ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 10:55, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.

Содержание

КІРІСПЕ
І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ..................5
1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың өзекті мәселелері....................................................................................11
1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану.......................................................................................................................14
1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі......................................................................................................22
1.4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану – оқытудың тиімді құралы ретінде...........................................................................................................33
ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................37
2.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы..............38
2.2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар..............42
2.3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі............................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59
ҚОСЫМШАЛАР

Вложенные файлы: 1 файл

ped_35.doc

— 1.51 Мб (Скачать файл)

Білімгер қандай да бір  ақпараттық модельдеу іс-әрекетін қаншалықты жүзеге асыра алатындығы мен соған  сәйкес мұғалімнің оқыту іс-әрекеті  қандай болу керек екендігін анықтау  үшін білімгердің ойлау деңгейі  мен біздің оны үйретуге тиісті мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іс-әрекетінің деңгейін анықтауымыз керек. Осы деңгейлерді салыстыру арқылы студенттің ойлау әрекетін қажетті ақпараттық деңгейге жеткізу үшін мүғалімнің қандай көмегі қажет болатындығын анықтауға болады, немесе деңгейлердің арасындағы алшақтық аса үлкен болса, оқытудың бүл кезеңінде қол жеткізілуге тиіс ақпараттық модельдеу іс-әрекеті деңгейін төмендетуге тура келеді.

Пәндерді оқыту теориясын  құру үшін ең алдымен ақпараттық модельдеу  іс-әрекетінің моделін құру керек. Әдебиетте ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің негізгі үш жағын қамтитын әртүрлі моделі бар; 1) нақты жағдайды ақпараттық түрде сипаттау, немесе эмпирикалық материалды ақпараттандыру әрекеті; 2) оқу материалын логикалық ұйымдастыру; 3) ақпараттық модельдеу теориясын қолдану. Бұл модель шынайы ақпараттық модельдеу әрекетін бейнелейді.

Ақпараттық  модельдеу іс-әрекетіне үйрету информатиканы  және мамандық пәндерді белсенді оқыту. Сондықтан болашақ мұғалім оқушыны дайын материалды жаттатпай, ақпараттық модельдеу шындығын ашуға, ақпараттық материалды тәжірибе жолымен логикалық түрғыда ұйымдастыруы, сөйтіп теорияны әртүрлі нақтылы жағдайларда пайдалануға үйретуі тиіс. Болашақ мүғалім оқытудың әртүрлі кезеңіндегі ақпараттық моделдеу іс-әрекетінің тиімді өзара қатынасын анықтауды үйренуі тиіс. Ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің бірінші және үшінші кезеңі (жағдайды модельдеу және теорияны қолдану) екінші кезеңге (теорияны логикалық құру) қарағанда ғылыми зерттеуде де, әсіресе оқыту үдерісінде аса маңызды. Мұғалімнің ақпараттық модельдеуге оқыту әдісі осы үш кезеңнің бір түрінен екіншісіне ретін сақтай отырып жүйелі түрде көшуі керек.

Жоғары білім  беру стандарттарында болашақ мұғалімнің іскерлігіне қойылатын жалпы  талаптардың негізінде пән мұғалімінің білігіне арнайы талаптар қойылады.

Сондықтан біз  білімді ақпараттандыру барысындағы  болашақ мұғалімді  кәсіби мамандыққа АКММ негізінде дайындаудың кешенді жолдарын ұсынамыз. Біздің көзқарасымыз бойынша, мұғалім мына дайындықтарды меңгерген болуы қажет:   

- қоғамды ақпараттандыру  үдерісінің мәнін, әлеуметтік  алғы шарттары мен салдарын  түсінетін;   

- жеке тұлғаға  ақпараттандыру үдерісінің әртүрлі  аспектте әсер етуін талдай  білетін;   

- информатика  ғылымының пән ретінде дамуындағы  мәнін қарастыра алатын;   

- білімдегі мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендің орны және оны пайдаланатын орталар мен оның нәтижесін болжай алатын;   

- ғылыми прогрестің  дамуындағы информатика ғылымының  қалыптасуын, алатын орнын түсінетін;        

-  мектеп бағдарламасындағы информатика пәнінің орны мен ролін және оның оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін түсінетін.

Мультимедиалық  оқу-әдістемелік кешен мәселелері бойынша студенттердің қабілеттілігінің және біліктіліктерінің, білімдерінің мазмұны, оның құрылымдық мазмұнына және оның болашақ кәсіби – педагогикалық жұмыстарына тәуелді, өйткені шығармашылық әрекет үшін мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негізінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен мәселелері бойынша психологиялық- педагогикалық дайындық жүйесінде алынған методологиялық білімдер және білімді ақпараттандыру жөніндегі қабілеттілігі мен біліктілігі алынады.

Обьектілі – бағдарлы бағдарламалау (ОББ) – негізінде объект ұғымына жататын бағдарламаларды жасау әдістемесі жатады. Объект – бұл нақты өмірдегі объектке, оның қасиетіне сәйкес келетін кейбір құрылым. ОББ әдістемесін пайдаланып шешілетін есеп, объектілер терминдері мен оларға қолданылатын амалдар арқылы сипатталады, ал программа осы объектілер жиынтығы мен олардың арасындағы байланыстардан тұрады. Бұлар мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негізінде оқыту технологиясын білдіреді.     

Оқытудың әдістемелік  жүйесін жобалаудың негізгі кезеңдеріне  В.М.Жучков мыналарды жатқызады:    

1) Оқу жоспарларының  мазмұнын және құрылымын талдау;     

2) Мазмұнды жобалау;    

3) Оқыту формаларын  жобалау;    

4) Оқытудың әдістерін  жобалау;    

5) Оқытудың құралдарын  жобалау;    

6) Оқу үдерісін  ұйымдастыру талаптарын тұжырымдау.     

Сонымен оқытудың әдістемелік жүйесі мынадай белгілі  бір кезеңдерден өтеді: әдістемелік  жүйені жобалау; оқытудың әдістемелік жүйесін құрастыру; оқытудың әдістемелік жүйесін іске асыру; оқытудың әдістемелік жүйесін іске асыруды талдау; оқу пәні тудырған оқытудың әдістемелік жүйесін талдау; әдістемелік жүйені дамыту.

Біздің зерттеуіміз  бойынша болашақ мұғалімдерге кәсіби білім беруде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негіздеріне оқытудың әдістемелік жүйесін жасауда оның келесі элементтері ерекшеленеді:    

1. Мақсаты: оқу үдерісінде  модельдеу іс-әрекет тәсілдерін  қалыптастыру; оқу-танымдық үдерісте модельдеу іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру.     

2. Мазмұны: мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негіздерінің мазмұны; модельдеу әрекетінің тәсілдерін қалыптсатыру бойынша іс-әрекеттердің мазмұны (оқу үдерісінде; оқу-таным үдерісінде; таным үдерісінде);     

3. Әдістері: таным  әдістері; оқыту әдістері: оқытудың  қарқынды әдістері; сөздік, көрнекілік, практикалық, проблемалық баяндау,  репродуктивті, зерттеушілік, өзіндік  жұмыс, интегративті таным мен  оқыту;    

4. Формалары:  дәрістер, семинарлар, лабораториялық жұмыстар, арнайы практикумдар, ғылыми-әдістемелік лабораториялар базасындағы сабақтар, консультациялар, түлектік және курстық жұмыстарды қорғау, ғылыми семинарлар, конференциялар және т.б.    

5. Құралдары:  дидактикалық: мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен үшін тапсырмалар; курстық және түлектік жұмыстар; техникалық; ақпараттық.     

6. Бақылау тәсілдері:  ағымдық; қорытынды: сынақ, емтихан,  курстық және түлектік жұмыстарды  қорғау; өзіндік бақылау модельдеу  іс-әрекеті мазмұнының элементі  ретінде; пікір беру: мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен әрекетінің нәтижелерін талқылау.     

7. Коррекция  тәсілдері: мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен үшін тапсырмалардың аталуын нақтылау, модельдеудің жекелеген кезеңдерін құру, эксперимент «тазалығын» сақтау арқылы теориялық мәнділігін нақтылау.    

8. Нәтиже.

Мультимедиалық  оқу-әдістемелік кешен бойынша оқытудың әдістемелік жүйесі болашақ мұғалімдерге мамандық пәндерді оқытудың барлық деңгейлерін қамтитын тұйықталған циклден тұрады; студенттердің оқу-зерттеу жұмысы, студенттердің модельдеу жұмыстары; студенттердің ғылыми-әдістемелік зерттеу жұмыстары.

Сонымен болашақ  мұғалімдерді мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негіздеріне оқытудың әдістемелік жүйесін өзара байланысқан элементтердің жиынтығы ретінде қарастырамыз. 

Біздің зерттеу  барысында мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді оқытудың мақсаттарына байланысты: «Мультимедиалық технологиялар», «Ақпараттық жүйелерді модельдеу», «Компьютерлік модельдеу негіздері», «Мәліметтер қоры және сараптамалық жүйелер», «Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен» курстарының мазмұны және бағдарламалық және технологиялық практиканың мазмұны анықталды.

Демек, жоғары оқу  орнында болашақ мұғалімдерді кәсіби мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негізінде даярлаудың мазмұндық негізін айқындадық.  

Бұл біз ұсынған  курс студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен бойынша сауаттылығын арттыра түсуге бірбен-бір себеп болатын әдістемелік жүйенің негізгі элементі болып табылады.

Болашақ мұғалімдерді оқыту үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен заңдылықтарын ашатын, оларды іріктеп орынды пайдаланудың әдіс-тәсілдерін көрсететін теориялық біліммен қаруланған жағдайда ғана оқытудың тиімділігі артатындығы жөнінде жоғарыда айтылған болатын. Ал ол шарттар орындалу үшін болашақ мұғалімдердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыруға арнайы даярлау қажет. Біз зерттеу жүмысына мынадай болжам қойған едік: егер болашақ мұғалімнің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтап, оларды қамтамасыз ететіндей жүйені оқыту үдерісінде қолдансақ, онда жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді даярлаудың тиімділігі артады, өйткені мұғалімнің болашақ қызметінде кәсіби іс-әрекетті меңгеру деңгейінің жоғары болуына мүмкіндік туады.

Студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен бойынша біліміне сандық және сапалық талдау жасау, оларды қорыту мамандық пәндерді оқыту барысында оның мазмұны мен әдістеріндегі кемшіліктерді анықтап, оларды жетілдіру мәселесіне назар аудару қажет екендігін көрсетті. Студенттердің ақпараттық-компьютерлік моделдеу білігінің нақты жағдайын білу үшін жүргізілген тексеру олардың даярлығының төмендігін көрсетті. Сол сияқты жоғары оқу орнында қазіргі қолданылып жүрген бағдарламалар мен оқу-әдістемелік құралдар мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендің қандай да бір теориялық және әдістемелік негіздерін жеткілікті түрде қарастырмайды; студенттердің - болашақ мұғалімдерінің информатика және ақпараттық-компьютерлік модельдеу бойынша қажетті білім мен біліктің жеткіліксіз екендігін көрсетті. Нақтырақ айтқанда:     

- мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыру міндетін атқаратын мамандық пәндердің есептер мен оларды шығарудың теориялық және әдістемелік негіздеріне оқытудың айқын, мақсатты, жүйелі, бірізділігі жасалмаған;    

-оқытуда қолданылатын  есептерді іріктеудің кәсіби  педагогикалық сипаты және олардың  болашақ мұғалімдерді дайындау  ісіндегі ролі анықталмаған;    

- қазіргі қолданылып  жүрген мамандық пәндер бағдарламаларында  «модель» және онымен байланысты «мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен», «мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен үдерісі», «мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді үйрету», т.с.с. үғымдарды, жалпы алғанда модельдеу теориясы, оның психологиялық-педагогикалық негіздеріне оқыту қарастырылмаған;

  • мамандық пәндері мен әдістемелік циклдегі пәндердің (тіпті олардың өздерінің) арасында ішкі байланыс, сабақтастық, үйлестіру іске асырылмаған;
  • мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен әдістемесін   оқытуға арналған арнайы курстар, студенттердің таңдауы бойынша жүргізілетін  
    курстардың мазмұны (бағдарламасы, оқу материалы) жеткілікті түрде  
    анықталмаған;

 

    - мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен әдістемесінен сабақтарды ғылыми теориялық және әдістемелік түрғыдан жоғары деңгейде ұйымдастыру және жүргізу, студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен барысындағы іс-әрекеттерін белсенділендіру мәселесі әрқашанда оқытушы тарапынан іске асырыла бермейді; бұл сабақтарда көбінесе тек жаттығулар орындалып, дайын үлгі бойынша қалыпты есептерді шығарумен ғана шектеледі де, модельдеудің әдістемесіне, әдістемелік негіздеріне, мектеп практикасына бағдарлау сияқты маңызды әдістемелік мәселелерге жеткіліксіз назар аударылады;

  • студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастырылу деңгейіне, оның кәсіби-педагогакалық бағыттылығына (құбылыс, объект туралы ақпаратты оқу, талдау, оны модельдеу жолын іздестіру, моделдеуді негіздеу, құру, жауабын тексеру сияқты) оқытушы тарапынан ұдайы талап қойылып отырмайды;
  • студенттердің өз бетімен жұмыс істеу білігін қалыптастыруды, оның ішінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыруды ұйымдастыру (тапсырма беру, әдебиетпен, баспасөзбен жұмыс істеуге үйрету; бақылау, тексеру және бағалау, т.с.с.) тетіктері де жеткілікті  
    дәрежеде анықталмаған;

 

    -студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыруға арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік құралдар (әсіресе мемлекеттік тілде) жеткіліксіз екендігі анықталды.    

Сондықтан студенттерді мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен үшін қажетті біліммен қаруландырып, олардың модельдеу білігін қалыптастыру үшін оқытушының өзі сол білімді жетік білуімен қатар үйрету әдістемесін жанжақты терең меңгеруге қол жеткізілуі қажет болды.    

Анықтау кезеңінде  алынған бұл нәтижелер зерттеу  болжамын құруға және студенттердің ақпараттық-компьютерлік моделдеу білігін қалыптастыруға болашақ мұғалімді даярлаудың ғылыми-әдістемелік жүйесін жасауға негіз болды.    

Бұл кезенде  қойылған мақсатқа сәйкес әдебиетті  талдау, талдау нәтижесін жалпылау әдістері қолданылды, онда теориялық та, практикалық та әдістер қолданылды: психологиялық және педагогикалық әдебиетке, әдістемелік және информатикалық әдебиеттерге талдау жасау, тәжірибелерді жинақтау және жалпылау, жоғары оқу орнында жүмыс істеу барысында жинақталған тәжірибемізге талдау жасау, анкеталау, оқытушылармен пікірлесу.    

Эксперимент кезеңінде, яғни 2002-2004 жылдарда мұғалімнің іс-әрекетінің сипаттамасы мен мұғалім даярлаудың түжырымдамасы, психологиялық, педагогикалық  және әдістемелік зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып оның әдістемелік негізі құрылды. Болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлауда әдістемелік пәндерді оқыту проблемасы бойынша теориялық және практикалық еңбектерге талдау жасау арқылы, нақты айтқанда, болашақ мұғалімдерді кәсіби іс-әрекеті функцияларын орындауға бағыттап, олардың мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыруды көздейтін даярлау жүйесінің жеткіліксіздігін, алдыда осы жүйені жасап қалыптастыру үшін зерттеуді жалғастыру қажет екендігі анықталды.    

Информация о работе ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ ТӘЖІРИБЕЛЕРІ