ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 10:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.

Содержание

КІРІСПЕ
І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ..................5
1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың өзекті мәселелері....................................................................................11
1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану.......................................................................................................................14
1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі......................................................................................................22
1.4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану – оқытудың тиімді құралы ретінде...........................................................................................................33
ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................37
2.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы..............38
2.2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар..............42
2.3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі............................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

ped_35.doc

— 1.51 Мб (Скачать файл)

      Акустика – ырғақтың қаттылығы  және жоғарлауы емес, одан да  үлкен болады.  Windows жұйесінде  дайын қолданылатын дыбыстар  бар, операциялық жүйені орнатқаннан  кейін дыбыстық сигналдар, ескертуге арналған дыбыстар орындалады. Windows Media-ның ішкі каталогы  Windows жүйелік дыбыстық файл WAV болады. Кең таралған дыбыстар - start.wav, chimes.wav, chord.wav, ding.wav,  logoff.wav, notifi.wav, recycle.wav, tada.wav sound.wav. Дыбыстарды  Windows жүйесіндегі ақпаратпен байланыстыруға болады. Дыбыстық  схеманы құрып және дайын схеманы көңіл-күйіңе қарай таңдауға, өзімізге керек дыбыстық файлды қосуға болады және оны жүйедегі ақпаратпен байланыстыру үшін мынандай әрекеттерді орындауға болады: WAV каталогындағы  дыбыстық файлдарды  Windows Media-ға   орналастырып, басқару тақтасы бойынша дыбыстарды таңдау керек. Егер қандай да бір поатформамен жұмысты бастау керек болса, мультимедиалық дыбысты қолданудың бірінші тәжірибесі бойынша басқару тақтасында жүйелік дыбыстарды тестілеу керек.

 

Дербес  компьютерде дыбыстық ақпаратты  енгізу

       Микрофон – бұл дербес компьютерде  дыбыстық ақпаратты енгізуге  арналған құрал. Микрофонның жұмыс  істеу принцпі дыбыстың өңделу  кезінде орындалады.

      Микрофон келесі талаптарға жауап  береді:

- жұмыстық көрсеткіш  кезінде микрофон электрлік сигналды  орындап, өзіндік электрлік дыбысты  жеткілікті өлшемде орындайды;

-   орындалған  сигнал пайда болған кедергілерді  орындамау керек; 

-  микрофон  дыбысты практика жүзінде өзгеріссіз аппарат ауқымына  жеткізу керек.

        Микрофон электрлік тербелістегі  дыбыс қысымындағы дыбыстық тербелістің  пайда болуына қарай ажыратылады.  Осыған орай  микрофонның мынандай  түлері болады: электродинамикалық, электромагниттік, электростатикалық, бұрыштық және жартылай сымды микрофондар. Электродинамикалық микрофондар катушкалық  және  ленталық болып бөлінеді.

        Кәсіби мақсатта қолданылатын  электростатикалық  микрофон-дардарға  конденсаторлық және  электреттік  түрлері жатады. Соңғы екі тобы бұрыштық және жартылай сымды  микрофондар талаптың кез-келген әрекеттерін орындайды. Әр типтегі мирафондардың әрекеттері дыбыстардың тербелуіндегі өңделу әдістерімен байланысады: микрофонның мембрана (диафрагма) элементтегі дыбыстық қысымның тербелуін қабылдап, тасымалдап, олардың өңделуін электрлік сигнал түрінде береді.

       Бір  контактілік белгісі бар дыбыстық  картада микрофонды қосудың бір  бөлімін табуға болады. Олай болса,  дыбыстық картада бір ғана  микрофон қосуға болады.  

 

Дербес  компьютерде дыбыстық ақпаратты  шығару

        Акустикалық  жүйелер (колонкалар) – бұл дербес компьютердегі  дыбыстық ақпаратты шығаруға  арналған қосымша құрылғылар. Акустикалық  жүйелер белсенді және белсенді  емес болады. Белсенді емес жүйеде  ток күшейткіші пайдаланылмайды. Ол өзінің тоқ күшейткіші  бар (4-ваттық, арнаға  2 ваттан)  дыбыстық платаға жалғанады. Әдетте, белсенді емес акустикалық жүйе  компьютерде энергияны, дыбыстың күштілігін, баяулығын қамтамасыз етеді.  

       Белсенді  күшейткіш жабдығы  дыбыстық платадан  USB портына сызықтық шығу болып табылады. Соңғы кезде дыбыс колонкаға цифрлік түрде беріліп, оның дикодирленгені бойынша дыбыстық картаның орнына колонканың өзінде орналастырылған аздаған чип қолданылады.   

       Колонкадағы ток күшейткіштің ішіндегі   қатарлардың қоректенуі болып ішкі акмулятор немесе қоректену блогы ішкі, сыртқы болып табылады. Дауыстың ырғағына қарай  белсенді калонкалар қарапайым және 3 жолды эквалайзер болады. Дыбыстық платаның сызықтық шығуына байланысты аудиокомплекстің тоқ күшейткішіне сызықтық шығу қосылған. Колонканың негізгі сипаттамасы – ваттағы өлшенген қуат. Колонканың нақты қуаты 10-50 Вт аралығында болады. Сапалығына қарай өзіндік сипаттамалары болады. Әдетте дауыс ырғағы 40-60 Гц шамасында орындалады. Колонканың техникалық паспортында диапозон бойынша дыбыстың орындалуы 50 Гц аралығында орындалса жеткілікті болады.        

 

Мультимедиалық  жобаға  дыбысты енгізу.

       Macintosh, Windows жүйелерінде мультимедиалық  жобаға дыбысты енгізу үшін, төмендегі әрекеттерді орындау керек:   

  1. Жүйеде дыбысты өңдеудің қандай құралдары  бар екенін анықтау керек.
  2. Дыбыстың қандай типі бар екенін анықтау (мысалы, түстік музыкалық құралдар, дыбыстық спецэффектілер және диалогтар);
  3. MIDI дегі мәліметтерді және дыбыстық дыбыс жазбаларды қалай қолдану керектігін анықтау;
  4. Дыбысты  жазу үшін дыбысты редакторлеу керек;
  5. Дыбыстағы бейнені  синхронизирлеу үшін, дыбысты тестілеу қажет. Ол үшін, 1-4 әрекеттерді қайталап орындау керек.

 

ХХІ - ғасырдың басы жоғарғы бiлiм берудi дамыту үшiн жаңа кезеңдi ашты. Бiлiм берудегі мультимедиалық оқу-әдістемелік кешеннің ролi соңғы уақытта сөзсiз өсіп, барлық бiлiм беру процесiне айтарлықтай ықпал етуде. Компьютерлiк технология оқу процесiнiң тиiмдiлiгiн және сапасын көтередi. Ол кез-келген ақпаратты жылдам әрi тиiмдi алуға, оқытудың жаңа әдiстерiн еңгiзуге, сонымен қатар зерттеу жұмыстары үшiн жаңа мәлiметтер бередi. 2004 жыл бiлiм беру саласындағы реформаның жаңа кезеңi болып табылады. Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудiң даму тұжырымдамасын жасап шығарды. ЕҰУ-де кредиттiк технологияға көшу жөнiндегi тұжырымдама жасалынды. Халықаралық тәжiрибе көрсеткендей, Ұлыбританияның бiлiм жүйесiнде қолданылып жүрген кредиттiк технология жүйесi бiзге қолайлы болып табылады. 

Кредиттiк жүйе (credit system) АҚШ-та және көптеген Еуропа жоғарғы  оқу орындарында соңғы 10 жылда  үлкен орын алды. Педагог кадрларды  ағылшын тiлi және инновациялық технология бiлiмiмен дайындауға үлкен мән  берiлуде. Университетiмiзде кейбiр мамандықтар бойынша оқу пәндерiнiң ағылшын тiлiнде өте бастауы ағылшын тiлi оқытушыларына деген талапты күшейте түседi. Кредиттiк технологияға көшу жағдайында жоғарғы оқу орындарының оқытушылары тек студентке сабақ берiп ғана қоймай, онда терең түрде өздiк жұмыстары дағдыларын, аналитикалық ойлауды қалыптастыру, сонымен қатар кеңесшi, педагог-жетекшi болып табылуы керек. Қазiргi уақыттағы университеттерде ағылшын тiлiн оқыту барлық гуманитарлық және жаратылыстану салалары бойынша мамандарды дайындаудың приоритеттi бағыттарының бiрi болып табылады. Халықаралық бiлiм беру кеңiстiгiндегi интеграция процесi ағылшын тiлi бiлiмiнiң жоғарғы деңгейде жаңа ақпарат технологиясымен үйлесiмдi болуын талап етедi.

Электрондық кiтапхана, энциклопедия, сөздiктер және аудармашылар жан-жақты ақпараттық толықтыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. Информатиканы оқытуда мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолдану тиiмдiлiгi үшiн бiздiң көзқарасымызша жан-жақты техникалық жабдықтау, компьютерлер (hardware), бағдарламалық қамтамасыз ету (software) және әлемдiк компьютерлiк сеть қажет. Кез-келген студентті ең ақпаратты және пайдалы кешендi лингвистикалық ресурстары бар сайттар, олар әртүрлi бөлiмдерде жүйеленген: бiлiм беру жаңалықтары, курстар, репититорлар, on-line сабақтары, сөздiктер, аудармалар, оқу материалдары, емтихандар, шетелде оқу, түжiрибе алмасу, форум, баспа және тағы басқаларымен қамтамасыз ету басты міндет болып табылады.

Үй компьютерi жалпы  қауымға тек қана арман болған уақыт өттi. Қазiр бұл өмiрде  де, iсте де маңызды көмекшi екендігі белгілі. Компьютердiң қолданылу шеңберi өте кең: ойыннан бастап әлемнiң кез-келген нүктесiмен Internet әлемдiк сетi арқылы байланыс жасауға болады. Компьютерлер әртүрлi мәселердi шешуде де маңызды құрал болып табылады. Компьютерлерде сонымен қатар бiлiм беретiн және энциклопедиялық бағдарламалар бар.

 

Мәлімет жинақтауыш   CD-ROM –  компакт-дискілерге арналған оптикалық дискіжетек

             (CD) компакт дискілері – бұл,  лазерлік сәуленің көмегімен  жоғарғы жағына ақпарат жазылған оптикалық және лазерлік дискілер. Бұл дискілер жоғарғы жағынан жұқа алюминий қабатымен қапталған органикалық материалдан құралған. Қазіргі кезде лазерлік дискілер ақпаратты тасмалдауыш құрал ретінде кеңінен таралған. Габарит (диаметр-120мм)  флоппи-дискілермен құралған (диаметр-89мм ) қазіргі компакт дискінің тығыздығы дискеттен 500 рет артық. Лазерлік  дискінің тығыздығы 650 Мбайт-тан тұрады, бұл 450 кітап бойынша және 74 минуттық дыбыстық файлдың ақпаратына сәйкес келеді.  

        Ақпаратты лазерлік сәуленің көмегімен қолдану ұзақ мерзімге дейін сақталып, қолайлы түрде болады. Магниттік дискіден лазерлік дискінің айырмашылығы  спираль бойынша бір жолдан тұрады. Ақпараттың орындалу кезінде әлсіз лазерлік сәулемен шағылып және (1) арқылы орындалып, (0) арқылы қабылданады.

         Оптикалық дискілерде жадыны  қолдану үшін, CD-ROM  мәлімет жинақтауышына  арналған дискіқозғағыш қажет.

          Жақсы мәлімет жинақтауыш CD-ROM берілген  форматтарды көп қамтамасыз етеді.  Форматтың көптүрлілігі дискіде  ақпараттың әр түрін сақтай алады: программа кодтары, мәтін, дыбыс, видео, графиктер, адам өзіне кездестіретін ақпараттың бірнеше түрлерін сақтай алады. 1990 ж. ұсақ  Sony, Matsushita және  Mitsumi  фирмаларында, лазерлік дискілерде жазылған, мәліметтерді оқуға арналған біріңғай стандарт CD- ROM-құрылғылары жасалды.

 CD- ROM түрлері мен типі

          Оптикалық дискіқозғағыштар 4 түрмен  ажыратылады: CD-ROM, CD-R, CD-RW, DVD-ROM.

     CD-ROM – оқуға арналған компакт-дискі  құрылғысы, олардың көмегімен  ақпаратты жазуға болмайды.  CD-ROM (ағылшын тілінен аударғанда Compact Disk Read Only Memory – оқуға арналған компакт-диск). Ақпаратты жазбау себебі, әлсіз лазерлік сәуле орналасып, күштілігі ақпаратты оқуға арналған. Егер, ақпарат лазерлік дискісіден CD-RW-ға  жазылса, CD-ROM оны оқымайды.

       Дискіқозғағыш CD-R (Recordable) оқу үшін  арналған емес, компакт-дискіге ақпаратты  жазады. Дискіқозғағыштың осындай  оптикалық жүйесі лазерлік сәуленің  күшті түрін иелененіп, компьютердің  дискіқозғағышының жазбасынан басқа,  жоғарғы жағынан қапталған микроскоптық тереңдікті иеленеді.

        CD-R –ге  ақпаратты жазудың  жылдамдығы 20 шамаға жетеді. Дискіқозғағыштың  маркирленген жылдамдығы бойынша 4х, 8х, 10х, 12х, 14х, 16х дискілер таңдалынады. 8-шама бойынша жылдамдықта жазылған диск қолайлы болады. Ескерту: CD-R жазылған дискілері бір-бірінен сырт жағындағы түсі арқылы ажыратылады. 

 

      CD-RW – дискіжетегі  CD-R технологиясына қарағанда өте  жақсы жазба түрінде қолданылады.  Осы технологияның көмегімен  ақпаратты қалай дискіге жазу керектігі қолданылады.  Осыған орай  CD-RW дискіқозғағышы дискілермен жеңіл басқарылып қоймай,   CD-ROM және CD-R дискілерімен жеңіл басқарылады.Жылдамдық сипаттамасы бойынша дискіқозғағыштың аты көрсетіледі, мысалы,  12х8х32 кіші жылдамдық CD-RW жазбасына сәйкес келеді, жоғарғы жылдамдығы оқуға сәйкес келеді. Бұл дискілер  DVD дискілерін оқуға көмек береді.

CD-ROM қандай жерде қолданылады

           «Компьютерде CD-ROM жинақтауышы не  үшін қоланылады?», 5-6 жыл бұрын   бұл сұрақ қарастырылған.   2-3 жыл бұрын үйдегі жүйелі блокта  CD-RW жинақтауышы қолданылса, қазір ол төмен түсті.   СD-R (жазба дискісі) ақпаратты тасымалдауда қолданушылардың нәтижесі бойынша кең таралған. 3,5 дюймдік дискетінің қолданылуы төменгі дәрежеде.

Мicrosoft Windows XP операциялық жүйесінің басқаруымен орындала тын бұл мультимедиалық құрал Intel Pentium 4 базасында орналастырылған. Ол қиын-дықсыз бір қабатты және екі қабатты оптикалық дискілер бойынша орындайды. DVD-R, DVD-RW, CD-R, CD-RW, CD-DA (Аудио CD), CD-ROM (Модель 1 и 2), CD-ROM XA, Video CD, Photo CD ,(CD-EXTRA (CD PLUS), Hybrid CD және  CD-Text. Бейне материалдар мынандай форматтар бойынша қойылады  
MPEG-2, DivX, H.264 (MPEG-4 Part 10) немесе  VC-1 (WMV-HD), Dolby Digital (включая EX), DTS немесе  DTS-ESTM Extended Surround (DTS 6.1 Matrix и DTS 6.1 Discrete) технологияларының қолданылуы бойынша орындалады..

 

1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың  өзекті мәселелері

 

Білім берудің өзекті мәселелері – кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру және қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.

Ш.Амонашвилидің «Мұғалім өз сабағын сүймесе, оған өзі сүйсіне білмесе, ол шәкірт бойына да сүйіспеншілік дарыта алмайды. Тек көркем шығарманы өзі жан-тәнімен сүйген, қабылдай білген,оның сиқырлы сырына қанық, адамды өзіне баурап, тәңірісін таныған ұстаз ғана оқушыларын көркем сөз өнеріне ынталандыра, құлшындыра алады. Шығарма мәтінінің тереңіне, астарлы бейнелі ойына, жан сүйсіндірер, ынтықтырар сәттеріне толғана ой жүгірткен, сондай жерлерін таңдап таба білген мұғалім шәкіртті шығарма оқуға қызықтыра, ынтықтыра алмақ» деген пікірінен жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқытуда мұғалімге қойылатын талаптың маңыздылығын анық байқауға болады дегендей ұстаз өз ісінің шебері болуы керек. «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» өз бетімен ала алатын және алған білімін өмірдің түрлі жағдайларында қолдана білетін жеке тұлғаның қалыптасуына қамтамасыз ететін оқытудың жаңарған технологияларына көшу талабын қойып отыр. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге сай оқытудың сапасын арттыру мәселесі жаңа оқыту технологияларын өз дәрежесіне сай қолдануға да тікелей байланысты.    

 Мұны Қазақстан  Республикасында білім беруді  дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған  Мемлекеттік бағдарламасындағы  мынадай жолдар «  ... білім беруді дамыту үшін оқытудың озық жүйелері мен технологияларын әзірлеу мен енгізу» талап етіп отыр.     

 Мектепте, жоғары  оқу орнында сапалы оқу бағытын  айқындайтын жаңа жолдардың бірі-пәндерді  модулдік технология арқылы оқыту  екендігі теориялық және тәжірибелік  жағынан дәлелденуде. Бұл мәселені ғалымдар Дж. Рассель, П.Юцявичене, М. Жанпейісова т.б дәлелдеп келеді. Модул ұғымының этимологиялық мәні білімді қолданысқа, меңгеруге ыңғайлы етіп жүйелеу, шоғырландыру, жинақтау болып табылады. Модулдік технологиялармен қатар жаңа технологиялардың бірнеше түрін сабақ жүйесінде қолдануға болады.Қазіргі уақытта сабақ жүйесінде компьютерлік технология көп қолданылып жүр.       

Информация о работе ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ