Сүт және қышқыл сүт өнімдерінің түрлері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2014 в 13:38, реферат

Краткое описание

Қазіргі нарықтық экономика өндірістің тұтынуға бейімделген икемді жүйесі. Сонымен қатар, бұл бәсекелестікті және әлеуметтік қорғау қағидаларын сақтауды мемлекеттік реттеу жүйесі. Қайсыбір нарық түрі болмасын, олардың барлығы да мемлекеттік реттеу объектілері болып табылады, ал болашақтағыдамуы мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының бір бөлігі ретінде анықталады. Қазіргі уақытта зерттеудің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы кәсіпорындары дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету, ал болашақта – тұтынушылар нарығындағы олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Вложенные файлы: 1 файл

диеталык сут.doc

— 251.00 Кб (Скачать файл)

1) сүтті – металл флягалармен, металл, пластмасса себеттерге, жәшіктерге  салынған шишалармен немесе пакеттермен;

2) өлшеніп оралмаған сүт  тағамдарын – металл, пластмасса себеттермен, металл жәшіктермен; 

3) өлшеніп оралған сүт  тағамдарын – металл флягалармен  және ағаш кеспектермен ұсынады.

4. Жәшіктер мен себеттердің  бүйір қабырғалары шишалардың  немесе басқа тұтыну ыдысының  мойнынан жоғары болуы тиіс.

Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтар, өлшеп оралған сүзбе, ірімшік және басқа сүт тағамдары тасымалдауға жүк жөнелтушінің пломбасымен ұсынылады.

Сүт және сүт тағамдары бар сыйымдылықтарды жүк жөнелтуші резеңке астары бар қақпақтармен тығыз жабады.

5. Сүтті және сүт тағамдарының  түр-түрін бірнеше жүк алушының  мекен-жайына тасымалдауға бір  автокөлік құралмен ұсыну кезінде  жүк жөнелтуші алдын ала, автокөлік  құралы келгенге дейін жүкті  жүк алушылар бойынша топтайды  және тиеуді бір постта жүзеге  асырады.

6. Жүк алушы бос мүккамал  ыдысты қайтып береді, ал тасымалдаушы  жүк жөнелтушіге жеткізеді.

7. Жүк жөнелтуші сүтті  сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсілмен  тасымалдау үшін Тернердің 19 градусынан  аспайтын қышқылдықпен ұсынады. Сүттің температурасы (сәуір –  қыркүйек) кезеңінде – плюс 6 0С аспауы, ал жылдың қалған мезгілінде  плюс 2 0С төмен болмауы тиіс.

Қалалық сүт зауыттарынан, оны сатуды немесе пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға тасымалдауға ұсынылатын сүттің температурасы 8 0С аспауы тиіс.

Сүттің температурасы мен қышқылдығын жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.

8. Ыдыстағы сүтті және  сүт тағамдарын жүк жөнелтушіден  тасымалдауға қабылдауды және  жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы  флягалардың, кеспектердің, сондай-ақ  стандартты түрде толтырылған жәшіктер мен себеттердің саны бойынша жүзеге асырады.

Сүтті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде оны қабылдау және тапсыру жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырылады.

9. Сүтті сүт зауыттарынан  ыдыссыз тәсілмен тасымалдау  кезінде жүк жөнелтуші:

  1. цистернаның люктерін тиеу алдында ашуды және тиелгеннен кейін жабуды;
  2. тиеу жеңдерін цистернаға жалғауды және ағытуды;
  3. цистернаны толтыруды;
  4. цистернаның люктері мен құйып алу құбырларын пломбалауды жүргізеді.

10. Жүк алушы: 

1) цистернаның люктері мен құйып алу құбырларында жүк жөнелтушінің пломбаларының болуы мен жарамдылығын тексеруді;

2) пломбаларды алуды;

  1. сүтті құйып алғаннан кейін цистернаны ішкі және сыртқы жағынан жууды және дезинфекциялауды;
  2. цистернаның люктерін пломбалауды;
  3. жолдама парақта немесе санитарлық өңдеу паспортында санитарлық өңдеу жүргізу уақытын белгілеуді;
  4. қысқы мезгілде құйып алу шүмектері мен құбырларын ыстық сумен және бумен қыздыруды жүргізеді.

Сүтті және сүт өнімдерін сақтау және тасымалдау кезінде оның қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:

1. Сүтті және сүт өнімдерін сақтауға  арналған үй-жайларда сүт өнімдерін  өндіруге (дайындауға) қатысы жоқ  тағамдық емес материалдарды, қалдықтарды, тамақ өнімдері мен шикізатты  бірлесіп сақтауға тыйым салынады.

Сүтті және сүт өнімдерін сақтау кезінде өндіру (дайындау) субъектісі қоймадан бірінші кезекте сақтауға басқалардан бұрын келіп түскен сүт және сүт өнімдерін шығаруды көздейтін алмастыру жүйесі қолданылуы тиіс.Сүт және сүт өнімдерін өндіру (дайындау) үшін сүт- шикізаты бар (толтырылған немесе жартылай толтырылған) контейнерлер жабық күйінде сақталуға және алғашқы мүмкіндіктің өзінде-ақ пайдаланылуы тиіс. Буып- түйілген материалдарды сақтау олардың кез келген ықтимал ластануын болдырмауға тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін өндіруде (дайындауда) пайдаланылатын басқа да материалдар тиісті таңбасы бар жекелеген контейнерлерде ұсталуға және сақталуға тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін сақтау олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін температуралық режимде ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.

2. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау  кезінде олардың ластануы мен  бүлінуін болдырмауды қамтамасыз  ететін шарттар сақталуы тиіс.

Сүт консервілерін, құрғақ және қоюлатылған сүт өнімдерін қоспағанда, сүт және сүт өнімдері тез арада бүлінетін өнімдердің қатарына жатады және Қазақстан Республикасының тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды сақтай отырып, тасымалдануы тиіс.

Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдау үшін тиісті санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың талаптарына сәйкес келетін, белгіленген тәртіппен ресімделген санитарлық паспорттары бар арнайы көлік құралдары (суық емес изотермиялық шанақтар, тоңазытылатын шанақтар, рефрижераторлар) пайдаланылуы тиіс.

Жылдың жылы уақытында тасымалдау:

1) тоңазытылған шанақтары бар арнайы  көлікте алты сағаттан аспайтын;

2) суық емес изотермиялық шанақтарда  бір сағаттан көп емес 60˚С-дан  аспайтын температура кезінде  жүргізіледі.

Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау, сақтау шарттары бұзылған кезде, сүт және сүт өнімдері нәтижелері бойынша олардың одан әрі пайдаланылуы айқындалатын ветеринарлық-санитарлық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамаға жіберіледі.

Сүтті және сүт өнімдерін тасымалдаған кезде, олардың шыққан жерін, қауіпсіздігін, сақтау шарттары мен сақтау мерзімін растайтын құжаттар ілесе жүреді.

Сүт құйылатын ыдыстың жуу кестесі келесідей :

а) ыстық және жылы сумен шаю

б) 0,5 % кальций содасыныңерітіндісіменнемесекаустикалысодамен 50-55ºСжуыпнемесебатырыпқоюкерек. Алюминыдыстағы 0,5 % кальций содасымен 0,5 % силикат натрий ерітіндісініңқоспасытағайындалады.

в) ыстық және жылы сумен шаю.

в) ыдыстармен құрал жабдықтарды дизенфиекциялау температурасы 80-90ºС. Ыстық сумен жуу бумен өңдеу немесе 0,5 % хлорлы әктің ерітіндісімен залалсыздандыру арқылы жүргізіледі.

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сиыр сүтінің тамақтылығы, дәмі өте жоғары, әрі кең пайдаланылады, одан бірнеше түрлі сүт тағамдарын жасауға болады. Сүттен тағамның ең қасиетті түрлерін: май, сыр, құрт, ірімшік т. б тағамдарын жасайды. Сонымен қатар, сүт құрамында адам денсаулығына пайдалы заттар бар, мысалы: май, белок, синералды заттар, витаминдер және т. б, әрі тез қорытылады.

Сүт және сүт өнімдері әр түрлі жастағы топтардың арасында, сонымен қатар емдік тамақтануда кеңінен қолданылады. Сүттің жоғары сапалығымен санитарлық- эпидемиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оның негізгі алдын алу шарасы болып бактериялық және химиялық  ластануын болдырмау. Айта кететін жағдайлардың бірі болып қолданылатын өнімнің сапасы, технологиялық әдістері, жаңа жабдықтармен қамтамасыздануы ең басты санитарлық-гигиеналық  және эпидемияға қарсы ережелер сүт және сүт өнімінің сапасын сақтайды.

Сонымен өз курстық жұмысымды қорытындылай келсем, сүт адам денсаулығына пайдалы өнім, тек сүтті қазіргі уақытта ветеринарлық- санитарлық талаптарға сай шығарылуы керек. Ол үшін сүтті тасымалдау барысында, өңдеу кезінде, сауарда, сатуға шығарарда, сақтау кезінде және т. б жағдайларда санитарлық- гигиеналық талаптарды қатаң сақтаған жөн. Осыдан соң халыққа ұсынуға болады деп ойлаймын.

  Бұл курстық жұмысымның  келешек жастарға пайдасы зор  деп ойлаймын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Кажгалиев Н. Ж.- Мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау технологиясы.// Оқу құралы, Орал- 2006.-7б.
  2. Постановление Правительства РК от 29 декабря 1995г7 № 1891 « Об утверждении порядка по уничтожению или дальнейшей переработке продукции и товаров в случае признания их непригодными к реализации и употреблению».
  3. Постановление Правительства РК от 29 ноября 2000г. № 1783 «Инструкция о качестве и безопасности продовольственного сырья и пищевых продуктов».
  4. Санитарные правила для предприятий мясной промышленности № 4.01.009.97
  5. Гигиенические требования к качеству и безопасности продовольственного сырья и пищевых продуктов. СанПиН 2.3.2.560-96 М.:1997г.
  6. СанПин «Санитарно-гигиенические требования к условиям хранения и срокам реализации скоропортящихся пищевых продуктов». Утвержден приказом Государственного санитарного врача Республики Казахстан//Бюллетень нормативных и правовых актов. – 2002. - № 41-42- 175-195с.
  7. Васюкова А.Т., Михайлов Н.А. Оценка качества пищевых продуктов.//Вопросы питания. – № 1. - 1997. - 31-35с.
  8. Дюньен Д.- Пищевые продукты и их влияние на здоровье человека.//Вопросы питания - № 6. – 2001. - 11-13с.
  9. Оррис. Г.,Пакканэн Ю. Codexalimtntarius-научая основадля защиты потребителя и торговли продуктами питания/ Вопросы питания -200.-№3.-28-32с.
  10. Амиреев С.А. Эпидемиология. –Алматы- 2002.-693с.
  11. Босин И.Н. Охлаждение молока на комплексах и фермах.-М. Колос, 1993г.-46с.
  12. Мастаков Н.Н. Технология тепловой обработки молока. –Киев. Вища школа,1990г.- 167с.
  13. Харитонов.В.Д, Шепелева. Е.В,.Приемка и первичная обработка молока.- М,.Молочная промышленность,.1997г,-54с.
  14. Степанова Л.И,. Справочник технога молочого производства. Технологии и рецептуры. В 3-х томах. Т.1.Цельномолочные продукты.- 1999г,.-384с.
  15. Төреханов. А.Ә, Каримов. Ж.К, Даленов. Ш.Д, Найманов. Д. Қ, Жазылбеков. Н.Ә. Ірі қара шаруашылығы, Алматы-2006ж. 215б.
  16. Қырықбайұлы. С, Тілеуғали. Т, Ветеринарлық- санитарлық сараптау прктикумы, Алматы-2007, 231б.
  17. Каримов Ж.К, Төреханов. А.Ә, Даленов. Ш.Д, Жзылбеков. Н.Ә ,-Ірі қара шаруашылығы, сүт пен ет өндіру технологиясы,-Алматы-2005, 77б.
  18. Золотин. Ю.П, Стерилизованное молоко.- М,. Пищевая промышленность, 1979г-158с.
  19. Сурков. В.Д, Липатов. Н.Н, Золотин. Ю.П,- Технологическое оборудование преедприятий молочной промышленности,-3-е изд,-М,. Легкая и пищевая промышленность, 1982г,-296с.
  20. Әлімжанова. Л. В. -Сүт өнімі,- Алматы. 1998ж.-86б.

 

 

 


Информация о работе Сүт және қышқыл сүт өнімдерінің түрлері