Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 10:55, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.
КІРІСПЕ
І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ..................5
1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың өзекті мәселелері....................................................................................11
1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану.......................................................................................................................14
1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі......................................................................................................22
1.4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану – оқытудың тиімді құралы ретінде...........................................................................................................33
ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................37
2.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы..............38
2.2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар..............42
2.3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі............................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59
ҚОСЫМШАЛАР
Жүргізілген талдау жұмысы мамандық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін тереңдету және кеңейту арқылы олардың білігін көтеруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар енгізу қажет екендігі белгілі болды. Ол үшін әдістемелік даярлық жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеті қойылды.
2004-2007 жылдары
эксперимент жүргізілетін, эксперимент
топ студенттерінің мультимедиа
Студенттердің ақпараттық-компьютерлік моделдеу білігін қалыптастыру әдістемесі арнайы жасалған әдістемелік жүйе (бағдарламалар, оқу-әдістемелік кешендер, құралдар мен ұсыныстар) негізінде жүргізілді.
Болашақ мұғалімдерде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыруға даярлаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау мақсатында жүргізілген талдау жұмысы мамандық пәндерді оқыту үдерісінде студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білімін тереңдету және кеңейту арқылы олардың білігін көтеруге бағытталған әдістемелік ұсыныстар енгізу қажет екендігі, арнайы және әдістемелік даярлық жұмысын жаңа деңгейге көтеру міндеті қойылды. Осы жұмыстарды жүргізу үшін экспериментке қамтылатын топтар мен олардағы студенттердің саны белгіленді (Кесте-2).
Оқыту кезеңінде ұсынылған әдістемелік жүйенің тиімділігі кешенді тексеру арқылы жүргізілді. Олар:
- студенттердің жаңа әдістемелік жүйе бойынша оқытуға дейінгі және кейінгі білім деңгейін анықтау;
Бұл ұсынылып отырған әдістеме жүйесін қолдану нәтижесінде:
Демек, зерттеу болжамы
болашақ информатика мұғаліміні
Зерттеудің
негізгі нәтижелері ретінде "Алгоритмдеу
және программалау негіздері" (2003), "Бағдарламалық
және технологиялық практикум"(2004)
1.4 МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ҚОЛДАНУ – ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ
Балалар мен ересек адамдар мультимедианы оқытудың тиiмдi құралы есебiнде пайдалана алады. Бiр ғана компакт-дискiге энциклопедияның бiрнеше томы сияды. Мәтіннен басқа мультимедиалы компьютер ән, сөз, мультфильмдер және бейнетаспа көрсетуге қабiлеттi.
Қазіргі кездегі студенттерді оқытудағы ең қажетті педагогикалық инновацияның бірі мультимедиалық компьютерлер болып табылады.
Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен - дыбыс және көру түрiндегi ақпараттар жүзеге асыратын бағдарламалық аппараттық құралдар жиынтығы. Мультимедиа жергiлiктi, аймақтық және әлемдiк сеттер бойынша дыбыс, мәлiметтер және көрiнiстi беру үшiн жоспарланған. Жұмыстың интерактивтi режимiндегi графика, анимация, фото, бейне, дыбыс, тексттар ақпараттық орта қалыптастырады. Бұны пайдаланушыда сапалы жаңа мүмкiншiлiктер болады. Бiлiм беру жүйесiнде мультимедиа технологиясын қолдану кең таралуда. Мультимедиа өнiмдерi әртүрлi ақпараттық, жарнамалық мақсаттарда сәттi қолданылуда, ал телекоммуникацияда мультимедианы еңгiзу жаңа қолданыстардың қарқындап өсуiне жағдай жасайды.
Қазiргi кездегi толық “жабдықты” мультимедиалар дисплей-теледидарымен бiрiккен үй стереофондық Hi-Fi кешенiн еске салады. Олар CD-ROM (CD-Compact Disc, компакт-диск; ROM - Read only Memory, тек қана оқу үшiн есте сақтау) оптикалық компакт-дисктер үшiн белсендi стереофондық колонкалармен, микрофон жүне дисководтармен жабдықталған. Сонымен қатар, компьютер iшiнде күшейткiштерiмен акустикалық колонкалар арқылы таза стереофондық дыбыстарды тыңдау үшiн аудио адаптер орнатылған. Ақпараттық қоғамда мультимедиа технологиясының дамуы қоғамға киноның келуiндей маңыздылықпен салыстырылуда. Мультимедиа өнiмдерiнiң негiзгi айырмашылығы үлкен ақпараттық көлемiнде болып табылады, сондықтан қазiргi кезде бұл өнiмдердiң негiзгi таратушысы 640 Мбайт стандарттық сыйымдылығы бар CD-ROM оптикалық дискiсi болып табылады. Бүгiнде әлемдiк нарықта CD-ROM-ға мультимедиа өнiмдерiнiң мыңдаған аттары көрсетiлген. Компьютер төмендегiдей бөлiмдердi қамтиды: энциклопедиялар және анықтамалар, бiлiм беру, көңiл көтеру, ойындар, оқытатын және дамытатын ойындар. Егер 1996 жылы 5,1 миллион CD-ROM сатылса, 1999 жылы бұл есеп 52,1 миллион дискiнi құраған.
Тағы да қарқынды дамып келе жатқан бағыт – телекоммуникациядағы мультимедиа. Көптеген фирмалар стандартты ISDN оптикалық сетi негiзiнде сәттi коммуникациялық жұмыстар жүргiзуде. Ұсынылып отырған ағылшын тiлiн оқыту үшiн қолданылатын мультимедиа түрi өте кең – мультимедиа каталогы бойынша қарай отырып кез-келген керек кiтапты таңдап, мультимедиа телекоммуникациясына қатыса аласыз.
Жоғары мектеп қажеттiлiгi үшiн әлдеқашан бар әлемдiк компьютерлiк сеттi қолдану аясы танымал болуда. Осы мақсатта технология гипермедиа негiзiнде әлем университеттерiнiң күшiн бiрiктеру ұсынылуда. Нарықтық CD-ROM өнiмдерiн жасау үшiн кәсiби суретшiлер, әншiлер, әртiстер, аудио/бейне инженерлер, програмистер, ал университет бағдарламаларын профессорлар мен програмистер жасайды. Бұндай бағдарламалар көлемi бойынша үлкен емес, бiрақ оның әдiстемелiк сапасы маңызды болып табылады. Сеть серверларында оқу курстарының бiраз мультимедиа үзiндiлерiн жинау ұсынылады, университеттiң әр оқытушысы өзiнiң курсын дайындау кезiнде сеть арқылы керек материалын ала алады. Соңғы кездерде қазақстандық мультимедиа қарқынды дамып келедi. Бiлiм беру жүйесi елде мультимедиа технологиясын дамыту үшiн ең тиiмдi негiзi болып табылады.
Бағдарламалық-ақпараттық комплекс оқыту процесi үшiн оқытушыларға қарапайым жасалғанын көруге болады.Комплекс оқытушыны мынадай техникалық құралдармен CD-ROM, видеомагнитофон, TV, Internet және басқа құралдардың көмегiмен материалды оқыту үшiн мықты қызметтер жиынтығымен қамтамасыз ету керек. Ақпаратты кез-келген қайнар көз ақпаратынан беру қарапайым клавишаны басумен жүзеге асыру керек. Оқытушы студенттердiң мониторын бақылайды, керек кезiнде жедел iске араласады.
Комплекс стандартты компьютерлiк сеттi мықты және тиiмдi оқыту құрамына айналдырып, оқытудың деңгейiн сапасын арттырады және сабақ уақытын тиiмдi пайдалануға мүмкiндiк бередi. Оқу процесiн бас компьютерде басқару және бақылау оқытушы үшiн төмендегiдей мүмкiншiлiктердi жүзеге асыру керек:
- Топ студенттерiнiң мониторларына бейне және аудио ақпараттарды жiберу, оқу фильмдерiн көрсету, мультимедиялық қосымшалары жұмысы және тағы басқалар.
- Тапсырмалардың орындалуларын бақылау.
- Студенттердiң арасында диалогтар ұйымдастыру.
Нәтижесiнде оқытушы әр студентпен жеке сөйлесiп, оның бiлiмiн дұрыс бағалаушы болып, ал студенттер ақпаратты дыбысы бар анық картина түрiнде үлкен қызығушылықпен қабылдайды.
Компьютерлiк техниканы қолданумен оқытудағы құрылымдық жолдары толығымен оқытушының қандай мотивтi қозғайтынына байланысты болады. Сабақта компьютерлiк технологияны қолдану мүмкiншiлiктерi мен мiндеттерiн анықтай отырып, оқытушы ең алдымен төмендегiдей принципальды позицияларды ескеруi керек:
а) Студенттердiң психологиялық және физикалық денсаулығын қорғау;
б) Студенттердi оқытудағы қолдану әдiстерi мен дағдыларын қалыптастыру;
с) Қолданбалы компьютерлер негiзiнде ағылшын тiлiн үйрену бойынша оқу материалын игеруде студенттерге көмек;
Компьютерлiк техниканы қолдану оқытушының жұмысын жеңiлдетедi деп есептеуге болмайды. Оқытуда жекелендiру, сабақта мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді үздiксiз қолдану оқытушыдан қосымша күш пен уақыт жұмсауын талап етедi.
Информатика пәнінен
10 - сыныпқа арналған мультимедиалық оқу-әдістемелік
кешен бағдарламасы (МОБ) Қазақстан Республикасының
жалпыға ортақ білім беретін және жалпыға
міндетті Мемлекеттік стандартына сай
өңделген.
10-сыныпқа арналған мультимедиалық оқу-әдістемелік
кешен бағдарламасында: қазіргі заманғы
бағдарламалық қамтамасыз ету, бағдарламалау
әдістері, визуалды бағдарламалау жүйелері,
компьютерлік графика, презентация құру
әдістері мен құралдары сияқты тақырыптары
қарастырылған.
Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен
бағдарлама 48 түсіндірмелік анимациялардан
және көрсетілімдерден, сонымен қатар
5 разделден 26 интерактивті тапсырмалардан
тұрады.
Интерактивті тапсырмаларды орындау кезінде
оқушының танымдық іс-әрекетін басқару
функциясы толық түрде іске асырылады.
Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен
- оқу процесін жекешелеуге мүмкіндік
береді және оқып – үйренуші қажет болған
жағдайда слайдты тоқтатып, оның жеке
көріністерін анықтап көре алады сонымен
қатар келесі шығарылымдарды басқару
мүмкіндігі бар.
Оқу материалын меңгеру деңгейінде өзін
- өзі тексеру үшін 200 тест сұрақтары құрылған.
Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен
- үйден оқитындардың өзіндік жұмыс жасауына
арналған.
ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ
Қоғам дамуының қазіргі кезеңі адам қызметінің басым бөлігін ақпараттандырумен, компьютерлендірумен ерекшеленеді. Соған байланысты болашақ мұғалімдердің қызмет аясы кеңейіп, мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іс-әрекетінің практикалық сүранысы артуда. Қоғамдық прогрестегі жетістіктер болашақ ұрпақтың білімі мен төрбиесіндегі жетістіктерге, ал ол өз кезегінде жаңа формация мұғалімінің білік деңгейіне байланысты. Сондықтан да болашақ мұғалімдерді инновациялық тұрғыда даярлау проблемасы аса назар аударуды талап етеді.Пәнді жақсы білумен қоса, негізі информатика болатын мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен әдістемесін жете меңгеруі тиіс, студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыру психологиялық-педагогикалық тұрғыда шешілуі керектігі де теориялық тұрғыда анықталды, яғни философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік информатикалық әдебиеттерді, іргелі ғылыми-зерттеу жұмыстарын талдау ізденіс жұмыстарының бағыттарын анықтауға мүмкіндік берді. Мұғалімінің іс-әрекетінің ерекшелігі – оның құрылымы кәсіби және танымдылық бағыттылығы бар біртұтас құрылым болып табылады. Болашақ мұғалімдердің іс-әрекеті құрылымын ескере отырып жасалған олардың мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен білігін қалыптастыру қазіргі кезде мамандар даярлауға талаптардың күшеюімен, олардың кәсіби деңгейінің ақпараттық-компьютерлік, жалпы информатикалық дайындық деңгейіне тәуелділігімен, оның ғылыми- әдістемелік негізделуімен, білім, білік және дағды деңгейімен, оқыту мазмұны мен әдістемелік шарттармен және т.б. факторлармен сипатталады. Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге кәсіби даярлаудың түжырымдамасы білім беру жүйесінде мұғалімнің кәсіби деңгейін көтерудің әдістемелік негізін, оқытудың жаңа технологияларын, әдістерін пайдалана отырып кәсіби білім беруді жетілдірудің әдістемелік шарттары мен жүзеге асыру бағыттарын және т.б. қарастырады.Болашақ мұғалімдердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолдануға даярлығының құрылымдық-мазмұндық нобайы жасалып, дәлелденген. Жоғары оқу орнында болашақ мұғалімнің кәсіби даярлығының сапасын жетілдіруде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолдану білігін қалыптастыру психологиялық-педагогикалық тұрғыда негізделді. Қолданылған әдістемелік жүйе арқылы болашақ мұғалімдерге, әсіресе информатика, математика, физика және кәсіптік білім мамандығы студенттеріне мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негізінде білім беру мазмұны ұсынылды. Алғашқы кезеңде арнайы курс ретінде берілген, соңынан кредиттік технология бойынша таңдау пәндері ретінде ұсынылған «Мультимедиялық технологиялар», «Компьютерлік модельдеу негіздері», «Ақпараттық жүйелерді модельдеу», «Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен» курстары жоғары оқу орнының оқу үдерісіне ендірілді. Болашақ мұғалімдерді мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негізінде кәсіби даярлаудағы арнайы пәндердің оқу бағдарламаларын, оқулықтарды, оқыту әдістемесін жасау және оқу-әдістемелік құралдарды даярлауда дидактикалық талаптардың нақтылануы, оны жүзеге асыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік бірлестігінің қолдауымен осы құжаттардың республика жоғары оқу орындарында эксперименттік сынақтан өтуі және өндіріске енуі елімізде болашақ мұғалімдерді кәсіби білім беру қажеттілігіне көңіл бөлініп отырғанын дәлелдейді. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің оқу-әдістемелік бірлестігінің қолдауымен ЖОО-дарының студенттеріне арналған “Информатика. Бағдарламалау негіздері” оқулығы, “Информатика. Объектілі-бағдарлы бағдарламалау негіздері” оқулығы, “Информатика. Мәліметтер қорын жобалау” оқулығы, және “Бағдарламалық және технологиялық практикум” атты оқу-әдістемелік құралы жарық көрді. Сонымен қатар “Ақпарттық және математикалық модельдеу негіздері”, “Информатика” пәні бойынша тестер жинақтары, студенттерге арналған “Информатика пәнінен” оқу әдістемелік құралдар жинағы, “Ақпараттық модельдеу элементтері”, “Алгоритмдеу және программалау негіздерін оқыту”, “Delphi ортасында бағдарламалау практикумы” жоғары оқу орнының оқу үдерісіне енді. Мұның өзі зерттеу нәтижелерінің еліміздегі жоғары оқу орындарының кәсіби маман даярлау жүйесіне ендіріліп, жүзеге асырылып жатқанын көрсетеді. Тәжірибелі-эксперимент нәтижесі болашақ мұғалімдерді даярлауда мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жүйесін міндетті түрде оқу-тәрбие үдерісіне енгізу кәсіби даярлауды жетілдірудің жолы екендігін дәлелдейді.