Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2014 в 13:38, реферат
Қазіргі нарықтық экономика өндірістің тұтынуға бейімделген икемді жүйесі. Сонымен қатар, бұл бәсекелестікті және әлеуметтік қорғау қағидаларын сақтауды мемлекеттік реттеу жүйесі. Қайсыбір нарық түрі болмасын, олардың барлығы да мемлекеттік реттеу объектілері болып табылады, ал болашақтағыдамуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының бір бөлігі ретінде анықталады. Қазіргі уақытта зерттеудің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету, ал болашақта – тұтынушылар нарығындағы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Жылына бір рет ( сәуір, мамыр айларында)барлық малды бруцеллездің зерттеінен өткізеді. Ал туберкулездің зерттеуін жылына екі рет өткізеді. Сол сияқты лейкоздың зерттеуін жылына бір рет атқарады.
Сиырларды суалту алдында, клиникалық зерттеулер арқылы маститтың бар немесе жоқтығын анықтайды, бар болса ондай сиырларды емдеуге кіріседі. Бірінші цехтан екінші цехқа малдарды ауыстырар алдында, олардың сау екендігін дәлелдейтін акт жасайды. Сиыр табынын сау малдармен толықтырады, олардың желіндерінің морфологиялық белгілерінің және физиологиялық ерекшеліктерін анықтап, машинамен саууға қолайлысын таңдайды.
Қазіргі сауын сиырлар бағылатын шаруашылықтардың даму деңгейі, мал басының көп шоғырлануы, сиырлардың ауруға төзімділігінің төмендеуі, сүт қабылдау орталықтарының алшақтауы- жаңа технологиялық шешімдер мен сүт өндіру барысын бақылауды, ыдыстарды жуу және қондырғыларды дезинфекциялау жұмыстарын күшейтуді, сүтті құбырларда суыту тәсілдерін талап етеді. Бұл тұрғыдан алғанда малды төсенішсіз балап ұстау, мал орындарын, сауу аппараттарын, өтетін жолдарды дезинфекциялау, сауу алдында желінді дайындау жұмыстары көңілге қонымды. Бұл шаралар малды қоршаған ортадағы инфекцияны жоюға мүмкіндік береді. Сүттің санитарлық сапасы малдың, ферма аумағының, қоралардың, қондырғылардың санитарлық жағдайына және қызмет көрсетушілердің жеке басының тазалығына байланысты.
Ең алдымен малдың тері қабатының тазалығын қамтамасыз ету қажет, себебі таза тері сүт сапсына ғана жақсы әсер етіп қоймайды, сонымен бірге сүттің көп бөлінуіне де әсер етеді, өйткені мал терісін тазалағанда пайда болатын зат алмасу процесін жақсартып, мал тәбетін жоғарлатады да, азықтың жақсы сіңірілуіне әсерін тигізеді.
Сиыр терісін күнделікті тазалау қажет және бұл жұмысты сауыншының күн тәртібіне міндетті түрде кіргізу керек. Сиыр денесінің көп ластанған жерлерін, яғни жамбасын, артқы аяқтарын, құйрығын, денесінің төменгі бөліктерін жыоы сумен жуу қажет. Ауру белгілері бар сиырларды диагнозы қойылғанға дейін табыннан бөліп алып, олардың сүтін бөлек жинап, пісіріп, кейін шаруашылықта пайдаланады. Табынды жүйелі түрде жұқпалы ауруға қарсы етіп, тексеріп отырады.
Сүт кешеніне арналған орын мал дәрігерлік талапқа сәйкес белгіленуі керек. Сиыр қоралары тұрғын үйлер мен өндіріс орындарынан 200 м, жолдан 300 м, көң қоймасынан 1000 мқашықтықта орналасуы қажет. Фермаға арналған бөлікте жер асты суы іргетасын 1 метр төмен болуы керек. Ол биіктеу, оңтүстік жағына қарай өңестеу, күн сәулесі жақсы түсетін, жеңіл желдетілетін жерде орналасқаны жөн. Ферма айналасын қоршап, кіретін жерлеріне дәріленген өткел жасап, ал орталық есікті санитарлық бақылаумен жабдықтау қажет. Фермаға баратын жолдың үстіне тас төсеп, ал ферма айналасына ағаш отырғызған дұрыс. Мал қорасының айналасын көгалдандыру- сыртқы көркін әрлендіріп қана қоймайды, сонымен бірге санитарлық жағдайын да жақсартады, себебі ағаштар жел, шаң- тозаңнан қорғайды, ферма микроклиматын жақсартады.
Сүт қабылдауға арналған орын сиыр қорасымен тікелей байланысады, оның едені қатты матириалмен жабылады, қабырғасы қапталып немесе ашық майлы сырмен сырланады. Қабырғасын, еденнін жүйелі түрде дезинфекциялап, күн сайын сілтінің әлсіз ертіндісімен жуады. Жаз айларында жайылымда сауу орнын қалқан астына орналастырып, еденнің қатты материалымен жабады. Сүтті сүзіп, салқындататын орынды жеке жабдықтау қажет.
Сиырларды иітуге, саууға байланысты көптеген шартты рефлекстер әсер етеді: сауу кезінде дәнді азықпен азықтандыру, пульсатор шуы, бір сауыншының қатынасуы, т. б. Дегенмен бұл құбылыстар тек күн сайын өз кезегімен қайталанғанда ғана жақсы әсер етеді. Белгіленген сауу тәртәбін бұзу, яғни сауын аппараттарын немесе сауу орнын ауыстыру, малды ұрып соғу және тағы басқалар, сүт бөліну процесін тежеуі мүмкін. Сауылмай қалған сүт келесі сүттің түзілуіне кері әсер етеді, осының нәтижесінде өнімі төмендеп, сиыр мезгілінен бұрын суалады. Күнделікті толық саумау әсерінен желін аурулары пайда болады.
Көпшілік сиырлардың желіні 5- 6 минутта толық босайды. Саууды соңғы уқалаумен аяқтайды. Ол үшін сауыншы сол қолымен сауын аппаратының коллекторын төмен және артқа тартады, ал оң қолымен желіннің алдыңғы бөлігінің жоғарғы жағын уқалай отырып, сүттің бөлінуін бақылайды, жоғарғы жағын уқалай отырып, сүттің бөлінуін бақылайды, кейін осы жұмысты желіннің артқы бөліктерімен жалғастырады, онда коллекторды төмен және алға тартады. Бұл жұмысты шапшаң қысқа уақытта жүргізу қажет, себебі мал ұзақ саууға үйреніп кетеді. Сүт құбырына сүт келу тоқтағанда, саууды аяқтайды. Сауын аппаратын кранды бұрау арқылы вакуум түтігінен ағытады да қондырғының бір стаканы арқылы ауа жұтқызады, сонда басқа стакандар желін үрпінен еркін шешіледі. Соңғы қолмен саууды тек ерекше жағдайларда жүргізеді. Тұмсаларды бұған жаттықтырудың қажеті жоқ, себебі бұл жалпы табынды сауу уақытын ұзартады, ол екі сағаттан аспауы керек. Бұл жаңа сауылған сүттің бактерицидтік кезеңі. Егер осы уақыттан кейін сүтті суытпаса, онда оның қышқылдығы мен бактеримен ластануы артады.
Сауғаннан кейін, сиыр үрпіне желін қабынуының алдын алу мақсатында антисептикалық эмульсия, борлы вазелин жағады немесе арнаулы дезинфекциялау ертіндісіне салады. Үрпіні дезинфекциялауға дезмолдың 20%- ті ерітіндісін немесе бір хлорлы иодтың 1%- ті ертіндісін пайдаланады. Ертіндіні арнаулы қондырғыға құйып, әр үрпіні сол ерітіндіге 2- 3 секунд малып алады.
Үрпіні өңдеу үшін дезинфекциялаушы ерітіндісін жоғары цилиндірлі стаканға (оның көлемінің шамамен 2/3 бөлігі) түскенге дейін флаконды қысады. Бір құйып алған ерітінді бір сауыншыға бекітілген (50 бас)сиыр желінін өңдеуге жетеді.
Бұл санитарлық- гигиеналық ерітіндіні пайдалану нәтижесінде сүттің бактериямен ластануы төмендейді, малдың терісінің құрғақтануы мен үрпісінің жарылуы азаяды. Сиыр сауғанда мына кезекті сақтаған жөн: алдыменжас сиырды, кейін ересек дені сау малды,содан соң емделіп шыққан малды, ең соңында ауру малды. Сиырды тасымалды қондырғымен сауғанда сауыншы екі АДУ- 1 немесе 2- 3 “Волга” аппараттарын пайдалауы керек. Байдаулы малды сүт құбыры арқылы сауғанда сауыншы үш АДУ- 1 немесе төрт АДМ- 1( төмен вакуумды) аппаратымен сауа алады. Аппараттар саны көп болғанда жұмыста әртүрлі кемшіліктер орын алады және олар желін ауруына әкеләп соғады. Сиыр саууға арналған 10- нан астам әртүрлі агрегаттар менқондырғылар бар, олар әртүрлі жағдайларда мал саууға мүмкіндік береді.
Барлық сиырлар сауын аппаратымен бірдей жақсы сауылмайды. Машинамен сауатын оператор жұмысы жақсы жүруі үшін аппаратпен сауу мүмкіндігіне қарай сиырға бақылау жүргізіп, осы көрсеткішке сай малды топттау қажет. Осы мақсатта сиырдың желінінің түріне, үрпі түріне, желіннің төрт бөлігі дамуының біркелкілігіне, желіннің жерден қашықтығына ( 45 см- ден кем болмауы керек) назар аударады. Сауын алаңындағы мал бір мезгілдегі сауылып болуы үшін осылайша іріктеп алған сиырларды, кейін өнім деңгейіне және сауылу жылдамдығына қарай топтайды.Қолмен сауғанға қарағанда, машинамен сауғанда сүт жабық ыдысқа түседі де аз ластанады. Дегенмен, сүтке жұғысатын барлық ыдыс, қондырғыларды мұқият өңдемей жоғары сапалы сүт алу мүмкін емес. Сондықта машинамен сауатын операторлар, сауу қондырғыларының ұсталары сүт қондырғыларын санитарлық өңдеудің негізгі ережелерін жақсы білуі керек.
Сүтті алғашқы өңдеу үшін жергілікті жағдайлар мен шаруашылық мүмкіндігіне байланысты әртүрлі схемалар мен қондырғылар пайдаланады. Дегенмен мына жағдайларды ескерген жөн: фермада сүт сақтауға жеткілікті орын болуы керек. Қондырғылар сүтті 4- 6˚С температураға дейін салқындатуды қамтамасыз етуі, сүтті тапсыру кезінде температурасы 10˚С аспауы қажет, сиырды сауғаннан сүтті салқындатқанға дейінгі уақыт 20 минуттан аспауы керек. Әрбір сүт фермасында сиырды сауысымен сүтті өңдеу қажет: механикалық қоспалардан тазарту, суыту, ал сиырлар ауыратын болса- сүтті пастерлеу.
Сүтті алғашқы өңдеудің мақсаты- негізгі өндіріс орындарында жеткізгенге дейін жас күйінде сақтау. Өңдеу жұмысын арнаулы сүт бөлмелерінде жүргізеді. Онда мына қондырғылар болуы керек: таразы, сүт суытатын қондырғы, сүт тазалағыш, пастерлегіш. Өндіріс қуаты әртүрлі қондырғылар шығарады. Өңделген сүт мөлшеріне қарап, қондырғыларды зоотехник таңдап алады.
Алғашқы өңдеу келесі процесстерден тұрады: тазалау, суыту және өңдеуге дейін немесе өткізуге дейін сақтау.
Механикалық қоспалардан тазарту үшін сүтті мата арқылы сүзеді деәрі қарай тазалауға жібереді. Тазалау үшін әртүрлі жүйелі сүзгілер қолданылады, олардың жұмысшы элементтері мақта дисктер, мәрлі, синтетикалық материалдар, металл торлар және т.б болып табылады. Қазіргі кезде сүтті тазалау үшін сепаратор- сүт тазалағыштар қолданылады, оларда механикалық қоспалар ортадан тепкіш күш әсерінен тазаланады. Тазалағаннан кейін микроорганизмдер дамуын тежеу үшін сүтті тез суыту керек. Сүтті суыту үшін пластинкалы суытқыштар қолданылады.
Суытылған сүт (6˚Сдейін) ірі сүт кәсіпорындарында металл флягтарда, цистернада автокөлік, темір жол жәнесу көлігімен тасымалданады. Сиымдылығы 36...40л металл флягтар алюминийден жасалған автоцистерналар қолданылады. Олар оқшауланған және герметикалы жабылатын қақпағы бар.
Сүтті қабылдау және сапасын бағалау. Сүт өңдеу кәсіпорындарында белгілі бір сүтті қабылдау және сапасын бағалау реті бар. Сүтті әрекеттегі стандарт талаптарына сәйкес қабылдайды. Табиғи сиыр сүті сау малдан алынуы, сауылғаннан кейін 2 сағаттан аспай сүзіліп, 6˚С температураға дейін суытылуы тиіс.
Органолептикалық, физико- химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге байланысты сүт сорттық (жоғары, бірінші, екінші) және сорттық емес болып бөлінеді.
Сыртқы түрі мен консистенциясы бойынша сорттық сүт тұнба мен үлпексіз; ақ немесе ашық крем түсті; таза дәм мен иісті; бөтен балғын табиғи сүтке тән емес дәм мен иіссіз біртекті сұйықтың болуы керек.
Сорттық емес сүтке белок үлпектері мен механикалық қоспаболуы және жем дәмі мен иісінің сезілуі рұқсат етіледі.
Физико - химиялық көрсеткіштерге байланысты табиғи сүт талаптарға сәйкес сорттарға бөлінеді.
Тығыздығы 1026 кг/м, қышқылдығы 15 немесе 21˚Т сүтті, егер басқа көрсеткіштер бойынша стандартқа сай болса, статло сынамасыретінде екінші сорт деп қабылданады.
Сүтті қабылдау кезінде күнделіктіәр партиядан органолептикалық көрсеткіштерді, температураны, майдың массалық үлесін, тығыздығын, тазалық тобын, термотұрақтылығын, қату температурасын, сонымен қатар 10 күнде бір рет бактериалды тұқымдануын, соматикалық клетка мөлшерін, ингибиторлайтын заттардың болуын; айына екі рет- белоктың массалық үлесін; жылулық өңдеуінекүдік туса- фосфотаза активтілігін анықтайды.
Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша ішкі табиғи сүт келесі талаптарға сай болу керек: мезофильді аэробтыжәне факультативті- анаэробты микроорганизмдер мөлшері жоғары сортта 3,105 КОЕ/см, бірінші сортта- 5,105 КОЕ/см, екінші сортта- 4,106 КОЕ/см аспау керек, саматикалық клетка саны жоғарысортты сүт үшін 1 см- те 1,106 дейін болу керек.
Бұзаулағаннан кейін алғашқы 7 күнде және лактация периодының соңғы 5 күнінде алынған сиыр сүтін сүт заттары қабылдамайды.
Бұндай сүттің қалыпты сүттен химиялық құрамы, органолептикалық және физико - химиялық көрсеткіштер бойынша айырмашылықтары үлкен.
Уыз және ескі сауылған сүт ұйыту ферменттерімен ақырын ұйиды және қышқылды микроорганизмдер дамуы үшін қолайсыз орта болып табылады. Тазалауды механикалық ластануі сауылған сүт қосылып жасалған сүт өнімдері жағымсыз дәмге ие және тез бұзылады.
Сондықтан әрекеттегі стандартқа сәйкес лактация периодының алғашқы 7 және соңғы 5күнінде алынған табиғи сиыр сүтіқабылдауға және тағамдық мақсатта қолдануға жатпайды.
Біздің елімізде сүт майының массалық үлесінің базисті нормасы- 3,4%, белоктың массалық үлесінің базистік нормасы- 3,0% бекітілген.
Сүтті тазалау әдістері. Тазалауды механикалық ластану мен микроорганизмдердіжою үшін жүргізеді. Тазалау ауырлық күші әсерінен сүзу әдісімен немесе қысыммен ортадан тепкіш күш әсерінен сепаратор- сүт тазалағышта жүргізеді. Сүтті сүзу кезінде ол металл немесе матадан жасалған сүзгі бөгеті туындататын кедергіден өту керек. Сүзгі бөгеті арқылы сұйық өткен кезде, онда сүзгіден өткен сұйық көлеміне пропорционал мөлшерде лас заттар ұсталады.
Әрбір 15...20 минут сайын периодты түрде сүзгіден лас заттарды алып тастау керек. Тазалау тиімділігі көп мөлшерде сүзу жүретін қысымға тәуелді. Әдетте цилиндірлік сүзгіш аппараттарға сүт 0,2 МПа қысым астында түседі. Мата бөгеттері бар сүзгіш аппараттардың бірқатар кемшіліктері бар, үздіксіз жұмыс істеу қысқалығы, жууүшін жиі бөлшектеу қажеттілігі, матаның жыртылу мүмкіндігі, жұмыс ұзақтығына тәуелді сүзгі өнімділігінің азаюы.
Сүтті тазалаудың ең тиімді әдісі сепаратор- сүт тазалағышта тазалау. Оларда ортадан тепкіш тазалау сүт плазмасы бөлшектерінің тығыздығы мен бөтен қоспа тығыздығы арасындағы айырмашылық есебінен жүзеге асады. Сүт плазмасы тығыздығына қарағанда бөтен қоспа тығыздығы үлкен, олар барабан қабырғасына тасалап, онда шырыш түрінде тұнады.
Тазаланатын сүт орталық құбыр бойынша тәрелке ұстағышқа түседі, одан тәрелке пакеттері мен қақапақ арасындағы кеңістікке бағытталады. Содан кейін сүт тарелке аралық кеңістікке түсіп, тарелка қстағыш пен тарелкалардың жоғары шеттері арасындағы саңылау арқылы шығады. Тазалау процессі шламды кеңістікте басталып, тарелка аралық кеңістікте аяқталады.
Дәстүрлі технологиялық желілерді ортадан тепкіш тазалау 35...40˚С кезінде жүргізіледі, себебі осы жағдайда механикалық қоспалардың тұнуы бөлшек жылдамдығының өсу салдарынан тиімдірек.