Бүгінгі Visual Basic

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 20:13, курсовая работа

Краткое описание

Бүгінгі Visual Basic – C++, Delphi сияқты дамытылған, визуальды программалау жүйесі. VB құрамында бірнеше жүз кілттік сөздер бар, олар түрлі операторлар (нұсқаулар, командалар), стандартты функциялар және арнайы символдармен толықтырылған. Пайдаланушылар олардың көбін қолдана бермейді де.
Visual Basic’ тің толық нұсқасы және программалау ортасының ықшамдалған нұсқасы Microsoft Visual for Application (қолданбалы Визуал Бейсик) атымен Microsoft Word, Excel, Access және т.б. қосымшалар құрамына кірістірілген.

Содержание

КІРІСПЕ
І ТАРАУ. VISUAL BASIC ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫ
1.1. Орта.
1.2 Программалық код терезесі. Оқиғалар
1.3. Таймер
ІІ ТАРАУ. ПРОГРАММАЛАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
2.1. Берілгендер типтері. Айнымалылар.
Стандартты функциялар.
2.2. Цикл. Циклден ерте шығу
2.3. EXE – Файл құру
ІІІ ТАРАУ. МӘЗІР ҚҰРУ. ФОРМАЛАРМЕН ЖҰМЫС
3.1. Мәзір құру және онымен жұмыс
3.2. Мәзір пункттерін орындайтын жылдам клавиштер тағайындау
3.3 Көп құжатты (MDI) формалар
IV ТАРАУ. МОДУЛЬДІК ПРОЦЕДУРАЛАР
4.1. Function типті модульдік функция құру
4.2. Sub типті модульдік процедура кұру
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Вложенные файлы: 1 файл

115_Visual Basic казах1.doc

— 4.24 Мб (Скачать файл)

Мысал. List1 өрісіне студенттердің аты-жөндерін, Label1 өрісіне оларға берілген сәйкес қысқаша мінездеме енгізу керек.

  1. Жаңа форма ашып, List1, Label1 өрістерін орнату.
  2. Форманы және List1 объектісін екі реттен шертіп, код терезесінде процедуралар құру:

Private Sub Form_Load()

List1.AddItem "Б. Борібаев"

List1.AddItem "А.  Жанкожа"

List1.AddItem "К.  Мустафакызы"

End Sub

Private Sub List1_Click()

Label1.Caption = List1.Text

Select Case List1.ListIndex

Case 0

Label1.Caption = "Озат  окушы"

Case 1

Label1.Caption = "Орта окитын окушы"

Case 2

Label1.Caption = "Талантты. Когам жумысына белсенді"

End Select

End Sub

Соңғы процедураның бірінші  жолы тізімнің таңдалған элементін  көшіруді ұйымдастырады;

List1.Text - тізімнің таңдалған элементінің мәтіні;

ListIndex қасиеті тізімнен таңдалған элементтің нөмірін сақтайды (VB'тe нөмірлер реттері нөлден (0) басталады).

3. Проектіні сақтап, іске қосу командасын беру. Тізімнен  Б.Бөрібаев жолы таңдалған кезде Label1 өpiсінде "Озат окушы" мәтіні көрінеді (3.15-сурет), т.с.с.

Элементтер панелінде Line (Сызық), Shape (Фигура) басқару құралдары да бар:

Line - формада түзу сызық кесіндісін сызу үшін, Shape - тік төртбұрыш, квадрат, бұрыштары дөңгелектенген тік төртбұрыш сызу үшін пайдаланылады.

 Мәтін үзіндісін шығару

Формаға енгізілген мәтіннің таңдалған үзіндісін MsgBox терезесіне SelText әдісін пайдаланып шығаруға болады:

  • форманы ашып, оған Text1, Command1 объектілерін орнату;
  • Command1 түймесін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне процедура енгізу:

Private Sub Command1_Click()

Text1.SetFocus

MsgBox "Тандалган  узінді:" & Text1.SelText

End Sub

- Іске қосу командасын беру;

- көрінген форманың  мәтіндік өрісіне мәтін енгізіп,  үзіндісін таңдау.

Command1 түймесін шерту. MsgBox терезесінде үзінді көрінеді.

 

Формалар. Форма  даналары

Осыған дейін бір формамен жұмыс істеп келінді. Ол пайдаланушы үшін жеткілікті де. Бірақ үлкен программалар мен жұмыс істеу кезінде проектіге бір не бірнеше формаларды қосу қажет болады.

Проектіге алғашқы рет  қосылған Form1 атаулы формадан басқа формаларды (Form2, FormЗ, т.б.) қосу үшін берілетін команда:

Project - Add Form

(не аспаптар панелінің Add Form түймесін шертуге де болады). Ашылған терезенің Form белгішесін екі рет шертсе болғаны.

Ашылған формада интерфейс  құру, мысалы, Form2'де жүріп тұрған сағатты орнату қиын емес.

Бірінші формада құрылған программаны екінші формаға көшіру не бірінші формада құрылған процедура арқылы екінші форманы ашу және ашулы форманы жасыру (экраннан алып тастап, жадта қалдыру) қиын емес. Мысалы, мынадай тапсырма қарастырылсын:

Жаңа проектіге Form2, Form3 атаулы қосымша формалар қосып, нәтижені форма беттеріне шығаратын сандық функциялар енгізілген лроцедуралар құрыңыз жөне проектіні іске қосыңыз (нәтижелер Print операторы арқылы шығарылсын).

Тапсырманы орындау  жолы:

  1. Ортаны іске қосу.
  2. Project-Add Form командасы арқылы проектіге Form2, Form3 формаларын қосу.
  3. Формалардың AutoRedraw қасиеттеріне True мәнін меншіктеп, frmFunc1, frmFunc2, frmFunc3 атауларын беру.

frmFunc1-ге сәйкес код терезесін ашып, оған процедура енгізу:

Private Sub Form_Load()

Dim x, y

х=5 : y=4*x+2

Print y

Form2.Show

Form3. Show

End Sub

  1. frmFunc2, frmFunc3 объектілерінің код терезелеріне сәйкес процедуралар енгізу:

Private Sub Form_Load()

Dim x, y

х=2 : y=5*x+3

Print y

End Sub

.....................

Private Sub Form_Load()

Dim x, y

х=8 : y=2*x+3

Print y

End Sub

  1. Іске қосу командасын беру. Беттеріне сәйкес нәтижелер (22, 13, 19 сандары) жазылған үш форма көрінеді де, олардың біріншісі белсендірулі тұрады. (Процедураға енгізілген Show –форманы экранға шығару әдісі (show-көрсету)).

Жоғарыда дайындалған  проектіні іске қосқанда нәтиже енгізілген үш форма да экранда көрініп, біріншісі  белсендірулі тұрады. Қалғандарының  біреуін белсендіру үшін оның тақырыбын  шертсе болғаны.

Экранға нәтиже енгізілген тек бір форманы шығару да мүмкін. Ол үшін бірінші форманың интерфейсін өзгерту керек. Мысалы:

    1. Form1- де Command1 түймесін орнатып, код терезесінде Command1_Click процедурасын құру:

Private Sub Command1_Click()

Dim s, x, y

‘көрінетін терезеге 1, 2 не басқа санды енгізіңіз

s = InputBox(s, "s=")

If s = 1 Then Form1.Show Else If  s = 2 __

Then  Form1.Hide  : Form2.Show

If s >=3 Then  Form1.Hide : Form3.Show

x = 5

y =4*x + 2

Print y

End Sub

2. Проектіні   сақтап, іске қосу. Көрінген  1- форманың Command1 түймесін шерту.

         3. Экранға шыққан InputBox сұхбаттық терезе өрісіне 1, 2 не басқа санды енгізу.

 

Форма даналары

 

Проектінің бір формасын форма данасы деп те атайды. Алғашқы рет ашылған форма данасында (Form1) интерфейс орнатылып сақталған соң оның бірнеше көшірмесін алу қиын емес. Мысалы, 3.1-тақырыпта дайындалып, сақталған FormClock.vbp проект формасының бірнеше көшірмелерін (даналарын) экранға шығару жолы:

  1. Ортаны ашып, FormClock проектісін экранға шығару.
  2. Көрінген формаға (3.3-сурет) Command1 объектісін орнатып, оның Caption қасиетіне NewForm, Name қасиетіне cmdNewForm мәндерін меншіктеу (3.16-сурет).

 

Form1

Clock

 


3.16-сурет. Жаңа форма ашуға дайындалған форма моделі

 

3. New Form түймесін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне форманың жаңа данасын орнату программасын енгізу:

Private Sub cmdNewForm_Clock()

Dim JnNewForm As Form1 
Set JnNewForm = New Form1

JnNewForm.Visible=True

JnNewForm.Caption=”Келесі форма данасы”

End Sub

Мұндағы JnNewForm-Form1-дің жаңа данасы. Оны сақтайтын айнымалы Dim операторы арқылы сипатталған;

Set (орналастыру) - форманың жаңа данасын жадта құру командасы;

JnNewForm.Visible-жаңа дананы экранда көрсету командасы (=True).

Соңғысы — оның Caption қасиетін орнату командасы.

4.Программаны іске қосу командасын беру (F5). Экранда форма көрінеді.

5.Форманың New Form түймесін шерту. Бұрынғы форманың үстінгі бетіне форманың екінші данасы шығады (3.17-сурет). Оған енгізілген объектілер жұмысының Form1're енгізілген объектілер жұмыстарынан өзгешелігі жоқ.

Егер NewForm түймесі тағы шертілсе, экранда форманың келесі данасы көрінеді, т.с.с.

6.File-Save Project командасы арқылы проектіні сақтау.

3.17-сурет. Форма даналары

Құрылған жаңа даналармен негізгі дана сияқты жұмыс істей беру мүмкін.

3.3 Көп құжатты (MDI) формалар

 

Windows командаларында бір құжат ішінде екінші құжат терезесін ашып, оларды толтырған соң бірден пайдалана беруге болатыны белгілі, мысалы, Word-та: Құжат1, Құжат2, т.б. VB-те де бір форманың ішіне басқа формаларды иерархиялық түрде орнатып, оларды байланысты түрде пайдалану қиын емес. Мұндай формалар жиынтығы көпқұжатты, MDI формалары делінеді (Multi document interface-бірнеше құжаттармен интерфейс).

Бас форманы кеңейтуге, толық экрандық етіп жаюға не бүктеуге болады. Онда мәзірден басқа объектілерді орнату мүмкін емес. Ол ішкі формаларды орнату үшін контейнер ретінде дайдаланылады. Ішкі формалармен жұмыс әдеттегідей формамен жұмыс сияқгы.

Кейде бас форманы  аталық, ішкі формаларды сәбилік деп  те атайды.

MDI формаларын құру тәсілі: 

  1. Ортаны ашып, форма қасиеттерін орнату:

 

Объект

Қасиет

Мән

Форма

Name

frmSabi

 

Caption

“MDI сәбилік формасы”

 

MDIchild

True


 

  1. Бас (аталық) форманы орнату. Ол үшін:

-Project-Add MDI Form командасын беру;

-көрінген терезеден MDI Form белгішесін таңдап, Ашу түймесін шерту. MDI Form1 формасы көрінеді;

-осы форманың Name қасиетіне frmMDI, Caption қасиетіне “MDI бас формасы” мәндерін енгізу.

3. Бас форманы таңдап, Menu Editor терезесі арқылы оған мәзір енгізуге болады. Мысалы, онда File (New File) мәзірін құру:

-мәзір редакторын  ашу;

-Caption өрісіне File, Name өрісіне mnuFile атауларын енгізіп, Next түймесін шерту;

-терезенің “Солдан оңға (→)” түймесін шерту;

-Caption өрісіне NewFile, Name өрісіне NewFileItem пункт атауларын енгізіп, ОК түймесін шерту. Бас форма ашылады.

4. Формада көрінген File мәзірінің NewFile пунктін екі рет шертіп, ашылған код терезесіне процедура енгізу:

Private Sub NewFileItem_Click()

    Dim frm As New frmSabi

    frm.Show

    End Sub

5. Форма мен проектіні сақтау. Мысалы, frmMDI.frm, frmMDI. vbp

6. Бас форманы ашып, іске қосу командасын беру (F5). Мәзір орнатылған бас форма мен оның ішінде ішкі форма көрінеді (3.18 - сурет).


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.18-сурет. MDI формалары

 

7. Формаға енгізілген  мәзір арқылы File – NewFile командасын беру. Команда берілген сайын форма ішінде атаулары бірдей жаңа ішкі форма қосылады. Оларды бір-бірінен ажырату үшін атау соңына форма нөмірін енгізіп қойған жөн.

Оларды бірінен соң бірін түрлі түрде орналастыру үшін формаға Window (Tile, Cascade) мәзірін енгізіп қоюға да болады (tile — кафельдік, cascade - құлама). Ол үшін орындалуы тиіс іс-әрекеттер:

- бас форманы тандап, Menu Editor редакторын іске қосу;

-редактор терезесіне Window жаңа мәзірін (Window, mnuWindow) және оның пункттерін орнату (TileItem, CascadeItem).

- WindowList (терезелер тізімі) жалаушасын орнатып, OK түймесін шерту. File, Window мәзірлері орнатылған бас форма көрінеді (3.19 - суретгі қараңыз).

- Window мәзіріне орнатылған Tile, Cascade объектілерін ретімен екі реттен шертіп, процедуралар құру:

 

Private Sub TileItem_Click()

frmMDI.Arrange vbTileHorizontal

End Sub

Private Sub CascadeItem_Click()

frmMDI.Arrange vbCascade

End Sub

 

Мұндағы vbTileHorizontal, vbCascade – форма терезелерін орналастыруға арналған VB тұрақтылары,  arrange – реттеу.

8. Жоғарыда дайындалған NewFileItem_Click процедурасын толықтыру:

 

Private Sub NewFileItem_Click()

Static k As Integer

Dim frm As New frmSabi

k = k + 1

frm.Caption = "MDI Сәбилік формасы" & k

frm.Show

End Sub

Процедураға енгізілген New кілттік сөзі VB 'ке жаңа форма кұрылу тиістігін хабарлау; k - бастапқы мәні=0 болатын integer типті айнымалы; frm.Show әдісі – форманы экранға шығару. Оның алдындағы команда - сәбилік формаға тақырып енгізу. (Тақырыпты қасиеттер терезесін пайдаланбай, процедурада енгізуге болады).

Іске қосу, одан әрі File - NewFile командалары берілген кезде бас форманың ішінде "MDI сәбилік формасы 1" терезесі көрінеді, т.с.с. (3.19- сурет).

Құрылған ішкі терезелерді жылжыту, жабу, бүктеу, жаю және олармен жұмыс істеу әдістері әдеттегідей. Мысалы, бір сәбилік форманы экранда қалдырып, оған Label1 өрісін және оның қасиеттерін орнатуға болады. Форманы екі рет шертіп, ашылған код терезесі процедурасына

Label1.Caption= “URA!”

командасы енгізілген соң іске қосу командасы берілсе, бас форма, оның ішінде сәбилік форма көрінеді. Ішкі форма шертілген кезде Label1 өрісіне URA! сөзі жазылып қойылады.

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.19 - сурет. Нөмірленген MDI ішкі формалары

 

 

 

Форманы басып шығару        

Интерфейс элементтері, графика, мәтін енгізілген форманы PrintForm әдісі (командасы) арқылы басып шығаруға болады. Оны код терезесіне енгізілген процедураға

FormK. PrintForm

түрінде енгізсе болғаны (К=1, 2, ... — форма нөмірі). PrintForm әдісі графикалық кескінді басып шығарудың қарапайым әдісі де.

Мысал. Формаға стандартты "Finish" суретін орналастырып, форманы басып шығару керек (Finish файлының адресі:

С:\Program Files\DevStudio\VB\wizards\Template\Finish).

1. Орталықты іске қосып, формада сурет   кірістірілетін Picture1 өрісі мен Command1 басқару объектісін орнату.

2. Объект қасиеттеріне  мән беру:

 

Объект 

Қасиет 

Меншіктелетін мән

Command1

Caption

БАСУ

Picture1

Picture

<Толық адрес>

Информация о работе Бүгінгі Visual Basic