Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2013 в 10:55, дипломная работа
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қалыптасқан дәстүр бойынша 2007 жылғы 28-ші ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауында Республикадағы әлеуметтік, саяси-мәдени жағдайларға кеңінен талдау жасап, елдің негізгі даму басымдықтарын атап көрсетті. Қол жеткен нәтижелер – Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызатыны анық. Жоғары білім беру қызметкерлері үшін алтыншы міндеттің маңызы ерекше, онда «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу»-деп атап айтты.
КІРІСПЕ
І. ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШКЕНДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ..................5
1.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендер көмегімен информатика пәнін оқытудың өзекті мәселелері....................................................................................11
1.2 Білім беру үдерісінде мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану.......................................................................................................................14
1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі......................................................................................................22
1.4 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешендерді қолдану – оқытудың тиімді құралы ретінде...........................................................................................................33
ІІ. МУЛЬТИМЕДИАЛЫҚ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНДЕРДІ ДАЙЫНДАУ ӘДІСТЕМЕСІ............................................................................37
2.1 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен және оның құрылымы..............38
2.2 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қойылатын талаптар..............42
2.3 Информатика пәнінен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен жасау әдістемесі............................................................................................................48
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................59
ҚОСЫМШАЛАР
2) Білім беруді
ақпараттандыру жағдайындағы
3) Білім беруге
арналған электронды, мультимедиялы
құралдарды жасау мен
4) Пәндерден
білім мен біліктіліктерді
1.3 Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі
Модель болашақ
мұғалімдердің сапасына қойылып, зерттеу
идеясын болашақ маманды
Мотивациялық компонентке танымдық қызығудың негізгі қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері, мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге қызығушылығы кіреді.
Мазмұндық компонентке болашақ мұғалімнің жалпы мәдениеттілік дайындығы мен пәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үдерістің заңдылықтары мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы, мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен туралы түсінігі, білімдер жүйесі кіреді.
Оған біртұтас
педагогикалық үдерістің
Іс-әрекеттік компонент болашақ мұғалім өзінің кәсіби іс-әрекетін инновациялық тұрғыда меңгере алуы мен міндетін анықтай алуы және мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенге негізделген педагогикалық үдерісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ мұғалімнің өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үдерісінің психологиялық-педагогикалық жағдаятын жоспарлап, жүзеге асыра алуымен сипатталады.
Кесте -1. Мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолданудың құрылымдық-мазмұндық моделі
№ |
Компоненттер |
Өлшемдер |
Көрсеткіштер |
1 |
Мотивациялық |
-Өзінің кәсіби шеберлігін ақпараттық -компьютерлік технология бойынша дамытуға талпынуы - ақпараттық-компью терлік және математи калық модельдеуге қызығушылық таныту |
-Кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы -Ақпараттық
және компью-терлік технология
бойынша инновациялық іс- -Ақпараттық
жүйелерді модельдеу, -Мультимедиялы
технология-ларды қолдануға |
2 |
Мазмұндық |
-Өзінің ақпараттық және компьютерлік технология бойынша сауаттылығы - ақпараттық-компью
терлік және математи калық
моделдеу туралы білімдер |
-Педагогикалық іс-әрекет теориясының кәсіби біліктілік тұрғысындағы негіздерін білуі -Барлық мүмкіндіктерді
ескере отырып инновациялық іс- -Ақпараттық
жүйелерді модельдеуді, - Мультимедиялы технология лар туралы түсінік -Пән сабақтарында компьютерлік модельдеуді қолдану керектігін түсіне білуі |
3 |
Іс-әрекеттік |
-Өзінің кәсіби
іс-әрекетін инновациялық -Ақпараттық-компьютер
лік және математикалық |
- Ақпараттық және компьютерлік технология негізінде іс-әрекетін инновациялық тұрғыда шеше алуы -Ақпараттық жүйелерді модельдеуді меңгеру - Компьютерлік модельдеуді игеруі - Мультимедиялы технология ларды қолдана алуы - Пән сабақтарында
ақпараттық-компьютерлік |
Сонымен, болашақ мұғалімдердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді қолдануға даярлығы: мотивациялық құндылықтарды; мазмұндық және іс-әрекеттілік сияқты көрсеткіштерді қамтиды.
Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, білік, дағды, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтижелері құралады.
Модельдің негізінде біз әртүрлі көрсеткіштерді сипаттайтын деңгейлерді (төмен, орташа, жеткілікті, жоғары) анықтадық.
Төмен деңгей: Кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны қолдануға талпынысы жеткіліксіз, инновациялық іс-әрекетке құлқы жоқ, ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеу іс-әрекеті төмен, мультимедиялық технологияларды пайдалану мүмкіндігін біле бермейді. Осы мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іскерлігін қалыптастырудың төмен деңгейімен байланысты іскерліктер:
-белгілі бір
информатикалық ұғымдардың
- оқулықтағы оқу
материалының тарауын, пунктін логикалық-
дидактикалық тұрғыдан талдай алмайды;
- объектілер мен құбылыстарға байланысты мәселерді мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен арқылы шешуді іздестіруді ұйымдастыра алмайды;
- қарапайым мультимедиялық, электронды көрнекі құралдарды дайындай алмайды;
Орта деңгей: Кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны қолдануға талпынуы тұрақты емес, инновациялық іс-әрекеттің қажеттілігіне мән бере бермейді, ақпараттық жүйелерді модельдеу туралы түсінігі бар, бірақ меңгеруі орташа. Компьютерлік модельдеу туралы туралы қабілеті бар, бірақ ішінара қолданады. Мультимедиялық технологияларды қолдану туралы талпынысы бар.
Болашақ мұғалімінің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іскерлігінің қалыптасуының орта деңгейі әдістемелік немесе оқу-таным іс-қимылының орындалу мақсаттарын саналы түрде түсінуі, оны орындауда белгілі бір нұсқауға, үлгіге сүйенуі болып табылады. Осы мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іскерлігін қалыптастырудың орта деңгейімен байланысты іскерліктер:
-белгілі бір
информатикалық ұғымдардың
- оқулықтағы оқу материалының
тарауын, пунктін логикалық-
дидактикалық түрғыда талдай алады;
- ақпараттық мәселелерді модельдеу арқылы шешуді іздестіруді ұйымдастыра біледі;
- информатикалық ұғымдарды қалыптастыру, информатикалық тұжырымдарды дәлелдеу, белгілі бір ережені қалыптастыру немесе модель құру үшін қажетті есептерді таңдап алып, оларды тиімді пайдалана алады;
- ақпараттық-компьютерлік
және математикалық модельдердің дәптерге
жазылу мәдениетін және компьютер үшін
бағдарлама құра алады.
Жеткілікті деңгей: Өзінің кәсіби шеберлігінде ақпараттық және компьютерлік технологияны барынша қолдануға талпынуы тұрақты, инновациялық іс-әрекетке ұмтылысы ұдайы еркін көрінеді, ақпараттық жүйелерді модельдеу, компьютерлік модельдеуді, мультимедиялы технологияларды қолдана алады.
Жеткілікті деңгей - қалыптастырылған жекелеген, кейде тіпті мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іскерлігінің толық бір кешенін жаңа нысанға, оқу материалының неғұрлым ірі блогына (модельдеу әдісіне, тақырыпқа, ақпараттық мәселелердің типтеріне, т.б.) көшіре білуі. Мұндай көшіру көбінесе жалпы ұсыныстарды пайдалану жолымен, оның мақсатының мағынасын түсіну негізінде жүзеге асады.
Болашақ мұғалімнің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іскерлігін қалыптастырудың жеткілікті деңгейіне сәйкес келетін іскерліктер:
- нақтылы материалды (тақырыпты, математикалық және ақпараттық модельдерді, т.с.с.) не үшін оқып-үйрену қажет екендігін негіздей білу;
Жоғары деңгей: Болашақ кәсіби іс-әрекетінде, инновациялық іс-әрекетінде ақпараттық-компьютерлік технологияны, мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді еркін қолдана алады, мультимедиялы технологияларды қолданып, бағдарламалық құралдарды жасай алады.
Жоғары деңгей - жоғары дамыған мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іскерлігі, ол мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің тек мақсаттарын ғана емес, сонымен бірге оның мотивтері мен құралдарын таңдай білуімен анықталады. Бұл деңгейде нақты педагогикалық ситуацияға сәйкес әртүрлі оқу-әдістемелік құралдар мен мультимедиалық оқу-әдістемелік кешенді пайдалана білу іскерлігі тән болады.
Болашақ мұғалімнің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іскерлігін қалыптастырудың жоғары деңгейі алдыңғы қалыптастырылған іскерліктердің барлық деңгейлерін де дамытады және арнайы пән бойынша кез-келген оқу материалын оқытуда жүзеге асырылады, яғни:
- оқытудың мақсаттары мен
нақты жағдайларына байланысты
мультимедиалық оқу-әдістемелік
кешенге оқыту әдістемесінің бірнеше
нұсқаларын жасай білу.
Осы келтірілген деңгейлерді мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен негізінде қалыптастыру үшін теориялық және практикалық даярлық жүйесі қажет. Ол арнайы мамандық пәндер циклі арқылы қамтамасыз етіледі.
Білім, жалпы кәсіби, техникалық арнайы болып бөлініп, кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Ол жалпы мектептерде, гимназия, колледждерде, жоғары оқу орындарында беріледі. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, ісшаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру керек.
Іс-әрекет - әрекеттен, операциядан, қимыл-қозғалыстан тұрады. Бұл үдерістің орындалып, игерілуі қажет. Игеру – қабылдау, ұғыну, ойлану, пайымдау, бекіту, жүзеге асыру, қолданудан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалған соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.
Студенттердің мультимедиалық оқу-әдістемелік кешен іс-әрекетінің негізі болатын логикалық құралдарды қалыптастыру және оны дамыту — мамандық пәндерді оқытудың басты құралы.
Оқыту үдерісінде студенттердің кәсіби белсенділігін арттыру мәселесі соңғы кезде жалпы бағытта кең мағынада қарастырылып келеді. Арнайы пәндерді бұл әдіспен оқыту, ақпараттық-логикалық ойлаудың өзіндік ерекшеліктерін ескермей, жалпы белсенділікті қамтамасыз етуді оқыту екендігі белгілі. Сондықтан болашақ мұғалім пәндердің өзіндік ерекшелігін ескере отырып қамтамасыз етілетін белсенді оқыту білігін меңгеруі қажет. Белсенді оқытуды қамтамасыз ету мақсатында оның әдістемесін жасау үшін ақпараттық модельдеу іс-әрекетінің құрамын, құрылымын анықтау қажет болады.