Оны ашу командасы: Debug – Toolbars – Debug. Панель арқылы дұрыстау жүргізілсе, Debug мәзірінің Clear All Breakpoints командасы арқылы барлық үзіліс нүктелерін алып тастау қажет. (Debug терезесіне енгізілген түймелердің іс-әрекеттерінің көпшілігі Debug мәзірінің командалары ретінде енгізілген).

 

                                  

2.5-сурет. Immediate терезесінде қатенің көрсетілуі.

 

ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС

 

3.1. Мәзір құру  және онымен жұмыс

 

Форманы Windows қосымшаларының терезесі сияқты пайдалану Visual Basic’тің тағы бір ерекшелігі. Формада түрлі мәзірлер орнатып, әр мәзірге енгізілген командалық пункттер объектілерімен әдеттегідей жұмыс істеуге болады. Мәзір құру үшін VB құрамына Menu Editor (Мәзір редакторы) программасы енгізілген. Оны пайдалану әдісі:

Форманы таңдап, Tools – Menu Editor (Құрал – Мәзір редакторы) командасын беру (аспаптар панелінің «Мәзір редакторы» түймесін шертуге де болады). Редактор іске қосылып, оның екі бөлімді терезесі көрінеді (3.1-сүрет). Оның жоғарғы бөлімі мәзір және мәзір командаларының атауларын енгізуге арналған. Енгізілген атаулар терезесінің төменгі бөліміне жазылып қойылады.

3.1-сурет. Мәзір редакторы терезесі.

 

Терезеде көрінген Caption, Name, Checked, Enabled, Visible, WindowList-мәзір компоненттері (қасиеттер):

Caption – мәзір не оның командасы атауын анықтау.

Name – программада ажырату үшін Caption өрісіне енгізілген атауды арнайы түрде жазу (VB атауды Name өрісіне енгізілген түрде қабылдайды).

Visible (көрсету) – мәзір командасын жасыру не көрсету.

Enabled (қосылулы) – командаға True не False мәнін меншіктеу. Алғашқы кезде Enabled, Visible қасиеттері үшін логикалық True мәні орнатулы тұрады. Оны ерекше  жағдайлардан басқа кезде өзгертпеу керек.

Index – мәзірді элементтер массивіне айналдыру. Ол Windows-та пайдаланылатын тәсіл сияқты мәзір пункттерінің төменгі жағында ашылған файлдар тізімін көрсетіп қою үшін пайдаланылады.

Мысал. Формада Clock (Time, Date) мәзірін құру керек. Time (уақыт), Date (дата) – Clock (сағат) мәзірінің пункттері (жүйелік сағаттың ағымдық уақыты мен датаны көрсететін стандартты функциялар).

Мәзір құру тәсілі:

  1. Орталықты іске қосып, көрінген форманы ерекшелеу. Menu Editor терезесін экранға шығарып, Caption өрісіне мәзір атауын (Clock) енгізу, одан соң TAB клавишін басу (ол курсорды бір мәтіндік өрістен келесісіне орналастырып қояды). Атау төменгі бөлімге жазылады.
  2. Name өрісінің алдына mnu қосымшасы (префиксі) жазылған мәзір атауын енгізу: mnuClock. Ол программалық код терезесінің объектілер тізіміне кірістіріліп қойылады (mnu – тізімге жазылған атаудың мәзір екенін ажырату үшін пайдаланылатын префикс. Mnu орнына басқа префиксті жазу да мүмкін).
  3. Next (келесі) түймесін шерту. Caption, Name өрістері тазаланады да, редактор келесі мәзір атауын не мәзір пунктін енгізуді күтеді. Курсор Caption өрісіне орналастырылып қойылады.
  4. Caption өрісіне Time, Name өрісіне TimeItem пункт атауын енгізу (item (пункт) – программада атаудың мәзір пункті екенін ажырату үшін пайдаланылған жалғау). Time терезенің төменгі бөліміне жазылып қойылады.
  5. Терезенің «Солдан оңға» (®) түймесін шерту. Ол төменде жазылған Time атауының алдына көп нүкте (....) қойып кетеді. Көп нүкте – редакторың Time-ді мәзір пункті етіп белгілеуі.
  6. Next түймесін шертіп, Caption өрісіне Date, Name өрісіне DateItem пункт атауларын енгізу. Бұл жолы «Солдан оңға» түймесін шертудің қажеті жоқ, оны тек алғашқы пунктті енгізу кезінде шерту керек. Редактор Date сөзін мәзір пункті деп автоматты түрде қабылдайды да, алдына көп нүкте қойып кетеді (3.2-сурет).

Информация о работе Бүгінгі Visual Basic