Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:13, курсовая работа
Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Файлдық жүйе объектілері. Оларды пайдаланып формада сурет орнату
Элементтер панелінің DriveList
Файлдық жүйе объектілерін орнату әдісі:
1. Орталықты ашып, форманы барынша кеңейту.
2. Tools - Options (Аспаптар-Таңдау мүмкіндігі) командасын беру. "Options" терезесі ашылады.
3. Терезенің Editor қондырмасын ашып, Require Variable Declaration (Қажетті айнымалыларды жариялау) қатарындағы жалауша орнатулы болса, оны алып тастау және ОК түймесін шерту.
4. Элементтер панелінің DriveList
5. Элементтер панелінің DirListBo
Орнатылған объектілер арқылы дискіжетек пен бумаларды іске қосу мүмкін емес. Ол үшін мынадай іс-әрекеттердің орындалуы тиіс:
6. Элементтер панелінің FileListB
Соңғы объект файлдық жүйенің қажетті файлын таңдауға мүмкіндік береді. Оны пайдаланып, формада .bmp не басқа типті кескін орнату әдісі:
Объект |
Қасиет |
Меншіктелетін мән |
File1 |
Pattern (үлгі) |
*.bmp; *.wmf; *.ico |
Image1 |
Stretch (созу) |
True |
BorderStyle (жиектеу) |
1-Fixed Single (даралық түрде орнату) |
Мұндағы Pattern қасиетінің мәні үшін графикалық файл атауларының типтері (кеңейтулері) енгізілді: .bmp- шашырама (растралық), .wmf- Windows метафайлдары, .ico- пиктограмма (белгіше) типтері. Олар Visual Basic қосылған бумалардың ішінде бар болса, File1 объектісінің ішінде жазылып қойылады. Ал, жоқ болса, File1 ішіне жазылған файлдар алынып тасталады, яғни объектінің іші бос болып көрінеді. (Ескеретін жәйт: егер мән үшін *.VBP типі меншіктелсе, объектіге тек проект атаулары шығады, т.с.с.).
Dir1.Path = Drive1.Drive
операторын енгізу. Ол ағымдық етілген дискінің Path (жол) қасиетін жаңартады (change-өзгерту) және формада орнатылған Dir1, Drive1 объектілерін бір-біріне жалғап қосады (конкатенациялайды).
File1.Path = Dir1.Path
командасын енгізу. Команда файлдар тізімін каталогтар тізімімен байланыстырады (таңдалған бума ішіндегі файлдар File1 ішінде көрінеді).
pf = File1.Path & "\" & File1.filename
Image1.Picture = LoadPicture(pf)
Мұның біріншісі - пайдаланушы таңдаған файлдың толық атын рf айнымалысына меншіктеу (Path, filename-File1 объектісінің қасиеттері; &-жалғап қосу белгісі). Келесісі – файлды форманың Image1 өрісіне тиеу командасы. Мұндағы LoadPicture-VB функциясы, Picture- Image объектісінің қасиеті. (Формаға Image орнына Picture объектісін орнатқан да дұрыс).
3.10-сурет. Файлдық жүйе объектілері,
олар арқылы орнатылған сурет
Мәтіндік өрістер. Мәтіндік өрістермен жұмыс
Қысқа мәтіндік мәліметтерді енгізудің қарапайым түрі: InputBox, MsgBox терезелерін пайдалану. Мәтінді формаға енгізу де мүмкін. ол үшін алдымен формаға мәтіндік өріс орнатып, курсорды мәтін өрісіне орналастырып алу керек.
Мысал. Форманың мәтіндік өрісіне үш қызметкердің фамилиясы (аты-жөні) мен туған жылы енгізілген жолдарды енгізу керек.
Қасиет |
Мән |
Name |
txtMatin |
Multilane (көп жол) |
True |
Scrollbars (айналдыру белдеушесі) |
2-Vertical (тік) |
Tabstop (табуляциялау) |
False |
Font |
TimesKaz, 10 не 12 |
Locked (құлып) |
False |
TabIndex |
0 |
Text |
Бос ету |
Мұндағы:
Multiline — бірнеше жолдардан тұратын мәтінді енгізуге мүмкіндік беру;
ScrollBars - мәтіндік объектіге тік белдеуше орнату;
Name - мәтін атауы. Үндемеген кезде атауға txt префиксі қосылып қойылады.
TabIndex - мәтіндік өрісті іріктеу. (Алғашкы рет 1- өрістің. бұл қасиетіне автоматты түрде 0 саны меншіктеледі. Егер келесі мәтіндік өріс орнатылса, оған меншіктелетін мән -1, т.с.с.).
3.11-сурет. Мәтіндік
өріске енгізілген жазулар
Мәтіндік өріске берілгендерді енгізу үшін өрісті клавиатурамен байланыстыру керек. Ол үшін программаға енгізілетін әдіс: SetFocus. Оның жазылу синтаксисі: <Мәтіндік өріс атауы>. SetFocus. Мысалы, орнатылған TxtMatin өрісін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне мынадай процедураны енгізу:
Private Sub txtText1_Change()
txtMatin.SetFocus
..................
End Sub
Мәтіндік өріске кез келген мәтінді программа арқылы енгізуге болады. Мысалы, оны Text1 өрісіне енгізу жолы:
Private Sub Command1_Click ()
Text1.Text = Text1.Text + “<мәтін>”
End Sub
- Іске қосу командасын беру. Форма көрінеді. Оның Command1 түймесін шерту. Программаға енгізілген мәтін сәйкес өрісте көрінеді (команданы Text1.Text= "<мәтін>" тұрінде беруге болады. Ол Text1.Text= Text1.Text + "<мәтін>" түрінде берілсе, міндетті түрде алдымен өрістің Text қасиетін бос ету керек).
Мысал. Caption қасиеттерінің мәні үшін сәйкес 1, 2, 3, 4 сандары енгізілген CommandK түймелерін пайдаланып, мәтіндік өріске осы сандардың кез келген екеуінің қосындысын не айырымын шығару керек (k=l, 2, 3, 4).
1. Экранға жаңа форма шығарып, оны барынша кеңейту. Форманың жоғарғы қатарына Text1, одан соңғы қатарларға CommandK (k=l, 2, ..., 9) объектілерін орнату.
Объект |
Қасиет |
Мән |
Text1 |
Text |
Бос өріс |
TabIndex |
0 | |
Command1 |
Caption |
1 |
Command2 |
Caption |
2 |
Command3 |
Caption |
3 |
Command4 |
Caption |
4 |
Command5 |
Caption |
+ |
Command6 |
Caption |
- |
Command7 |
Caption |
Cls |
Command8 |
Caption |
= |
Command9 |
Caption |
End |
Dim c, s1, simv
Private Sub Command1_Click()
Text1.Text = Text1.Text + "1"
c = Text1.Text
End Sub
Private Sub Command2_Click()
Text1.Text = Text1.Text + "2"
c = Text1.Text
End Sub
Private Sub Command3_Click()
Text1.Text = Text1.Text + "3"
c = Text1.Text
End Sub
Private Sub Command4_Click()
Text1.Text = Text1.Text + "4"
c = Text1.Text
End Sub
Private Sub Command5_Click()
s1 = Val(c): Text1.Text = ""
simv = "+"
End Sub
Private Sub Command6_Click()
s1 = Val(c): Text1.Text = ""
simv = "-"
End Sub
Private Sub Command7_Click()
Text1.Text = ""
End Sub
Private Sub Command8_Click()
Select Case simv
Case "+"
Text1.Text = s1 + Val(c)
Case "-"
Text1.Text = s1 - Val(c)
End Select
End Sub
4. Проектіні сақтап, іске қосу. Форма көрінеді (3.12-сурет). Объект түймелерін калькулятор түймелері сияқты пайдалана берсе болғаны. Мысалы, 3 және 4 сандарының қосындысын табу үшін ретімен ® 3 + 4 = түймелерін шерту жеткілікті.
3.12-суретте көрсетілген форманы қарапайым калькулятор ретінде пайдалануға болатын пайдаланушының сұхбаттық терезесін құру мысалы ретінде қарастыруға болады.
Калькулятор
3.12-суретте форма
1. Жаңа форма ашу.
2. Формада Text1, Text2, Text3, Label1, Label2, Label3, Frame1, Option1, Option2, ОрtiоnЗ, Option4, Label4, Label5, Label6, Label7, Command1, Command2 объектілерін орнату.
3.Объектілер қасиеттерін орнату:
Объект |
Қасиет |
Орнатылатын мән |
Text1 |
Text |
Бос ету |
Text2 |
Text |
Бос ету |
Text3 |
Text |
Бос ету |
Label1 |
Caption |
1 -айнымалы |
Label2 |
Caption |
2 -айнымалы |
Label3 |
Caption |
Нәтиже |
Label4 |
Caption |
Қосу (+) |
Label5 |
Caption |
Азайту (- ) |
Label6 |
Caption |
Көбейту ( * ) |
Label7 |
Caption |
Бөлу ( / ) |
Command1 |
Caption |
Іске қосу |
Command2 |
Caption |
End |
4. Код терезесін ашып, процедуралар енгізу:
Private Sub Command1_Click()
Dim bir, eki
bir = Val(Text1.Text)
eki = Val(Text2.Text)
If Option1.Value = True Then
Text3.Text = bir + eki
End If
If Option2.Value = True Then
Text3.Text = bir - eki
End If
If Option3.Value = True Then
Text3.Text = bir * eki
End If
If Option4.Value = True Then
Text3.Text = bir / eki
End If
End Sub
Private Sub Command2_Click()
End
End Sub
5. Іске қосу командасын беру (F5). Калькулятор іске қосылады. Онда 1- және 2-айнымалы өрістеріне сәйкес нақты сандар мәндерін енгізіп, амал орындау тұсындағы ауыстырып қосқышты орнату керек. Одан әрі Іске қосу түймесін шертсе болғаны.
Рамка. Ауыстырып қосқыш. Жалауша. Тізім.Құрастырылған өріс элементтері жөнінде
Элементтер панелінің бұл элементтері де формада интерфейстік объектілер құруға пайдаланылады. Рамка (Frame1) -ішіне ауыстырып қосқыштар мен жалаушалар орнатылатын тік төртбұрышты объект. Оның ерекшелігі - ішіне кірістірілген түймелер біртұтас топ құрайды. Мысалы, рамка жылжытылса, ішіндегі объектілер де бір элемент сияқты қоса жылжиды. Ауыстырып қосқыш пен Жалауша (CheckBox) - іс-әрекетті орнату не алып тастау белгілері. Ауыстырып қосқыштардың ерекшелігі - олардың біреуі орнатылса, қалғандары белсендірусіз (орнатылмай) қалады. Жалаушалардың бірнешеуін бірден орната беру мүмкін.
Ауыстырып қосқыштың негізгі қасиеттері: Name, Caption, Value:
Name - атау тағайындау. Ол енгізілген кезде атауға opt префиксі автоматты түрде қосылып қойылады.
Caption – қасиетінің мәні үшін ауыстырып қосқыштың не үшін қажеттілігін білдіретін сөзді жазып қоюға болады.
Value (Мән) қасиетінің мәні True не False болуы мүмкін. Ауыстырып қосқыш орнатылған кезде оған True мәні меншіктеледі.
Жалаушаның қасиеттері де ауыстырып қосқыш қасиеттеріне шамалас.
Тізім (ListBox) және Құрастырылған өріс (ComboBox) элементтері арқылы формада орнатылатын объектілердің көрінісі мәтіндік өріс сияқты. Объектілер ішіне мәтіндерден тұратын тізімді AddItem әдісі арқылы енгізуге болады.
Мысал. ListBox және ComboBox элементтері арқылы формада орнатылған объектілерге мәтіндер кірістіру керек (3.14-сурет).
1. Жаңа форма ашып, онда List1, Combo1 объектілерін орнату.
2. Қасиеттер терезесі арқылы объектілерге атау беру.
3. Программа терезесін ашып, оған процедура енгізу:
Private Sub Form_Load()
List1.AddItem "1. Информатика"
List1.AddItem "2. Математика"
Combo1.AddItem "1. С. Ибрагимов"
Combo1.AddItem "2. Д. Махамбетжанова"
End Sub
3.14-сурет. List1, Combo1 объектілеріне енгізілген тізімдер