Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 10:55, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.
КІРІСПЕ
І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ..................5
1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың өзекті мәселелері....................................................................................11
1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану.......................................................................................................................14
1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі......................................................................................................22
1.4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану – оқытудың тиімді құралы ретінде...........................................................................................................33
ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................37
2.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы..............38
2.2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар..............42
2.3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі............................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59
ҚОСЫМШАЛАР
Сонымен, бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі сабақ беру әдісіне компьютердің, мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендердің жаңаша өзгеріс пен жаңа идеялар қосқаны баршаға мәлім.
Қоғамды, білім беруді ақпараттандыру жағдайында бүгінгі күнде ақпараттық-компьютерлік технологияларды тиімді де нәтижелі пайдалану үшін біріншіден, жалпы білімділік және кәсіби сауаттылық қажет. Олай дейтініміз, ЭЕМ-мен жұмыс жасағанда, қандай да болсын (табиғи тіл қатынасында да) сөйлем қателіктерін түсінбейтінін ескеру керек. Ол тек өзіне арналған арнайы бағдарламалау тілдерінің алфавитінде жазылған алгоритм-бағдарламаны ғана орындайды. Сонымен бірге қолданушы бағдарламалардың көмегімен шектеулі амалдарды атқару мүмкіндігіне ие. Ал ақпараттық-компьютерлік технологиялар көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін объектінің, құбылыстың моделін дұрыс құра білу керек. Бүл кезде біздіңше мәселенің математикалық, ақпараттық, компьютерлік модельдерін құру мақсатқа сай келеді. Сондықтан болашақ мұғалімдерге мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негізінде білім бере отырып даярлау бүгінгі күн сұранысынан туындап отырғандығын айғақтайды.
Білім беру үдерісінде компьютерлердің, мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендердің кеңінен қолданылуы интерактивті жүйе құруға алып келді. Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейне дискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құрылады. Мұндай қазіргі заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен кері байланысты қамтамасыз етеді.
Ақпараттық-компьютерлік оқыту бағдарламалары оқу үдерісін талдау мүмкіндігін кеңейтеді, яғни ол теориялық негіздерін құрайтын бағдарланған оқытудың мынадай жалпы ұстанымдарын қолдануға ыңғайлы:
Бірінші ұстаным - өзара тығыз байланысты материалдарды үзінді-блоктарға бөлу (қадамдарға). Бағдарламаны автордан оқу материалын тиянақты талдауды, мәтін бөліктері арасындағы байланыстың тығыз қисыны мен мазмұнын анықтауды талап етеді.
Екінші ұстаным – алгоритмдерді (бағдарланған мәтіндерді) оқып үйренуге білімгерлер белсенділігін арттыру, яғни жеке қадамдар мазмұны үйренушіде терең талдаулар дағдысын қалыптастыруға бағытталады.
Үшінші ұстаным – білімгердің әрбір жауабына артынша баға беру, яғни студенттің жауабына бағасын тез арада хабарлап, дұрыс жауап берген болса келесі қадамға өтуіне рұқсат береді.
Төртінші ұстаным - оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру, яғни ұтымды оқу қарқынын дараландыруды қамтамасыз етеді.
Бесінші ұстаным – бағдарланған мәтіндердің эмпирикалық сенімділігін тексеру, бағдарламашы авторға әрбір студенттің мүмкіндігіне орай қиындық дәрежесін реттеуді міндеттейді.
Оқытушы студенттердің компьютерлік сауаттылығына сүйене отырып оқытудың әдіс-тәсілдерін қолданады. Бұл үшін жекелеген пәндерді оқытудың сапасын көтеруге, екіншіден, компьютерлік сауаттылықты дамытуға, студенттердің компьютерлік мәдениетін қалыптастыруға ұмтылады. Ақпараттық-компьютерлік технологияларды оқу үрдісіне енгізуде студенттердің психологиялық-педагогикалық мүмкіндіктері міндетті түрде ескеруі тиіс. Бұл ұстанымдар студентті кәсіби біліммен байытуға, жалпы білімдік міндеттер мен пән туралы білім идеяларын жүзеге асыруға, оқыту мен тәрбиелеудің кешенді мәселелерін есепке ала отырып, сабақты жүргізудің вариативті әдістерін қолдануға жол ашады.
Зерттеу барысында байқалғаны оқыту үдерісінде арнайы мамандық пәндерді оқытуда ақпараттық-компьютерлік технологиялар құралдарын қолдана отырып ақпараттық-компьютерлік моделдеу негізінде білім беру электронды оқулықтар, мультимедиялы және ақпараттық-компьютерлік құралдарды да өздері жасау керектігін білдірді.
Қазақстан Республикасының «Жоғары білім беру туралы» заңының 9 бабында «Жоғары оқу орны мамандар даярлауда білімді, ғылым мен білімді ұштастыру, оқытудың белсенді әдістері, жаңа мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер кешенін қолдана отырып даярлау негізінде студенттердің шығармашылық және практикалық қабілеттерін де дамыту, қалыптастыру және дамыту үшін мүмкіндіктер туғызу арқылы жүзеге асырылады»,- делінген.
Білім берудегі ақпараттық-компьютерлік жеделдету қажеттілігін анықтайтын негізгі факторлар: бірінші фактор – ЭЕМ-ді пайдалану аймағындағы жоғары білікті мұғалімдерді кәсіби даярлаудың сапасын арттыру, жалпылама ақпараттық-компьютерлік оқытулар жүргізуді қамтамасыз ету; Екінші фактор – жалпылама математикалық, ақпараттық-компьютерлік модельдеу бойынша сауаттылық мәселесін жетілдіру қажеттілігімен; Үшінші фактор – педагогикалық ғылымдардың логикалық дамуын анықтайтын, білім жүйесінің ішкі қажеттіліктерімен анықталады.
Білім берудегі
ақпараттық-компьютерлік модельдеу
әр түрлі педагогикалық
Білім беру үдерісіне мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен технологиясын енгізу арқылы зерттеу және тәжірибе жүргізетін мәселелердің үлкен ортасы бірінші кезекте білім беру практикасына қажетті мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді құру концепциясын жасауды талап етеді.
Жоғары білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану негізінде болашақ мұғалімдерді дайындаудың тұжырымдамасын жүзеге асыру-ұзақ, әрі күрделі үдеріс және ол келесі кезеңдерден тұрады:
1) мамандық пәндерді оқыту үдерісінде қолданылатын мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендің құралдарын игеруге және оны жасауға; кәсіби білім беру мазмұнында оқу жұмысын ұйымдастыру түрі мен жаңа әдістерін игеру туралы зерттеу жұмыстарын жүргізу;
2) дәстүрлі оқу пәндерін
оқытуда қолданылатын
3) үздіксіз білім
беру мазмұнын оның барлық
деңгейінде түбегейлі қайта
Қазақстан Республикасындағы
білімді ақпараттандыру жүйесін
әрі қарай дамыту ақпараттық ресурстар
болып табылатын оқытуға
Осылайша қазіргі кезде ғылым мен техниканың жетістіктерін кәсіби маман даярлау үрдісінде пайдалану маңызды екендігі, ал бірақ сол негізде болашақ мамандарға білім беру әлі де жеткіліксіз екендігі айқындалды. Бұл бағытта арнайы тұжырымдамалардың негізін анықтап арнайы модельді ұсыну қажеттігі туады. Болашақ мұғалімді жалпы кәсіби дайындау моделі – қоғамның әлеуметтік тапсырысын, мұғалімдерді дайындаудағы мемстандарттың талаптарын, мұғалім дайындау мақсаттарын және студенттердің жалпы кәсіби іс-әрекеттерді меңгеру деңгейлерін қамтиды.
Оқыту мен тәрбиенің дидактикалық, педагогикалық-психологиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған оқытудың мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен технологияларын қолдану мынадай қажеттіліктерге алып келеді, яғни:
1) қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында білімгердің кәсіби тұлғалық міндеттеріне сай келетін оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын таңдау стратегиясының әдіснамасын тұрақты түрде жетілдіру;
2) мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен саласынан замани мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендердің күн санап артып отырған мүмкіндіктерін ескеретін оқыту және кәсіби даярлау әдістемесін жасау;
3) болашақ мұғалімнің
интелектуалды, тұлғалық
4) қазіргі заманғы мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер мен компьютерлік педагогикалық құралдарды қолдануға сүйенетін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.
Қазіргі заманғы мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенлар ЭЕМ қолдануға негізделген. Замани ЭЕМ-дер формальданған білімдерді өңдеу мен бейнелеу үшін үлкен есептеу мүмкіндіктеріне ие және білімді ұйымдастырудың мейлінше жетілдірілген формаларын жасау және оларды оқытуда қолдану үшін жағдай туғызады. Дегенмен біздің анықтауымыз бойынша ЖОО оқу үдерісі білімді формальдау әдістеріне оқытуға толық дайын еместігі анықталды. Бұл студенттерге болашақ кәсіби іс-ерекетінде қазіргі заманғы мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенларды тиімді қолдану мүмкіндігін бермей отыр.
Сондықтан қазіргі
кездегі оқыту әдістемелерінде,
маман даярлауда ЭЕМ
Бұл қайшылықты шешу үшін педагогика ғылымы мен оқыту теориясынан терең ойластырылған, дербес білім беру міндеттерін шешуге бағытталған жаңа инновациялық білім беру технологияларын құру қажет болады.
Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендердің даму деңгейі мен оларды мамандық пәндерді, информатиканы оқытуда қолдану деңгейінің арасында қарама-қайшылықтың болуына байланысты туындаған жағдайдың шешімі өз кезегінде неғұрлым тиімді болатын білім беру технологиясын іздеу мәселесін алдыңғы қатарға шығарады. Осы мәселені шешудің бір жолы математикалық және ақпараттық-компьютерлік модельдеу негізінде білімдерді формальдау әдістеріне оқыту технологиясын құрумен байланысты болып табылады.
Ақпараттық
модель-бұл сезімдік және теориялық
ойлауға сүйенетін табиғи немесе
арнайы тілдердің көмегімен оқып-
1) өзара байланысқан компьютерлік суреттер, кестелер, сүлбелер, диаграммалар, графиктер, анимациялық үзінділер, гипертекстер және т.б. көмегімен сипатталатын объектінің шартты бейнесін түсінеміз. Мұндай түрдегі компьютерлік модельдерді кейде құрылымдық-функциональдық деп атайды;
2) объектіге
әртүрлі, кездейсоқ факторлар
(бағдарламаны қолданушы
Осы тұрғыда оқыту үдерісінде бағдарламалау тілінен студенттердің білімді саналы игеруі, белсенділік көрсетуі – ақпараттық-компьютерлік моделдеу негізінде шебер маман даярлаудың алғы шарттарының бірі. Жоғары кәсіби білім беретін мамандық пәндер саласындағы ақпараттандыру үдерісі, бұл студенттің модельденетін объектілер, құбылыстар, процестер туралы ақпараттарды жинау, өңдеу, беру бойынша өзбетімен оқу іс-әрекетін жүзеге асыру біліктілігінің қалыптасуын қамтамасыз ететін оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен ұйымдастыру формаларын, оқу-тәрбие процесін жетілдіру мақсатында мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер қолдануға дайындау, информатиканың жалпы курсын оқытып қана қоймай, сонымен қатар мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді нақты кәсіби пәндерде қолдануды да оқыту қажет. Демек, болашақ информатика, математика, физика, кәсіптік білім беру мұғалімдеріне:
Болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекетінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен құралдарын қолдануға оқытудың төмендегідей негізгі бағыттарын атап көрсетуге болады:
1) Оқыту үдерісінде мультимедиалы